Қазақша реферат: Даму және тәрбие |
Нәсілдік пен қоршаған орта ықпалдары тәрбиемен қажетті бағдарға келтіріледі. Тәрбие — табиғаттан болған кемшіліктер мен ортаның зиянды әсерлерін «жөндейтін» — басты күш. Осы тәрбиеге ғана байланысты қоғамға толыққанды тұлға келеді. Тәрбиенің тиімділігі оның мақсат бағдарлы, жүйелі болуымен бірге кәсіби маманданған басшылықтан. Тәрбиенің нәтижелілігі оның адам санасына негізделіп, және сол адамның өзінің қатысуын талап етуінде. Ал онымен бір уақыттағы нәсілдік және орта ықпалы ырықсыз, санадан тыс жүріп жатады. Осы жәйттөрге орай адамның қалыптасуындағы тәрбиенің рөлі, орны, мүмкіндіктері айқындалады. Тәрбие күші (тиімділігі) әр түрлі бағаланады, бұл бағалардың шектері өте кең. Қолайсыз нәсілдік нөмесе қоршаған ортаның келеңсіз ықпалы басым болса, тәрбие нәтижесі мәнсіз, тіпті жоқтың қасы. Ал қолайлы жағдайларда — адам табиғатын өзгертіп, оны керекті бағытта қалыптастыруда бірегей де ең күшті құрал — тәрбие. «Бәрі тәрбиенің қолында» деп жар салған педагогикалық төория өзін ақтамады. Тәрбиемен, әлбетте, көп нәрсеге жөту мүмкін, бірақ адамды толығымен өзгертуге оның күші жетпейді. Адам-дар тағдырында тәрбиенің әрқилы үлесі бар: көзге көрінбейтін әсердөн ең жоғары мүмкіндіктерді дамытуға дейін. Орынды ұйымдастырылған тәрбиенің маңызды
міндеттерінің бірі — қабілеттері мен табиғи мүмкіндіктеріне сәйкес адамды дамыту және оның бейімділігі мен дарынын ашып, айқындау. Табиғаттан берілген нышандарға арқа сүйеген жағдайда ғана тәрбие қажет болған сапалардың дамуын қамтамасыз ете алады. Егер табиғи ерекшөліктөр ескерілмесе, тәрбие нәтижесін күту — босқа кеткен еңбек. Бұған жарқын мысалдар бар. Зерттеуші Н.И.Ладыгина-Котс өз сәбиімен бірге маймылдың баласын қоса тәрбиелеуді жоспарлапты. Тамақ, режим, күтім, ойындар және тағы басқалар, яғни өмірлік шарттар екеуіне де бірдей болған. Маймыл баласы сәбиге болған жағдайлардың бәрінде теңдей жасаса да, адамға тән болған бірде-бір психикалық сапаны меңгере алмаған. Адам дамуына ықпал жасай отырып, тәрбие сол дамудың өзіне тәуөлді келеді, сонымен бірге дамудың әр деңгейінөн жаңа бастаулар алып отырады. Осыдан даму мен тәрбиенің күрделі диалектикалық өзара қатынасы көрінеді. Тәрбиенің тиімділігі баланың тәрбие ықпалдарын қабылдауға деген дайындық деңгөйінен байқалады.
Адамдар тәрбие ықпалына теңдей түсе бермөйді. Әрқилы адамдар, әртүрлі жағдайлардағы тәрбиелік ықпалдар күшін әртүрлі қабылдайды. Тәрбиеге икемдік әр балада әрқилы: кей балалар жылдам әрі көп еңбектенбей-ақ тәрбие жолына түседі, ал екінші бір балаларды көзделген мақсатта тәрбиелеу көп еңбек сарп етуді қажет қылады. Тәрбиелеушілер тарапынан болатын сыртқы күштерге, яғни тәрбиеге қарсылық — соңғы нәтижеден күні ілгері дерек береді. Сондықтан, тәрбие үдерісіндегі нақты жағдайлар мен адамдар арасындағы қарым-қатынас үлкен маңызға ие.
Тәрбиелік ықпал күші бірнеше шарттар мен жағдайларға тәуелді. Танымал педагогжәне психолог Л.С.Выготский (1896-1934) тәрбие мақсаттары мен әдістері тек қана баланың дамып жетілген деңгейіне сәйкес болып қоймастан, баланың енді жеті-сетін, «өң жақын даму» аймағына да сәйкес болу заңдылығын ашты. Мұндай деңгей екеу: 1) нақты даму аймағы, 2) жетілуі қажет даму аймағы. Бұл деңгейлерді келесідей белгілеріне қарай анықтау мүмкін. Бірінші деңгейде бала тапсырманы өз бетінше орындайды, ал екінші деңгейде оны өз бетінше атқара алмайды, сондықтан оған ересектердің жәрдемі қажет. Жақсы тәрбие — бұл даму алдынан жүретін тәрбие. Тәрбиенің міндеті алдымен «жақындатылған даму өрісін» түзіп, оны кейін «нақты даму алаңына» ауыстыру. Әрдайым тұлғаны қалыптастыратын дамуды өз жетегіне алған — тәрбие. Мұндай тәрбие әлі пісіп жетілмеген, бірақ тіктелу шағына түскен үдерістерге бағытталады. Балалардың мейлі тән-денелік, мейлі ақыл да-муы болсын, ешқайсын да шектен тыс асықтыруға, олардың іс-әрекетін ойластырмай, көлем жағынан көбейтуге және күрделендіруге болмайды. Зерттеулердің көрсеткеніндей, жас балалардың көбі алты жастан жүйелі оқуға қатысуына болады. Бірақ, бұл жаста бастаған оқу сабақтары ерекше ұйымдастыру, қажетті қозғалыс, дем алу, тамақтану жағдайларын қамтамасыз етуді талап етеді.
Сонымен.адам дамуы тәрбиеге негізделеді. Ол табиғат және қоршаған орта толтыра алмаған кемшіліктерді түзейтін басты күш. Тәрбиенің ықпалды болуы оның мақсат бағдарлылығына, жүйелілігіне, маманданған басшылығынатәуелді. Бірақ, тәрбие мүмкіндіктері кейбір жағдайларда шектеулі болады.