Студентінің баласын көтеріп тұрып дәріс оқыған профессор көпшілікті сүйсіндірді — Қазақстан жаңалықтары
[ad_1]
Америкалық колледжде математика пәнінің профессоры студенттерінің бірінің баласын көтеріп тұрып дәріс оқыды. Ол студентінің материалды алаңсыз жазуына мүмкіндік бергісі келген.
Бұл туралы CNN порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
1 наурызда Атланта қаласында тұратын 26 жастағы Уэйн Хейер Морхаус ерлер колледжіндегі алгебра сабағына 5 айлық қызын алып баруға мәжбүр болған. Студент бала күтушісін таба алмапты. Ал әйелі өз жұмыстары бойынша сыртқа шығып келуі керек болған. Осылайша, тестілеу алдындағы соңғы сабақтан қалғысы келмеген жас әке оқу орнына сәбиін алып барады.
Хейэр сабақтың алдында профессор Натан Александрдан кешірім сұрап, не болғанын түсіндіріп беріпті. Өз кезегінде профессор студентке көмек қолын созып, дәріс кезінде баласын ұстай тұратынын айтқан.
Хейэрдің топтастарының бірі кішкентай баланы көтеріп тұрып дәріс оқыған профессорды суретке түсіріп алып, желіде жариялап жіберген. Жазба бірнеше күннің ішінде 300 мың «лайк» жинады.
Желідегі жазбаны колледж президенті Дэвид Томас та көріпті.
«Бұл махаббат пен идеялықтың көрінісі. Бұл студенттерге деген махаббат пен олардың табысқа жету жолында кедергіге жол бермеуге тырысқанын көрсетеді», — дейді ол.
Профессор Александар сәбидің дәріс кезінде мазаланбағанын, тіпті соңында ұйықтап қалғанын айтты. Ол студентіне көмектескені үшін қуанышты екенін жеткізді.
«Ол екі жерде жұмыс істейді, күндізгі бөлімде оқиды, сыныптан тыс шаралармен айналысады, сонымен қатар бала тәрбиелеп отыр», — дейді Александр.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz