Әйел деген өзі ойдан шығарып, өзі соған сеніп қалатын адам ғой

0

Әйел деген өзі ойдан шығарып, өзі соған сеніп қалатын адам ғой

Айгүл әбден жылады. Көзінің жасы тарам-тарам. Оны шын сүйді ғой, байғұс. Кездесе алмай қалған күні таңға дейін телефонмен сөйлесетін. Бүгін де до утра сөйлесті. Ол да сүйетінін сезетін. Гүл десе гүл, нұр десе нұры бар жігіт еді. Бүгін де таңғы 4 ке дейін сөйлескен. Енді міне, 8 ден бері телефонына гудок бармайтын қылып қойыпты. Қара тізімге кіргізетіндей не жазды? Сүйгені үшін жазықты ма? Екі жыл бойы қасында жүргені қайда қалды? Смс те бармайтындай етіп, ватсабын да блоктап тастапты. «Е, ол түнде 4 ке дейін менімен сөйлесті, 4 тен кейін басқа қыз тауып алды. Сағат 8 ден бастап 12 ге дейін мені қоспады. Удалить етіп, номерін ауыстырып тастаған. Яғни сүймейді» деп зар еңіреді. Әбден ойланды. Бәсе кеше раушан гүлін сұрап еді, қызғалдақ алып келіпті. Сол кезде ақ секем алып қалып еді. Үнемі маңдайын сүйіп амандасатын, кеше бетін сүйгенде бір пәленің болатынын сезген. Оның үстіне осы уақытқа дейін «жаным » деп еркелетуші еді, кеше өзінен өзі «күнім»деді. Тапты! Яғни, оның «күнм» дейтін басқа нақ сүйері бар! Қазір сол қызды белінен қапсыра құшақтап, вальс билеп жүргені елестеп кетті. Осы ойдан тұла бойы шымырлап, демі жиілеп, қан қысымы табанда көтерілді. Сол сәт телефонына тыңқ етіп, смс келмегенде о дүниеге аттанып кетудің аз ақ алдында тұрған .

. . . Сөйтсе, Айгүлдің телефонындағы тарифы бітіп, не қоңырау соғылмай, не әлеуметтік желіге кірмей қалған екен ғой соткасы… Осылай, әйел деген өзі ойдан шығарып, өзі соған сеніп қалатын адам ғой. Еркектерге бізді түсіну қайда?!

Куралай Сейсенбеккызы

Фейсбуктегі парақшасынан

Көрілген: 5    Пікірлер: 0