Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақтан және бибітшілік үшін саяси әріптестік

0

Мазмұны

Кіріспе………………………………………………………………3
І – тарау. Бейбітшілік идея және құрал ретінде
1.1. Саяси ілімдер тарихындағы бибітшілік идиялары………………………….7
1.2. Әлемдегі бибітшілік үшін күрестер………………………………………………….19
ІІ — тарау. Қазақстанның бибітшілік саяси әріптестігі
2.1. Қазақстанның ядросыз мемлекетке айналуы…………………………………..27
2.2 Қазақстанның ЕҚЫҰ – на төрағалық етуі және аймақты бибіт саясат орналған қосқан үлесі……………39
Қорытынды ……………………………………………………………………………………………54
Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………………………………56

Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Осыдан дәл он жыл бұрын Қазақстан халқының еркіне сай әлемдегі ең ірі ядролық полигондардың бірі жабылды.
Біз, қазақстандықтар ядролық полигонды жабу арқылы алапат қарудан өз еркімен бас тартуымыз елімізге деген құрмет пен сенімнің көрінісі деп бағалаймыз. ядролық қауіпсіздіктің XX ғасырда екі полюсті әлемге лайықталып қалыптастырылған халықаралық жүйесі жаңа геосаяси жағдайға шыдас бере алмады, ядролық қарудың «жер бауырлап жылжу» процесін тоқтатуға шамасы келмеді. Осының бәрі ядролық қарудың одан әрі «жылжуына» жол бермеу, оның таралуын бақылаудың халықаралық жаңартылған жүйесінің құрылысы жөніндегі дүниежүзілік қауымдастықтың күш – жігерін жандандыруды талап етеді. Бүгінде ядролық қаруды таратпау мәселелері біздің еліміздің халықаралық сахнадағы басты басымдықтарына жатады. Қазақстанның қазіргі жаһандық қауіпсіздік жүйесінің құқықтық негізін құрайтын маңызды құжаттардың бірі- Ядролық қаруды таратпау шартына 1993 жылы қол қоюы және БҰҰ бас Ассемблеясының 51- сессиясында 1996 жылғы 24 қыркүйекте ядролық қаруды сынауға жаппай тыйым салу шартына қосылуы ел таңдауының табиғи жалғасы ретінде қабылданды [1].
Күштердің ара салмағы бұзылды, ядролық қару «үлкен» бестіктің ғана меншігі болудан қалды. Бұл қаруды таратпау жөніндегі жұрттың бәрі қабылдаған, енді бұзылмастай көрінетін тәртіпке қарамастан, ядролық қаруға ие елдердің саны арта түсті.
Қазақстанның егемен ел ретінде қалыптасуы өткен ғасырдың 90 -жылдарындағы аталған күрделі геосаяси жағдайда өтті. Ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін дүниежүзілік қауымдастықтың алдындағы айрықша жауапкершілігін сезінгендіктен де Қазақстан жалғыз дұрыс шешім екендігін кейіннен өмірдің өзі көрсетіп берген күрделі қадамға барды.
Осыдан дәлме — дәл он жыл бұрын, 1991 жылғы 29 тамызда мен Қазақстан жерін жарты ғасырға жуық уақыт бойы азапқа салып келген Семей ядролық полигонын жабуы Бүгінде ядролық қаруды таратпау мәселелері біздің еліміздің халықаралық сахнадағы басты басымдықтарына жатады. Қазақстанның қазіргі жаһандық қауіпсіздік жүйесінің құқықтық негізін құрайтын маңызды құжаттардың бірі- Ядролық қаруды таратпау шартына 1993 жылы қол қоюы және БҰҰ бас Ассемблеясының 51- сессиясында 1996 жылғы 24 қыркүйекте ядролық қаруды сынауға жаппай тыйым салу шартына қосылуы ел таңдауының табиғи жалғасы ретінде қабылданды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстан қауіпсіздігін талдау ісінде саяси жүйенің елдегі экономикалық базаға барабар келмеуінің ұлғаюы және осыған қоса ішкі-сыртқы саяси жүйеде барған сайын наразылықтардың өрши түсуі тұтқалы мәселе ретінде қалып отыр. Біздіңше, қазіргі жағдайда «саяси қатер» дейтін ұғымның өзі әлдеқайда кеңірек түсіндіруді тілейді. Саяси қатерді тек «кейбір саяси шешімдердің, оқиғалар мен жағдайлардың коммерциялық ахуалға инвесторлар пайдадан айрылып қалатындай әсер етуінің» ғана ықтимал көрінісі деп қарауға болмайды. Ол неғұрлым кең мағынада қоғамның экономикалық және саяси құрылымындағы құйқылжыма ара-қатынастың бұзылу мүмкіңдігін де білдіреді.
Зерттеудің мақсатымен міндеттері. Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысы халықаралық қабылдаған нормаларын өзінде нақтылы көрсеткен соғыстан кейін тарихтағы өзінше бірден-бір құжат 1990 жылы басынан жалпыға бірдей бейбітшілікті қамтамасыз ртуге бағытталған Біріккең Ұлттар Ұйымының барлық қайырымдылық істерінде біздің жас республикамыз белсенді рөл атқарады. Біріккен Ұлттар Ұйымының «жұмысына қатысу әрбір мемлекетке өзінің ресми позициясын баяндауға ғана мүмкіндік бермейді, сонымен бірге мемлекет басшылары, сыртқы істер министрлері, әр елдердің жауапты өкілдері арасында байланыстар орнатуға және ресми емес келіссөздер мен пікір алысулар жүргізуге мүмкіндік береді [2]. Ал мұндай ресми емес кездесулер қазіргі заманғы дипламатияда маңызды мәнге ие. Олар қайсыбір мемлекеттің көзқарасы. мен ниетін жақсырақ анықтауға, күрделі және маңызды халықаралық мәселелері жөнінде оның ұстанымын түсінуге көмектеседі. Біріккен Ұлттар Ұйымы жалпыға бірдей бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтаудың ұжымдық құралы ретінде қарастыра отырып, барлық бейбіт сүйгіш күштер Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметінің нәтижелі болуына ұмтылады, онысалмақты әрі беделді түрде көргісі келеді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. 1.Соғысты әділетті жәнс әділетсіз деп бөлген ол, «барлық соғыстың басталуы құқықтың бұзылу салдары» деп түсіндіреді. Әділетті соғыс деп Г. Гроций қорғаныс, мемлскеттің тұтастығын сақтау және дүние-мүлікті қорғау соғыстарын ал әділетсіз соғыстар деп басқыншылық, басқаның дүниесін тартып алу,басқа халықтарды бағындыру жолындағы соғыстарды айтады. Ядролық қарудан бас тарту Қазақстанның өз тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап бейбітшіл сыртқы саяси бағытты таңдап алуымен де байланысты [3].
2.Салықаралық ұйымдардың ғаламдық проблемаларын шешудегі орны мен ролі атап айтқанда: экологиялық, аштықпен, жұқпалы аурулар проблемаларын шешу жолдарын анықтау .
-Қазіргі таңда Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымымен арасындағы қарым -қатнасын зерттеп оның ғаламдық проблемалары мен мэселелерін шешудегі, атқарып жатқан жүмыстарын анықтау.
-Еуропалық одақ пен Қазақстанның ынтымақтастығын анықтау, олардың экологиялық қауіпсіздік проблемаларын шешу жолдарын анықтап түсінік беру, жэне бұл ұйымның антитеррористік экстремизм мен ланкестікке қарсы күресін анықтау.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтығын анықтап түсіндіру және де терроризм экстремизмге қарсы күресін анықтау, және экологиялық аймақпен атап айтқанда Семей мен Арал аймақтарына жүріп жатқан іс — шараларын анықтау.
3. Алайда — ХХІ ғасырды азаматтық ядролық қатерден құтылатын ғасырана айналдыру мақсатын көздейді.
4. Қазақстанның 2009 жылы ЕҚЫұ — ға төрағалыққа деген ниетін ашық мәлімдеген жалғыз мемлекет болып табылмақ.
Зерттеудің объектісі. Осы акт арқылы біз халықаралық қауымдастыққа өз сыртқы саясатымыздың ашықтығын, өзіміздің зорлық — зомбылық пен әскери қатерден азат бейбітшілікті жақтайтынымызды көрсетіп бердік.
Қазақстан ядролық қарудан бас тартуымен жай халықаралық бедел алып қана қойған жоқ. Біз ядролық державадардан — АҚШ – тан, Ресейден, Ұлыбританиядан, Франция мен Қытайдан аумақтық тұтастығымыз бен біздің егемендікті қүрметтеудің берік кепілдерін алдық.
Бүгінде Қазақстанның ядролық қарусыз мәртебесі — бұл біздің шекарамыздың бүкіл өлшемдері бойынша бейбітшілік пен қауіпсіздіктің негізі болып табылады.
Бұл Қазақстанның басқа елдермен жемісті ынтымақтастығының нақты мүмкіндігі.
Сондықтан да осы ынтымақтастықты біз еліміз аумағындағы ядролық сынақтардың салдарын жою саласында да кеңейте түскіміз келер еді.
Бүгінде Қазақстан ядролық сынақтардың салдарын жою проблемасын негізінен дербес шешуде. Іс жүзінде біз полигонга байланысты өз проблемаларымызбен бетпе – бет қалып отырмыз.Алайда XXI ғасырды адамзаттың ядролық қатерден құтылатын ғасырынаайналдыру мақсатын көздейді.
Қазақстан ЕҚЫҰ-ға 2009 жылы төрағалық ету кандидатурасы жөнінде мәлімдеді. Бұл мәселе жылдың аяғына дейін шешілуі тиіс. Шындығында да, біздің мәлімдемемізге көзқарасы түзу мемлекеттер баршылық. Олардың есептеуінше, бұл мәлімдеме, бір жағынан, ЕҚЫҰ үшін және Қазақстанның өзін-өзі таныту үшін және қолайлы мүмкіндік болып табылады Қазақстанның 2009 жылы ЕҚЫҰ –ға төрағалыққа деген ниетін ашық мәлімдеген жалғаз мемлекет болып табылмақ [4].
І — тарау. Бейбітшілік идея және құрал ретінде.
1.1. Саяси ілімдер тарихындағы бейбітшілік идеялар
Ілімдер тарихында бибітшілік насихаттау жөнінде Томас Гоббс пен Джон Локктың және Голландияның әлем таныған ойшылдары Гуго Гроций мен Барух Спинозаның еңбектерінен айқын көрінді.
Гуго Гроций жаңа заманның (табиғи және халықаралық құқықтың) мемлекет және құқық туралы ерте буржуазиялық ілімінің негізін қалаушылардың бірі, Голландияның әйгілі заңгері және саяси ойшылы. Ол жан-жақты білім алған, мемлекет және құқық тарихы, соғыс және бейбітшілік мәселслері және ғылымның басқа да салалары бойынша 90-нан астам онімді еңбек жазған талантты автор. Оның басты еңбегі мемлекет, саясат, құқық мәселелері туралы кең көлемді шығармалары «Соғыс жене бейбітшілік құқығы туралы», «Ерікті теңіз туралы», «Табиғи құқықтар мен халықтар құқығы», сонымен бірге бұқаралық құқық принциптері түсіндірілетін үш кітабында толығырақ қамтылды.
Жаңа қалыптасқан буржуазиялық құқықтық көзқарастың алғашқы өкілдерінің бірі ретінде Г. Гроций феодализмнен капитализмге өту және буржуазиялық қоғамның орнығу дәуіріндегі мемлекеттік форманың ішкі өмірі мен халықаралық қарым-қатынас принциптерін құқықтық тұрғыдан түсіндіруге және оны ғылыми талдауға ұмтылды. Алдына қойған мақсатына жету жолында Г. Гроций таңдаған тақырыптарын соңына дейін түсіндіре алу үшін әртүрлі жағдайда не істеуге болатындығын, оларды қалай шешу керсктігін саясаттан тыс әділдік пен құқық негізінде шешуді ұсынды.
Құқықтану саласы Гроций үшін құқық және әділдік, ал саяси ғылым мақсаттылық пен пайда мәселелері болып табылады. Ол құқықтануға ғылыми форма беру үшін оның табиғаттан пайда болуы мен қолдан жасалу шекарасын анықтау керектігін айтады. Өйткені, қолдан жасалған құқықтар уақыт ағымына қарай езгермеді келеді (мысалы, мемлекеттің келісім арқылы орнығуы, мемлекеттік зандар, халықтар құқығы және т.б.), ал табиғаттан шыкқан құқықтар яғни, табиғи құқықтар барлық уақытта өз күйінде қалады. Сондықтан ол заңтануда өзінің ерік қайнар көзі бар «табиғи, өзгеріссіз» бөлігін басқалардан айыра білу қажеттігін атап көрсетеді.
Адамдардың түрлі кәсіппсн, қолөнермен, өнермен шұғылдануы, бұрынғыдан әдемірек тұруға тырысуы алдымен жылжымолы мүлікке, кейіннен жылжымайтын мүлік арасында өзара бөлінске алып келді. Дамудың осындай нәтижесінде жеке меншіктің пайда болуын Г. Гроций олардың «әлдебір келісімі» немесс ұғынуы, әлде олардың үнсіз исленуі, яғни, олардың әрқайсысының өздеріне алып үлгерген меншіктеріне бәрінің келісуі деп түсіндіреді.
