ер адам досын айуандықпен өлтіріп, мәйтін бөлшектеп тастаған
Бұрын да кісі өлтіргені үшін сотталған ер адам тағы ұзақ жылға бас бостандығынан айрылды
АСТАНА, 5 наурыз — Sputnik. Шымкент қаласында кісі өлтіріп, мәйітін бөлшектеп тастаған қанішердің ісі аяқталды, деп хабарлайды жергілікті otyrar.kz басылымы.
Қанды оқиға былтыр жазда болған еді. Күдікті құрбанының денесінен құтылу үшін мәйітті үш бөлікке бөліп тастаған.
Басылымның жазуынша, бұрын кісі өлтіргені үшін сотталған 42 жастағы ер адам түрмеден шыққан соң Шымкентке қайта оралады. Былтыр 30 маусымда ол бір танысымен кездесіп қалыпты. Сол кезде анасының қыдырып кеткенін пайдаланып, әлгі танысын үйіне шақырып, бірге ішімдік ішеді.
Әбден масайған шақта екеуінің арасында жанжал туындаған. Сотталушы досының басынан бірнеше рет балғамен ұрып, артынша пышақтап тастапты. Содан соң өзі түк болмағандай ұйықтап қалады.
Қанішер әйелдерді өлтіріп, етінен бәліш пісіріп сатқан
Ал келесі күні мәйіттен құтылудың жолын іздей бастаған. Ақыры танысының денесін үш бөлікке бөліп, пакетке салып, қоқысқа лақтырған екен.
Содан кейін бір ай жасырынып жүріп, былтыр шілде айында полицияға барып, болған оқиғаны баяндайды.
Сот үкіміне сәйкес, қылмыскер 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Жоғарғы органдар да үкімді өзгеріссіз қалдырған.
Ерлі-зайыпты 20 әйелді өлтіріп, етін жеп қойған
sputniknews.kz