Курстық жұмыс: Қылмыстық құқық | Жазаланушылыктын негіздері және аяқталмаған қылмыстын түсінігі

0

Мазмұны

Кіріспе 6
I тарау. Жазаланушылыктын негіздері және
аяқталмаған қылмыстын түсінігі
1.1. Аяқталмаған қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілік 9
1.2. Аякталмаған кылмыстың жалпы түсінігі және онын негіздері 14
1.3. Аякталмаган кылмыс кылмыстык ойды жүзеге асыруға бағыт-
талған қоғамға кауіпті әрекет немесе әрекетсіздік ретінде 16
II тарау. Кылмыска дайындалу
2.1. Қылмысқа дайындалудың түсінігі 20
2.2. Қылмысқа дайындалудың касақаналықты
анықтаудан айырмашылығы 24
2.3. Қылмысқа дайындалудың казіргі қылмыстық
заң бойынша жазаланлушылығы 25
III тарау. Кылмысқа окталу
3.1. Қылмысқа окталудың түсінігі және түрлері
3.2. Қылмысқа оқталудың қылмыска дайындалудан
және аяқталған қылмыстан айырмашылығы
3.3. Қылмысқа оқталудың жазаланушылығы
ІҮ тарау. Қылмысты жасаудан өз еркімен бас тарту және шын жүректен өкіну
4.1. Басталған істі жасаудан өз еркімен бас тарту
4.2. Шын жүректен өкіну және аяқталған қылмыстық әрекет
үшін жауапкершілікті жеңілдетін баскада мән-жайлар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер мен нормативті актілер

КІРІСПЕ
Аяқталмаған қылмыстың және оның түрлерін кылмыстық іс-әрекеттің орындалу дәрежесі бойынша ажырату кылмыстарды дүрыс саралау үшін үлкен маңызға ие. Аяқталмаған кылмыстың анықтамасы аяқталмаған қылмыстық қызметке қатысты кылмыстық жауапкершіліктің жалпы негіздерін және шектерін нактылайды.
Кылмыстық қызметтің даму сатылары туралы ілімде кылмыска дайындық және қылмыс қүрамына оқталу туралы мәселені қазіргі қылмыстық кодекстің баптары бойынша және ғылыми әдебиеттердегі ғалымларлын көкарасымен қарастырып таллау жасадық.
Сот тәжірибесіңде кылмысты оны істеу сатысын дүрыс аныктамасымен байланысты кылмыстарды кате саралау оқиғалары әлі де болса кездеседі. Бүл көп жағдайларда жасалған қылмыстық іс-әрекеттің қоғамға қауіпгтілік дәрежесінін тағайындалған жазаға сәйкес еместігіне алып келеді. Кінәлінің іс-әрекетінде қоғамға қауіптіліктің бар екендігін қателесіп жокка шығару, нақтырақ айтқанда, оның жүріс-түрысында басталған қылмысты жалғастыруды өз еркімен бас тарту, дүрыс ажыратпау, негізсіз қылмыстық жауапкершіліктен босату оқиғалары кездесіп түрады.
Қылмысты істеу сатылары деп қасақана істелетін қылмысқа дайындалу, оқталудан біткенге дейінгі өтетін кездерді айтамыз. Қасақаналықпен істелетін қылмыста бірнеше саты болады. Олар:қылмыс істеуге дайындалу, оқталу және аяқталған қылмыс.
Аталған сатылар қылмыстың маңыздылығын дұрыс айқындауға көмектеседі, сонымен қатар қылмыстық құқық теориясында аталынған саралалауға жәдемдесетіндей түрі бар.Осылардан шығатын қорытынды бұл сатылар баса маңызды.
Қылмыс істеуге дайындалу. кылмыс істеуге оқталу және қылмысты аяқтау.
Адамның ойы, ниеті қимыл-әрекеті аркылы көрініс таппауы мүмкін. Адамның ой пікірі, түсінде көрген. кияли пиғылдары қылмыс деп саналмайды. Өйткені. мүндай жалаң ойдан, қасақаналық ниеттен қылмыстық заң корғайтын обьектіге ешқандай зиян келмейді және зиян келтірілу қаупі болуы да мүмкін емес. Сондықтан да қылмыстык ойдың болуы кылмыс істеу сатысына жатпайды.
Кейбір соттардың сотталушы түлғада қандай да бір қылмыстық іс әрекетті орындауға қасақана ойдың болуы жорамалдың негізінде аяқталмаған қылмыс үшін соттайтын окиғалар ла кейде кездеседі. Мүндай жағдайларда соттар түлғаның әрекеті сырттай кандай да бір қылмысқа дайындалуды немесе окталуды күрайды деп кателеседі. Мүндай қателер еліміздін азамаггарының заңмен корғалатын күкыктары және мүдделерінін дөрекі түрде бүзылатыньна алып келеді. Өйткені түлғанын әрекетінде заңмен карастырылған қылмыс күрамы болған жағдайда ғана қылмыстык жауапкерпшілікке тарта аламыз.
Кейбір жағдайларда қүқық қорғау органдарының қызметкерлері аяқталмаған қылмыс үшін айып таккан кезде ерекше үқыптылық және зейін керектігі туралы үмытып кетеді, өйткені көп жағдайларда бүл қылмыстық әрекеттер қылмыстық еместермен үқсас келеді. Бүл жағдайларда қылмыстык жауапкершілікке кінәсіз түлғаны тартуға, сондай-ақ қоғамға қауіпті, қылмыстық жазаланушы әрекетті шынында жасаған түлғаны қылмыстық жауапкершіліктен босатуға болмайды.
I. ЖАЗАЛАНУШЫЛЫКТЫҢ НЕПЗДЕРІ ЖӘНЕ АЯҚТАЛЛІАҒАН КЫЛМЫСТЫҢ ТҮСІНІГІ
1.1. Аяқталмаган қылмыс үшін кылмыстык жауапкершіліктің негіздері
Қылмыстық жауапкершілік мемлекеггің заң шығарушы органы арқылы қылмыстық жазалау қатерімен тиым садынған қоғамға қауіпті кінөлі түрде істелген іс-әрекет үшін ғана белгіленеді. Адам қылмыстық жауапкершілікке істеген іс-әрекеттерінде қылмыстық занда көрсетілген нактылы бір қылмыстың қүрамы болган жағдайда тартылады. Қылмыстык жауапкершілік бүл қылмыстық қүкықтық норманы бұзудын нәтижесі, қоғамға каушті іс-әрекеттгің көрінісі болып табылады.
Бойында қылмыс қүрамы бар әрекеттердің жазаланушылык принципі аяқталмаған қылмыстық әрекет үшін қылмыстык жауапкершілікке тартуда да болады. В. М. Чхиквадзе дұрыс көрсеткеніндей «Советтік қылмыстық қүқық тек аяқталмаған қылмыстарда ғана емес, сондай-ақ қылмысқа дайындалуда және оқталуда қылмыстың қүрамы бар»1, деп көрсетеді.
Қылмыс қүрамы шеңберінде қылмыстық қүқық теориясы қылмыстық жауапкершіліктің объективті және субъективті шарттарын ажыратады. Біріншісі қоғамға қауіпті әрекеті немесс әрекетсіздікті істеу, екіншісі — кінә болып табылады. Кылмыстық жауапкершіліктің объективті шарты субъектінің қоғамға кауіпті әрекеттерлі жасағанда барлық жағдайларда болады.
Қылмысты жүргізу сатылары- бұл қоғамға қауіптілік іс-әрекеті бойынша ажыратылатын қасақана жасаудың белгілі бір деңгейінің айырмашылығы ажыратылатын іс-әрекеттер жүйесі. Сондықтан аталған саты шынайы қоғамға
қауіпті іс-әрекеттерді нақты бейнелей алады.Аталынғандар осы мәселені нақты шешетіндігін аңғаруға болады.
