Абай Құнанбаевтың қара сөздері | Скачать Курстық жұмыс
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..3
І ТАРАУ. А.Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастары
1.1 А.Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастары … … … … … … … … … … … … … … … .4
1.2 Абайдың ағартушылық ой-пікірлерінің маңызы … … … … … … … . … … … … .7
1.3 Абай шығармаларының жастарды тәрбиелеудегі рөлі … … … … … … … .11
II ТАРАУ. Абайдың нақыл сөздерінің тәрбиелік мәні
2.1 Абай Құнанбаевтың қара сөздері … … … … … … … … … … … … … … … … ..15
2.2 Абай өлеңдеріндегі нақыл сөздер … … … … … … … … … … … … … … … … … .19
2.3 Абайдың нақыл сөздерінің тәрбиелік мәні … … … … … … … … … … … …22
ІІІ ТАРАУ. А.Құнанбаев мұраларының қазіргі мектептегі оқу тәрбие процесінде қолданудың әдістемелік жолдары
3.1 Оқу процесінде қолдану әдістері … … … … … … … … … … … … … … … … … … .25
2.2 Сыныптан тыс кезде қолдану әдістері … … … … … … … … … … … … … … … … …32
ҚОРЫТЫНДЫ … … … … … … .. … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР … … … … … … . … … … … … … … … .37
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Абайды тану арқылы біз әлемге ҚАЗАҚ елін танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуға тиіс.[26]
Сан ғасырлық Абай поэзиясы, ел қамын жақтаған жүздеген өрен жүйрік жырау, жыршы, ақындары бар қазақ әдебиетінде Абай орнының ерекше болуы тегін емес.
Ол халықтың түбегейлі мүддесін, арман-тілектерін оқу-білім қаншалықты терең ұғып-түсініп, қандай ойшылдық деңгейде, қандай көркемдік қуаттылықпен айтып, жеткізе алғандығында ақын үлкен творчестволық тұлға,қазақ халқының маңдай алды ақыны жүздеген поэзия туындыларының авторы,ұлы ойшыл ұстаз.
Абай халықтың әл-ауқатының деңгейі, санасы, мәдениеті, адамдардың өзара қарым-қатынасы, бір-біріне мейірбандығы мен парасаттылығы, ұлттың ерекшелігі, салт-дәстүрінің дамуы — сол халықтың еңбек сүйгіштігіне, еңбек ету дәрежесіне тікелей байланысты екенін даналықпен болжады. [14]
Абай поэзиясының ең басты ерекшелігі тәрбиелік тағылымы мол асыл мұрасы ол өзі өмір сүрген тұтас бір тарихи дәуірді жан-жақты барынша толық бейнелеп берді. Бірақ, ақын творчествосы жарты ғасырды қамтитын тарихи дәуірді танытады деу аз. Сол замандағы қоғамдық өмір салтының, ой-сана, білім-ғылым түсініктердің бірнеше ғасыр бойы қалыптасқанын, түп-тамыры әріде жатқанын ескерсек, Абай поэзиясы — ағартушылық көзқарасы қоғамның дамуындағы бір елеулі кезенді бейнелеу арқылы халықтың тағдырын, ұлттық мінез-құлқын тарихи тұрғыдан кең арнада алып, қоғам көшінің жеткен жерін ғана емес, өткен жолын да танытарлықтай етіп көрсете білді.
Курстық жұмыстың мақсаты: Ұлы ақын Абайдың ағартушылық көзқарастары мен нақыл сөздерінің тәрбиелік идеаларын теориялық тұрғыдан талдау және зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеті:
-Абай шығармаларындағы тәрбие және ағартылушылыққа қатысты идеяларға талдау жасау.
-Абай туындыларын жинақтап,танысу.
-Абай шығармаларындағы нақыл сөздері мен тәрбиелік тағлымдарын практикада қолдану жолдарын көсету.
Зерттеу көздері: Зерттеуге байланысты поэзиялық туындылар,Абай шығармалары,мерзімді басылымдағы материалдар мен басқа ғалымдардың Абай шығармашылығын зерттеу туралы еңбектері.
Зертеу әдістері: Зерттеу мәселесіне байланысты теориялық ғылыми әдебиеттер негізінде талдау,тұжырымдау және тәжірбиелік тұрғыдан салыстырмалы түрде зерттеу.
І ТАРАУ. АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ
0.1. Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарасы
Абай Құнанбаев — қазақ халқының ұлы классик ақыны, ағартушы демократы, ұлтымыздың рухани мақтанышы. Абай өз ауылында арабша хат танығаннан кейін, он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесінде 3 жыл оқиды. Оқуға зерек, ұғымтал Абай діни сабақтармен қоса өз бетінше араб, парсы тілдерін үйреніп, шығыс классиктері: Низами, Сағди, Хафиз, Науай, Физули еңбектерімен танысып, тағылым алады. [2]
Абай ақыл-ой санасы толысқан шағында ел билеу ісінен аулақтанып, ақындық өнер жолына түседі. Өз бетінше шығыс, батыс, орыс елдері ақындарының, ойшыл оқымыстыларының еңбектерін оқып, білімін толықтырады. 1870 жылдарда Петербургтен айдалып келген революционер Михаэлиспен танысып, дос болады. Михаэлис Петербург университетінің студенті, Чернышевскийдің жолын қуушы, демократ-революционер еді. Михаэлис арқылы Абай айдаудағы орыс демократтары: доктор Долгополовпен, табиғат зерттеушісі, тарихшы Леонтьевпен танысады. Солар арқылы ол орыстың белгілі ақын-жазушылары: Пушкин, Лермонтов, Толстой, Салтыков-Шедрин, Некрасов; сыншыл, ойшыл-демократтары Белинский, Герцен, Чернышевский, Добролюбов; Батыс Еуропа ақындарымен: Гёте, Байрон, философ ойшылдарынан: Спенсор, Спиноза, Дарвин, т.б. еңбектерімен танысып, тәлім-тәрбие алады.[11]
Абай өзінің өлең-жырларында ел ішіндегі ұрлық, зорлықты, алтыбақан алауыздықты, күштілікті, жатып ішер жалқаулықты өлтіре сынап, жастарды адал еңбекке, отырықшылыққа, егіншілікке, өнер-білімге шақырады.
