Курстық жұмыс: География | Әлемдік мұхит
Мазмұны
Кіріспе .
1. Дүниежүзілік мухиттың геологиялық даму тарихы .
2. Дүниежүзілік мухиттың бөліктері .
3. Мухит суларының қасиеттері . ( температура қысымы , тығыздығы ) .
4. Мухит ағыстары .
5. Мухиттағы тіршілік .
6. Дүниежүзілік экологиялық проблемалары .
7. Дүниежүзілік мухитты шаруашылықта пайдалану.
Қорытынды .
Кіріспе.
Менің ойымша «Жалпы жертану – біртұтас жүйе болып табылатын географиялық қабықша туралы теория , материяның дамуы туралы географиялық және басқа ақпараттардың негізі . Сондықтан « Жалпы жертанудың»теориялық тұжырымдары салалық географиялық талдаудың методологиялық негізі болып табылады .
Болашақ мамандардың географиялық дүние- танымына негіз қалайды . «Жалпы
жертану» пәніндегі географиялық дүние таным біртұтастығымен сиппатталады: табиғи құбылыстар мен процестер бір –бірімен ғана емес қоршаған ортамен де тығыз жүйелік байланыста қарастырылады .
«Жалпы жертану» глобальды экологияның теориялық базасы болып табылады , өйткені тірі организімдер мен адам баласы өмір сүріп отырған ортаның экология- лық қауіпсіздігін қамтамсыз ету мақсатында географиялық қабықшаның қазіргі күйін , оның болашақта өзгеру бағытын анықтауға ат салысады . Глобальды өзгерістерлі зерттеудегі негізгі мақсат : Жер системасының дамуына әсер ететін физикалық , химиялық және биологиялық процестердің қарым- қатынасын анықтау , оған ғылыми тұрғыдан баға беру .
Біртұтас жүйе – географиялық қабықша ( комплекстік геосфера , эпигиосфера ) ілімі соңғы уақытта космостық ізденістердің , эволюциялық географияның , Палеогеографияның мәліметтерімен толығуда .
Сондықтан (Жалпы жертанудың» ғылыми бағыты фундаментальды физгеографиялық заңдылықтарды зерттеуден планетарлық масштабта табиғи – антропогендік ортаны тиімді пайдалану , апатты табиғи құбылыстар мен процестерді болжау және онымен күресе білуге бағытталған .
Біртұтас географиялық қабықша біртекті емес , оның құрлысы да күрделі . Әсіресе , барлық қабықшалардың түйісу орталығы күрделігімен ерекшелінеді . Мұнда географиялық қабықшаның жекеленген компоненттердің -топырақ және тірі организімдердің кеңістікте әртүрлі таралуы мен дамуы нәтижесінде әртүрлі деңгейдегі табиғи – территориялық комплекстер дамиды .
Сонымен , «Жалпы жертану» географиялық қабықтың жалпы заңдылықтарын дамуын , оның жекелеген компонеттері мен комплекстерінің кеңістік пен уақыт аралығында өзгеруін , қазіргі табиғи – антропогендік комплекстердің болашақта дамуын зерттейтін ғылыми сала . Сондықтан қарапайым деңгейдегі де табиғи комплекстердің дамуын , динамикалық ерекшелігін және кіші табиғи-антропогендік комплекстерге баға беріп , болжау үшін планетарлық географиялық заңдылықтар-ды білу міндетті .
Адамдар Жердің шар тәрізді екендігін дәлелдеу үшін мыңдаған жыл уақытын сарп етті . Тек ХV ғасырда ғана бұлжытпас деректердің алдында ақыры Жердің жұмыр екендігі мойындалды . Сөйтіп барлық елдердің оқушылары өз планетасын жұмыр глобус арқылы оқып , зерттей бастады .
Шын мәнінде Жер дұп- дұрыс шар емес . Оның нақты формасын айқындау үшін ғалымдар көп күш –жігер жұмсады . Қандай тәсілдер қолданылмады десеңші ! Сонда да біздің планетамыздың формасын дәлме- дәл белгілеу әлі қолдан келген емес . Ал мұның өзі білімнің көптеген салалары жөніндегі мамандар үшін өте маңызды . Сөйтіп , біздің Жеріміз – полюстар тұсында ішке қарай басыңқы үлкен шар – ғалымдар осындай пікірге келіп отыр . Бірақ Жердің үсті теп- тегіс емес . Бір жерлерде таулар аспанмен таласса , басқа бір жерде жазықтар көсіліп жатады , енді бір жерді ойпаңдар алып жатады . Егер жер бетінің бүкіл ойлы- қырлы бедерін ескеретін болсақ , Жердің формасы аса күрделі болып шығар еді . Сондықтан оны тіпті ең күрделі математикалық теңдеулермен бейнелеп беру мүмкін емес .
Сондықтан Жердің беті деп материк астымен ойша жүргізілген су айдынын алуға ұйғарылған . Мұндай фигура «геоид» деп атайды .
«Геоид» сөзін ғалымдар Жердің пішінін белгілеу үшін әдейі ойлап тапқан . Оны белгілі ғалым Листинг ұсынған . Бұл сөздің ешқандай геометриялық мағынасы жоқ. Оны тура аударсақ «Жер бейнесіндегі дене» дегенді білдіреді . Жердің радиусы шамамен 6 мың километрге тең . Глобустың радиусы одан миллион есе кіші . Сөйтіп Жердің полярлық және экваторлық радиустарының арасындағы 21 км айырма глобуста милиметрдің бөлігіне айналады . Бұл айырмашылықты глобуста бейнелеп көрсетудің ешқандай мүмкіндігі жоқ екені түсінікті де .
Сондықтан глобусты жер шарының моделі деп атайды . Оның бетінде материк- тер , мухиттар , аралдар , түбектер біздің планетамыздың үстіңгі беті кішірейтілген түрінде бейнеленген .
Глобус бетінде Жердің тәулік ішіндегі қалай айналатынын көрсетуге , жер осінің құлдилау бұрышын көруге болады . Глобус бетінде түрлі өлшемдер жүргізуге бола- ды : қашықтықтар анықталады, аудандар есептеліп шығарылады . Қажетті нүктелердің географиялық координаттары табылады . Адамдар жердің шар тәрізді екендігін дәлелдеу үшін мыңдаған жыл уақыттын сарп етті. Тек XV ғасырда ғана бұлжытпас деректердің алдында ақыры жер жұмыр екендігі мойындалды. Сөйтіп, барлық елдердің оқушылары өз планетасын жұмыр глобус арқыды оқып, зерттей бастады. Шын мәнінде жер дұп-дұрыс шаремес. Оның нақты формасын айқындау үшін ғалымдар көп күш жігер жұмсады. Мұның өзі білімнің көптеген салалары жөніндегі мамандар үшін өте маңызды. Сөйтіп, біздің жеріміз –полюстар тұсында ішке қарай басыңқы , үлкен шар. Бірақ жердің үсті теп-тегіс емес. Бір жерде таулар аспанмен таласса , басқа бір жерде жазықтар көсіліп жатады , енді бір жерді ойпаңдар алып жатады. Егер жер бетінің бүкіл ойлы-қырлы бедерін ескеретін болсақ , жердің формасы аса күрделі болып шығар еді. Сондықтан оны жіпті ең күрделі математикалық теңдеулермен бейнелеп беру мүмкін емес. Сондықтан жердің беті деп материк астымен ойша жүргізілген. Су айдының алуға ұйғарылған. Мұндай фигура «геоид» деп аталады. «Геоид» сөзін ғалымдар жердің пішінін белгілеу үшін әдейі ойлап тапқан. Бұл сөздің ешқандай геометриялық мағынасы жоқ. Оны тура аударсақ «жер бейнесіндегі дене» дегенді білдіреді. Жердің радиусы шаиаиен 6 мың км-ге тең. Глобустың радиусы одан миллион есе кіші. Сөйтіп жердің ролярлық және экваторлық радиустарының арасындағы 21 км айырма , глобуста мм-ң бөлігіне айналады. Сондықтан глобусты жер шарының моделі деп атайды. Оның бетінде мұхиттар , материктер , аралдар ,түбектер , біздің планетамыздың үстіңгі беткі кішірейтілген түрінде бейнеленген.
Біздің Отанымыздың қойнауы байлыққа толы. Жер асты қоймаларында халық шаруашылығына қажетті ұштан-теңіз қазына жатыр. Дегенмен табиғат жасаған барлық байлық ішіндегі шын мәніндегі ең құндысы –табиғаттың ғажайып талмас туындысы-Жер болып табылады. Жерге адамның қамқоршылығы мен оның аялы алақаны қажет. Біз сонда ғана өз ұрпақтарымыз үшін табиғатты бір ғажайып көркімен сақтаймыз. Сонда ғана олар бізге алғыс айтып, риза болады.
Дүниежүзілік мұхиттың геологиялық даму тарихы.
Мұхит – Жер шарындағы ең көп таралған зат, осынау өзгеше минерал – судың басты сақтаушысы. Біздің планетада су қалайша пайда болған ? Бұл мәселені ғылым түпкілікті шешкен жоқ . Жер пайда болған кезде су материктік жер қырты-сы секілді, жоғарғы мантиядан бөлініп шыққан немесе біртіндеп жиналған деп жорамалдайды . Вулкандар атқылаған кезде , литосфера плиталарының созылу зоналарында мұхиттық жер қыртысы пайда болған сәтте Жер бетіне төгіле отырып, су қазіргі уақытта да магмадан бөлініп шығады. Әлі де миллиондаған жылдар бойы осылай бола бермек. Жер шарына судың бір бөлігі космостан келеді. Мұхит суының басты қасиеттері – оның тұздылығы мен температурасы .
Үнді мұхитының физикалық – географиалық орны. Бұл мұхит планетада ерекше орын алады: оның көп бөлігі оңтүстік жарты шарда орналасқан . Мұхит солтүсті-гінде Евразиямен шектеседі және Солтүстік Мұзды мұхитпен байланысы жоқ. Үлкен Зонд аралдары мен Австралия оны Тынық мұхиттан бөліп тұрады. Атлант мұхиты-мен шекарасы Игольный мүйісінің меридианы арқылы, ал Тынық мұхитпен шека-расы – Тасмания аралының меридианы арқылы өтеді . Мұхиттың жағасы аз тілім- денген . Солтүстігінде Бенгал және Парсы шығынақтары , Аравия теңізі құрлыққа бойлай еніп жатады. Аралдары біршама аз . Мұхиттың шекарасында ғана ірі арал-дар бар. Мұхитта вулкандық және маржан аралдары бар.
Үнді мұхитының жағасы – ежелгі цивилизация дамыған аудандардың бірі. Ғалым-дар онда теңізде жүзу басқа мұхиттардағыға қарағанда шамамен 6 мың жыл бұрын басталған деп жорамалдайды. Мұхитта жүзу маршруттарының сипаттамасын тұң-ғыш рет арабтар жасаған. География ғылымы үшін Үнді мұхиты жөніндегі мәлі-меттер Васко да Гаманың жүзген уақытынан (1497-1499 жж.) бері жинала бастады. XVIII ғасырдың соңында ағылшынның теңізде жүзушісі Джеймс Кук бұл мұхиттың тереңдігін алғаш рет өлшеген .
XIX ғасырдың соңында мұхитты комплексті зерттеу жұмысы басталды. «Челлен-джер» кемесімен шыққан аылшын экспедициясы аса ірі зерттеулер жүргізді. Алайда XX ғасырдың соңына дейін Үнді мұхиты жеткілікті зерттелмеді . Қазіргі кезде ғылы-ми- зерттеу кемелерін пайдаланатын ондаған экспедициалар оның байлықтарын ашуда. Олардың ішінде – «Михаил Ломоносов», «Океан» және басқа ғылыми кеме-лер бар.
Мұхиттың орташа тереңдігі шамамен 3700 м, ал ең терең жері –Ява шұңғымасын-да 7450 м-ге жетеді. Мұхитта қайраң онша үлкен емес. Шарасы басқа мұхиттардағы сияқты , мұхит түбінің ең үлкен бөлігін алып жатады. Оны толып жатқан жоталар кесіп өтеді. Батыс бөлігінде су асты жотасы созылып жатыр , ол Африканың оңтүсті-гінде Атлант мұхиты ортасындағы жотамен жалғасады. Мұхит түбіндегі терең жарықтар , жер сілкіну және вулканизм аймақтары жотаның орталығына қарай шоғырланған . Жер қыртысының жарықтары Қызыл теңізге дейін жалғасып, одан құрлыққа өтеді . Қазіргі кезде олардың құрлысын орыс ғалымдары зерттеуде. Олар сүңгуір аппаратпен теңіз түбіне түсіп, жас базальт лаваларын бақылады. Бұл лава-лардың пайда болуы мантиядан заттардың жоғары көтеріліп , Қызыл теңізде жер қыртысының ажырағанын, сөйтіп жаңа мұхиттық жер қыртысының түзелгенін көрсетеді. Тынық мұхит – оны Ұлы мұхит деп те атайды- планета бетінің 13 –ін және Дүниежүзілік мұхит көлемінің жартысын дерлік алып жатыр. Мұхит сопақша пішінді экватор тұсында ерекше енді , сондықтан ол беткі жағы ең жылы мұхит .
Мұхиттың шығысындағы жағалық сызығы аз тілімденген; онда бірнеше түбектер мен шығанақтар бар. Батысында Евразия мен аралдардың аралығында көптеген теңіздер жатыр . Бұл Жер бетіндегі жағалық сызықтың ең көп тілімденген ауданы. Теңіздердің арасында тереңдігі 100 м –ден аспайтын қайраңды теңіздер де бар. Кейбір теңіздер литосфера плиталары(Жапон, Охот және басқа ) өзара әсер еттін зонада орналасқан. Олар терең әрі мұхиттан арал доғаларымен бөлінген .
Тынық мұхитта аралдар өте көп , олардың саны 10 мыңнан асады. Тынық мұхит-тың жағасы мен аралдарын мекендеген халықтар ертеден –ақ мұхитта жүзіп , оның байлықтарын игерген. Ф. Магелланның , Дж. Куктың жүзу сапарларының нәтиже-сінде мұхит туралы мәліметтер жиналды. И. Ф. Крузенштерн мен Ю. Ф. Лисянс-кийдің Жер шарын айналып шыққан бірінші орыс экспедициясы XIX ғасырда мұхитты кеңінен зерттеуге бастама болды. XIX ғасырда С.О. Макаров «Витязь» кемесімен комплексті зерттеу жүргізді. Экспедициалық кемелер 1949ж. бастап жүйелі ғылыми рейстер жасауда. Қазіргі уақытта Тынық мұхитты зерттеу жөнінде арнайы халық-аралық ұйым құрылған. Соңғы онжылдықтар ішінде мұхит таби-ғатының ерекшеліктері жөнінде жаңа мағлұматтар алынды, оның ең терең жері анықталды, ағыстары , түбінің жер бедері, терең сулы науаларындағытіршілік , мысалы, омыртқасыздардың, жіп тәрізді организмдердің жаңа типтері зерттелуде. Тынық мұхитты зерттеп білу үшін біздің елімізде , Қиыр Шығыста Ресей Ғылым академиясының арнаулы ғылыми – зерттеу орталығы құрылған.
Солтүстік Мұзды мұхит – Жер бетіндегі ең кіші мұхиттардың бірі. Мұхит Арктиканың нақ ортасынында орналасқан, ол Солтүстік полюстің айналасындағы мұхитты, таяу жатқан материк бөліктерін, аралдар мен архипелактарды қосатын кең-байтақ кеңістікті алып жатыр. Мұхиттың жағалары негізінен ойпатты, тек кей жерлерінде ғана таулы. Климат жағдайларының қатаңдығына байланысты халық аз қоныстанған және шаруашылық жағынан аз игерілген . Әдетте, бұл жазықты және батпақты тундыралар.
Мұхит аумағының елеулі бөлігі теңіздерден тұрады. Олардың көбі шеткі теңіздер, тек біреуі ғана ішкі теңіз болып табылады. Мұхитта аралдар көп- олар материктерге жақын орналасқан. Жаңа Жер , Новосибирск және басқа аралдар. Олар материктерге таяу орналасқан. Солтүстік Мұзды мұхитты зерттеу- бұл бірқатар елдердің : ТМД , Норвегия , Швеция және басқа елдердің теңізде жүзушілерінің , саяхатшыларының және ғалымдарының көптеген ұрпақтарының қаһармандық ерліктерінің тарихы.
Сонау ерте кездерде жайпақ шағын қайықшамен және қайықтармен орыс адамдары – поморлар саяхатқа шығатын. Грумантте (Шпицбергенде) қыстап шығып , Обьтың сағасына қарай жүзетін. Олар балық аулауды кәсіп етті, теңіз аңдарын аулады және поляр суында жүзудің жағдайын жақсы білді .
Орыстардың теңізде жүзуі жөніндегі деректерін пайдалана отырып , ағылшындар мен голландықтар Европадан Шығыс елдеріне (Қытай мен Үндістан ) аса қысқа жолды іздеп табуға әрекет етті . Виллем Баренцтің XVI ғасырдың аяғында теңізде жүзуінің нәтижесінде мұхиттың батыс бөлігінің картасы жасалды.
Ұлы солтүстік экпедициясы (1733-1743 жж.) мұхит жағалауларын жоспарлы түрде зерттей бастады. Оған қатысушылар ғылыми ерлік жасап , Печора сағасынан Беринг бұғазына дейін жүзіп өтіп, жағалар мен теңіздерді картаға түсірді . Олардың көпшілігі есімдері (Челюскин , Лаптевтер және басқалары) картадағы географиялық атауларда қалды. Осы экспедиция жинаған деректерді зерттей отырып, М.В.Ломоносов Солтүстік Мұзды мұхит туралы алғашқы ғылыми түсінікті тұжырымдады: полюс ауданында теңіз түбінің көтерілуі мүмкін екені туралы өз ойын айтты, ағыстардың бағыттарын, мұздардың шығыстан батысқа қарай ығуын болжап берді. Орыстардың тәжірбиесіне сүйене отырып,XIX ғасырдың аяғында А. Норденшельдтің басшылығымен орыс- швед экспедициясы «Вега» шхунасымен жолда бір қыстап , батыстан шығысқа қарай мұхитты алғаш рет төтелей жүзіп өтті. XX ғасырдың басында бұл жолды Р. Амундсен қайталады. Мұхиттың поляр маңы аймағының табиғаты туралы алғашқы мәліметтер XIX ғасырдың аяғында Ф. Нансеннің «Фрам» кемесімен ығуы кезінде және XX ғасырдың басында Г. Седовтың «Әулие Фок» шхунасымен полюске қарай жүзуі кезінде жинақталды. Россияда мұхитты зерттеудің жаңа жоспары жасалды. 1899 ж. адмирал С.О. Макаровтың жобасы бойынша дүние жүзіндегі ең тұңғыш «Ермак» мұзжарғыш кемесі жасалды, онымен поляр суында үш рет жүзу жүзеге асырылды және мұзды машина күшімен жеңуге болатыны дәлелденді.
Бір жүзу маусымында мұхит арқылы өтудің мүмкіндігін 1932 ж. кеңестік «Сибиряков» мұзжарғышының экспедициясы дәлелдеп берді. Осы экспедицияға қатысушылар О.Ю.Шмидтің басшылығымен тереңдіктерді, мұздың қалыңдығын өлшеді, табиғатқа бақылау жүргізді.
Кеңес ғалымдары Солтүстік Мұзды мұхитты зерттеудің жаңа тәсілдерін талдап жасады. 1937 ж. ыққан мұзда алғашқы «Солтүстік полюс- 1» (СП-1) поляр станциясы ұйымдастырылды. Төрт кеңес поляршысы И.Д. Папаниннің басшылығымен мұз үстінде Солтүстік полюстен Гренланд теңізіне дейін қаһармандықпен ығып барды. Ағыспен осы ығу мұхитты зерттеу жөніндегі жаңа тәсілдің заманын ашты. Ықпалы станцияны қазірде ТМД, американ және канада поляр зерттеушілері кеңінен қолданады.
Сол 1937 ж. «Георгий Седов» мұзжарғышы мұз құрсауында қалды, сөйтіп ол қалқымалы ғылыми станцияға айналды. Ұзақ ығу кезінде экспедицияға қатысушылар мұхиттың поляр маңы аймағының табиғаты туралы жаңа мәліметтер жинады. Солтүстік полюске жеткен кеңестік «Арктика» атом мұзжарғышы мұнда еркін жүзген алғашқы кеме болды. (1977 ж.).
Мұхитты зерттеу үшін қазір ұшақтар пайдаланылады, олар мұзға қонып, бір реттік бақылаулар жүргізеді. Космостан түсірілген суреттер мұхит үстіндегі атмосфера жағдайының өзгеруі туралы , мұздардың ығуы туралы мәлімет береді. Барлық осы зерттеулердің нәтижесінде Мұзды мұхиттың табиғаты (климаты туралы, органикалық дүниесі жөнінде) көп материал жиналды, оның түбінің жер бедері анықталды, түпкі ағыстар зерттелді.
Солтүстік Мұзды мұхит табиғатының көптеген құпиялары қазірдің өзінде белгілі, бірақ болашақ ұрпақтың ашатын жаңалықтары әлі көп, оның ішінде , сендердің де болуларың мүмкін .
Дүниежүзілік мұхиттың бөліктері.
Жер шарының су қабаты – дүниежүзілік мұхит деп аталатын біртұтас бет. Оның ауданы 361,3 млн км2 (жер бетінің 71%), орташа тереңдігі 3,7 км , көлемі – 1 370 000 000 км3( гидросфера көлемінің 94%) . Жердің беті бойынша Мұхиттың суын біркелкі етіп жайғанда оны 2700 метрдей қалыңдықпен бүркеген болар еді. Жердің көлемімен салыстырғанда бұл қабат мардымсыз, аз, бірақ географиялық қабықша-дағы әртүрлі процестер үшін маңызы орасан зор.
Құрлықтар мен мұхиттар жер бетінде біркелкі таралмаған. Оңтүстік жарты шар мұхиты – оның ауданының 81% -ын , солтүстік жарты шардың 61% -ын алып жа-тыр. Планетамызда құрлықтар мен мұхиттардың біркелкі таралмауы Жер бетінің табиғи ерекшеліктерінің қалыптасуындағы негізгі фактор болып есептеледі.
Шартты түрде Дүниежүзілік мұхит бір- бірінен оқшауланған , жеке бөліктерден – мұхиттардан тұрады. Алғаш рет Дүниежүзілік мұхитты жекелеген бөліктерге жіктеуді 1650 ж. Голландия ғалымы Б. Варениус өткізген. Ол Дүниежүзілік мұхитты бес бөлікке бөлген: Солтүстік мұзды мұхит , Атлант, Тынық , Үнді және Оңтүстік мұхит. Кейбір шетелдік географтар осы уақытқа дейін бұл классификацияны пайда-ланады. Үнді, Атлант және Тынық мұхиттардың оңтүстік бөлігінің физикалық, химиялық, биологиялық және динамикалық қасиеттеріне байланысты Оңтүстік мұхтииың бар екендігін ТМД ғалымдары да мойындайды, бірақ оның шекарасының айқын анықталмауы мен зерттелмегендігінен қазіргі мұхиттар классификациясында Оңтүстік мұхит бөлінбеген. Сондықтан жер шарында төрт мұхит бөлінеді. (14 кесте).
Мұхиттардың морфометриялық сиппаттамасы
Мұхиттар
Жалпы ауданы млн км Су бетінің ауданы млн км Аралдардың ауданы млн км Судың көлемі млн км Орташа тереңдігі,м Өте терең жері, м
Тынық 182,6 178,7 3,9 707, 1 3957 11034
Атлант 92, 7 91, 7 1, 0 330, 1 3602 9219
Үнді 77,0 76, 2 0, 8 284, 6 3736 7450
Солтүстік
Мұзды 18, 5 14, 7 3, 8 16, 7 1131 5220
Дүниежүзілік мұхит 370, 8 361, 3 9, 5 1338, 5 3704 11034
Әрбір жекеленген мұхит бірнеше тармақтардан тұрады:олар теңіздер мен шығанақтар.
Теңіз дегеніміз – көршілес бөліктерден физикалық және химиялық қасиеттері-мен, ( тұздылығы, температурасы, мөлдірлігі т.б.) экологиялық жағдайымен, ағыс-тары мен толысуларының сипатымен ерекшелінетін мұхиттың азды- көпті оқшау-ланған бөлігі. Морфологиялық және гидрологиялық ерекшеліктеріне байланысты теңіздер шеткі , жерорталық (ішкі құрлықтық және құрылық аралық ) және арал аралық деп жіктеледі.
Шеткі теңіздер өтпелі зоналарда немесе материктердің шетіне жақын орналасады, тереңдігі 200 метр , сирек – 200 метрден асады. Мұхиттардан олар аралдар тізбегімен , сирегірек түбектермен бөлініп жатыр. Материктік қайраңдағы (шельфтік) теңіздердің суы терең емес. Мысалы Сары теңіздің максимальды терең-дігі 106 метр, өтпелі зонадағы теңіздердің тереңдігі 3500-4000 метп(Беринг, Охотск, Жапон). Шеткі теңіздер Дүниежүзілік мұхит суымен қатынасып жатқандықтан физикалық қасиеті мен химиялық құрамы бойынша мұхит суларынан айырма-шылығы жоқ.
Жерорталық теңіздер құрлыққа еніп жатады, мұхит суларымен салыстырмалы ені тар бұғаздармен бөлініп жатады. Жерорталық теңіздердің оқшаулануы, мұхит суымен су айырбасының күрделенуі салдарынан бұл теңіздердің гидрологиялық режимі мұхит суларынан өзгеше. Олар: ішкі құрлықтың және құрылық аралық деп бөлінеді. Құрылық аралық теңіздер ірі, тектоникалық активтілігі жоғары зоналарда пайда болғандықтан терең, жағалауы қатты тілімденген, сейсмикалық және вулкан-дық процестер тән.
Олар құрлықтардың аралық бөлігінде орналасқан: Евразия мен Африка құрлықтарының арасындағы – Жерорта теңізі .
Ішкі құрлықтық теңіздердің жағалаулары бір құрылық шеңберінде (мысалы, Балтық, Ақ, Қара теңіздер) және құрлықтық қыртыста орналасқан , онша терең емес , таяз. Мысалы, Балтық теңізінің ең максимальды тереңдігі -470 м, Ақ теңіздікі 350 м, Азов теңізі -13 м.
Арал аралық теңіздер мұхиттардан жекеленген аралдар немесе арал тізбектері арқылы бөлініп жатады. (Филиппин, Банда, Сулу т.б). Саргасова теңізі де арал аралық теңіз болып табылады. Мұхиттың ортасында орналасып , айқын шекарасы жоқ болса да өзіндік гидрологиялық режимі, жануарлары мен өсімдік түрлері арқылы көршілес территориялардан ерекшеленеді.
Шығанақтар – судың құрлыққа еніп жатқан бөлігі . Шығу тегіне , жағалау-ларының құрлысына , формасына қарай шығанақтар: фьорд, бухта, лиман деп те аталады. Тарихи сонау ерте кезден бастап қалыптасып кеткен түсініктер бойынша кейбір теңіздер шығанаққа (Парсы, Мексика, Бенгаль), ал шығанақтар , режимі жағынан айырмашылығы болса да , мұхиттарға жатқызылып кеткен (Босфор теңізі, Линкольн теңізі).
Мұхиттарды, теңіздерді және шығанақтарды бір- бірімен бұғаздар жалғастырып жатыр. Өте енді және терең бұғаз – Дрейк бұғазы (Оңтүстік Американың оңтүстігін-де ) –орташа ені 986 км , орташа тереңдігі 3111 км , ал ең ұзын бұғаз Мозамбик бұға-зы – 1760 км.
Дүниежүзілік мұхиттың еркін жатқан беті деңгейлік деп аталады. Тыныш күйде бұл геоид бетімен сай келуге тиіс. Алайда көптеген себептердің жиынтықтарының әсері: температура, атмосфера қысымы, жел, толысу түзетін күштер, су баланысы, жер қыртысының қозғалыстары – оның ауытқуын тудырады. Мұхит деңгейінің үздіксіз өзгерістері кезеңді және кезеңсіз де болуы мүмкін. Ауытқу кезеңдері өте қысқа (бірнеше сағат) және өте ұзақта (ғасырлық ауытқулар) болады. Мәселен, жазда мұхит суының жоғарғы қабатының қызуы деңгейінің көтерілуін, қыста оның суынуы төмендеуін …..