1 Чхиквадзе В.М.Понятие изначение состава преступления Советское государство и право 1955. N4. С.55.
Аяқталған қылмыстың қауіптілігі әдетте, қылмыстык қүқықтық қорғауда болатын объектілерге зардап келтіруде қорытындыланады. «Әдетте» деп айтуымыздың себебі, кейбір қылмыстар зиянды зардаптар болмағанның өзінде аяқталған деп танылуы мүмкін.
Кісі өлтіру, дене жарақаттарын келтіру, үрлық және т.б. қылмыстарда заңда көрсетілген қоғамға қауіпті зардаптардын болуы осы қьшмыстардың қүрамының бөлігінің қажетті элементі болып табылады. Бүл қылмыстардың өзіне тән ерекшелігі. олардың аяқталған деп есептелуі үшін, қол сүғушылықтын объектісіне белгілі бір зардап келтіруі керек. Осы зардапты келтіру максатымен жасалған, бірак оның басталуына алып келмеген болса. аякталмаған қылмыс деп танылады.
Дегенмен көптеген аяқталған кылмыстардың кауіптілігі корғалатьш оларды зардап келтіруге емес. оларды зиян келтіру қаупінде қалдыра отырып жүзеге асырылады, зиянды зардаптардың болуымен,зиянды зардаптардың басталуымен, сонымен қатар аталынғандар
аяқталған деп танылатын қылмыстарды және оларды немесе
факультативті-нәтижелі деп есептеледі2.
Олар қылмыстарға пара беруді, қашкындыкты, қорқытып
алушылықты жатқызады.
Жоғарыда айтылған қылмыстардың санаттарын атау үшін «материалды» және «формальды» қылмыстық іс-әрекеттер деген терминдерді қолданады. Осы атаулар заң терминологиясына еніп кетті. Заң әдебиетінде осы терминдердің дұрыс еместігі және оларды қолданудан бас тарту керектігі туралы әлденеше рет айтылды. Бірақ бүл пікірлерді айтқан ғалымдардың өздері баска терминдерді таппағандықтан, осыларды пайдаланады.
2Тишикевич И.С.Приготовление и покушение по советскому уголовному праву.
Н.Д.Дурманов терминдердін орнына тиісті қылмыстардың топтарын сипаттамалы атауымен колдануды үсынды. Бірақ олардың әрқайсысы өте күрделі3. Сонлыктан да Дурманов өзінің айтқандарын қолданбай, керісінше дұрыс емес деген терминдерді — «формальды» және «келте» құрамдар деген сөздерді пайлаланды.
Қарастырып жатқан мәселемізге байланысты неміс криминалисі Иохим Реннеберг қызықты ой-пікірлерін білдірді. Ол екі негізгі қылмыс қүрамдарын ажыратады: «жай жасалған қылмыстар»4. Аяқталмаған материалды қьшмыстың кажетті белгісі қоғамға қауіпті зардаптың жоқтығы емес, ал заңда көрсетілген мүндай қылмыс үшін белгілі бір нақты нәтиженің бастамасы болады. Аяқталмаған қылмыстық әрекет қоғамдық катынастарға зардап келтіру каупіне қояды. Аяқталмаған кылмыстардын кауіптілігі обьективтік жағынан қылмыстық нәтііжені келтіруге жеткіліктілігімен сішатталалы. Мысалы, бір адамға карап оқ аткан адам коғамга кауіпті әрекет істейді. Өйткені жәбірленушіні жеңіл жаракат алған немесе жарақат алмағанның өзінде, егер қылмыскер жақсырак көздеген жаза 6олуы мүмкін еді.
Сонымен бірге кінәлі тұлға зиянды зардаптарды алып келуі мүмкін әрекеттер жиынтығының аздаған бөлігін орындайды. Мүндай аяқталмаған қылмыстың қоғамға қауіптілігі байланысты қылмыс субъектісі қоғамдық қатынастарға зардап келтіруге бағытталған әрекетті орындауға кірісті. Бұл қатынастарға зардап келтірілуі мүмкін еді, егер кінәлі түлғаға ойластырған қылмысты аяғына дейін жеткізуге еш нәрсе кедергі келтірмеген жағдайла. Тек кездейсоқ, оның еркінен тыс жағдайларға байланысты қарастырыла отырады,сол себепті біз аталынғандарды нақта қарастырамыз.
3Дурманов Н.Д. Стадии совершения преступления по советскому уголовному праву. -М.,1955. -42 с.
4Реннеберг И. Объективная сторона преступления. —М., 1957. —39 с.
субъект өзінің қылмыстык әрекетін жүзеге асыра алмады. Мысалы, қылмыскер кісі өлтіру максатымен кару-жарақты сатып алады. Бірақ бүл әрекеттің өзі өздігімен біреуге өлімді келтіре алмайды. Субъект тек қылмысты жасауга дайындалады. Бірақ оған қарамастан, кінәлінің әрекеггерді коғамға кауіпті, өйткені ол кісі олтірмекші болса, өзінің ойын жүзеге асыруға кірісті. Егер оның еркінен тыс ойын жүзеге асыруға кедергі келтірген мән-жайлар болмағанда, қылмыскер өзінін ойын жүзеге асыратын еді.
Әрине, барлық жағдайларда, аяқталған қылмыс болсын, дайындалу сатысы, оқталу сатысы босын, қылмыскер жасаған әрекеттері үшін ғана жауап береді. Субъектіні келешекте жасауға ойы үшін жазалауға болмайды. Дегенмен, бұл жасалуы мүмкін әрекеттердін сипаты есептелмейді дегенді білдірмейді. И. С. Тишкевичтін пікірінше аякталмаған кылмыс үшін жауапкершілікке тарту үшін. осы қылмыстын іс-әрекетін соңына дейін жеткізуге кедергі келтірген мән-жайлар болмағанда. міндетті түрде, сөзсіз қоғамдық катынастарға тарлап келтірген арнайы дәлелдеудің қажеті жоқ деп есептейді.
Аяқталмаған қылмыстың анықтамасын Н.Ф.Кузнецова. ал дайындық әрекеттерге қатысты Н.Д.Дурманов жоғарыда берілген анықтамаға өте ұқсас етіп береді.
Тергеу және сот органдары қылмыс дайындалу және оқталу сатысында кылмыскердің еркінен тыс мән-жайларға байланысты үзілгенін анықтау маңызды болып келеді. Қылмыскер үсталған кезінде оның қылмысты аяғына дейін жеткізу ниеті болғанын не болмағанын анықтаудың маңызы шамалы. Себебі, ұсталган кезінде әрбір қылмыскер қылмысты аяғына дейін жеткізуден басталған әрекеттен, ол өзінің заңды әрекеттерін көрсетпей бас тартуы мүмкін, өйткені кылмысты жалғастырудың өзі енді объективті түрде мүмкін емес болды. Сот тәжірибесі көрсеткеніндей, аяқталмаған кылмысты жасаған субъект көп жағдайларда өз еркімен ойластырған кылмысты жүзеге асырудан бас тартпақшы болғанын айтады. Және ол өз еркімен бас тарту кезінде қүқық қорғау органдары кызметкерлерімен ұсталғанын айтады.
Аяқталмаған қылмысты қүрайтын әрекеттерді жасаған кезде, қылмыс субъектісінің кінәсі — оның әрекеттері қоғамдык қатынастарға қарсы бағытталатынын білетіндігінде. ол катынастарға зардап келтіру мүмкіндігін сезетіндігіндігінде және оның басталуын тілейтіндігімен қорытындыланады.
