Зарина Дияс Индиан-Уэллсте негізгі турнирге жолдама алды

0

Зарина Дияс Индиан-Уэллсте негізгі турнирге жолдама алды.

Дүниежүзілік рейтингіде 94-орында тұрған қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 123-ракеткасы Николь Гиббспен күш сынасты. Дияс қарсыласын бірінші сетте тай-брейкте тізе бүктірді  7:6 (7:4). Екінші партия 7:5 есебімен аяқталды. Тартысты матч 2 сағат 4 минутқа созылған.

 



Дереккөз: prosports.kz/kz