Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету
Мазмұны
Тарау -1. Бюджет жүйесінің экономикалық мәні мен маңызы
1.1. Бюджет жүйесінің түсінігі
1.2. Бюджет жүйесінің құрамы
1.3. Бюджет жүйесін құру принциптері
1.4 Бюджет қаржы жоспарлары мен
болжамдарының жүйесінде
Тарау -2. Мемлекеттік бюджет жүйесi және бюджет құрылысы
2.1. Мемлекеттiк бюджеттiң экономикалық мәнi мен ролi
2.2. Мемлекеттік бюджет жүйесi және бюджет құрылысы
2.3. Мемлекеттiк бюджеттiң кiрiстерi мен шығыстарының құрамы.
2.4. Бюджет балансы. Бюджет тапшылығы.
2.5. Бюджеттiк рәсiм.
Тарау — 3. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қызмет ету жағдайына талдау
3.1. Қазақстандағы бюджет жүйесіне сипаттама
3.2. Республикалық бюджеттің атқарылуына баға беру
3.3. Жергілікті бюджеттік процестің орындалуына талдау
3.4. Бюджеттің кірістерін қамтамассыз ету жолдары
Тарау — 4. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету жолдары
4.1. Бюджет тапшылығын қаржыландыру
4.2. Бюджет жүйесін жетілдіруді қамтамасыз ету
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Мемлекеттік органдардың өз функцияларын орындау үшін басқарудың барлық деңгейлеріне тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Демек, әр елде мемлекеттің қоғам алдындағы міндеттері мен функцияларын орындауын қаржыландыру үшін ақша қаражат қорларын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттердің сыныптамалық желісі құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру, оларды теңдестіру үрдісінде заңмен реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық өзара қарым-қатынастар пайда болады. Осы элементтердің барлығы бюджет жүйесін құрудың қажеттілігіне әкеледі. Бюджет құрылымында басты орынды – бюджет жүйесі иеленеді. Дүниежүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылымы мемлекеттің құрылысына, аумақтық-әкімшілік бөлінісіне, экономиканың даму деңгейіне және мемлекеттің басқа да айрықша белгілеріне байланысты анықталады.
Диплом тақырыбының өзектілігі:
Бюджет – белгілі уақыт аралығында барлық табыстар мен шығыстардан сомалап жасалатын қаржылық жоспар. Түрлі деңгейдегі бюджеттердің жиынтығы бюджет жүйесін ұсынады. Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан Республикасының ұлттық құрылымына сәйкес құрылған өз алдына дербес бюджет жүйесі қалыптасқан. Осы уақытқа дейін бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге ұшырап, жетіліп, 1999 жылы 1-сәуірде заң жүзінде бекітілді. Сонымен қатар, әлемдік тәжірибелерде қолданылатын әдістерді негізге алып, өзгерістер мен толықтыруларды қамтыған жаңа Бюджет Кодексі қабылданып, бюджеттердің тиімді орындалуына мемлекет тарапынан әр түрлі жағдайлар жасалып жатыр. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін әлемдік стандарттарға сәйкестендіру үшін, оны жетілдіру мен дамыту мәселесі түбегейлі қолға алынды. Сондықтан, бюджет жүйесіне қатысты мағлұматтарды салыстырмалы талдау жасап, толық мәні мен мазмұнын ашу маңызды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты:
1. Бюджет жүйесінің толық түсінігін ашып, мәні мен мазмұнын сипаттау;
2. Бюджет жүйесін экономикалық тұрғыдан талдап, оның қажеттілігін көрсету;
3. Бюджет жүйесінің жалпы құрамын анықтап, оны құру принциптерін баяндау;
4. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін сипаттап, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуына талдау жасау;
5. Бюджет жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін жолдарды айқындау;
6. Мемлекеттің бюджет жүйесін жетілдіруге байланысты жасаған шараларымен танысу;
7. Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарларында қамтылған бюджет жүйесін дамыту шараларын анықтап, оларды талқылау;
8. Бюджет жүйесінің деңгейіне сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттердің көрсеткіштерін талдау болып табылады.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
1. Экономикалық әдебиеттерді қолдана отырып, бюджет жүйесінің экономикалық мәні мен мазмұнын ашу;
2. Ресми деректерді негізге алып, Қазақстан Республикасындағы бюджет жүйесін сипаттау;
3. Статистикалық мәліметтерді пайдалана отырып, бюджеттік көрсеткіштерді салыстыру және оларды талдау;
4. Қазақстан Республикасының даму жоспарларына сәйкес атқарылатын шараларды анықтап көрсету болып табылады.
