Гүлнәр Каримова абақтыға жабылды |

0

Өзбекстанның тұңғыш Президентінің үлкен қызы Гүлнәр Каримова жазасын жалпы режимде өтейтін абақтыға жабылды.

 
 
2017 жылдың 18 желтоқсанында Каримова он жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген болатын. 2018 жылдың бірінші шілдесінде бұл жаза тұрғылықты мекенжайы бойынша еркіндігін шектеу жазасына ауыстырылған еді.

Каримова тұрғылықты жерінен кетпеуі, интернет пен байланыс құралдарын пайдаланбауы тиіс болған. Сондай-ақ келтірген шығынды өтеуге міндеттелген. Каримова болса бұл талаптарды талай мәрте бұзған. Байланыс құралдарын белсенді пайдаланып, шығынды қайтаруға қарсылық білдірген.

Бірнеше күн бұрын Гүлнәр Каримованың қызы Иман әлеуметтік желіде прокуратура қызметкерлері өзінің пәтеріне басып кіріп, ваннадағы анасын сүйреп алып кеткендерін жазып, сурет жүктеген.

Дереккөз: Reactor

http://inform.kz