Қаназ Молдахмет | өмірбаяны
Молдахмет Қаназ 1953 жылы 8 қарашада Көкшетау облысы (қазіргі Ақмола облысы) Зеренді ауданының Көктерек ауылында туған. М.Ғабдуллин атындағы 3қазақ орта мектебін бітірген. 1976 жылы ҚазМУдің журналистика факультетін тамамдаған.
Еңбек жолын 1974 жылы Зеренді аудандық «Коммунизм таңы» газетінде тілші болып бастаған. 1977–1989 жылдар аралығында облыстық «Көкшетау правдасы» газетінде меншікті тілші, мәдениетәдебиет, ауыл шаруашылығы бөлімдерінің меңгерушісі, жауапты хатшы, 1989 жылы Қазақстан Жазушылар одағының «Жұлдыз» журналында көсемсөз бөлімінің меңгерушісі, 1990 жылы республикалық «Дала дидары» («Ауыл») газеті Бас редакторының орынбасары, 1993–1994 жылдары «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі, «ДәуірВремя» газетінде жауапты хатшы, республикалық «Сұхбат» газетінде, «ҚаржыҚаражат» журналында бөлім меңгерушісі, Талғар ауданы әкімінің аппаратында бас маман, «Хабар» Агенттігінде дубляж редакторы болып қызмет атқарған. Қазір республикалық «Егемен Қазақстан» газеті Алматы бөлімшесінің жетекшісі.
1970 жылдан «Жалын», «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), «Жұлдыз», «Қазақстан әйелдері» басылымдарында өлеңдері жарық көре бастаған. «Жалын» баспасынын шыққан «Тың тынысы» (1976), «Қарлығаш» (1986) ұжымдық жинақтарына топтама өлеңдері енген. 2001 жылы А.Смыковтың «Бақыттың жолы бұралаң» атты ғұмырбаяндық хикаятын аударған. 2002 жылы «Зеренді қарағайлары» атты жыр жинағы және Астанадағы «Елорда» баспасынан «Ғибраты мол ғұмыр» атты сериямен «Мақтай Сағдиев» деген хикаятэссе кітабы жарық көрген. «Ғибрат пен Зұлмат» (2004), «Біржан бұрмалары» (2006), «Бірәлідастан» (2007), «Сабат» (2008) проза және өлең кітаптары бар.
Көркем аударма саласында жемісті еңбектеніп келеді. О.Жанайдаровтың «Ежелгі Қазақстан мифтері», «Ежелгі Қазақстан аңыздары», «Ежелгі Қазақстан әфсаналары» атты тарихитанымдық кітаптарын, Герман Меллвилдің «Моби Дик немесе Ақ Кит» романын тәржімалаған. «ҚанайАбылай» атты тарихи дастан жазып жариялады.