Курстық жұмыс: Қаржы | ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР

0

Мазмұны

КІРІСПЕ

1. ЭКОНОМИКАДАҒЫ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
1.1 Валюталық операциялардың негізгі түрлері және жіктелу барысы
1.2 Қазақстан Республикасындағы валюталық операциялар және олардың құқықтық қамтылуы

2. ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯ ТҮРЛЕРІН ЖҮРГІЗЕТІН ЖӘНЕ РЕТТЕУ ОРГАНДАРЫ МЕН ҰЙЫМДАРЫ
2.1 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық операциялары мен реттеу шаралары
2.2 Валюталық операцияны жүргізетін маманданған ұйымдар және олардың міндеттері

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. ЭКОНОМИКАДАҒЫ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
1.1 Валюталық операциялардың негізгі түрлері және жіктелу барысы

Валюталық операциялардың анықтамасын беруден бұрын “валюта” терминiнiң мәнiне тоқталайық. Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес, “валюта деп мемлекеттердiң заңды төлем құралы ретiнде қабылданған ақша бiрлiктерi немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның iшiнде қымдат жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бiрақ айналымда жүрген ақша белгiсiмен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түрiндегi қолма –қол және аударым нысандарының құнның ресми стандарттары, сондай- ақ шоттардағы, соның iшiнде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бiрлiктерiндегi қаражаттарды бiлдiредi”.
Кассалық келісімдер немесе дереу оырндалатын келісімдер спот (spot) ережелеріне сай жүзеге еасырылады. Спот бағамы (курсы) операция жүргізіліп жатқан шақта ұлттық валютаның елден тысқары жерлерде қаншалықты жоғары бағаланатындығын көрсетеді. Спот ережелеріне сай классикалық келісімдер валютаның дереу алу үшін ған емес, валюталық тәуекелді сақтандыру, сондай-ақ алып-сатарлық операцияларды жүргізу үшін де қолдналылады.
Спот валюталық операциясының мәні келісім жасалған сәттегі курсы бойынша валютаны сату, сатып алу және оны контрагент – банктердің келісім жасалған күннің ертенінен қалдырмай беру міндеттемесінде болса керек. Валютаны жеткізіп беру мерзімі «валюталандыру күні» деп аталады. Мұның өзін келісуші тараптардың өз міндеттемелерін толығымен орындайтын күн деп те айтуға болады.
Төлемдер күнін дәл анықтау валюталық рыноктың негізін құрайтын құнды компенсациялау принципін қамтамасыз ету үшін өте маңызды. Аталған принциптің мәні айырбас келісім шартына қатысушы тараптардың қай-қайсысы болса да екінші жаққа кредит бермейді. Практика жүзінде бұның мәні мынада: егер, Германиядағы банк дәл осы күні марка төлемін жүзеге асырса, Ұлыбритания марканың эквовалентін фунт стерлингпен төлеуі тиіс.
Ал, практика жүзінде келісуші тараптардың бір мезетте валютаны алу мүмкіндігін кепілдендіру өте ауыр іс. Әсіресе әр түрлі сағат белдеуіндегі елдер арасындағы есеп айырысуларды мұның өзі қиындығы көп жұмыс. Осыған байланысты қажетті төлемін атқарған банк контрагенттің өз міндеттемесін дәл уақытында орындағандығына сенімді емес, сондықтан кредиттік тәуелділік – делькреде пайда болады.
Кассалық операциялардың валюталық рыноктарда кеңінен қоданылуының басты себебі сыртқы саудада валютаны дер кезінде алу мақсатымен байланысты. Банкаралық рыноктағы олардың көлемі 60%-дан астам болып отыр.
Валюталық операциялардың екінші түріне мерзімдік келісім-шарттар жатады. Соңғы жылдары қаржы рыногы дамуының маңызды бөлігін дәл осы мерзімдік сауда құрап отыр.
Қазақстанның рыноктық экономикаға өтуімен байланысты республикамыздағы мерзімдік сауда бірте-бірте кеңейіп келеді және оның дамуына бірқатар факторлар әсер етеді;
• біріншіден, мерзімдік келісімдер рыногы әр түрлі өнімдерді өндірушылер мен тұтынушыларды тауарды өткізуде немесе сатып алуда баға тәуелділігін кемітуге мүмкіндік береді;
• екіншіден, мерзімдік келісімдер рыногы экспорттаушылар мен импорттаушылар валюта бағамының шайқалу себебінен туындайтын тәуекелдіктен қорғайды немесе оның әсерін азайтады. Мерзімдік келісімдер шетелдік инвесторлар үшін де қолайлы болып отыр;
• үшіншіден, мерзімдік келісімдер рыногының өзі рыноктық экономиканы тұрақтандырушы механизмге айналып отыр, соның ішінде қаржы-қаражат секторының да бірқалыпты жұмыс істеуіне игі әсерін тигізіп, қаржы активтері иелеріне құндық бағамдарды қамсыздандыруға , ал кредиторларға пайыздық қойылымның өзгеруін қамсыздандыруға едәуір жәрдем жасайды.
Мерзімдік келісім шарттар рыноыгының түрлеріне келетін болсақ, олар мынадай:
• Форвардтық келісімдер рыногы;
• Фьючерстер рыногы;
• Опциондар рыногы.
Форвардтық келісімдер мерзімдік контрактылардың ең алғашқы қолданыла бастаған түріне жатады және олар бағалардың едәуір шайқалуларына қарсы жауап ретінде қалыптасады. Қазіргі кезде форвард операциялары ең алдымен шетелдік валютамен саудада қолданылады. Форвардтық контракт дегеніміз мүдделі екі жақтың биржаның қатынасынсыз келісімге көрсетілген затты алдағы белгіленген уақытта бір-біріне жеткізіп беруді міндеттейтін келісім шарт.
Форвардтық келісім-шарт тек қана валюта төңірегінде емес, сондай-ақ басқа да активтермен, айталық, тауарлар акциялар, облигациялармен де жасала береді.
Валютаны сату, сатып алу жөніндегі форвардтық келісім мынадай ережелерге сүйенеді:
• Келісім-шарт жасаған мезеттегі валютаның курсы белгіленіп, бекітіледі;
• Валютаны екінші жаққа тапсыру тұрақты кезеңдер ішінде, ең көп тараған кезеңдерде 1,2,3,6 ай мерзімдері жатады. келісім шарт жасалған мезетте ешқандай ақша сомалары ешкімге де аударылмайды.
Валюталық операциялармен шұғылданатын банктер өздеріне пайда келтіру үшін валютаның екі түрлі курсын тағайындайды:
• Сатып алушының курсы – бұл курс бойынша банк валютаны сатып алады;
• Сатушының курсы – бұл курс бойынша банк валютаны сатады. Сатып алу мен сатудың арасында түскен пайданы маржа деп атайды.
Мерзiмдiк операцияда есеп мәмiледе көрсетiлген мезгiлде жүргiзiледi: ол айдың ортасы немесе аяғы болуы, болмаса үш, алты ай және уақыт өткеннен кейін болуы мүмкін. Онда касалық бағасы, мерзімдік мәмілеге түсетін қағаздардың бағасына өзгеше болады. Шын мәнінде мерзімдік мәміленің айырмашылығы да оның курсында, яғни қағаздың бағасында. Сондықтан мерзімдік мәмілені алыпсатарлық мәміле деп атайды. Алыпсатарлардың мақсаты – биржадағы құндылықтардың сатып алу –сату бағасы арасындағы айырмасынан пайда табу. Келесі суретте көрсетілгендей мерзімдік мәміле түрлерінің бір бірімен түбегейлі айырмашылығы жоқ. Олар тек кейбір іс-әрекет варианттармен ерекшеленеді. Сондықтан мерзімдік мәміленің барлық басқа күрделі түрлерінің негізі болатын жай көрінісіне тоқтап өтейік.
Мерзімдік мәміле бойынша есеп айырысу, жоғарыда айтылғандай, белгілі бір келісілген уақытта — әлбетте бір айдың ішінде немесе ай ортасында өтеді. Бірақ есеп мәміле жасалған күнгі бағалы қағаздың курсымен жүргізіледі. Егер мәміленің орындалу кезінде оның курсы төмендеп кетсе пайданы сатушы алады да, жоғарыласа сатып алушы ала

Сурет-3 – Биржаның валюталық операциялары

Дүниежүзілік қаржы рыноктарында соңғы жылдары пайда болған жаңалықтардың біріне және бірегейіне қаржылық фьючерстер саудасын жатқызар едік.
Фьючерстік келісімдердің негізінде нақты пайыздық ставка мен валюталық бағамдардан құралған қаржылық шаралар жатыр. Алғашқы қаржылық фьючерстер биржасы 1972 жылы АҚШ-тың Чикаго қаласында жұмыс істей бастады. Сондан бері қаржылық фьючертер саудасының өсу қарқыны тұрақты сипат алып келеді. Соңғы 10 жылдықтың өзінде келісімнен 276 млн фьючертік келісім-шартқа дейін артып олтыр. Аталған уақыт ішінде фьючерстік келісімдер арқылы саудаланылатын тауарлар түрлері едәуір өзгерістерге ұшырады. Егер бұдан 25-30 жыл бұрын сауда негізін ауыл шаруашылығы өнімдері құрап келген болса, қазіргі кезде көлемінің жартысынан артығы акциялардың, облигациялардың және шетелдік валюта үлесіне тиіп отыр.
Бүгінгі таңда саудаланатын 10 фьючерстік контрактының алтауы қаржылық тетіктердің саудасы екендігі осы операциялармен шұғылданылатын дилерлер мен брокерлерге мәлім.
Қазіргі кезде дүниежүзілік фьючерстік сауда көлемінің 30%-ға дейінгісі АҚШ үкіметінің қазынашылық облигацияларының үлесінде болып отыр. Сонымен , фьючерстік контракт дегеніміз көлемі мен базасы алдын ала келісілген, тауар жеткізу немесе алу жөніндегі заңдық негізі бар екі жақты келісім-шарт.
Қаржылық фьючерс дегеніміз қайсыбір қаржылық тетікті алдын ала келісілген баға бойынша және белгіленген уақытта сатып алу-сату жөніндегі келісім шарт.
Қаржылық фьючерстер рыногы жалпы қаржы рыногының басқа бөліктерінен өзгешелейтін бірқатар сипаттары бар:
• Қаржылық фьючерсте рбиржаларда, белгілі ережелер шеңберінде, олардың бағалары жөнінде ашық дауыс беру арқылы сауданылады;
• Келісімдер қатаң стандартталған, сауда алдын ала белгіленген қаржы тетіктері төңірегінде (акциялар, облигациялар т.б.) жүреді де, оларды жеткізудің нақты мерзімі анық көрсетіледі;
• Қаржылық тетіктерді жеткізу, есептеу палатасы арқылы жүзеге асырылады, бұл палата тараптар өздерінің міндеттемелерін мүлтіксіз орындауы жөнінде кепілдік береді;
• Егер қайсыбір фьючерс рыногының өтімділігі төмен болса, ондай фьючерс өзінің қызметін тоқтатады;
• Фьючертер саудасын жүзеге асыруға жұмсалатын шығындар, әдетте көп қаражатты керек етпейді.
Көрсетілген сипаттамалар фьючерстік келісімдер мен банк аралық форвардтық келісімдердің де айырмашылығын дәлелдейді.
Форвардтық рынокта жалпыға бірдей ережелер мен белгіленген сауда жүргізетін орын болмайды. Келісімдердің жай-жапсары тараптардың нақты мүмкіншіліктеріне қарай анықталады және оны орындау міндетіне ешкім кепілдік бермейді.
Қаржылық фьючерстер рыногын пайдаланатындардың негізгі екі қатысушысын атауға болады, оларға хеджерлер мен алыпсатарлар (спекулянттар) жатады. хеджерлердің мақсаты валюта курсы мен проценттік ставка деңгейін спот рыногына қалыптасқан позицияға қарама-қайшы позицияны жасап, оны мүмкіндігінше қолдау, содан пайда табу.
Ал алыпсатарлардың мақсаты қандай бір болса да фьючерстік мәмілеге кірісіп, болашақта сол контракты бағасының өздеріне қолайлы сәтін аңдаумен анықталады.
Опциондар мерзімдік келісім-шарттардың біріне саналады. Опцион дегеніміз белгілі активті оның анықталған бағамына және келісілге нуақытта сәйкес сатып алу, сату жөніндегі тараптарға берілетін құқықпен сатып алушыға жүктелетін міндеттеме (сатушыға) туралы екі жақты келісім шарт.
Валюталық опциондар рыногы үстіміздегі ғасырдың 70-ші жылдары көптеген елдерде белгіленген валюта бағамының орнына олардың қалықтау бағамын енгізгеннен кейін қанат жайып кеңінен дами бастады.
Валюталық опцион дегеніміз мәмілеге қатысушылардың біреуіне белгіленген баға бойынша біраз уақыт ішінде щетелдік валютаның белгілі санын сатуға немесе алуға құқық (міндеттеме емес) беретін келісім шарт. Екінші жақ келісілген уақыт ішінде әріпсінің құқығын ақшалай сыйақы ала отырып, қамтамасыз етуге міндеттеме алады.
Опцион белгіленген уақытқа дейін өз күшін сақтайды, одан кейін ол пайдаланудан қалады. Неғұрлым жиі жасалатын опциондарға – сатып алуға опцион (опцион колл) және сатуға опцион (опцион пут ) жатады .
Опцион коллды сатып алушының біраз уақыт аралығында белгіленген баға бойынша валюта сатып алуға құқығы болады ( міндеттеме емес ).
Опцион коллды сатушы, егер сатып алушы өз құқығынан бас тартпаса белгіленген баға бойынша валютаның келісілген санын сатуға міндетті.
Опцион путты сатып алушы инвеститциялық қаражатты біраз уақыт ішінде белгіленген баға бойынш……..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!