Моңғол империясы — Тарих

0

Татар-моңгол
тайпаларының саяси жағынан басын
біріктіріп, Моңғол
феодалдық мемлекетінің негізін салу
шы Темучин болды. Ол тарихтағы бір
деректер бойынша 1162 жылы, екінші бір деректер бойынша 1155 жылы ірі ноян Есугай баһадүрдің отбасында туған. Темучин
ер жете
келе негізгі қарсыластарының барлығын жеңіп, Моңғолдың бүкіл
тайпаларын өзінің қол астына біріктірген. 1206 жылдың көктемінде Өнан өзенінің
сағасында Темучинді жақтаушы-моңғол ақсүйектерінің құрылтайы болып, онда ол
салтанатты жағдайда Шыңғысхан деген атпен моңғолдардың әміршісі болып
жарияланды. Осыдан кейін Темучин өзін хан көтерген ақсүйектердің қүлкынын
тойғызу мақсатында көрші елдерді жаулау, оларды талау-тонау үшін үлкен әзірлік
жүргізді.

Шыңғысхан әскери-ұйымдастыру принципін мемлекеттік
құрылыстың негізі етіп алды. Елдің бүкіл жері мен халқы он қанат /барунғар/,
сол қанат /жоңғар/ және орта-лық /гол/ атты үш әскери әкімшілік округке
бөлініп, әрбір округте он мың адамнан
түратын бірнеше түмгелер /түмен
дер/ болды. Олар өз кезегінде
«мыңдық», «жүздік», «он-дықтан» кұрылды.

Өте қатал тәртібі, мүқият қүрылымы бар әскер басында моңғолдардың
феодалдық жоғарғы тобының өкілдері-нояндар,
багадурлар, мергендер, сечендер түрды. Шыңғысха
нға бұлардан басқа, өзіне
шын берілген, 10 мың таңдаулы жауынгерлерден түратын кешігі /ұланы/ қызмет
етті. Онын көмегімен Шыңғысхан нойондар мен феодалдарды өзіне тәуелді етіп
үстады.

1207-1208 жылдардың қысында
Шынғысханның үлкен баласы Жошы Енесей қырғыздарын және Сібірдін оңтүстігіндегі басқа да «орман
халықтарын» бағындырды.
1208-1209 жылдары Шыңғысхан
әскерлері тұтқиылдан шабуыл жасап, таңғұттық Си Ся мемлекетін күйретті.
Шыңғ-ыстың қаһарынан сескенген қазіргі Шығыс Түркістан аймағындағы ұйғырлар
моңғолдарға ез еркімен бағынды. Олардың ел басшысы Баршық өзін Шыңғысханның
боданымын деп мойындаған. 1211 жылы Шыңғысханның қолы Солтүстік Қытайға бет
алды, 1215 жылы олар сол кезде Цзинь
мемлекетінің астанасы болған Чжундуды /Пекинді/
бағындырды.

Қытайда моңғолдар соғыс ісінің сол
замандағы жоға
рғы техникасымен танысты. Қытайдан көптеген қару-жарақ,
қамал бұзатьш машиналарын және оны қолдана білетін адамдарды, қолөнершілерді
алған. Шыңғысхан өз әскерінің санын
көбейтіп, жауынгерлік дайындығын одан ары
жетілдірді.

Сөйтіп, ол Шығыс Еуропа мен Алдыңғы Азияға жол ашатын Орта
Азия мен Қазақстанды жаулап алу жорығына жан-жақты әзірленді. Бүл үшін ол
мүсылман көпестерінен, моңғолдардың қол астында болған босқындардан мәліметтер
алып, Қарақытайлар мемлекетінің, содан кейін Хорезм шахындағы ішкі жағдай мен
әскери күштер туралы деректерге қанықты, соның негізінде ойластырылған іс-қимылдың бағдарламасын жасады.

