Дипломдық жұмыс: Экономика | Коммерциялық банктің валюталық операцияларын басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Мазмұны
КІРІСПЕ ………………………………………………………………………………………………..3
1. «КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ АЙЫРБАСТАУ ПУНКТЕРІНІҢ ВАЛЮТА БАҒАМЫН ҚАДАҒАЛАУДЫҢ» АҚПАРАТ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛУЫН НЕГІЗДЕУ
1.1. Мәселенің экономикалық мәні…………………………………………………………5
1.2. Ақпарат жүйесін құрудің мақсаты мен міндеті ……………………………….62
1.3. Ақпарат жүйесіне қойылатын талаптар ………………………………………. …62
1.3.1. Ақпарат жүйесінің құрылымына қойылатын талаптар …………………..62
1.3.2. Ақпарат жүйесінің ресурстарына қойылатын талаптар ………………….63
1.3.2.1. Техникалық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар ……………64
1.3.2.2. Бағдарламалық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар ……….66
1.3.3. «Айырбастау пункті» ақпарат жүйесінің концептуалды схемасы ….70
2. «КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ АЙЫРБАСТАУ ПУНКТЕРІНІҢ ВАЛЮТА БАҒАМЫН ҚАДАҒАЛАУДЫҢ» АҚПАРАТ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ
2.1. «Айырбастау пункті» есебінің қойылымы ……………………………………….72
2.1.1. «Айырбастау пункті» есебінің сипаттамасы …………………………………..72
2.2. Кірістік ақпарат ……………………………………………………………………………….72
2.2.1. Шығыстық ақпарат …………………………………………………………………….. .73
2.3. Ақпараттық база ………………… ………………………………………………………….73
2.3.1. Машина ішіндегі ақпараттық база ………………………………………………….76
2.4. Бағдарламалық қамтамасыздандыру………………………………………………….78
3. АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МҮМКІН АУМАҚТАРЫ
3.1. АЖ-сін құруға кететін шығындарды бағалау, шығындарды есептеудің әдістемесі ………………………………………………….82
3.2. Ақпараттың өнімді коммерциялық жүзеге асыру бойынша нәтижелер мен ұсыныстарды талдау ………………………………………………86
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………….90
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………………………………………………91
КІРІСПЕ
Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға енуi объективтi түрде ақпараттық нарықтың құрылуын талап етедi. Көптеген дамыған елдерде ақпараттық нарық материалдық өндiрiс пен қызмет көрсету салаларын нәтижелi түрде қамтамасыз етiп отыр. Ақпарат қазiргi кезде Коммерциялық стратегиялық ресурстың бiр түрiне айналды, және де ол айрықша тауар ретiнде жалпы Коммерциялық өнiмнiң айрылмас бөлiгi бола тұра, ақпараттық өнiмдер мен қызметтер нарығында өз сұранысы мен ұсынысына ие.
Қазақстан Республикасы экономикасының ақпараттық аспектiсiнiң қызмет етуi мен дамуы уақыт өте келе аса маңызды орын алуда, сондықтан экономиканың барлық нақты жағдайларын ақпараттық кеңiстiкте жариялау арқылы, оны қазақстан Республикасының барлық ресурстарының тиiмдi әсерлесуiн қамтамасыз ететiн ғылымға негiзделген ақпараттық технологиялардың көмегiмен басқаруға мүмкiндiк бередi.
Көптеген кәсiпорындар нарықтық жағдайда ақпаратты кез келген мүлiк секiлдi сақтауды, қорғауды және пайдалануды талап ететiн бағалы ресурс ретiнде қарастырады. Өндiрiстiк және шаруашылық қызметтi басқаруға қажеттi ақпарат алу мақсатында кәсiпорын бухгалтерлiк ақпараттық жүйесiн құрады.
Бухгалтерлiк есептегi ақпараттық жүйе – бұл экономикалық объекттi басқаруға қажеттi ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу, қайта өңдеу және оны сыртқа шығару жүйесi.
Бухгалтерлiк есептегi ақпараттық жүйесiнiң қазiргi нарығы өте үлкен қарқынмен дамуда. Оның даму тенденциясын келесiдей факторлар арқылы айқындауға болады.
