Головкиннің әр соққысына 14,6 миллион теңгеден төленгені белгілі болды
лыбританияның Ladbrokes букмекерлік кеңсесі танымал британ боксшыларының арасында кім бір дәл соққыдан ең көп табыс тапқанын есептеп шығарды.
Рейтингтегі тоғызыншы орынды үш жыл бұрын Лондондағы O2 Arena-да өткен Келл Бруктің Геннадий Головкинмен жекпе-жегі иеленді.
В Ladbrokes британиялық жекпе-жек кезінде 85 дәл соққы жұмсағанын, ал оның әрқайсы 46 433 фунт стерлинг (61 мың доллар) табыс әкелгенін анықтады.
Сонымен қатар Головкин қарсыласына 133 дәл соққысын дарытып, оның әрқайсына 29 675 фунт стерлинг (39 мың доллар немесе шамамен 14,6 миллион теңге) алған.
Естеріңізге сала кетейік, Головкин мен Бруктің жекпе-жегі бесінші раундта отандасымыздың жеңісімен аяқталған болатын.
Ladbrokes жасаған рейтингтің бірінші орнын Амир Хан иеленді, оның Сауль Альвареспен жекпе-жегіндегі әр соққысы 213 784 фунтке бағаланды. «Канело» әрбір дәл соққысы үшін 43 168 фунт табыс тапқан.
Дереккөз: prosports.kz/kz