Іс-әрекет аякталмаған қылмыс деп танылу үшін коғамдык. кауіптіліктен және кінәліліктен басқа қүқыққа қайшы болып қылмыстық қүкықтык корғауда болатын белгілі бір объектіге қол сұғуы керек.
Қазақстан Республикасының Қьлмыстық Кодексі Ерекше бөлімінің тиісті баптарының диспозицияларында жекеленген қылмыс құрамдары арнаулы көрсетілген. Қылмыстық құқыкта қылмыстың осы нақты құрамдарьша қарсы іс-әрекет істеуді құқыққа қайшылық деп атау қалыптасқан.
1960 жылға дейінгі қолданылған қылмыстық кодекстерде үқсастығы бойынша яғни, қылмыстық заң нормасында әдейі көрсетілмеген іс-әрекеттерге де, сонда көрсетілген соған ұксас жақын нормаларды қолдануға жол берілген еді. Мүнын өзі эаңды бұзуға және осы мәселеде бейберекетсіздікке келтіруге соқтырды. Қазақстан Республикасының 1995 жылы жана Конституциясында, осыған орай жаңа кодекстерде көрсетіледі.Қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша колдануға жол берілмейді делінген.
Аяқталмаған қылмыстың тағы бір міндетті белгілерінің бірі -қылмыстық жолмен жазаланушылык болып табылады. Өйткені, қылмыс дегеннің өзі — қылмыстың заң жазасымен қорқытып тыйым салған әрекет немесе Кодексінің әрекетсіздігі болып табылады.Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 38-бабында жазаның үғымы және оның мақсаттары көрсетілген. Жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза келесі мақсаттарды көздейді:
әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру;
сотталған адамды түзеу;
сотталған адамды жаңа кылмыстар жасаудан сақтандыру:
басқа адамдардың жана қылмыстар жасауынан сақтандыру.
Аяқталған және аяқталмаған кылмыстар үшін жаза қолдану
сот әділдігі органдарына олардың алдында тұрған қылмыстардың жалпы және арнайы адцын алу міндеттерін орындауға мүмкіндік береді.
1.2. Аяқталмаған қылмыстың жалпы түсінігі және оның аяқталмаған қылмыстан айырмашылығы
Кылмыстық жауапкершіліктің негізі қылмыс қүрамы больш табылалы. Аяқталған жөне аяқталмаған қылмыс құрамы болуы үшін. жасалған іс-әрекет өзінде объектінің, объективтік ЖАҚТЫ. субъектіні және қылмыстың субъективтік жағын сипаттайтын белгілерлі жинақтау керек. Мүның өзінде кылмыс кұрамын орындау дәрежесі оның әр түрлі кезеңдерінде біржақты болып табылмайды.Сонымен қатар әр деңгейлі қылмыстар аталынған мәселені соншалықты қарастыруға мүмкіндігі болғандықтан аталынғандар нақты қарастырады.Тиісті қылмыс кұрамын орындауға бағытталған әрекет немесе әрекетсіздік аякталған, сондай-ақ аяқталмаған қылмыстық іс-әрекеттің кажетті элементі болып табылады. Мұндағы олардың бір-бірінен айырмашылығы — аяқталған қылмыс кезінде субъект қылмыстъщ объективтік жағына кіретін барлық әрекеттерді орындайды; ал аякталмаған кылмыстық іс-әрекетті орындау үшін бүл әрекеттердің бір бөлігш орындаудын өзі жеткілікгі.
Объективті жақтың элементтерінің екінші тобына қоғамға қауіпті нәтиже және қылмыстық іс-әрекеттің басқа да буындары жаткызылады. Қылмыстың орындалуы үшін қажетті әрекеперді толық емес жасалуы немесе қылмыстық нәтиженің басталмауы осы кылмыс үшін жауапкершілікті жоққа шығармайды. Субъект мүндай жағдайларда қылмыс қүрамын жартылай орындағаны үшін, яғни аякталмаған кылмыстық қызмет үшін жазаға тартылады. Соңғысы аяқталған кылмыстан тек қылмыстық ойды жүзеге асыру дәрежесімен, қылмыстық іс-әрекеттің объективтік жағының даму дәрежесімен ажыратылады.
Аяқталмаған қылмысты жасаған кезде объективті жағы өзінің кейбір белгілерінің болмауынан толық дамуын таппайды. Демек қылмыс қүрамында кейбір белгілердің жетіспсушілігі байқалады. А.Н.Трайнин және Н.В.Лясс өз еңбектерінде құрамдағы белгілердің жетіспеушілігі емес, қүрамның түтастай жоқтығы туралы айтады5.
Біздің пікірімізше, бүл дүрыс емес секілді. Себебі қылмыс құрамының жоқ болуы, қылмыстық жауаіікерпшілікте. қылмыстың жоқ болуына алып келеді. Накты айтқанда аталынғандар қүрамы нақты қылмысқа тән берілгендерді көрсетеді. Қылмыстық қүқық теориясы қылмыста болатын төрт түрлі міндетті элементтерді кылмыстың объектісін, қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарын, субъектісін атап көрсетеді.
ҚР ҚК 25 бабында аяқталған қылмыстың анықтамасы берілген. Кінәлінін істеген іс-әрекетінде қылмыстық заңда көрсетілген қылмыстың барлық белгілері болса, ондай қылмысты аякталған кылмыс деп айтамыз. Қылмыстық заңның көрсетілген кылмыстық кұрамының ерекшеліктеріне байланысты аяқталған қылмыс бір емес, әр түрлі 6олуы мүмкін, оның әр түрлі болуы кылмыс кұрамынын кұрылысьның түрліше болуына тікелей байланысты болады. Осыған байланысты кайсыбір қылмыстың аякталуы қылмыс обьектісне зиян келтіруге байланысты больш, ал баска бір әрекеттін аякталуъі ,сол қылмыстың объектісін зиян келтіру қаупін туғызған жағдайда-ак жүзеге асады. Қылмыстық заң осы аталған жағдайлардың орын алған уақытынан бастап қылмыс күрамының аяқталғанын білдіреді. Сол себепті де қылмыстың аякталуы барлық уақытта да белгілі бір қылмыс қүрамының ерекшелігімен тығыз байланысты болады.
Қорыта келгенде, осы мәселеге байланысты арнайы заң әдебиеттерін талдау арқылы біз мынадай түжырымға келдік.
Аяқталған қылмыс деп қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабымен көзделген қасақана қылмыстык іс-әрекеттің объективтік жағы қылмыс
5 Лясс Н.В. Понятие и основания наказуемости приготовлсния ш записки ЛГУ, 1956. Вопросы уголовного права и процесса. Выш.А.
қүрамынын баска элементтері бар жағдайында өзінің дамуын тапкан кылмысты айтамыз. Аяқталмаған қылмыс дегенде объективтік жағы өзінің толық дамуын таппаған кінәлінің қасақана коғамға кауіпті қызметін түсінеміз.
1.3. Аяқталмаған қылмыс қылмыстық ойды жүзеге асыруға бағытталған қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік ретінде.
Қасақана кылмысты жасаудан бұрын осы кылмысты жасау туралы шешім кабылдады. Мүндай шешімді кабылдау қылмыс субъекгісін де үзақ уакыт психикалық процестің жүруімен, яғни қылмыс жасауға леген итермелейтін ниеттерді және жасамау ниетгердін күресі түрінде сипатталады. Ең соңында қылмыскерде зұлымдык ниетгері басымдыққа ие болып қылмысты жасау шешімін кабыддаумен аяқталады. Мүндай кезде ол қылмысты қандай әдістермен. жолдармен жасайтынын, алдында пайда болған қиыншылықтарды. кедергілерді жеңіп қылмыстық нәтижеге қалай жететінін, кылмыстын іздерін жасыратынын, қылмыстық жауапкершіліктен жалтару жолдарын іздейді. Басқа сөзбен айтсақ, қылмыстың субъектісі әрекет етуден бүрын ойша түрде қылмыстың орындалу жоспарын жасайды.
Шешімді қабылдап болған соң, ол қылмыстық ойдан қылмыстық әрекеттерге көшеді, яғни қылмыстың қасақана ойын орындауға дейін жеткізеді. Осы мезет қылмыстық іс-әрекетті жасаудың бастапқы кезеңі болып есептеледі. Қазакстан Республикасының қылмыстық заңы бойынша аламның қылмыстык ойы сырттай көрініске ие болған жағдайда ғана субъектінің жауапкершілігі және жазаланушылығы туралы сөз болды. Бірак. осы сезім, ой-ниет адамның накты мінез-кұлқы, қимылы, әрекеті аркылы сырттай көрініс бермеуі де мүмкін.Сондықтан да адамнын мүндай сыртка шықпаған ішкі жан-дүниесінің белгілі бір іс-әрекет аркылы сырттай көрініс бермеуін қылмыс қатарына жатықызуға болмайды.Сондықтан да сөз жүзінде айтылған, түсінде көрген, қиял пиғылдар қылмыс деп саналмайды. Өйткені, мұндай жалаң ойдан қасақаналық ниеттен қылмыстық заң корғайтън объектіге ешқандай зиян келмейді және зиян келтіру каупі болуы да мүмкін емес. Сондықтан да қылмыстық ойдың болуы кылмыс істеу сатысына жатпайды. Өйткені, ондай ой, ниет, нақгы іс-әрекет арқылы сыртқа шықпай іште қалады, сондыктан да қылмыс сатысына жатпайды.
Тұлға өзінің кылмыстық ойын жүзеге асыруға кіріспесе осы түлғаньң коғамға кауіптілігі туралы айтуға әлі ерте.
Сот — прокурорлык тәжірибе көрсеткендей, өте қауіпті. тәжірибелі қылмыскер шынында да қылмысты жасауға ниеттенсе, өзінің қасақана ойын білдіртпеуге тырысады, оны мұқият жасырады. Өйткені ол біледі: егер де өзінің қылмыстык ниетін білдіртсе ойластырған қылмысын аяғына дейін жеткізуіне кедергілер келуі мүмкіндігі болатынын және өзін әшкерелеп қоятынын Н.Ф.Кузнецов дүрыс көрсеткендей: «қылмыстың даму
сатысы деп қылмыстық нәтижеге жетуге қадам болатын іс-әрекетті, алға қойылған мақсатқа жетуге субъектіні өз немесе көп мөлшерде жақындататын, қылмыстық зардапты келтіруге көмектесетіндерді айтамыз»6.
_ Қылмыстық ой-ниетті табуды қорқыту арқылы ауыр кылмыс жасаумен шатастыруға болмайды. Қылмыстық занда қоркыту арқылы жасалған бірнеше біткен қылмыстардын кұрамы Объективті жақтың элементтерінің екінші тобына қоғамға қауіпті нәтиже және қылмыстық іс-әрекеттің басқа да буындары жаткызылады. Қылмыстың орындалуы үшін қажетті әрекеперді толық емес жасалуы немесе қылмыстық нәтиженің басталмауы осы кылмыс үшін жауапкершілікті жоққа шығармайды. Субъект мүндай жағдайларда қылмыс қүрамын жартылай орындағаны үшін, яғни аякталмаған кылмыстық қызмет үшін жазаға тартылады. Соңғысы аяқталған кылмыстан тек қылмыстық ойды жүзеге асыру дәрежесімен, қылмыстық іс-әрекеттің объективтік жағының даму дәрежесімен ажыратылады….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!