Табиғи құқықтың іске асуының ішкі лошкасы және табиғи даму қалпының сыртқы-оқиғалық жақтары «адамдардың мемлекетке бірігуіне» әкелді, олар құдай әмірімен емес, адамдардың өмір тәжірибесі мен олардың әділетсіздікке қарсы жеке дара күресінің әлсіздігінен ерікті түрде бірікті. Мемлекеттік билік те өзінің түп-тамырын осыда алады. Г. Гроций қағидасы бойынша мемлекет өзінің әлеуметтік мағынасы жөнінен көпшіліктің азшылыққа қарсы келісімі, әлсіздср мен қаналушылардың күштілер мен дәулеттілерге қарсы одағы ретінде көрінеді [5].
Г. Гроцийдің саяси-құқықтық ілімінің едәуір бөлігі халық аралық қатынастарға, әлемдік бейбітшілік мәселелеріне арналған. Ол бүгінгі күннің ең маңызды мәселесі бостандык пен бейбітшілік мәселесі деп есептеді (алықаралық қатынастарды, әсіресе соғыс және бейбітшілік мәселелерін құқықтық реттеу мен бекіту қажеттігі туралы ой айтқан Г. Гроций соғыс пен құқықтың сәй-кессіздігі туралы кең тараған түсінікті сынға алды. Оның айтуынша, соғыс табиғи құқыққа қайшы келмейді, өйткені «әркім табиғи түрде өз құқығын қорғаушы, сол үшін де біздерге қол берілген». Соғысқа, сондай-ақ, құдай заңы бойынша да, халықтар заңы бойынша да тиым салынбаған. Бірақ Гроцийдің көзқарасы барлық соғыстың әділетті екендігін білдірмейді.
Соғысты әділетті жәнс әділетсіз деп бөлген ол, «барлық соғыстың басталуы құқықтың бұзылу салдары» деп түсіндіреді. Әділетті соғыс деп Г. Гроций қорғаныс, мемлскеттің тұтастығын сақтау және дүние-мүлікті қорғау соғыстарын ал әділетсіз соғыстар деп басқыншылық, басқаның дүниесін тартып алу,басқа халықтарды бағындыру жолындағы соғыстарды айтады. Ол әділетсіз соғысты жүргізушілер «өздерінің жасаған зұлымдық әрекеттері мен зардаптарынан болған шығынды» төлеуге тиіс деп есептеді. Олар соғыстың барлық ауыртпалығы мен зардаптары үшіті адамзат алдында жауапты. Оның әлемдік қауымдастықтың жаңа түрін қалыптастырудағы халықаралық құқық туралы еңбектері оған «халықаралық құқықтың атасы» деген атақ берді. Гуго Гроций «Ерікті теңіз туралы» (1609) еңбегінде «теңіздің еріктілігі» теориясын сол кездегі халықаралық жағдайдың тәжірибесін пайдалана отырып жан-жақты негіздеп берді. Оның бұл теориясы голландиялық көпестер олигархиясының отарлық және сыртқы саудадағы үстемдік жағдайын заң жағынан бекітті және мемлекеттердің өзара шарттық қарым-қатынастарының принципіне негізделгсн теорияны анықтады. Оның құқықтық концепциялары сол замам үшін прогресшіл болғанымен, саяси көзқарастары туралы бұлай деп айта қою қиын. Мемлскеттік өкіметті ол өкілді органдар мен монархтарға тиісті деп санады, ал халық билігі мен оның қажеттілігі туралы ештеңе айтпады. Ол халықтың өмір сүріп тұрған билік формасына қарсы көтеріліс жасау құқығын тек тирандық билікке қарсы, бүкіл ұлтты азапқа салу мен құртып жіберу жоспарына қарсы ерекше жағдайда ғана қолданыста болады деп есептелді.
Соғыс дсген не, құқық деген не?