Дипломдық жұмыстың әдістемесі:
Жұмысты жазу барысында түрлі экономикалық-қаржылық әдебиеттер мен журналдар, статистикалық көрсеткіштер мен ресми деректер, «Қазақстан Республикасының бюджет туралы» Заң жобасы мен «Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі туралы» Заңы, Бюджет Кодексі және 2001-2010 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы, 2004-2006 жылдарға арналған индикативтік даму жоспары қолданылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы:
1-Тарауда бюджет жүйесінің түсінігі анықталып, оның құрамы мен құрылу принциптері туралы мағлұматтар берілді;
2-Тарауда нақты Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі сипатталып, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы қарастырылды;
3-Тарауда бюджет жүйесін жетілдіру мәселелері мен дамыту жолдары баяндалып, бюджет тапшылығын қаржыландырудың түрлі әдістері көрсетілді.
Т А Р А У — 1
БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ
1.1. Бюджет жүйесінің түсінігі
Қаржылық қатынастардың көпқырлылығы жекелеген ортақ белгілерімен ерекшеленетін айрықша сфераны бөліп қарастыруға мүмкіндік береді. Жиынтық қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше бір сферасы мемлекет пен шаруашылық субъектілері және халық арасында қаржылық қатынастарды туғызады. Бұл қатынастар қатысушысы міндетті түрде мемлекет болып табылатын орталықтандырылған ақша қаражат қорының қалыптасуы және қолдануымен байланысты туындайтын бөлу процесінің нәтижесінің түсінігі. Осы қаржылық қатынастардың жиынтығы мемлекеттік бюджет деп аталатын ұғымның экономикалық мазмұнын құрайды.
Бюджет, экономикалық категория ретінде, мемлекеттің өз міндеттерін жүзеге асыруына арналған және тиісті заңдарға сәйкес белгіленген салықтар мен өзге кіріс көздерінің және түсімдердің есебінен құралатын орталықтандырылған ақша қоры болып табылады. Бюджеттің мазмұнын түсіну үшін оның мынадай құрамдас бөліктерімен танысу қажет. Бюджет:
• өз алдына жеке экономикалық категория;
• ақша қаражаттаржың орталықтандырылған қоры;
• бюджеттік механизм арқылы экономикаға әсер ету құралы;
• негізгі қаржылық жоспар.
Бюджеттің атқаратын екі қызметі бар: бөлу және бақылау. Бөлу қызметі өз ішінде қайта бөлу, орналастыру және тұрақтандыруға бөлінеді. Осы қызметтер арқылы бюджет елдің ұлттық табысы мен жалпы ішкі өнімін қайта бөлуді, экономиканы мемлекеттік реттеу және ынталандыруды, әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету мен ақшалай қаражаттардың орталықтандырылған қорын қалыптастырып, оның тиімді пайдаланылуына бақылау жасауды жүзеге асырады. /12, 312-313/
Негізінен бюджеттің өзіне тән белгілері бар:
1. ақшалай нысанда болады;
2. бөлінгіштік сипаты бар;
3. мақсатты қалыптастырылу көздері болады;
4. нақты пайдалану мақсаты болады.
Әрбір мемлекеттің ұлттық құрылымына сәйкес түрлі бюджеттер қалыптастырылады. Осы бюджеттердің экономикалық қатынастар мен құқықтық нормаға негізделіп бірлесуін бюджет жүйесі қарастырады.
Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінде бюджет жүйесіне мынадай анықтама берілген: бюджет жүйесі дегеніміз – бюджеттердің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттік процестер мен қатынастардың жиынтығы. /2, 5/ Қазақстан Республикасының «Бюджет жүйесі туралы» заңында: Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі – экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген әртүрлі деңгейлердегі бюджеттердің жиынтығын қамтиды, — делінген. /1, 7/
1.2. Бюджет жүйесінің құрамы
Бюджет жүйесінің құрамы елдің мемлекеттік ұлттық құрылымымен анықталады. Ол федеративтік және унитарлық болып екіге бөлінеді.
Федеративтік құрылымда бюджет жүйесі үш деңгейлі болады:
1. орталық бюджет – одақ, федерация, республика болуы мүмкін;
2. федерация мүшелерінің бюджеті – республикалық, елді-мекендердің бюджеті, республикалық маңызы бар қала бюджеті, автономды облыстар мен округтердің бюджеті болады;
3. жергілікті бюджет – әкімшілік-территориялық бірліктер мен жергілікті құрылымдардың бюджеті, кейбір елдерде жабық әкімшілік-территориялық құрылымдардың бюджеті болуы мүмкін.
Мәселен, АҚШ-тың бюджет жүйесі орталық федералдық бюджетті, федерация мүшелерінің бюджеті және 82 мыңнан астам жергілікті әкімшілік-территориялық бірліктердің бюджеттерін қамтыса, Ресей Федерациясының бюджет жүйесі екі деңгейлі бюджеттерді: федералдық бюджет пен федерация мүшелерінің бюджеттерін және жергілікті бюджеттерді, оның ішінде елеулі құқықтық режимі белгіленетін жабық әкімшілік-территориялық құрылымдардың бюджеттерін қамтиды. /13, 176/
Ал унитарлық құрылымда бюджет екі деңгейлі болады:
1. орталық бюджет;
2. жергілікті бюджет.
