Хиллари Клинтон президент сайлауына қатыспайды

0

АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің бұрынғы қарсыласы Хиллари Клинтонның алдағы президент сайлауына қатыспайтынына қынжылып, пікір білдірген.

АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон 4 наурызда New York City TV арнасына берген сұхбатында «2020 жылы өтетін сайлауға кандидатурамды ұсынбаймын» деген.

— Сайлауға қатыспаймын, бірақ өзім білетін, сенетін нәрсеммен айналысып, жұмысымды жалғастыра беремін. Мені елдегі жағдай қатты алаңдатады, — деді Клинтон.

71 жастағы Клинтон бұған дейін мемлекеттік хатшы, оның алдында сегіз жыл Нью-Йорк штатынан сенатор болып қызмет атқарған.

Хиллари Клинтон 2016 жылы өткен президент сайлауында көптің «жеңеді» деген үмітіне қарамастан қазіргі президент Дональд Трамптан жеңіліп қалған. Бұған дейін берген сұхбаттарында Клинтон «сайлаудағы жеңілісі жанына бататынын» айтқан.



Азаттық