Шығыс пен Батыс классиктерінің ағартушылық ой-пікірлерінен мол нәр алған ұлы ақын бала тәрбиесі мәселелеріне де кеңінен тоқталып, өзінің өлеңдері мен қара сөздерінде педагогикалық көзқарасын білдіреді. Адам мінезіндегі орынсыз мақтан, ойсыздық, салғырттық, күншілдік, көрсеқызарлық сияқты жаман әдеттердің ақыл мен ойды тоздыратынын айта келіп, естігенді есте сақтау, көргеннен үлгі-өнеге алу, жаман әдет-дағдыдан бойын аулақ ұстау, нәпсіні ақылға жеңдіру, ұстамды болу сияқты адамгершілік қасиеттерді насихаттайды. Егер есті кісінің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмысында бір, ең болмаса айында бір, өмірді қалай өткізгенің жайында өзіңнен өзің есеп ал,-дейді. Яғни, адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің маңызы мен мәніне ерекше тоқталады.[21]
Абай сана-сезімді тәрбиелеудегі қоғамдық ортаның ролін материалистік тұрғыдан түсіндіре білді. Адамның жақсы-жаман болуы, ақылды-ақылсыз болуы генетикалық негізге байланысты, ақ сүйек тұқымынан шыққандар ақылды, батыр, алғыр болады деген буржуазиялық нәсілдік, идеалистік көзқарасқа қарама-қарсы. Абай адам мінезінің қалыптасуы тәрбиеге, ортаға байланысты екенін дәлелдеді. Өзінің отыз жетінші қара сөзінде: Мен, егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім,-деді. [2]
Абайдың поэтикалық шығармалары мен қара сөздері пәлсапалық, этикалық, эстетикалық, психологиялық және педагогикалық ой-пікірлерге толы. Абай түсінігінше, табиғат біздің санамыздан тыс және бізге тәуелсіз өмір сүреді. Біздің түйсігіміз бен қабылдауымыз, түсінігіміз айналадағы ақиқат шындық өмірдің сәулесі ғана.
Абай түсінігінше, табиғат біздің санамыздан тыс және бізге тәуелсіз өмір сүреді. Адам баласы көзімен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрнымен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады,-дейді Абай. Адам баласы анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Бірі — ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар — тәннің құмарлығы. Екіншісі — білсем екен деу- жан құмарлығы (жетінші сөз) деп ой түйіндей келе, адам бойына жан құмарлығы арқылы жиналатын нәрсенің аты ақыл, ғылым… Ол таланттылық пен ерінбей еңбек еткен адамның қолына түседі деген қорытынды жасайды.
Абайдың дүниенің дамуы жөніндегі көзқарасында диалектикалық сарын басым. Ол табиғат құбылыстарын өзара бір-бірімен байланыста, үнемі өзгерісте, дамуда болады, адамды қоршаған ортаның — табиғаттың ішкі сырын білім-ғылым арқылы білуге болады деп қарастырады.[25]
Ұлы ағартушы өзінің көптеген шығармаларында қазақ халқының ауыр тұрмысын және надандығын мінеп-шенеді. Қара басының қамын ғана ойлайтын, яғни тән қажеттігін өтеуді ғана ескеріп, рухани қажеттілікті ойламайтын, біреуді алдап, біреуді арбап күн көрушілерге, өзінен күшті әкімдер алдында жағымпаздықпен көзге түсіп қалуға тырысушыларға Абай мейлінше қарсы болды. Ондағы мақсат халыққа адал қызмет ету деп ұқты:
Пайда ойлама, ар ойла
Талап қыл артық білуге.
Артық білім кітапта
Ерінбей оқып көруге, — деп жастарды білім-ғылымды меңгеруге шақырды. [4]
Сол кездегі кейбір оқыған жастардың білімді шен алу, шекпен кию үшін пайдаланып, парақорлықпен алдап-арбаудың құралы етуге тырысқанына ызаланған Абай:
Ойында жоқ олардың
Салтыков пен Толстой
Я тілмаш, я адвокат.
Болсам деген бәрінде ой,- деп сөкті. Жастарға халық қамын ойлаған ақын-жазушылар мен ғалымдарды үлгі-өнеге етіп, білімдіден шыққан сөз талаптыға кез болса екен, -дейді. Тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімже деп ұққан Абай:
Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған мақсат емес,
Өнердің бұдан өзге бәрі жалған.[8]
Ел болу үшін қала салып, отырықшылықта болу керек, мектеп салып, оқу оқып, білім алу қажет, тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде ғана тұр деп жар салды. Өнер-білімсіз қоғамның пайдалы азаматы болудың мүмкін емес екендігін, терең түсінген ол: Барыңды салсаң да балаңа орыстың ғылымын үйрет… өнер де, ғылымда орыста тұр. Орыстың ғылымы, өнері — дүниенің кілті оны білгенге дүние арзанға түседі1,-деп озық мәдениетті орыс халқын өнеге етті.
Ақыл — ардың сақтаушысы деп қарап, адамгершілік мәселелерін жоғары бағалап, ар тазалығы үшін күресуді дәріптеген ұлы ағартушы —
Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр талап,
Бұларды керек қылмас ешкім қалап…
Терей ой, терең ғылым іздемейді
Өтірік пен өсекті жүндей сабап, — деп кейбір жастардың іс-әрекетін қатты сынға алады. Абай қазақ қоғамындағы жас ұрпақтарды тәрбиелеуге байланысты ойларын бірнеше өлеңдерінде (Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат, Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін т.б.) айқын білдіреді. Ол халықтың артта қалушылығын, надандығын мінеп, әдебиет пен ағарту халыққа қызмет етуі, жалқаулыққа, ымырашылдыққа қарсы күрес жүргізуі қажет екендігін көрсетеді, прогресшіл орыс мәдениетіне жақындай түсуді уағыздайды. Мұндай күрделі міндеттерді шешудің жолдарын іздестіре келе, Абай өзінің Қырқыншы сөзінде жалпыға бірдей білім беру талабын ұсынып, қыздар да оқып, білім алу керек деп есептейді.[7]
Ұлы ағартушы өз айналасын қоршаған әділетсіздік қазақ халқын аздырып бара жатқанын, жас ұрпақты тәрбиелеуге теріс ықпалын тигізетіндігін байқап, халықты, әсіресе, жастарды, адамгершілікке тәрбиелеуге ерекше көңіл аударды.
