Қазақстан халық банкі слайд,презентация — География — Презентация на казахском языке — Қазақша презентация
Қазақстан халық банкі слайд,презентация
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ бұрынғы Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің негізінде қайта құрылды және біраз жылдар бойы ҚР Үкіметінің зейнетақы мен жәрдемақы төлеу жөніндегі агенті болып келді.
2001 жылы жүргізілген Халық банкін жекешелендіру рәсімі нәтижесінде Банк өз клиенттеріне кең ауқымды және барынша сапалы қызметтер спектрін ұсыну мүмкіндігін беретін бизнес құрылымын жасауға қол жеткізді.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ мен оның еншілес ұйымдары (бірлесіп – «Халық» Тобы) қаржылық нарықтың көптеген сегменттерінде банктік және ілеспе қызметтердің қайсысында болмасын ауқымды даму әлеуеті бар Қазақстан Республикасының әмбебап қаржылық тобы болып табылады.
Тұрлаулы қаржылық ахуал, ауқымды әрі тұрақты клиенттік база, айқас сатылымдарды қоса алғанда қаржылық өнімдердің кең көлемді жиынтығы, кеңінен тармақталған инфрақұрылым, сонымен қатар бірінші кезекте клиенттердің барлық санаттары тарапынан елеулі сенім ресурсы болуына байланысты іскерлік бедел – міне бұлар «Халық» Тобының (Топ) бәсекелестік артықшылығын қамтамасыз ететін шешуші көрсеткіштер болып табылады.
2011ж. Наурыз «Global Finance» журналы—«Қазақстандағы ең үздік банк 2011»
2011ж. Сәуір «Emeafinance» журналы—«Қазақстандағы ең үздік банк 2011»
2011ж. Шілде «Euromoney» журналы—«Қазақстандағы ең үздік банк 2011»
2011ж. Шілде—«Сити банкке АҚШ долларымен жүргізілген төлемдердің 98 %-нан астамы бойынша қол жеткізілген тікелей мөлшерлеме деңгейі үшін» деген 2010 жылғы сапалық марапатСити Банк
2011ж. Шілде—Қазақстандағы Maestro карточкаларын шығару бойынша №1Master Card Worldwide
2011ж. Қазан—»Қазақстандағы валютамен айырбастау нарығындағы ең үздік жабдықтаушы 2011″»Global Finance» журналы
2011ж. Желтоқсан —»Қазақстандағы Жыл банкі»»The Banker»журналы
2011ж. желтоқсан—«Үздік қызмет көрсетуші кәсіпорын»Елбасының атынан тағайындалатын «Алтын сапа» сыйлығы