Осы бюджеттердің әрбіреуі сәйкес мемлекеттік органдардың қарекетінің қаржылық базасын қамтамасыз етеді. Екі жағдайда да бюджеттердің дербестігі ерекше дәрежені иеленеді. Орталық бюджетте әлеуметтік-экономикалық процестерді басқарудың орталықтанған деңгейіне байланысты төменгі деңгейдегі бюджеттерді реттеу ролін иеленеді. /13, 176/
1.3. Бюджет жүйесін құру принциптері
Бюджет жүйесін қалыптастыру белгілі бір принциптерге негізделеді. Жалпы принциптердің қатарына:
1. бірлік принципі;
2. толықтылық принципі;
3. нақтылық принципі;
4. жариялық принципі кіреді.
1. Бірлік принципі бюджет жүйесінің орталықтандырылуының экономикалық-ұйымдастырушылық деңгейін анықтайды. Бұл принцип КСРО-ның бюджет жүйесінде айқын көрініс тапқан. Ал қазіргі кезде бұл принцип жергілікті мемлекеттік органдардың дербестігінің артуымен және оларға қаржы ресурстарын басқару құқығының бір бөлігінің берілуімен толық негізге алынбайды.
Бірлік принципі мемлекет территориясында жүзеге асырылатын барлық мемлекеттік кірістер мен шығыстардың жалпыға ортақ жүйесінің болуымен сипатталады. Ол бюджетті жоспарлауды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың ортақ әдістемесін және оның әлеуметтік-экономикалық болжамдармен байланысын арттыруға кепілдік береді. Бірлік принципінің міндеті – бюджет қаражаттарының қозғалысына Парламент тарабынан тиімді бақылау орнату болып танылады.
Бюджеттердің бірлігі бірыңғай құқықтық негізбен, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекітетін бірыңғай бюджеттік сыныптаманы пайдалану және бюджеттің бір деңгейінен басқа деңгейіне беріліп отыратын мемлекеттік қаржы статистикасы нысанының бірлігімен, ортақ құқықтық база және ақша жүйесімен, бюджет рәсімінің принциптерімен, ортақ құжаттамаларды қолдану және елдің мемлекеттік бюджеті туралы заңдық тізбек жасау үшін қажетті ақпаратты ұсынумен қамтамасыз етіледі. Бюджет жүйесінің бірлігі реттеуші кіріс көздерін қолданып, түсімдерді қайта бөлу арқылы орындалатын барлық деңгейдегі бюджеттердің өзара байланысына негізделеді және салықты қоса алғандағы әлеуметтік-экономикалық саясат арқылы жүзеге асады.
2. Бюджеттердің толықтылығы Қазақстан Республикасының салық және бюджет заңдарында белгіленетін барлық түсімдердің, соның ішінде мемлекеттік акциялар пакеті бар акционерлік қоғамдардан және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардан алынатын түсімдердің толық тізбесінің және шығыстардың бюджеттерде міндетті және толық көрсетілуімен қамтамасыз етіледі. Әлемдік тәжірибеде бұл принцип қазіргі кезде ең аз негізге алынатын принцип болып саналады, себебі оны негізге алып бюджетті құру шығындарды шамадан тыс асырып, кейін жеке кіріс көздерімен ерекшеленуі мүмкін. Қазақстанда мемлекеттік қаржы ресурстарын орталықтандыру әдісі арқылы қалыптастыру қабылданған, сондықтан 1998 жылдан бастап мемлекеттік бюджетке бюджеттен тыс қорлар, зейнетақы, әлеуметтік сақтандыру, жұмысбастылықты қамтуға арналған, қаражаттары біріктірілген. /11, 86/
3. Нақтылық принципі бюджет жазбаларының туралығын сақтау мен оның дұрыстығын қамтамасыз ету үшін қажет. Ол мемлекеттің қаржылық операцияларының бюджетте нақты бейнесі мен түрлі бюджеттік бағыттар бойынша бөлінген ақша сомаларының сәйкестігін көрсетеді. Бюджеттердің нақтылығына Қазақстан Республикасы Президентінің ел халқына жыл сайынғы жолдауына сәйкес оларды Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының өлшемдеріне сәйкес келтіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының тұрақтандырушылық функциясын іске асыру арқылы қол жеткізілді. Нақтылық болжам көрсеткіштері мен даму бағдарламаларына сәйкес жасалған кіріс көздері мен шығыс бағыттарына жасалған есептіліктерге негізделуімен анықталады /11,86/.
4. Жариялық принципі бюджеттің кірістері мен шығыстары, бюджет құрылымы мен тапшылық көлемі және олардың орнын толтыру тәсілдері мен …