Ал жастар бойына дарытуға тиісті жоғары адамгершілік қасиеттер ретінде туған елге деген сүйіспеншілік пен ерлік, табандылық пен адалдық, парасаттылық пен сыпайылық, адамдарға қайырымдылықпен қарау, еңбек сүйгіштік, жарқын өмірге ұмтылушылық т.б. атап айтты. 1886 жылғы бір өлеңінде ақын:
Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман,
Шошимын кейінгі жас балалардан.
Терін сатпай, телміріп көзін сатып,
Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман,- деп өз кезіндегі жастардың осындай жағымсыз мінездері н қатаң сынға алды. Абай уақытын еңбексіз бос өткізетіндерді, еріншектерді, өсекшілдерді, адамгершілік қасиетке ұмтылмайтындарды мейлінше жек көрді. Ондайлар туралы:
Осындай сыйдаң жігіт елде мол-ақ,
Бәрі де шаруаға келеді олақ.
Сырын түзер біреу жоқ, сыртын түзеп,
Бар өнері — қу борбай — сымпыс шолақ-деп, күйзеле жазады ұлы ақын. [4]
Гуманист — ақын Абайдың ХІХ ғ.орта шенінде халқымыздың бойындағы жағымсыз қасиеттерді қатты сынға ала отырып, айтқан ойларының, көтерген өзекті мәселелерінің бүгін де маңызды, күн тәртібінен түспей отырғандығын атап өткіміз келеді. Абайдың айтқан ойлары бүгінгі Мақатаев сияқты ақындарымыздың ойларымен үндесіп жатыр.
Табиғатты айтсын мейлі, махабатты айтсын, адамның ары мен арманын айтсын, жан түршіген міні мен арамза мінез-қылығын айтсын, қазақтың ақиық ақыны Мұқағали ағынан жарылып айтады, әрбір өлең жолынан ақынның жүрек лүпілін естіп, жан айнасын көреміз, адам бойында әлі де арылып болмаған сұмдық пен сараңдылықтан жериміз, жамандықтан түршіге түңілеміз. Сондықтан да ол:
Мамсапқорлардың қасынан
Шықпайтындарға ашынам !
Жалданып өскен жасынан
Жағымпаздарға ашынам !
Өзіңе ғана бас ұрам,
Сенесің бе, Отан осыған !?
Алаяқтарға ашынам !
Ашынам-дағы тасынам
Құнымды несін жасырам, — деп адам бойындағы жағымсыз мінез құлықты ашына сынға алды. Мұқағали айтқандай, осы жағымсыз қылықтар да бүгін де арамызда бой көрсетіп қалады. [7]
Сол кезде Абайдың көтерген мәселелері бүгін де маңызды, өзектілігін ерекше айта кеткен жөн.
Абай тарихқа ең алдымен кемеңгер ойшыл ақын, ағартушы ретінде енді. Абай өлеңдері мен қара сөздерінің тәрбиелік-тәлімдік мәні зор, идеялық деңгейі жоғары болып келеді.
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқты-барды, ертегіні термек үшін,
[4]
— деп ақынның өзі айтқандай оның өлеңдерінің әлеуметтік, этикалық мәні мейлінше терең. Ең алдымен ол өз халқына өлеңдері, қара сөздері арқылы ұдайы ой салды, оның көкірегін оятып, оны надандықтан, жаман қылықтардан сақтандырды, мәдениетті болуға, прогреске шақырды.
Абай өзінің өлеңдерінің бәрінде:
Қалың елім қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың,
Жақсы мен жаманды айырмадың
Бірі қан, бірі май боп енді еккі ұртың — деген сөздері дәлел бола алады. Бұл өлеңде Абай ашынып, халықтың жанына тие айтады. Сондай-ақ, Абай бос даурығуға, бекер сал шашуға, өтірік, өсек айтуға, жалқаулыққа қарсы шықты. Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, адам болам десеңіз, — дей келіп, АбайӨсек,өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ, Бес дұшпаның білсеңіз, Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ойлап қой, Бес асыл іс, көнсеңіз, — деген өсиет айтты. [2]
Абай өнер-білім алуға шақырды, өмірде өз орныңды тап, пайдалы әрекет жаса, дейді. Сен де — бір кірпіш дүниеге, тетігін тап та, бар қалан! деген сөздер соның айғағы. Қазақ елінде ойын-сауыққа көп әуестеніп, бір үйден бір үйге, бір ауылдан бір ауылға селтеңдеп, қыдырып жүретін келеңсіз әдет селтеңдеп, қыдырып жүретін келеңсіз әдет барын ашына ескертіп, одан аулақ болуды арман етті.
Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық,
Аздырар адам баласын, — деп жағымсыз қасиеттерден жастарды жирендіреді. [4]
Ол А.С.Пушкин мен М.Ю.Лермонтовты ұстаз тұтты, олардың өлеңдерін, И.А.Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне аударды. Мәселен, Татьянаның хатын, Онегиннің хатын аударып қана қойған жоқ, оған ән де шығарды.
1840 жылы М.Ю.Лермонтов Гетенің Жолаушының түнгі әні деген өлеңін Горные вершины спят во тьме ночной деген атпен аударған болатын. Гетенің бұл өлеңі көптеген ақындарға, композиторларға әсер етті. Ол Абайдың да жүрегіне ұялады. Қараңғы түнде тау қалғып, ұйқыға кетер маужырап деп аударды. Сонымен қатар, Абай шығыс мәдениетінен де нәр алды. Фирдоуси, Науай, Низами, Хафиз, Сағди шығармаларына еліктеді.
1995 жылы бүкіл еліміз Абайдың 150 жылдық мерекесін ЮНЕСКО шешімі бойынша әлем болып тойлады. Ұлтымыздың рухани мақтанышы, ұлы гуманист, ақын-ағартушы Абайдың ғылыми-педагогикалық мұрасының зерттелу жайы туралы және Қазақстанда төңкеріске дейінгі педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында алатын орны туралы айтқанымызда ұлы ғұлама ойшылдың педагогикалық мұрасын алғашқы зерттеушілер, педагогика тарихы саласындағы көрнекті қазақстандық ғалымдар, педагогика ғылымдарының докторлары, профессорлар Т.Т.Тәжібаев, Қ.Б.Бержанов, Ә.У.Сембаев, Қ.Б.Жарықбаев, С.Қ.Қалиев және т.б. ғалымдардың еңбектерін ерекше атап өткен жөн.
