Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстанның ДСҰ-на кіруі

0

Мазмұны

Кіріспе
1.ДСҰ-ның пайда болу тарихы
1.1. СТЖК (Сауда мен тарифтер бойынша жалпы келісім) қысқаша тарихы
1.2. Токиолық раунд-сауда жүйесін реформалауға алғаш әрекет жасап көру
1.3. СТЖК табысқа жетті ме?
1.4. Уругвай раунды-жаңа жүйені жасау
2. Әлемдік сауда жүйесінің негіздері
2.1. Дүниежүзілік сауда ұйымы дегеніміз не?
2.2. Сауда жүйесінің принциптері
2.3. ДСҰ СТЖК-нен қалай ерекшеленеді
2.4. ДСҰ құрылымы
2.5. ДСҰ секретариаты және бюджеті
2.6. ДСҰ-на мүше болудан түсетін артықшылықтар
2.7. Соңғы жылдары ДСҰ-на кіретін елднр тәжірибесі
3. Қазақстанның ДСҰ-на кіруі
3.1. Қазақстанның ДСҰ-на кіру нәтижелерінің жағымсыз жақтарына қарағанда артықшылықтары көп болады
3.2. Ауылшаруашылығы-Қазақстанның көмекті қажет ететін жалғыз саласы
3.3. ҚР ДСҰ-на кіруі жайындағы келісім сөз үрдісі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Әлемдік экономика мен әлемдік сауданың даму тендециялары бір ортақ ғаламдық еркін нарық болуын талап етеді. Әрине бұл бағыттағы Дүниежүзілік сауда ұйымының әрекеті ең маңызды болып табылады.
Ғаламдастыру жағдайында тауарлардың көпшілігіне сыртқы сауда немесе әлемдік нарық арқылы қол жеткізілетіндіктен, кез келген ұйымның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі, уақыт мәселесі болып, табылады.
Осындай жағдайда бұл тақырыптың Қазақстан үшін актуальдылығы өсе түседі. ДСҰ-на кіру Қазақстан үшін несімен жағымды болады? Біріншіден, басты Қазақстандық өндірушілердің әлемдік нарықтардың кеңеюіне байланысты болашақтағы өсу перспективалары өсе түседі. Екіншіден, республика әлемдік нарыққа өз кіруін жеңілдетіп, ДСҰ-ның мүшелерінің артықшылықтарын қолдану мүмкіндігіне ие болады. Қазақстан өндірушілері Уругвай раундында қабылданған міндеттемелер деңгейінде өз қызметтері мен тауарларын экспорттауға мүмкіндік алады. Бірақ ДСҰ-на кіруде Қазақстандағы тауарлар халықаралық стандарттарға сәйкес болуын қамтамасыз ету керек. Бұл мәселе отандық тауарлардың ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелестігі жайындағы мәселені өте қиын етеді.
Бұл курыстық жұмыстың мақсаты: Дүниежүзілік сауда ұйымының әрекетін қарастырумен қатар, қазіргі кезде ең көкейкесті мәселелердің біріне айналып келе жатқан Қазақстанның ДСҰ-на кірудің қиындықтары мен болашағын қарастыру.
Курыстық жұмыстың бірінші бөлімінде ДСҰ-ның пайда болу тарихы мен оның пайда болуына әкелген негізгі келісім сөздер раундтары қарастырылған.
Екінші бөлімде Дүниежүзілік сауда ұйымының жалпы қағидаларына, оның құрылымына, СТЖК мен ДСҰ-ның айырмашылығы мен оған кірудің артықшылықтарына көңіл бөлінген. Сонымен қатар басқа елдердің осы ұйымға кіру тәжірибелері, оның ішінде Қытай, постоциалистік мемлекеттердің мысалдары келтірілген.
Үшінші бөлімде Қазақстанның ДСҰ-на кірудің ерекшеліктері мен тенденциялары талданған. Мұнда ДСҰ-на кірудің мақсаттары, жалпы артықшылықтары, өзіне алатын міндеттемелері, нәтижелері, және әр түрлі салаларға әсерлері қарастырылған.
Қорытынды бөлімде қазіргі кездегі келісім сөздер үрдісі нәтижесінде қол жеткізілген нәтижелер көрсетілген.
1. ДСҰ пайда болу тарихы
1.1.СТЖК (Сауда мен тарифтер бойынша жалпы келісім) қысқаша тарихы
СТЖК- халықаралық экономикалық қатынастар мәселелерін шешумен айналысатын, қазіргі кезде Бүкіләлемдік банк және Халықаралық валюталық қор атымен танымал «Бреттонвудтық» ұйымдармен қатар екінші дүниежүзілік соғыстан кейін уакытша пайда болған.
СТЖК құрамына алғаш мүше ретінде енген жиырма үш мемлекет БҰҰ- ң жаңа арнайы ұйымы- Халықаралық сауда ұйымының (ХСҰ) уставы бойынша келісімге келген елу елдің құрамына кірді. Бұл уставта тек халықаралық сауда нормаларын дамыту мақсаты ғана көзделген жоқ, сонымен қатар жұмысбастылық, шикізат тауарлары бойынша келісімдер, кәсіби тәжірибені, халықаралық инвестициялар мен қызметтерді шектеу сияқгы мәселелер туралы ережелер болған.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін протекционистік шаралардың әсерінен арылып, сауданы либеризациялау мақсатында 1946 жылы СТЖК- ң негізін калаған 23 «келісімге келуші мемлекеттердің» арасында тарифтер бойынша келісім сөздері басталды. Келісім сөздердің бірінші раундынын нәтижесі- 45000 тариф бойынша 10 миллиард АҚШ доллары көлемінде, немесе әлемдік сауда көлемінің бестен бірі бөлігіндегі кемітулер. Бұл кемітулердің соммасы ХСҰ Уставына кейбір сауда ережелердің енгізілуімен нақтыланады делінген. Бұл тарифтік кемітулер мен ережелердін жиынтығы Сауда мен тарифтер бойынша жалпы келісім атына ие болып, 1948 жылдың қаңтарында күшіне енген.
ХСҰ уставы 1948 жылдың наурызында Гаванада өткен БҰҰ Конференциясында толық негізделгеніне карамастан. оның ұлттық заң шығарушы мүшелерімен ратификациялануы мүмкін болмай шықты. АҚШ-ң басшылығы 1950 жылы Гаванада кабылданған уставты конгресстің ратификациясына ұсынбайтынын ресми түрде пайымдағаннан кейін, ХСҰ өз қызметін тоқтатты. СТЖК өзінің уақытша сипатына қарамастан. ДСҰ пайда болғанына дейін халықаралық сауданы реттеуші жалғыз құрал болып қалды.
СТЖК-ң қүқықтық мәтіні 1948 жылдан бері 47 жыл бойы өзгермегенімен, шектелген мүшелер санымен келісімге келу, және тарифтерді азайтуға шаралар қолданылған. «Сауда келімсім сөздері раундтарының» жиынтықтары арқылы көптеген алға басушылықтарға қол жеткізілді.Сауда келісім сөздерінің раундтары- бумалық келісімдер арқылы алға басушылыққа жол ашу.
СТЖК бастауымен жүргізілген көпжақты сауда келісімсөздері немесе «сауда келісім сөздерінің раундтары» нәтижесінде халықаралықсауданы либеризациялауға қол жеткізілді, олардың ішінде ең ұзағы және ақырғысы Уругвайлық раунд болды.
Сауда келісім сөздерінін раундтары үзакка созылганымен, сауда келісімсөздеріне кешенді негіз қалайды. Жеке мәселелер бойынша жүргізілетін келісімсөздерге қарағанда, раундтардың бірқатар артықшылықтары бар. Біріншіден, раундарға қатысушылар көптеген мәселер топтарын қарастыру мүмкіндігіне ие болады. Екіншіден, ішкі саясат тұрғысынан қарағанда жағымсыз кемітулерді бумаларда болатын экономикалық және саяси артықшылықтар есебінен қабылдау оңайырақ болады. Үшіншіден, дамушы мемлекеттердің келісімсөздер раундары шеңберінде, басты екі сауда мемлекеттері арасында жүргізілетін келісімсөздерге қарағанда, көпжақты жүйеге әсер ету мүмкіндігі артады. Ақырғысы, саяси түрғыдан «сезімтал» салалардың жалпы реформасы ғаламдық бума шеңберінде мүмкін болады, бұған мысал ретінде Уругвайлық раунд нәтижесінде қол жеткізілген ауылшаруашылық өнімдермен сауда реформасы мысал бола алады.
СТЖК бастапқы келісім сөздерінің көбісі тарифтерді кемітуге бағытталған. Алайда 60- шы жылдардың ортасында жүргізілген Кеннеди раундтарының нәтижесінде СТЖК-ң жаңа антмдемпингтік келісіміне қол жеткізілді. 70- ші жылдары жүргізілген Токиолық раунд жүйені жақсарту және кеңейтуге әрекет жасалды.
1.2.Токиолық раунд-сауда жүйесін реформалауға алғаш әрекет жасап көру
1973- 1979ж. ж. 102 мемлекет арасында жүргізілген Токиолық раундта СТЖК тарифтерді біртіндеп кемітуге тырысты. Оның нәтижесінде негізгі әлемдік тоғыз өнеркәсіптік нарықтардағы кедендік баждар үштен бір бөлікке кеміді, нәтижесінде дайын өнімдерге орташы тарифтер СТЖК құрылуының алғаш кезіндегі 40 %- дан 4,7 % — ға дейін кеміді. Тарифтерді кеміту сегіз жыл ішінде өзара келісушілік нәтижесінде жүзеге асырылды. сондықтан ең жоғары тарифтер ең кеміне қарағанда едәуір көп азайды. (1,24) Ал калған мәселелер бойынша Токиолык раундтың нәтижелері жақсы болған жоқ. Ауылшаруашылық өнімдер саудасы мен «қоргау шаралары» (импортқа қатысты төтенше шаралар) жайындағы мәселелер шешілгеи жоқ. Келісім сөздер барсында бірқатар бейтарифтік шек қоюлар жайындағы келісімдерге қол жеткізілді. Көп жағдайларда тек бірқатар индустриалды дамыған елдер бұл механизмдер мен келісімдерге (нәтижесінде олар «кодекстер» деген атпен танымал болды) қосылды. Бұларға келесідей келісімдер кіреді.
-Субсидиялар мен компенсациялық шаралар- Жалпы келісімнің 4,16,23 баптарын талқылау.
-Саудадағы техникалық шектеулер- кей жағдайларда стандарттар Кодесі деп атайды.
-Импортты лицензиялау шаралары.
-Мемлекеттік сатып алулар.
-Кедендік бағалау- 7бапты талқылау.
-Антидемпинг- 6 бапты талқылау. Кеннеди раундының нәтижесінде
қабылданған Лнтидемпиипік кодексті орыибасады.
-Сиыр еті бойынша келісім.
-Сүт өнімдері бойынша халықаралық келісім.
-Азаматтық әуе ұшақтарымен сауда.
Уругвайлық раундтың нәтижесінде жоғарыда аталған кодекстердің кейбіреулері өзгертіліп. кеңейтілді. Субидиялар мен компенсациялык шаралар, Саудадағы техникалық шектеулер. импортты лицензиялау. кедендік бағалау мен антидемпинг туралы келісімдер ДСҰ шеңберіндегі келісім шегіндегі көпжакты міндеттемелер сипатына ие. Яғни ДСҰ барлық мүшелері оларды орындауға міндетті, ал мемлекеттік сатып алулар, сиыр еті мен азаматтық әуе ұшактарымен сауда келісімдерін мүшелердің белгілі саны ғана орындайды.
1.3. СТЖК табысқа жетті ме?
СТЖК-ң қызмет ету саласының шектеулігі мен мерзімділік сипатына байланысты Оның әлемдік сауданы либеризациялауда 47 жыл ішінде жеткен табысы айкын. 50- 60 ж.ж. тарифтерді төмендету әлемдік сауданың жылына орташа, 8 % өсуіне әкелді. Ал сауданы .либеризациялау нәтижесінде қол жеткізілген, алға жылжу СТЖК-ң әрекет етуінің барлык уакытында, сауданың өндіріске қарағанда көбірек өсімін көрсетті. Уругвай раунды кезіндегі жаңа мүшелердін көптеп қосылуы СТЖК- ң көпжақты сауда жүйесі экономикалық және сауда реформалары кезінде өзінін рөлін бекіткенін көрсетті.
