Бойжеткенді ақ кілемге орап ұзатқан қазақтар елді таңғалдырды (ВИДЕО)

0

Әлеуметтік желіде бойжеткенді ақ кілемге салып ұзатып жатқан бір топ әйелдің видеосы пайда болды. Бұл салтты бұрын-соңды көрмеген қазақстандықтар таңданысын жасыра алмай, түрлі пікірлерін білдіруде.

Фото: Видеодан кадр

Видеодан ақ кілемде көз жасына ерік беріп отырған ару мен жеңгесін бірнеше әйел жабыла көтереді.

«Қош аман бол» деп әнші қызды ұзатып салса, ақ кілемнің жан-жағынан ұстаған үлкен-кішілі әйелдер есікке қарай алып шыққан.

Ал бұл видеоны тамашалаған оқырмандар «Біз жақта кілеммен өлікті шығарады», «Бір-бірінен озып түсу үшін не болса соны жасайды», «Масқара. Мынадай салтты өмірімде бірінші рет көріп тұрмын».

«Ұят-ай», «Қазақта бар дәстүр ма, өзі?», «Еліміздің қай өңірінде болып жатыр?» деп жарыса жазды.