Ұлы гуманист-ақынның педагогикалық, тағылымдық мұраларының мәні мен маңызы бүгінгі таңда да өміршең, өзекті екендігін дәлелдейді.
ХХ ғасырдың басында бір кезде Шоқан, Ыбырай, Абай көтерген ағартушылық қозғалыстың туын Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов,Міржақып Дулатовтар жалғастырды.[17].
1.2 Абайдың ағартушылық ой-пікірлерінің маңызы
Абай — Семей өңіріндегі алғашқы мәдени-ағарту ошақтарының ұйымдастырылуына ұйытқы бола жүріп, сол кездегі білім беру жүйесінің көптеген мәселелерімен танысты, педагогиканың қыр-сырына қанықты. Әсіресе екі қоғамдық ұйымның жергілікті кітапханалар мен музейлерді жабдықтауға араластырылуы, соған сай көптеген ғылыми басылымдар мен құнды деректердің жинақталуы көп септігін тигізді.
Абай халықтың үлкені мен кішісіне, ұлы мен қызына, әкесі мен баласына өмірлік қажет еңбек пен адамгершілік, өнер мен білім, өнеге мен тәлім, достық-жолдастық, парыз бен қарыз сияқты қасиеттердің асыл үлгілерін жырымен де, ғақлияларымен де жеткізе білді. Ойшыл ақынның ағартушылық тұғырдары педагогикалық тұжырымдары негізінен жастарды халқына адал қызмет ететін нағыз азамат — «Толық адам» етіп тәрбиелеу мақсатынан туындаған.
Ұлы ұстаз жан-жақты, кемел тәрбиелі адам ғана «толық адам» санатына қосылады деп есептейді. Ал кемелдікке жетудің тура жолы — адам бойында имандылық қасиеттердің туындауынан басталады. Тәрбиенің қалған түрлері — адамгершілік, ақыл-ой, еңбек, дене тәрбиесі, бәрі де осыңдай мұсылмаңдыққа ден қойған жастың бойына тез үйірімді деп пайымдайды. Ол өз заманындағы мектеп медреселердің қызметіне көңілі тоймайтындығын үнемі байқатып отырады. Әсіресе, дүмше молдалардың баланы бұрыс уағыздап, теріс жолға салынатынын айта келе, ұстаздың тұлғасын ерекше жоғары қояды, оларға үлкен сеніммен қарайды.[24]
Абайдың ұстаздық ойларының ішінде білімді өмір бойы игеру, оны кітаптан іздеу, өз бетінше оқу, естіп білгенді есте сақтау мәселелері айқын көрініс дамытқан. Өз басындағы тәжірибесі болар, Абай әр шәкірттің өзін өзі ғылым мен білімге жетелейтін жолдарын көбірек сөз етеді.
Нәресте дүниеге келгенде-ақ оның бойында екі құмарлықтың — «тән және жан құмарлығының» бірге болатыны, соның соңғысын — «білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен» деп бөледі. Дәл осының өзі ойшылдың педагогакалық көргендігіне айқын мысал. Білімді игерудің негізігі үш сатысы — кез келген жаңалықты білудің естуден басталатыны оны түсіну үшін әр шәкірт өзі не оқып, не көру қажет екендігін, ал содан соң барып қажетті жерді пайдалануды үйрететінін айқындап беріп тұр. Әрі бұл оқудың сапасын анықтайтын білім, білік дағдымен де сәйкес келеді.
Жалпы, ағартушы ретінде Абай білім алу жолын нобайлап айтпайды, оның қалай оқу керек, ал меңгерген білімді қалай өмірде қолданып, жүзеге асыруға болатындығы жөнінде ойлары осы заманғы педагогика тұрғысынан өте орынды, әрі байыпты. Білім шәкіртке сөз арқылы беріледі әрі ақын ретінде Абай көбіне сөз құдіретіне жүгінеді. Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кездей келе ұлы ақын білімнің нұрлы сырын көруге «Жүрегі — айна, көңіл — ояу», көкірегінде көзі бар, ынталы, сөзді баяу тыңдайтын шәкіртті іздейді. Ол бұрыннан да ізденгіш, «өз өнері таяу тұрған», сөзді тез ұғатын болса тіпті ғанибет. Абайдың айтуынша, адамның білімге құштарлығы оны тәрбиелі етеді.
Ақын ел қамы үшін емес, өз қамы үшін, елді бірлестіру үшін емес, араздастыру үшін оқитын, оны «я тілмаш, я адвокат болу» ғана жүрген жастарды сынап, ғалым болу үшін ғана емес, сол алған білімін туған халқының мәдениетін, экономикасын, сана-сезімін көтеру үшін жұмсауға шақырады. Ойшыл ақын ғылымды үйренушілерді екі топқа бөледі. Бірі — білімді ақиқатты тану, азамат болу үшін үйренушілер де, екіншісі — бақастық, яғни біреуден озу, артық болу мақсатын көздеушілер. Ақын ғылым жолын қалаған жастарға ғылымды жеке басының қамы, бақастық үшін емес, халқына адал қызмет ететін жан-жақты жетілген, білімді — «толық адам» болып шығу үшін үйренуге ақыл айтып: «үйреніп жеткенше осы да болады ғой деп тоқтамай, үйрене беру керек. Кімде-кім үйреніп жетпей жатып, үйренгенін қойса, оны құдай ұрды, ғибадат болмайды» деп, оларға тынбай талаптануға, үздіксіз ізденуге кеңес береді. Абай қазақ жастарын желөкпе, әр нәрсеге көрсеқызар болмай, өнерді үйренуге, табиғатты тануға, ғылыми көзқарасқа негізделген тиянақты білім алуға үндеді. Ол оқу-ағарту саласындағы таптық, ұлттық және мүліктік шектеулерге қарсы шығып, оқытудың ана тілінде жүргізілуіне баса назар аударды. Ол жеке адамның қалыптасуына оқу-ағарту ісін ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесімен тығыз сабақтастырады.Ақын түсінігінде адамгершілік тәрбиені құрайтын қасиеттер: адам баласын сүю, адамдардың бір-біріне адал, мейірімді және бірлік, ынтымақта болуы. Ол адамгершілікке баулуда жастардың сол замандағы мінез-құлық ақымақтарын өз бойларынан алшақтатып,олардан арылуға,өзін-өзі тәрбиелеуге өсиет етті. Жасөспірімдердің мінез-құлық, адамгершілік тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген Абай:
Адам өзіне-өзі сыншы болу керек: «Егер есті кісілердің қатарында болғың келсе, күніне бір мәрте, болмаса жұмасына бір, ең болмаса айына бір өзіңнен есеп ал», — деген Абай тұжырымы жастардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттырып, олардың бойында өзіне деген берік сенімін қалыптастырады.[13]
«Жаман тату қазады өзіне ор.
