Полицейлер Қытай азаматтарының Қазақстанға заңсыз көші-қонын ұйымдастырған
Тараздың көші-қон полициясы қызметкерлері Қытай азаматтарына заңсыз құжат жасап берген
АСТАНА, 6 наурыз — Sputnik. Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысында ұзақ уақыт бойы қытай азаматтарының заңсыз көші-қонын ұйымдастырып келген топтың қылмыстық әрекетін тоқтатты, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Хабарламада айтылғандай, Тараз қаласының көші-қон полициясы бөлімінің қызметкерлері ҚХР-дан мигранттардың заңсыз көші-қонын ұйымдастырған. Дәлірек айтқанда, бөлімнің бұрынғы басшысы А. Зейдалиев пен орынбасары Б. Наурызбаев арада «делдал» болған — ҚХР-дан шыққан У. Силамбекпен өзара сыбайласыпты.
Бұл топ жалған құжаттарды пайдаланып, Жамбыл облысында Қытайдың 170-тен астам азаматына Қазақстанда кедергісіз тұруға құқық беретін құжаттар берген.
2019 жылғы 5 наурызда Тараздың № 2 қалалық сотында осы қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды.
«А. Зейдалиев Қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлімі З-тармағы («Ауыр салдарларға әкеп соққан лауазымдық уәкілеттілікті теріс пайдалану»), 394-бабы 4-бөлімі 2-тармағы («Адамдар тобының алдын ала сөз байласып заңсыз көші-қон ұйымдастыруы») бойынша айыпты деп танылып, төрт жыл алты айға бас бостандығынан айрылды, жаза мерзімін қауіпсіздік деңгейі орташа түзету мекемесінде өтейді», — деп мәлімет берді баспасөз қызметі.
Ал, Б. Наурызбаев Қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлімі З-тармағы және 394-бабы 2-бөлімі бойынша айыпты деп танылып, үш жарым жылға бас бостандығынан айырылған. Ол да жазасын қауіпсіздік деңгейі орташа түзету мекемесінде өтейді.
Қытай «лагерьлерде» 1 миллион адам отырғанын жоққа шығарды
У. Силамбек Қылмыстық кодекстің 394-бабы 2-бөлімі бойынша айыпты деп танылып, 4 жылға сотталды.
Қазір ҚХР азаматтарына берілген ресми құжаттардың күшін жою мәселесі қаралып жатыр.
Назарбаев: Қытай қаптап жатқан жоқ
sputniknews.kz