Сапарбаев 21 мың теңге жәрдемақының кімдерге берілмейтінін түсіндірді — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Бүгін үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға берілетін әлуметтік көмек туралы айтып, 21 мың теңгенің кімдерге берілмейтінін түсіндіріп берді.

Бердібек Сапарбаев

Министрдің сөзінен белгілі болғандай, отбасының жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан, яғни 20 789 теңгеден 10-15 теңге асып кетсе де, әлеуметтік аз қамтылған отбасы саналмайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz.

Өз сөзінде Бердібек Сапарбаев барлығы заң бойынша жүзеге асырылатынын атап өтті.

«Кірмей қалады, себебі тәртіп солай. Солай деп белгіленген. 20 789 теңге, одан аспауы қажет. Ал асып кеткен жағдайда, төленбейді», — дейді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға әр бала үшін 21 мың теңгеден беруді тапсырған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.


 

stan.kz