Токио раундының, тарифтерді азайтуды алмағанда, шектеулі алға жылжуы киын жағдай туындай бастағанын көрсетті. СТЖК-ң тарифтерді азайтудағы табысы мен 70-80- жылдардағы экономикалық құлдыраулар мемлекеттерді экономика салаларын жоғарылап келе жатқан шет елдік бәсекеден қорғау жолдарын қарастыруға итермеледі. Жұмыссыздықтың жоғары деңгейі мен кәсіпорындардың көп санын жабу Европа және Солтүстік Америка елдерінің басшылығын бәсекелестермен нарықтарды бөлу жөнінде екіжақты келісімдер жасауға және ауылшаруашылық өнімді сатудағы өз деңгейін сақтап қалу үшін субсидияларға басты мүддесін коюға ынталандырды. Бұның барлығы СТЖК-ң беделі мен тиімділігін төмендетті.
Саудадағы жалпы жағдайдың нашарлауымен қатар, 80 ж. басына карай Жалпы келісім 40-ж. қарағанда. әлемдік сауданың нақты жағдайларын сәйкес емес екендігін көрсетті. Біріншіден, әлемдік сауда 40-ж. салыстырғанда анағұрлым кешенді болып келді, әлемдік экономиканың ғаламдастыру процесі жүргізілді, халықаралык инвестициялар кеңейді, ал СТЖК-ң ережелері тарамайтын қызмет көрсетулер әлем елдерінің кызығушылығын туғызып, әлемдік тауарларды сатумен тығыз байланысты болды. Басқа жақтарда СТЖК тиімсіз болып шыкты: мысалы. ауылшаруашылығындағы тауарларды сатуды либеризациялау еш нәтижеге әкелген жоқ, ал көпжақты жүйенің кемшіліктері кең түрде пайдаланды: жеңіл және киім өнеркәсәбінде СТЖК-ң қалыпты ережелерінен тыс талшықтың әртүрлі түрлері бойынша келісім жасау қаралды. Тіпті СТЖК-ң ұйымдық кұрылымы мен мәселелерді шешу жолдары тиімді болған жок.
Осы және тағы да баска факторлар СТЖК мүшелерін көпжақты жүйені кеңейтудің және тұғырландырудың жолдарын іздестіруге ынталандырды.
1.4. Уругвай раунды- жаңа жүйені жасау
Уругвай раундын жүргізу туралы ой 1982 жылы Женевада өткен СТЖК мүшелері-елдер министрлерінің кездесуінде туған. Мәселерді шешу және келесімге келу үшін төрт жыл мұқият жұмыс жасалды да, 1986 ж. қыркүйекте Пунта- дель- Эстеде министрлер қайта жиналды. Олар келісім сөз кеңістігіне барлық сауда саясатының шешілмеген мәселелерін алды, мысалы интеллектуалды меншік пен қызметтер саудасы. Бұл сауда келісім сөздері үшін жасалған ең ірі мандаттардың бірі еді және оны орындау үшін төрт жыл жұмсалды. (1.45)
1998 ж. қарай келісім сөздер «орта мерзімді шолу» деңгейіне жетті. Ол министрлер кездесуі ретінде Монреаль, Канадада өтті. Нәтижесінде раундтың екінші деңгейінде келісім сөздерді жүргізу мандатынын жасап шығарылуына әкелді. Министрлер алдын- ала нәтижелер бумасы жөнінде келісімге келді. оларға дамушы елдерге көмек ретінде тропикалық жемістер нарығына кіру рұксаты берілді және СТЖК мүшелерінің ұлттық сауда саясаты мен тәжірибесін бақылауға мүмкіндік беретін сауда саясатын бақылау механизмдері жөніндегі мәселелерді реттейтін жүйе жасауға алғашқы қадамдар жасалды.
1990 ж. желтоқсанында Брюссельде өткен министрлер кездесуінде ауыл шаруашылық өнімдер саудасы жөнінде келісімге келе алмауына байланысты раундты жалғастыру шешімі кабылданды. 1991ж. Женевада Пунта-дель-Эстеде қабылған мандаттың әр элементі (нарыққа енуден басқа ) бойынша құқыктық кұжаттары бар «қортынды акті» мәтінінің проектісі дайындалды. Келесі екі жыл бойы келісім сөздер нәтижесі белгісіз болды. 1993 ж. 15 желтоқсанында барлық мәселелер шешіліп, тауарлар мен қызметтердің нарыққа енуі туралы келісім сөздер шешілді. 1994 ж. 15 сәуірде Марракеште, Марокко өткен кездесу кезінде 125 елдің министрлері келісімге қол қойды……..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!