Асқар Мамин «Бәйтерек» холдингі директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды

0

Оған дейін бұл қызметті экс-премьер-министр Бақытжан Сағынтаев атқарған болатын.

ҚР Премьер-минстрі Асқар Мамин «Бәйтерек» Ұлттық басқарма холдингі» директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы KASE сайты жазды.

Холдингте жарияланған ақпаратқа сәйкес, директорлар кеңесінің төрағасы Бақытжан Сағынтаев директорлар кеңесінен шығарылған. Сонымен қатар директорлар кеңесінің мүшелері — Ұлттық банк төрағасының орынбасары Тимур Сүлейменов және Ұлттық банктің басшысы Ерболат Досаев аталған орындарды босатыпты.

Премьер-министр Асқар Мамин директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр директорлар кеңесінің мүшелері болып сайланды.

Қазіргі таңда «Бәйтерек» Ұлттық басқарма холдингі» директорлар кеңесі он адам құралған: Мамин, Смайылов, Жамаубаев, Қасымбек, Дәленов, Скляр, Арифханов, Клаус Мангольд, Томас Миров, Филипп Йео.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz