Асыл аналарымызға 8 наурызға не сыйлауға болады? — Қазақстан жаңалықтары
[ad_1]
Көктемнің ең керемет мерекесі 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні ардақты аналарымызды ардақтауға, оларға деген махаббатымызды тағы да бір мәрте көрсетуге мүмкіндік береді. Егер асыл анаңызға осы мейрамға не беретініңізді білмесеңіз, Stan.kz ақпараттық агенттігі ұсынған тізіммен танысып шығыңыз
Парфюмерия және косметика
Бет және дене күтіміне арналған косметикалық өнімдер, иіссу құтысы бұл мейрамның дәстүрлі сыйлықтарына айналып кеткен. Егер анаңыздың талғамын жақсы білсеңіз, нарықтағы ең соңғы иіссуды немесе сүйікті парфюмін сыйға тартуға кеңес береміз.
Әйелдер қауымы органикалық косметиканы жоғары бағалайды. Сондықтан бұл мейрамда анаңызды табиғи компоненттерден жасалған, кәрілікке қарсы опа-далаппен қуанта аласыз.
Техника
Уақытының көп бөлігін үйдің жұмыстарына арнап, ас үйде дәмді тағамдарды пісіруден шаршамайтын анаға асүй комбайнын сыйлаған абзал. Комбайн оның тамақ әзірлеуге жұмсайтын уақытын үнемдейді. Анаңыздың өзіне, балаларына, немерелеріне көбірек көңіл бөлуге мүмкіндігі пайда болады.
Қолөнерге арналған заттар
Егер анаңыз кестелеумен айналысса, тоқығанды жақсы көрсе, сыйлыққа канва, бисер, жіп және суреті, схемасы бар арнайы журналды сыйға тартыңыз.
Текстиль және үйге арналған тауарлар
Көптеген әйелдерге сыйлыққа сапалы төсек-орын жабдығын, бірнеше мақталы жұмсақ сүлгілерді алған ұнайды. Ерекше қамқорлықтың белгісі ретінде анаңызға оротопедиалық матрас немесе жастық сыйлауға кеңес береміз. Ол анаңыздың жақсы ұйықтап тұруына үлкен септігін тигізеді.
Әшекей-бұйымдар
Сырға, алқа, жүзік, білезік сынды бағалы әшекей-бұйымдарға әрбір ана қуанады. Бүгінгі күні жоғарыда аталған заттардың түрі алуан. Бұйымдарды қалауыңыз бойынша сауда ойын-сауық орталықтарынан, әшекей-бұйымдардың үйлерінен сатып алуыңызға болады.
Шипажайға жолдама
Фитнес клубқа абономент немесе SPA- салонға бару үшін ваучер алып берсеңіз, анаңыздың көңілі марқайып қалады. Сонымен қатар, жақсылап емделіп, денсаулығын қалпына келтіріп, демалып қайтуы үшін анаңызды шипажайға жібере аласыз.
Мейрамханаға алып барып, кеш жасап беру
8 наурызды аналарамыз көбінесе дастархан жайып, қонақ күтумен өткізеді. Мейрам күні олар өздерін аяулы және сүйікті сезінуі үшін оны мейрамханаға алып барыңыз. Мейрамханаға алдын-ала хабарласып, үстелге тапсырыс беріп қойыңыз. Анаңызға сәйкесінше құрмет көрсетіп, мейрамды ұмытылмастай етіп өткізуіне үлесіңізді қосыңыз.
stan.kz