2019 жылғы әлем чемпионатының билеттері сатыла бастады

0

Бүгін шайбалы хоккейден 2019 жылғы Әлем чемпионатының матчтарына билеттер сатыла бастады.

Билеттер онлайн-сатылым сервисінде қолжетімді. Билетке қол жеткізу үшін жанкүйер барғысы келетін матчты, содан кейін секторы мен қатары, орынын таңдап алуы керек.

2019 жылғы Әлем чемпионатының ұйымдастырушы комитеті билеттің бағасы Құрлықтық хоккей лигасындағы «Барыс» матчының бағасынан артық болмайтынын хабарлайды.



Дереккөз: prosports.kz/kz