Курстық жұмыс: География | Географияны оқыту

0

І.Географияны оқытудағы қабырға картиналарының маңызы.
Қабырғаға ілінетін географиялық картиналар. Жардан көлденең қабаттар аңық көрініп тұр. Мұғалім бояулы бормен немесе атауларын жазып картиналарда көрсетілгендей қабаттарды сызып шығады. Содан соң мұғалім үстірттің бетінде жарықшақтардың қалай пайда болатындығын,оларды ұсатып үгілген заттардың желдің айдап әкетіп,жарықшақтардың бірте-бірте кеңейтіндігін айтып береді. Желдің бұдан әрі әрекетінің нэтижесіндедыраттың шетінде бағана тәріздес жартастар пайда болады.Мүғалім тағы да картинаға бүрылады.Бұл жартастардың қалай жэне неден пайда болғаннын енді оқушылардың бәріне де айқын бола бастайды. Мұғалім жеке жағдайларға назар аударады:көкшіл қабаттарды шүңқыр-шүңқыр болып ойып кеткен.Жел әрекетінің бұл ерекше сипаты өздері шөл далалардағы жартастарда жиі кездеседі.
Мұғалім картинаның сол жақ шетіндегі саңырауқұлақ тәрізді жартасты көрсетеді.Оқушылар қабаттардың ізін және сол жаңағы өздері байқаған түстерді көреді де,мұның себебін өздері-ақ табады бұл да сол жартас, бірақ жел бұны күштірек талқылаған.Саңырауқұлақ тәрізді жартаспен ортадағы жартастың аралығындағы жер бетінде жатқан тастар бұдан да көбірек талқандалған жартастардың қалдықтары. Барлық жерде бүлдіргіш күш жел болып табылады.
Егер картина күрделі болмаса, сабақтың қорытындысында мұғалім оқушыларға картина салып алуды ұсынады. Бала суретті түсінгенде,картинадағы ең маңызды көріністерді және сабақ үстінде негізгі назар аударған жерлерін түсіріп ала алса болғаны. Оқушылар сурет салып отырған кезде мұғалім парталардың араларымен жүріп, олардың суретті қалай салып жатқанын бақылап жүреді.Оқушылардың нені және қалайсалып жатқанын қарап, мұғалім картинадан қаншалықты түсініп жатқандығын аңғарады.Егер оқушы жартастың жалпы пішінін дұрыс түсірсе, бірақ қабаттардың орналасуын дұрыс түзбесе, мұғалім оны тоқтатады да,қабаттардың қалай жатқанын аңғартады. Жартастың пішіні дұрыс көтерілмесе, де қабаттардың сипатымен орналасуы дұрыс берілуі керек.
Картина сабақ өткізуде,біздің айтып отырғанымыздай бірден-бір жол еместігі өзінен өзі түсінікті. Мұғалім сабақ бастарда-ақ картина көрсете алады.Бұл жағдайда картина сабақтың бастамасы бола алады.Сонымен қатар сабақтың ортасында да көрсетіле алады.Ақырында,мұғалім картина сабақтың нақ кезінде де көрсетеді, онда картина әңгімені қайталап, жинақтау үшін пайдаланылады. Егер сабақтың тақырыбында айтылғандарды оқушылар нақты күйінде көре алмайтын болса, картинадан бастау пайдалы(теңіз,тау,вулкан,мұзтау,тропиктік орман).Нақтылы тақырып жөніндегі сабақ аяқталғаннан кейін картинаны бірнешеф күн бойы сыныпта іліп қою пайдалы. Әдетте,оқушылар өздері талқылап өткен картинаны зор ықыласпен қарайды.Бүл өздігінен қарау оларға көп пайда келтіреді. Картина сныпта қанша уақыт ілулі түру керек? Біздің пікірімізше,бір айдан артық түрмауы керек. Біріншіден, ол балаларды жалықтырып жібереді,екіншіден,картина бүлінеді.Сыныпқа экелінген қандай картинаны болса да,мүғалім өзі талқылап егжей тегжейіне дейін білу керектігі өзінен өзі айқын.Сабақ беруге алғаш кіріскен жас мұғалім өзі бермек болған сүрақтардан тақтадағы сызатын суреттерін,жасауға тиісті қорытындыларын күні бұрын белгілеп алуы керек.Мұғалімнің бүл сияқты әзірлігінсіз катрина тиісті пайда бере алмайды.
Бірақ, картинаны талқылау кезіндегі оқушылардың белсенділігін толық деуге болмайтындығы тіпті көрсеитілген мысалдардың өзінде де байқалып тұр.Әрине,оқушылар қойылған сүрақтарға өздігінен жауап қайтарады,бірақ барлық мәселенің,барлық пікір ойдың барысын мүғалім өзі толық басқарып отырады.Сөйткенмен де,сабактың бұл түрін әлде қайда көңілді, көп жағдайларда тек айтып шығудан гөрі пайдарырақ.
Қорытындыда тағы бір мәселеге тоқталайық: бір сабақ бойында неше картинаны талқылауға болады. Біз өз тәжірибемізді және басқа тәжірибелерді қорыта келгенде:бір сабақта екі-үш картинадан артық талқылауға болмайды дей аламыз. Картиналарды мұғалімнің әңгімесіне иллюстарция есебінде көрсеткенде,жағдай бүдан гөрі басқарақ болады. Мұнда картина түсіндіріліп отырылған тақырыпты көзге елестетіп көрсету үшін пайдаланады.

ІІ. Технологиялық мультимедия, интернетті география сабағында пайдалану
Қазіргі кезде интернетке ендіруге арналған түрлі білім беру бағыттары бойынша жүйелік білім беру курстарын әзірлеудің оңтайлы құралдарын таңдаудың өзекті міндеттері ерекше орын алады. Бұл типтегі көптеген қазіргі жүйелер графикалық, текстік, дыбыстық бейне және анемациялык мәліметтерді бүтіндей бір кұралға біріктіру үшін дизайнерлік жүйе қызметін атқаратын гипертексті редакторланған, нақтылы бағытталған болып табылады.
«Прометей» WEB-ст, т.с.с. «курстар дизайнерлері» жүйесінің мысалы бола алады. Өкшішке орай, мұндай жүйелер оқу процесі барысындағы оқыту ақпараттарын қолдау және қауырт жаңарту мүмкіндіктерінен жұрдай.
Бұл жұмыста Macromedia- Dreamweaver фирмасының программалық өнімдерін пайдаланып, «Мультимедия технологиясының негіздері» жүйелік оқыту курсын әзірлейтін әдістеме ұсынылады.
Бұл программалық өнімнің ерекше өзгешелігі бұрынғы, сондай-ақ қайта құрылған гипертекет құжаттармен жұмые істеу қолайлылығы болып табылады.
Текстерді, кестелерді, графикаларды, қабаттар мен фреймдерді форматтау үшін Dreamweaver -дің ыңғайлы графикалық интердейсі бар, түрлі формаларды жасау, білім алушыларды және мониторинг құралдарынан мәліметтер алуға, сондай-ақ білімді бақылау үшін оңлайн текстерін жасауға мүмкіндік береді.
Интернет үшін үйренетін курсты жасау үшін Dreamweaver келешектегі құрылымды материалдарды жоспарлауды және қолайлы жол ашуларды іске асыруға мүмкіндік береді. «Мультимедия технологнясының негіздері» курсын әзірлеу барысында текстік мәліметтерді жасаудың және редакциялаудың тәсілі ретінде НТМL форматында текстік құжаттар сақталған Microsoft Word 97 барынша кеңІнен тараған программалық өнімі пайдалануы.
Лекция курсында демонстрациялық материалдарды ұйымдастыру үшін мынадай GLF программалық өнімдер пайдаланылады. форматында қарапайым процестерді анимациялау файлыя жасауға мүмкіндік беретін Аdоbе Аһtег Ғеtееt 4.1 класикациялық анимациясы және Согеl Drew 10 программасы, сондай-ақ үш өлшемді объектілердің графикалық мәліметтері мен анимацияларын үш өлшемді ұсыну мүмкіндіктерін демонстрациялау үшін 3D — Studio Мах R3-тың ЗD — графикасы мен анимациясының редакторы анимацияның барлық форматтары АVІ форматында ұсынылған.
Сонымен қатар, текстік, графикалық және анимациллық мәліметтерге қосымша ретінде НТМL беттерінде Сооl Еdit 2000 программалық өнімі, мүмкіндігін көрсететін дыбыстық мәліметтерде орналастырылған. «Дыбысқа» арналған материалда, осы программаның көмегімен WAV форматында түрлі дыбыстық жүйелер варианты жасалған.
Көрсетілген барлық мультимедиялық (дыбыс, видео, анимация,» графика) мультимедия технологиясының негіздері бойынша үйрету курсы болып табылатын бүтіндей мультимедиялық материал Dreamweaver программаларында шоғырланады. Бұл курста мынадай тақырыптар бар.
1) Мультимедия технологиясына кіріспе.
Мультимедия тәсілдері. Мультимедия технологиясын қолдану саласы.
2) Компьютерлік графика. Графикалық бейнелерді жасау және
редакциялау тәсілдері.
3) Дыбысты өңдеудің цифрлық әдістері.

ІІІ. Графикалык көрнекіліктердің түрлері
Географияиы оқытудағы аса манызды көрнекілік құралдарға сандық материалдардың графикалық иллюстрациясы жатады. Графикалық көрнскілік ең бірінші басты мәселеге — тақырыптың өзекті мәселесін табуға, материалды жақсы игеріп есте сақтауға көмектеседі.
Жақсы құрылған графикалық кескіндемелер сандық мәліметтін бейнесін көрсетіп оқушылардың назарын өзіне аударады, қызығушылығын тудырып, білуге деген құштарлығын арттырады.
Оқушылар графиктер мен диаграмма құрудың негізін математика, сурет және сызу сабақтарында алады. Бірақ география сабағы графикалық кескіндемелердің негізгі пайдаланушысының бірі болғандықтан, гсография пәні мұғалімдеріне бұл жұмыстарды үнемі жүргізуіне тура келеді. Тәжірибеден байқағанымыздай, география пәнін оқуға дейін оқушылар график пен диаграмма түсірудің ең қарапайым ережесін білмейді, оқулықтағы, атластың графиктер мен диаграммаларды оқып, талдай алмайды, өзіндік жұмыс жүргізе алмайды.
Сондықтан, география пәні мұғалімдеріне сандық материалдар кескіндемесі туралы қайталауына тура келеді. Графикалық иллюстрацияларды оқушылар толық түсініп құра білуі үшін оқу жылының басында мұғалімнің бір сабақты арнайы бөлгені дұрыс. Не кіріспе бөлімінде немесе алғашқы тақырып сабағының бірінде. Бұл сабақта мұғалім графикалық көрнекіліктерді демонстрациялай отырып, оны құрудың әдіс-тәсілдерін үйретеді. Сонан соң оқулыктағы, атластағы графлкалық көрнекіліктермен таныстырады. Қысқаша талдатады, қосымша тапсырмалар беру арқылы қабілеттегі көрнекіліктерді …..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!