Сайрагүл Сауытбайды Қытайға қайтару талап етіліп жатқан жоқ — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Қытай Халық Республикасының өкілдері Қазақстанның бас прокуратурасынан этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайды қайтаруын сұраған жоқ. Бас прокуратурадағылар осылай дейді, деп хабарлайды Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz.

Сайрагүл Сауытбай

Еске сала кетсек, Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен Сайрагүл Сауытбайдың төңірегіндегі дау өткен жылдың көктемінде туындаған еді. Оның ісі сотта қаралып, 6 айға шартты түрде қамау жазасына кесілді. Себебі әйел отбасымен қауышу үшін шекараны кесіп өткен.

Осыдан кейін Сайрагүл Сауытбай өзіне босқын мәртебесін беруді сұрады. Босқын мәртебесін ала алмай жүрген әйел таяуда елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жазып, көмек сұраған еді.

Ол Қытайда «саяси қайта тәрбиелеу лагерінде» болғанын айтты. Оған бұл туралы айтуға тыйым салынған. Ол ақпарат таратқаны үшін өмірімен жауап беруі мүмкін. Себебі ҚХР-да бұл үшін өлім жазасына кесу қарастырылған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz