Жалпыхалықтық табыс декларациясы: Қазақстандықтар нені білуі керек — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

2020 жылдан бастап жүзеге асырылатын міндетті  табыс және шығын декларациясы 13 миллионға жуық қазақстандықты қамтиды. Бастапқыда азаматтар кіріс туралы есеп берілетін құжатты толтырады. Онда жеке тұлғаның барлық мүлкі, несиелік қарызы, банктегі шоттары көрсетілуі тиіс.

Жалпыхалықтық табыс декларациясы: Қазақстандықтар нені білуі керек

Бұл туралы «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Еліміздің батыс өңірінде табыс пен мүлікті декларациялауға 400 мыңға жуық азамат қатысады деп күтіледі. Келесі жылдан бастап ел тұрғындары жылжымайтын мүлік, жер телімі, көлік, банктегі салымдары мен ақша қаражаты, антиквариат, бағалы заттарын көрсетуге міндеттеледі. Жыл көлемінже жәрдемақы, зейнетақы, шәкіртақы немесе жалақы алмаған азаматтар үшін декларациясының өзіндік жолы қарастырылыпты.

Облыстық МКД басқарма басшысы Тимур Төлеповтің сөзінше, декларацияда барлық мүлік көрсетілуі керек. 

«Бұл декларацияны табыстау мерзімі қағаз түрінде 15 шілде және де электронды түрде табыс ету үшін 15 қыркүйек айынан кешіктірмей табыстауы керек. Декларацияда жалпы барлық мүліктер көрсетіледі. Сондықтан қазір барлық облыс тұрғындарына айтарымыз ХҚК орталығына  барып арнайы өздерінің мәліметтерін алу керек», — дейді Тимур Төлепов.

Белгілі болғандай, мүлкін жариялаудан жалтарған тұрғындарға бастапқыда ескерту жасалады екен. Егер ескертуді елемей, жағдайды қайталаса немесе декларациядан бас тартқан, табысының келу жолын көрсете алмаған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Экономист Сапарбай Досжанұлы жаңа заң сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға құрсау болатынын айтып отыр. 

Ал экономист ның айтуынша, келер жылы күшіне енетін жаңа заң — құрсау болатын бірден бір қадам. 

«Мәселен, көлік сатып алып жатырсың ба, үй сатып алып жатырсың ба, соған келген қаражатыңды, соған келген табысыңды көрсете білуің керек. Қайдан келді? Сен мысалы айлығың 300 мың теңге болатын болса, ертең 3 млн табыс табатын адамның қаражатын жасап, үй сатып алсаң, салықшылар: «Бұл ақшаны қайдан таптың?» — деп сұрауы мүмкін. Сол кезде сен дәлелдеп беруің керек. Оның жартысын жаңағы құдам берді, жартысын бір туғаным берді, жартысын ағам берді дегенде, олардың өткізген ақшалары олардың декларациясында көрсетілуі тиіс», — дейді экономист.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz