Ерлі зайыптылардың миына 10 минуттық саяхат
Ер адам:
— Әйелім дәмді тағам әзірлеп қойса екен. Қарнымның ашқаны-ай…
— Дүкеннен не аламын?
— Жақсылап ұйқыны қандыру керек болды. Қатты шаршадым…
Әйел адам:
— Бала жылап қалмады ма екен?
— Кешегі ісігі қайтты ма екен?
— Балабақшадан кім алды екен?
— Бүгін балабақшадан тамақ жеді ме екен?
— Жаурап қалмады ма екен?
— Күйеуім жұмыстан келіп қойған да шығар…
— Қарны аш шығар, не тамақ істеп берсем екен?
— Әлде тамақ жеп келді ме екен? Бірақ қайдан жейді?!
— Таңертең кірді жаймай кетіппін, иісі шығып қалған шығар…
— Мұздатқыштағы етті шығарып қоя сал демеппін ғой. Ол енді қай уақытта ериді?
— Ертең бүгіннен де ерте тұрып, шығу керек!
— Фериха қайтер екен? (Сериал кейіпкері)
— Кіре беріс шашылып жатқан шығар…
— Қоқысты төгуді де ұмытыппын…
— Телефонымның қуаты таусылайын деп тұр.
— Ертең биік аяқ киім кимеймін, аяғым бүгін әбден ауырды.
— Мына күртешемді бүгін жуа салайын. Жоқ, ертең жұма ғой. Ертең жуайын. Жоқ, сенбі жусам да дүйсенбіге дейін кебеді ғой.
— Үйде нан бар ма екен?
— Телефоным да өшіп қалды-ау…
— Үйді бүгін бір тазалап алайын.
— Тамақтарын беріп болған соң, суға түсіп алайын.
— Бүгін – шашыма балдан маска жасайтын күнім.
— Тамақ қалса, жұмысқа салып әкетіп жүрейін. Әйтпесе күн сайын түскі асқа кем дегенде 500 теңге кетеді екен.
— Мына маршруттың ішінен жағымсыз иіс шыға бастады.
— Осы аялдамадан түсіп қалып, ана дүкенге кіріп шығайын.
— Мына қыздың сөмкесі әдемі екен.
— Кептелістен де шаршадым…
Аталған ойларға келісесіз бе? Әлде сіздің де бұған алып-қосарыңыз бар ма?