Бiрiншiсi Қазақстан Республикасының экономикалық басқару құрылымдарын қайта құрумен және қайта ұйымдастырумен, яғни көптеген шағын кәсiпорындардың, фирмалардың және әр түрлi мүлiк нысанындағы банктердiң пайда болуымен байланысты.
Екiншiсi барлық есеп саясатының, есеп әдiстемелерi мен әдiстерiнiң өзгеруiне алып келген халықаралық есеп талаптарына сай, қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп стандарттарының жасалуы мен енгiзiлуiне байланысты.
Үшiншiсi – бұл қарқынды түрде дербес компъютерлер мен программалық өнiмдердiң сырттан әкелiнуi.
Төртiншiсi – бұл телекоммуникация құралдарын пайдалану арқылы техникалық және программалық-ақпараттық платформалардың енгiзiлуiне негiзделген жаңа ақпараттық технологиялардың пайда болуы.
Бұл дипломдық жұмыс iс-сапарлар шығыстары есебiнiң ақпараттық жүйесiне негiзделген.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – кез келген уақытта пайдаланушының сұранысына байланысты ақпаратты алып берудi ұйымдастыруға мүмкiндiк беретiн, бухгалтерияда ақпаратты өңдеудi автоматтандыруға арналған iссапарлар шығыстары есебiнiң ақпараттық жүйесiн құру.
Дипломдық жұмыс кiрiспеден, экономикадағы ақпараттық жүйе және “Іссапарлар шығыстарының есебi” ақпараттық жүйесiн жобалау бөлiмдерiнен, қорытындыдан, әдебиеттер тiзiмiнен және қосымшалардан тұрады.
ҚР Коммерциялық банкi мен оның басқару жүйесiне сипаттама, ҚР Коммерциялық банкiнiң бөлiмшелерiнде дебиторлармен жүргiзiлетiн операциялар есебi келтiрiлген.
Экономикадағы ақпараттық жүйе бөлiмiнде ақпараттық жүйенi құрудың маңызы мен мақсаты, ҚР Коммерциялық банкiндегi ақпараттық жүйенiң өмiрлiк циклы, оның ақпараттық, программалық, техникалық, математикалық, лингвистикалық және ұйымдастырушылық жабдықтаулардың құрылымына қойылатын талаптар мен “Iссапарлар шығыстарының есебi” ақпараттық жүйесiнiң концептуалды сызба-нұсқасы берiлген.
“Iссапарлар шығыстарының есебi” бөлiмiнде “Iссапарлар шығыстарының есебi” есептер кешенiнiң орны анықталып, ақпараттық базаға, математикалық жабдықтау, программалық жабдықтау және пайдаланушы нұсқаулары жазылған.
1. «КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ АЙЫРБАСТАУ ПУНКТЕРІНІҢ ВАЛЮТА БАҒАМЫН ҚАДАҒАЛАУДЫҢ» АҚПАРАТ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛУЫН НЕГІЗДЕУ
1.1. Мәселенің экономикалық мәні
Елімізде қабылдамған банктік заңдылықтарға сәйкес Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі екі деңгейден тұрады.
Қазақстан Республикасының Коммерциялық банкі — мемлекеттік орталық банк ретінде бірінші деңгейді білдіреді.
Өзге банктердің барлығы (Мемлекеттік даму банкісінен басқасы) — екінші деңгейді сипаттайды, сондықтан да оларды іс-жүзінде екінші деңгейдегі банктер деп атайды.
Бүгінгі таңдағы Қазақстанда қызмет ететін банктік жүйенің не бары он алты жылдық тарихы бар. Бүл жүйенін қалыптасуына КСРО-ның ыдырауының нәтижесінде еліміздің өз тәуелсіздігін алуының себеп болғандығын айта кету керек. Содан бері банк жүйесінде түбегейлі реформалау жалғасуда. Ондағы мақсат — отандық банктеріміздің қызметін халықаралық стандартқа өткізу болып отырғандығы да жасырын смес. Бүл талаптарға жауап бермейтін банктерге басқа банктерге қосылу не банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып құрылу кажеттігі ұсынылады.
Қазақстан Республикасындағы соңғы жылдардағы банк жүйесі туралы мәліметтер 1-кестеде беріледі.[5]…..