Көпбалалы отбасылар көмекті 1 сәуірден бастап алуы керек

0

Бүгін Елбасының төрағалығымен әлеуметтік саясатты іске асыру мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі. 

Жиынға Премьер-Министр А.Мамин, Президент Әкімшілігінің Басшысы Ә.Исекешев және Премьер-Министрдің орынбасары Г.Әбдіқалықова қатысты.

Кеңесті ашқан Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға және тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған шараларды сапалы жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

Елбасы көпбалалы отбасылар әлеуметтік көмекті 1 сәуірден бастап алуы керек екенін айтты. Мемлекет басшысы әлеуметтік аз қамтылғандар мен көпбалалы отбасылар жақын арада мемлекеттің қамқорлығын сезінуі қажеттігін тапсырды.

«Көмекке аса мұқтаж табысы аз азаматтар, көпбалалы отбасылар биылғы 1 сәуірден бастап әлеуметтік көмекті алуы тиіс», — деді Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік саясатты жүзеге асыру мәселелері жөніндегі кеңес барысында.

Қазақстан Президенті мемлекеттік органдар басшылары мен облыс әкімдерінің жұмысын бағалау азаматтардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасы деңгейіне тікелей байланысты болатынын атап өтті.

Abai.kz

Abai.kz