Менің Астанам балабақшадағы ашық сабақтар

0

Менің Астанам

 

Ашық сабақтың тақырыбы:  Менің Астанам
Ашық сабақтың мақсаты: 1.Республикамыздың қалай аталатыны қазіргі орталығы бас қаласы туралы мағлұмат беру. 2.Астана ,Отан туралы өлеңді мәнерлеп айтуға баулу. 3.Астанадағы әсем көрікті жерлерді көре білуге, әсемдікті сезіне білуге баулып, мақтаныш сезімдерін ояту.
Көрнекіліктері: Астана қаласының көрнекі жерлерінің суреттері, бейнетаспа.
Тәрбиеші: 
—    Біздің еліміз қалай аталады?
—    Қазақстан Респуликасының елордасы қай қала?
—    Елордамыз Астана қаласы.
      Астана туралы мәлімет беру.
— Кім Астанаға барды? Астана қаласының қандай көрікті жерлеріне бардыңдар? Балалар бейне таспаға қараңдаршы, суретте не көріп тұрсыңдар? Бәйтерек Астананың басты белгісі. Парламент үйі, Өкімет үйі. Астана циркі. Мұхит аралдары бар.
Ортаға тәрбиеленушілер тақпақтарын айтады.
1-бала: Астана бас қала,
              Жолдары тап таза,
              Шамдары жарқырап,
              Жайнайды бас қала.
2- бала: Мағыналы сымбатты,
               Бар осындай бейнеміз,
               Маған, саған қымбатты
               Елтаңбасы елденбіз.
3- бала: Болашаққа бастаған,
               Шарықтайды асқақ ән.
               Елордасы Отанның,
           Мақтанышым – Астанам.
Ән: «Отан менің ,Астанам»!
Би: «Қаражорға»
—    Балалар кім рәміздер туралы біледі?
—    Жанел: Қазақстан Республикасының туы тік бұрышты, көк түсті. Тудың ортасында қалықтап ұшқан қыран құс бейнеленген. Матаның сол жағында үлттық өрнек салынған.Тудың ені 1 метр, ұзындығы 2 метр.
Тәрбиеші: балалар мен сендерге бәйтеректің суретін таратып берем ал сендер әдемілеп бояп бересіңдер.(балалар өз қалауынша бояп береді)
Суретті әдемілеп бояп бітірген балаларды мадақтау.
Ашық сабақты қорытындылау.
«Ойлан, тап» дидактикалық ойыны. Шарты: А,с,т,а,н,а дыбыстарынан басталатын сөздерге сөз құрастыру.
А — ана,алма,…
С – сағат,..
Т — тай, тал,..
А — асыл,ара,..
Н — нан, нар,..
А — ана, алқа,..

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!