Қаншайым Байдәулет | өмірбаяны
Қаншайым Байдәулет Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында дүниеге келген. 1993-1998 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 2010 жылғы Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты. 2008-2010 жылғы Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлығының иегері. 2012 жылы Президенттің алғыс хатымен марапатталған. 2012 жылы қыркүйекте «Тәуелсіздік тудырған таланттар» атты кітабы Мәдениет министрлігі арқылы жарық көрген. 2012 жылы «Танымал әннің тарихы» кітабы Қытай үкіметінің тапсырысымен Шыңжаң халық баспасында басылды. Осы кітап негізінде Шыңжаң, Пекин радиоларында ән тарихына қатысты арнайы бағдарлама ашылды. 2013 жылы ТҮРКСОЙ ұйымының журналистика саласындағы арнайы сыйлығымен марапатталды. Қазіргі таңда «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінде Руханият бөлімінің меңгерушісі.