Шыңғысхан Қазақстан мен Орта Азияға жорықты Жетісу арқылы
жүргізбекші болды. Өз басының жеке жауы най-манның ханы Күшлік ханды талқандап,
бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған 1218 жылы Жебе ноян бастаған
әскер тобын жіберді. Жетісуды Шыңғысхан әскері қарсылықсыз оңай басып алды.
Моңғолдарға қарсы түруға жарамай қашып кеткен Күшлік ханның мұсылмандарды
қудалауы, қаталдығы, жігерсіздігі, салықпен
зар илеткен зорлық-зомбылығына ыза
болған жергілікті халық Шыңғысханға мойын
ұсынатынын білдірді. Жетісуды бағындырғаннан кейін Шыңғысханның Мәуеренахрға,
сол кезде бүкіл Орта Азияны билеп отырған Хорезм мемлекетіне қарсы жорыққа жолы
ашылды. Көп кешікпей оған сылтауда табылды. 1218 жылы көктемде Шыңғысхан Орта
Азияға сауда керуенін жіберді. 500 түйеден тұратын керуенінде монғол
жансыздарын қосып есептегенде барлығы 450 адам болатын. Көп адамы бар керуен
1218 жылдың жазында Отырарға келіп жетті. Отырардың билеушісі Қайырхан Иналшық
көпестерді тыңшылық жасады деп күдіктеніп, оларды олтіруге бүйырды. Шыңғыс-хан
Хорезм шахынан Қайырханды ұстап беруді талап етті. Бірақ Хорезм шахы бүл талапты орындамады, Шыңғысхан жіберген
елшілерді олтіруге әмір берді. «Отырар апаты» деп аталатын бүл тарихи
оқиға Шыңғысханның Хорезмге қарсы соғысын
тездетті.

Орта Азияны бағындыру үшін Шыңғысхан өзіне тәуелді
елдерден алған жасақтармен қоса жалпы саны 150 мыңға дейін адамы бар қалың
қолды бастап шықты. Моңғол әскері Отырарға таяп келгенде моңғолдардың басшысы
Шағатай мен Үгедей бастағаи бірнеше түменді қаланы қоршау үшін қалдырып,
әскерлердің Жошы бастаған басқа бір шоғырын
Сыр бойымен төмен бағыттады. Жебе мен Сүбедей
басқарған үшінші шоғырға
Сырдарияның жоғарғы ағысы бойындағы қалаларды бағындыру міндетіп жүктеді.
Шың-ғысхан кіші үлы Төлеймен — екеуі әскердің негізгі күштерімен Бүхараға беттеді.

Хорезмнің шахы Мүхаммед моңғолдарға қарсы түруға дайын
емес еді. Өзін онша жақсы көрмейтін жергілікті феодалдардың күш біріктіріп
езіне қарсы шығуынан корық-қан ол оскери күштерді әр қалаға бөліп үстап
отырған. Мүның өзі Шыңғысханға қалаларда түрған шағын-шағын шоғырларды оп-оңай
қарсылықсыз қүртып жіберуге мүмкіндік
жасады.

1219 жылдың күзінде Шыцғысхан орасан зор армияны бастап
Жетісу арқылы Мәуеренахрға аттанды. Оңтүстік Қазақстанның жергілікті халқы
моңғол басқыншылығына қатты қарсылық көрсетті. Мүнда Шыңғысхан әскерлері Отырар
қаласына келіп, оны қоршауға алды. Қайырхан ба-сқарған қалада 80 мыңдай әскер
бар еді. Отырар қорғаны-сы Қазақстан мен Орта Азияның халык бүқарасының моңғол
басқыншыларына қарсы жүргізген ерлік күресінің айқ-ын көрінісі болды.
Қарамағында қамал бүзатын техника-сы, соның
ішінде жанып кететін күбіршіктер, ататын ма
шиналары болса да, моңғолдар
бүл қаланы алты ай бойы ала алмады.Қаланың
қүлауына опасыздық себеп болған еді.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!