Қаныбек Сарыбаев | өмірбаяны
Қаныбек Сарыбаев (1938–2002) 13 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы, Күш-Ата ауылында дүниеге келген.
1963 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. «Кентау правдасы» газетінде, облыстық «Коммунистік еңбек» газетінде, «Қызылқұм» газетінде әр түрлі жауапты жұмыстар атқарған. «Тұңғыш кітап», «Отырар оттары», «Отан туралы сөз», «Мен келе жатырмын» секілді он шақты жыр кітабы жарық көрген. «Еңбектегі ерлігі үшін», Лениннің 100 жылдығына арналған мерекелік медальдармен марапатталған.