«Медеу-Шымбұлақ» көпірі қайта жасалды | КТК

0
 «Медеу-Шымбұлақ» көпірі қайта жасалды


Алматыда қайта жасалған «Медеу-Шымбұлақ»  көпірі пайдалануға берілді.

1982 жылы салынған көпір тау шаңғысы курорты мен мұз айдыны арасындағы автокөлік байланысын ұстап тұрған еді.

«Көпір бірнеше жыл бойы апатты жағдайда болды. Сол себепті былтыр желтоқсанда уақытша көпір жасалып, негізгі көпірде күрделі жөндеу басталып кеткен еді. Толығымен жол қайта төселіп, астындағы тіректері ауыстырылды. Енді уақытша көпір бұзылып, орнына жаңа көпір пайдалануға берілді», — деді қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан.

Айта кету керек, Шымбұлақ тау шаңғысы курорты үшін бұл көпірдің стратегиялық маңызы жоғары. Аталған көпір тау шаңғысы курортына жеткізетін жалғыз жол болып отыр.  

Дереккөз: ҚазАқпарат