Оған сенсең бір күні боларсың қор» — деп жалған достықтың бет пердесін әшкерелеп, жастарды жағымсыз жалған қылықтан сақтандырады. [1]Ақын нағыз адал, шынайы достықтың құдіретті күшіне терең талдау жасайды.Ол — құрбы-құрдас, дос-жолдас болып жүріп, көзі жоқ жерде жолдасын жамандап, келеке ететін екіжүзді залымдарды сынға алып, оларға адал достық пен шынайы жолдастықты қарама-қарсы қояды. Ойшыл ақын жастарды адамгершілікке тәрбиелеуде гуманизм, отаншылдық және интернационализм принцинтеріне достықты, әділеттілік пен мейірімділікті негізгі қазық етіп алады. Абайдың ұлттар достығы, интернационалдық тәрбие жайлы ойлары өз халқына деген сүйіспеншілік сезімінен туындады. Көршілес халықтардың озық дәстүрлеріне, жетістіктеріне үңіле қарап, соларды үлгі-өнеге тұтты. Озық ойлы ақыл-ой иелерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, жақсы тәлім-тәрбие үлгілерін батыл насихаттады. Жастарды адамгершілік рухында тәрбиелеп, оларға ғылым мен білімге бастар жолды көрсете отырып, ақын бұл мәселелердің шешімі еңбекте деп білді. Ол еңбектің адам мен қоғам өмірінде алатын қызметіне зор мән берді. Абай шығармалары олардың әр түрлі кәсіпті еркін меңгеруіне ықпал етіп, еңбекті тиімді ұйымдастыру жолдарына баулыды.
Абай жастарды еңбекке баулуда күнделікті отбасы тәрбиесіне, ата-ананың жауапкершілігіне ерекше мән берді. Баланың болашағына жауапкершілік алдымен әкеге жүктелетінін ескеріп, әкенің ақылы мен ықпалы болмай адал еңбекке, мағыналы өмірге дұрыс баулу, жас жеткіншектің бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мүмкін еместігін атап көрсетті. Сондықтан баланы ұлағатты азамат — «толық адам» етіп тәрбиелеу үшін ата-аналарының өздерінің сан дәрежеге сай, үлгілі, өнегелі болуын талап етті. Ойшыл ақын әкенің ізгі қасиеттері — оның адамгершілік, еңбек сүйгіштігі отбасы, жарына деген сүйіспеншілік сезімі үй-ішін нұрландырып тұрса, ері
ақылды, әйелі мінезді боп, тату болса, үстіндегі үй жұмаққа айналып, бала жақсы мінезге, асыл қасиетке тәрбиелене алатынын атап өтті. Керісінше, ақын өз отбасынап суынып,ел кезіп,қыдырымпаздыққа салынған,өз үйінің шырқын бұзған, бала тәрбиесіне мән бермейтін әкелерді сынға алады. Абай бала келешегіне қамқоршы ұстазы — әке деп білумен қатар ұрпақ тәрбиелеудегі ананың орнын да ерекше бағалады. Өз анасы Ұлжан мен әжесі Зеренің құшағында болып, қос мейірім бұлағынан сусындап өсуі оның ана қасиетін биік тұғырдан тануына игі әсер етті. Аналық мейірім арқылы берілетін нәзік те пәк адамгершілік асыл қасиетті ерекше қастерлеуі. Ананы өз баласының алғашқы ең аяулы тәрбиешісі деп білді. Қыз баланың тәрбиесіндегі ана тәлімінің ықпалына Абай педагогикалық тұрғыдан жан-жақты талдау жасап, өрелі тұжырымдар айтты. Ол қыз балаларды жұбайлық өмірге балғын шақта, жинақы болып жүріп, тұрмыс құрған соң берекесі кетіп, салақ әйел атануы,әсіресе қарекетсіз өскен бай қыздарының жастайынан еңбекке етене араласпағанынан деп білді.Сондықтан аналарға қыз бала тәрбиесінде ұлттық дәстүрді басшылыққа алуды ұсынады. Халық тәрбиесінде абзал аналар есейе бастаған қыз балаларына іс тіктіріп, үй шаруасына үйреткен. Осындай аналарды Абай қатты құрметтеп, қалыңдық іздеген жігіттерге тәрбиелі ананың қызына көз салуды ескертті. Бойына адамгершіліктің асыл қасиеттерін жинақтаған қыз балаларды болашақ көтерілер шаңырақтың берік қазығы деп есептеді. Болашақ отау құру мәселесінде қыз балалардың ақылды, білімді болуына ерекше мән берді. Ол өзінің қызы Күлбаданның сауатты болуын қолдады.Ең болмағанда хат танып, оқу-жазуды игеру керектігін ескертті, маңайындағы адамдардың қыз балаларының сауатын аштырып, өлең-жыр көшіртіп, ән мен музыкаға баулыды. Ол тұрмыс құрар жастарға қалыңдықты көркі мен сымбатына ғана қарап бағаламай, оның адамгершілік қасиетіне, ішкі жан-дүниесіне, ақыл-парасатына, көргендігі мен тәрбиелігіне көңіл бөлу керектігін ерекше атап көрсетті. Абай болашақ отау құрушы жастарға жұбайлық өмірдің елеулі қиындықтары да болатынын, ол қиындықты жеңуге алдын-ала әзірлеу керектігін ескертті.[24]
1.3 Абай шығармаларының жастарды тәрбиелеудегі рөлі
Абай Құнанбаев жастардың жалынды ақылшысы болды. Оның шығармаларының барлығы дерлік ғибратты тәрбиелік сипатта келіп отырады. Абайдың пікірлерінің көпшілігінен-ақ жастарды тәрбиелеу, оқыту жөнінде айтылған методикалық және дидактикалық қағидаларды табуға болады. Мұның үстіне Абай соның бәрін терең психологиялық дәлелдермен баяндайды.
Абай Құнанбаев адам жанының нәзік сыршысы, терең білгірі болды. Өзінің көптеген өлеңдері ұлы сөз ұстазы адамдардың психологиялық көңіл-күйінің ерекшеліктерін айрықша шеберлікпен аша білуі әлде қалай емес.
Өз шығармаларының көпшілігінде Абайдың қазақ халқының ортасында орын тепкен надандық пен мешеулікке қарсы күрескенін жоғарыда айттық. Ол өз шығармаларында халық ішіндегі қарны тоқтарға, қайғысы жоқтарға, рухани азықты ұмытқандарға,еңбексіз мал тауып,біреудің есесінен байғысы келетіндерге, тоғышарлық өмірдің, думан-тойдың қызығына белшесінен батқандарға, жағымпаздықпен,жаламен ұлықтардан мақтау алғысы келетін шен-шекпен құмарларға қарсы күреске аттанды.[24]
Адал еңбектен бойын аулақ салып, өтірік-өсекпен, аста-төкпен өмір сүрген адамдарда ақын қатты түйреп отырды; ауылдан-ауылға қыдырып, думан мен сөз қуып жүретін еңбексіз жандарды, ақыл мен адамшылықтан безгендерді, өзі білмей, білгеннің тілін алмай өткен кереғар-кербездерді, сырты бүтін болғанмен іші түтін халыққа қас адамдарды, мақтан үшін, мансап үшін, ұлық болғысы келетіндерді ақын өлтіре шенейді.
Наданға арзан, ақылды құлаққа ілмек.
Ақылсыз шынға сенбей, жоққа сенбек, — дейді Абай.[2]
Ұлы ағартушы өз айналасында болып жатқан барлық әділетсіздікті, өтірік пен алдауды, жаулықты, надандылық пен қараңғылықты көрді, мұның бәрі қазақ халқын орға жығады, жас ұрпақтардың тәрбиесіне теріс ықпал тигізеді деп білді, ал ұлы ағартушының бар үміті — жастар еді, сондықтан ол халықты, әсіресе жастарды адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеу жолында күресіп, бар дауыспен қараңғылыққа, ескілікке қарсы майданға шықты. Адамгершілік деген ұғым оның әрбір шығармасынан дерлік айқын және күшті түрде көрініп отырады. Ол адамгершіліктің жаулары — дәулеттілерді ұлы тілмен түйреп, келеке етеді, ал жастарды өздерін жоғары адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуге шақырады, ал адамгершілік қасиеттер дегеніміз білім алумен, өнімді адал еңбек етумен ғана пайда болады.
Абай нағыз пайдалы еңбек деп әр түрлі қолөнерді,егіншілікті және білім алуды,оқуды есептеді.Ақыл — білім алу күрделі еңбек арқылы келеді деп философиялық тұжырым жасады.[15]
Әр алуан айла-шарықпен әуес болып, еңбекке қырсыз қарап жүрген жастарды көріп, ол бұлардың келешегінен қауіптенеді («Өкінішті көп өмір кеткен өтіп» деген өлеңінен қараңыз), сенімі жоқ, серменде, жалқаулыққа, өтірік пен мақтанға берілген, адамдық қасиеттерден ат тонын ала қашқан бозбалаларды қатты шенейді.
Надандарды Абай терең ойы жоқ, қайраты жоқ, басқаның ақылымен, айтуымен күн көрген, терін сатпай телміріп көзін сатқан, қамсыз, бейшара таяз ойлы адамдар ретінде сипаттайды. «Қайнайды қаның, ашиды жаның,мінездерін көргенде» деп олар үшін өкініш білдіреді. Осы бір арсыз надандар, дейді ол, білім бергісі келген, мінездерін түзегісі келген ақылдан теріс айналады, ондай ақылды салқын тыңдайды. Басында миы жоқ, өзінде ой жоқ адам адамшылық ақылды арзан санайды. Өтірік-өсек тарату, біреуді аяқтан шалып жығу — бұлардың кәсібі осындай дейді Абай. Ол жастарға пайдалы кәсіппен шұғылдануға кеңес береді, мұндай кәсіптің материалдық жағынан да, рухани жағынан да адамға беретін игілігі көп деп біледі. Қастаншыл, жікшіл болма, бос белбеу іссіздіктен, қамсыздықтан бойыңнан қашыр, ерінбей еңбек істе — міне ұлы ағартушының айтқандары осындай. Осы жөніндегі ойын ол «Сегіз аяқ» деген өлеңінде былай баяндайды:
… Еңбек қылсаң ерінбей,
Тояды қарның тіленбей
Егіннің ебін,
Сауданың тегін
Үйреніп, ойлап, мал ізде.
Адал бол, бай тап,
Адам бол, мал тап,
Қуансаң, қуан сол кезде…
Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық,
Аздырар адам баласын,
Таласып босқа,
Жау болып досқа,
Қор болып, құрып барасың;
Өтірік шағым болды ғой,
Өкінер уақытың болды ғой… [4]
Абайша айтқанда да, еңбек сүйгіштік — адамгершілік қасиет, сол себепті адам болғысы келген жанның бәрі де адал еңбек істеулері керек. Тек еңбек қана адамды адам етеді, материалдық молшылық жасайды, рухани қайрат береді.
Абай былай дейді: «Егер еңбек етпесең — онда сен телмірумен өтесің, қарыныңды да, көңіліңді де жұбата алмайсың. Тек еңбек қана саған абырой мен құрмет әпереді. Еңбекте кірлі жұмыс жоқ, несімен болса да бой тартпа.»
Тәуекелсіз, талапсыз мал табылмас,
Еңбек қылмас еріншек адам болмас.
Есек көтін жусаң да мал тауып кел,
Қолға жұқпас, еш адам кеміте алмас.
Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал жиылмас.
Сұм нәпсі үйір болса тез тыйылмас.
Зиян шекпей қалмассың ондай істен,
Мал кетер, мазаң кетер, ар бұйырмас.
Асаған, ұрттағанға сөз жұбанар,
Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,
Қардың суы сықылды тез суалар.
Әралуан қолөнершілік, егіншілік пен оқу, білім алу — осының бәрін Абай нағыз пайдалы еңбек деп санайды. Осылармен шұғылдануға жастарды шақырады.[14
Жас адамдардың бастапқыда әлі таза тұрған, ешнәрсемен кірлемеген жаны әрнеге сенгіш болатынын айта келіп, Абай оларды надандықтың, азғындық пен кеселдің дертті ықпалдарынан сақтап қалуға тырысады.
