Іштері күйе берсін: Тұрсынбек Қабатов тілі мен білім деңгейіне тиісетіндерге жауап берді — Қазақстан жаңалықтары
[ad_1]
Тұрсынбек Қабатовты сахнада қолданатын тілі мен әзілі үшін сынайтындар көп. Соған қарамастан, актер халық сүйіктілерінің қатарында. Оны Қабатовтың ең жоғары гонорарына қарап білуге болады.
Аман Тасығанның Talk Like жобасында Қабатов өзін көре алмайтын күншілдерге жауап берді, деп жазады Stan.kz.
«Көпшілігі «Тұрсынбектің анаусы анадай, мынаусы мынадай» деп менің тіліме тиіседі. Өрісі төмен дейді. Менің журфак бітірген ештеңем жоқ. Мен кеше ғана қораның төбесінде қой бағып, армандап отырған жігіт едім. Осы өмірімді армандаған жігіт едім. Әзіл айтсам, КВН ойнасам, жетекшілік етсем дегенді армандап отырған жігіт едім.
Арада 20 жылдай өтті, өзім 40-қа келіп қалдым. Сол армандарымның орындалғанына шүкір деймін. Ал жаңағыдай жазып отырғандар армандары орындалмай, іші күйіп отырғандар. Күйе берсін дегім келеді. Ал мен әрі қарай жұмысымды істей беремін», — дейді Тұрсынбек.
Бұдан өзге, актер өзінің жоқшылықта, ал балаларының тоқшылықта өскенін атап өтті.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
stan.kz