«Жас өспірім замандас қапа қылды» (1894)деген өлеңінде ақын жастардың бір бөлігінде сабыр, ар жоқ, аял жоқ, өнерлі іске икем жоқ деп мазаланады. «Жамандық, жақсылықпен оған бір бәс» — дейді ол. Олардың пайдалы еңбекке қабілетсіз, біліміне ынтасыз екенін, еңбек емес, еппен тұрғысы келетінін айтады.Өзінің көптеген шығармаларында,әсіресе сүйікті ұлы Әбдрахманның, інісі Оспанның өлімдеріне байланысты жазған өлеңдерінде, «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Интернатта», «Сегіз аяқ», «Көзінен басқа ойы жоқ», «Жастықтың оты жалындап», «Жас өспірім замандас қапа қылды», «Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап», «Ұяламын дегені көңіл үшін» деген өлеңдерінде және басқаларында, ғақлия сөздерінде Абай патриотизмнің, ерліктің, табандылық пен қайсарлықтың, адамгершіліктің, адалдық пен шыншылдықтың, кішіпейілдіктің, еңбек сүйгіштіктің, білімге құмарлықтың, ақыл-парасаттың уағыздаушысы болып көзге түседі.
Туған еліне қызмет етуді Абай өз өмірінің басты мағынасы деп білді; туған елі мен халқының ұлы мұраты үшін ол «махаббат ғадауатпен майдандасқан» зор күреске аттанды.
Абайдың достық туралы пікірлері оның адамгершілік гуманизм идеяларымен тығыз байланысты. Абай адамның бәрі бірдей, оның туысы, өлімі — бәрі бір. Олардың айырмасы ақылында, мінезінде деп бағалайды; басқа дәулет дәрежемен оздым деу бос кеуде керушілік, орынсыз және надандық деп біледі.
Адам өмірінде достықтың зор маңызы бар. Ақын Абай талас-тартыс, ру аралық қақтығыс қазақ халқын тоздырады деп білді. Еркіндік иен шындыққа қазақ халқы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарғандай достықпен ғана жете алады деді ол.
Ол жастарға әділ достықты, қалтқысыз, бүкпесіз достықты тіледі. Достық — өзара сыйластық, өзара сенім, өзара берілгендік, адалдық деп білді.
Бірақ досты таңдай білу керек дейді Абай, дос дегенің қас болып шығып, өмірлік өкінішке қалып жүрме. Кейбір достар — уақытша дос, ондайлар бүгін дос, өйткені сен жақсы жайдасың; ертең дос емес, өйткені сен тығырықта, сәтсіздік үстінде тұрсың; мұндайлардың достығы — амал достық. Жаман дос — көлеңке, басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың; басыңды бұлт шалса, іздеп таба алмайсың, сондықтан жылмаңдыққа сеніп, қапы қалма, бір күндікті дос деп білме.»Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас; қайғысыздан сақ бол, қайғылыға жақ бол» дейді Абай өзінің 38-ші қарасөзінде.[24]
Жаман дос сенің сеніміңді пайдаланып, өзіңе ор қазады,отқа итермелейді. Тек ары бар, ұяты бар жанға ғана сену керек. Баянсыз дос жөнінде ақын былай деген:
Кей құрбы бүгін тату, ертең бату,
Тілеуі, жақындығы бәрі сату.
Көкірегінде қаяу жоқ, қиянат жоқ,
Қажымас, қайта айнымас, қайран тату.
Ақынның өз басы өмірінде дұшпанның айла-амалын көп кездестірді, халық сүйген ақынды халықтың дұшпандары — дәулет иелері көре алмады, оны мерт етуді талай ойлады, сондықтан Абай пасық жандар туралы өлеңдерінде ерекше күймен айтады.
Ақын балалар достығының ерекшеліктері туралы да айтқан. Ол былай деген: балаларда нағыз достық болмайды, олардың достасуы да, қастасуы да оңай. Сондықтан, көбінесе болатынындай, балалардың ұрыс-қағысына араласу, есесі кеткеніне болысу дұрыс емес. Балалар ауыр ой мен қайғыдан аулақ,олар кіммен болса да достаса кетеді.Балалықта қиял жақын болып көрінеді, қуаныш та, қызық та, құмарлық та шектен тыс мол болады. Жалпы адамды ізгілікке тәрбиелеудің ерекше белгілерінің бірі кішіпейілдік деп білді Абай.
Мақтаншақтық — адамның жауы, ол теріс жолға салады. Мақтаншақтық — надандық белгісі. Кішіпейіл болу керек, шеңберден шықпау қажет, артық айтып, семіз шық; азға қанағат қыл — міне Абай кеңесі осындай.
Абай өз шығармаларында бір адамға қажет болатын жақсы өсиеттерді тізіп береді. Ол қасиеттер — адалдық, ақылды іс, батылдық, орынды өжеттік, білмекке құмарлық, ғылымға құнықтық; қайрат-жігердің жастық дәрежеде болуы, ақыл-ойдың егделігі, пікір-ой мен дүние танудың өрістілігі. «Досқа — жылы көктемдей, жауға — суық аяздай болу» — міне Абай ұраны осындай. Ақын жастарды тәрбиелеуде әдебиеттің, ең алдымен поэзияның көрнекті орын алатынын да айтты. Бірақ поэзияның тәрбиелік маңызы болу үшін оның тек көркем жазылуы жеткіліксіз, ол сонымен қатар әр адамға түсінікті де болып, тілге жеңіл, жүрекке тиіп келуі керек.[27]
Ұлы ақын Абай қараңғылық жайлаған сахарада түнерген түндегі жанған оттай жарқырап, жол көрсетті. Ол нағыз адам мұратын қалыптастырып қана қойған жоқ, сонымен бірге ол осы мақсатқа жетудің шынайы жолын көрсетіп берді. Сондай-ақ ол мұрат пен шындықтың қатынасы туралы ой тербеді. Ойшыл өмірінде мұрат пен шындық әрқашан дәл келе бермейтінін жақсы түсінді. Осыған қарамай ол нағыз адам ұғымынан тым алшақ эмприкалық өмір сүруші шынайы адамды сын тезіне салды. Нағыз адамды, білімділік, ақылдылық, біліктілік, ғылым сүйгіштік қасиеттер анықтаса, шынайы адам сүйкімсіз, ойлаудан, ғылымнан жырақ. Егер мұраттағы адам иманды, қарызы мен парызын түсінетін болса, шынайы адам келеңсіз қасиеттен арылмаған. Егер нағыз адам белсенді қызмет еңбегіне арқа сүйей алса, ал шынайы адам жалқау, іссіз, жатыпішер. Міне, сондықтан Абай шынайы өмір сүруші адамды, замандастарын жан-жақты әшкерелеуді, сынауды адамзаттық парыз санады.
II ТАРАУ. АБАЙ НАҚЫЛ СӨЗДЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІЛІК МӘНІ
2.1 Абай Құнанбайұлының қара сөздері
Көркем қара сөз қазақтың жазба әдебиетінің тарихында Алтынсариннан басталады. Публицистиканың алғашқы негізін қалаушы Шоқан болса, оны одан әрі дамытушы — Абай. Абайдың қара сөздері — көркем әңгіме емес, даналық сөздер, мақала, ғылымдық, философиялық шолулар. Сөйтіп ол өзінің көзқарасын, дүниетануын қара сөзбен де кейінгілерге қалдырып кетті.
Бірақ Абайдың қара сөздерінің өзінше ерекшелігі бар. Оның сөйлем құрылысы да басқашалау болып келеді. Сөздерінің көлемі аз болса да, мағынасы терең. Көпшілігі-ақ сұрау-жауап, не оқушылармен, не өзімен-өзі кеңесу болып құрылады. Бұл — батыс, орыс елдерінің ұлы адамдарының көп қолданған әдісі. Ғылым, көркемөнер, тағы басқа мәселелер туралы өз көзқарастарын айтқанда, олар осы әдісті пайдаланған. Түбі сонау ескі гректердің философтарында жатыр. [24]
Абайдың қара сөздері мен өлеңдеріндегі идеялар бір-біріне қабысып отырады. Әйтсе де оның кейбір қара сөздерінде өлеңдерінде жоқ тақырып, тіпті кейбір қайшылықтар да кездеседі. Бұл еңбектерінің көпшілігінде бұрын қозғалмаған, тың, соны пікірлерді қозғайды. Өз кезіндегі ақындардың ешқайсысының басына келмеген әлеуметтік зор мәні бар мәселелерді сөз қылады.
Абайдың қара сөзді, өлеңді қатар қолдануы таңғаларлық нәрсе емес. Өйткені ол өз заманының мәдениетті адамы болды. Сондықтан дүниеге өз көзқарасын кейінгілерге жазып қалдырып кетуді азаматтық борышым деп білген. Өз елін өзгелердің қатарына жеткізуге, дұрыс жолға салуға көңіл бөлген Абай өзінің бұл мәселеге не үшін кіріскендігі жайлы: Ақыры ойладым, осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім, басқада ешбір жұмысым жоқ, — деп, өз ойын, өзінің өмірге көзқарасын кейінгілерге жазып қалдыруға бел буады.
Абай — дана ақын. Әрбір дана адам қай кезде болсын, өмірді, өз айналасын бақылай отырып, одан өзінше қорытынды шығарады, өмір туралы аз сөзге көп мағына сыйғызып, өз көзқарастарын кейінге қалдырады. [8]
Абайдың қара сөздерінің жалпы саны — қырық бес. Бірақ өте қысқа, кейбір қара сөздері бір бет, жарты беттен құралады. Солай бола тұрса да, әрқайсысы өз кезіндегі әлеумет өмірінің ең керек еткен күрделі мәселелеріне арналған. Көп әңгімелерінің өзінше тақырыбы, өзінше идеялық мазмұны болғандықтан, бөлек әңгіме болып саналады. Бірақ бұл айтылғандардан оның қара сөздерінің ішінде мазмұны жақтарынан өзара жақындық жоқ деген ұғым тумауы керек. Оның кейбір әңгімелері кейде тақырыбы, кейде мазмұны жағынан бірін-бірі толықтыра түседі. [13]
Абайдың «Жетінші сөзінде» ұшырасатын «жанның тамағы» деген күрделі философиялық ұғым бар. Оны Абай біздің санамыздан тыс өмір сүретін объективті дүниенің санада сәулеленуі нәтижесіңде пайда болатын ғылым, білімнің жинақталған қоры ретінде қарайды. Осы себептен де Абай: «… құмарланып, жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді», — деп қайыра түсінік беріп отыр.
Абайдай ұстаз ақынның бұл «Жетінші сөзде» көздеген мақсаты адамның бойында туа пайда болатын жан құмары арқылы өз ұрпағының санасына тек қана жанның пайдалы тамақтарын сіңдіру еді. Міне, Абайдың ағартушылық көзқарасының тамыр алған бір саласының қайнар көзі осы жақта жатыр.
Абай бұл бағыттағы ойларын өзге сөзбен «Ғылым таппай мақтанба» сияқты өлеңдерінде айтқан. Мұнда ол «жанның тамағы туралы» ұғымды өз заманынын тұрғысынан келіп, «адам болу» үшін қажет көп керектермен ауыстырады. Ақын толық адам болу туралы өзінің жүйелі де қалыптасқан көзқарасының тезисін ұсынады. Онысы:
Адам болам десеңіз…
Бес нәрсеге асық бол,
Бес нәрседен қашық бол…, —
деген жолдарда жатыр.
Ақынның бүкіл шығармаларындағы негізгі бір тұтас тақырыпта өзекті идея болған.[25]
Абайдың пікірінше, ішкі рухани қазынамыздың молығуы тікелей өзіміздің қолымыздағы іс. Осы реуішті пікір Абайдың «Он тоғызыншы сөзінде» де қайталанады. Абайдың дүние танымы бойынша сананың, ақылдың пайда болуы күнделікті өмір тәжірибесінің нәтижесінен ғана туындайтын табиғи құбылыс. Соңдықтан да Абай «Он тоғызыншы сөзіңде»: «Адам ата-анадан туғаңда есті болмайды: есітіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады… Сол естілерден есітіп білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, соңда іске жарайды, сонда адам десе болады», — деп жоғарыдағы өлең үзіндісендегі ойын осы сөзіңде … жалғасы