Ортақ ішкі мемлекеттік құқықпен байланыстырылмаған адамдардың барлық өзара даулары соғыс пен бейбітшілік ахуалына қатысты; әлі халық болып бірікпеген немесе әр түрлі халықтарға жататын адамдардың — жеке адамдардың да, тақсырлардың өздерінің де, сондай-ақ соңғылар мен құқықтары тең адамдардың, атап айтканда — атақты тектен шыққандар мен респуб-ликалардағы еркін азаматтардың даулары осындай. Ал соғыстар бітім жасау үшін жүргізілетіндіктен және соғыстың тұтануына апарып соқтырмауы мүмкін дау жоқ болғандықтан, соғыс құқығын баяндауға орай әдетте соғысқа ұласатын қандай алауыздықтар туындайтынына тоқталған жөн. Соғыстың өзі болса одан кейін бізді өзінің түпкі мақсаты ретіндегі бейбітшілікке жеткізеді [6]. ІІ Біз соғыс құқығын түсіндіруді ниет еткендіктен, сөз болып отырған соғыс дегеніңіз не және мәселе етіп қойылған құқық дегеніңіз не деген мәселені зерттеу қажет. Цицерон соғыс дегеніміз күш жарыстыру деп кесіп айтады. Соғыс дегеніміз күш қолданып күресу ахуалы. Осынау ортақ ұғым кейініректе сөз етілуі тиіс кез-келген соғысты камтиды. Әділдіктің бір түрі теңдестер арасындағы қарым-қатынастан, ал екіншісі — басыңқылар мен бағыныштылар ара-сындағы қарым-қатынастан тұрады. Сондықтан осы соңғы түрді үстемдік құқығы, ал біріншісін — теңдік құқығы деп атасақ, біздің қателесуіміз екіталай.
Ерте буржуазиялық саяси және құқықтық ілімінің дамуына сондай-ақ қоғам, мемлекет, билік мәселелеріне XVII ғасырда өмір сүрген Голландияның ұлы философы және саяси ойшылы Барух (Бенедикт) Спиноза қомақты үлес қосты. Оның саяси-құқықтық тақырыптағы басты еңбектері «Діни-саяси толғау», «Саяси трактат», «Декарт философиясының қағидалары», «Геометриялық әдіспен дәлелденген этика».
Қажеттілік үшін пайда болатын табиғат құбылыстарын танудың ең тиімді, ен оңай жолы ретінде Спиноза дедуктивті аксиомалық математикалық тәсілді ұсынды. Оның философиялық ілімі бойынша барлық материалдық денелер мен құбылыстарды біріктіретін ұғым түпнегіз болып табылады. Осы түпнегізді іздеуді Спиноза себептіліктен табуға тырысады. Осындай көзқараста болған ол табиғаттың да, адам өмірінің де себептілік заңына бағынышты екенін дәлелдеу үшін ойлаудың математикалық тәсілін қолданады. Оның айтуынша, «адамдар өзін дүниеге келген күннен бастап еріктімін» деп санайды, бірақ шындығында олай емес. Өйткені, адамдардың күнделікті іс-әрекеттері де себептілікке бағынады. Себептілік бар жерде зандылық бар.
Спиноза «Діни-саяси толғау» трактатында Библияның ғылыми сынының негізін салды. «Екі ақиқат» концепциясын басышлыққа алған ол нағыз шындықты танып білуде Библияның көл егі шамалы деп есептеді. Оның айтуынша, адамдардын шындықты тек Библия мен шіркеу догмаларынан ғана іздеуі олардың адасуына және өздерінің құқықтарын пайдалана алмауына әкеліп соғады.
Шындықты іздеудің бірден-бір жолы Сипиноза ілімі бойынша ақыл-ой мен сана ғана болып табылады. Ал мемлекет және құқық мәселелерін қарастырғанда оны танудың сол саладағы өзіндік ерекшеліктерін ескеру қажет деп есептеді. Ол бар барлық мүмкін заттарды» «зандылық арқылы дәлелденетін» және ешбір жағдайда дәлелдеуге келмейтін моральдық ақикат» негізінде қабылданатындар деп екіге бөлді. Спиноза табиғат заңдарын адам санасы жете алған құдай шешімі ретінде сипаттайды. Оның табиғи құқық туралы тұжырымы да табиғат заңын осылай түсінудің нәтижесі екендігінен білу қиын емес.
Спиноза бойынша адам — табиғаттың бір бөлшегі —, адамға және барлық табиғатқа табиғи зандылықтар мен қажеттіліктер бірдей дәрежеде тән болып табылады. Табиғи құкық ешкім қажет етпейтін және ешкім істей алмайтын нәрсеге ғана тиым салады. Табиғат дүниесі және табиғи құқықтар бойынша адамда бір-біріне жау.
Спинозаның айтуынша табиғи жағдайда (адамдар, табиғатың басқа да тіршілік иелері, ақылды, ақылсыз, күшті, әлсәз) барлық нәрсенің өз қалауы бойынша бүкіл тіршілігі бірдей және сондай негізде құкыққа ие болуы жағынан да тең дәрежеде. Бірақ бұл табиғи құқықтардың көлемі мен мазмұны әртүрлі адамдарда (басқа да тіршілік иелерінде) олардың дене мөлшері мен күйіне қарай әртүрлі болып келеді. Бірақ барлық адам үшін жалпы құқық орнықпаған табиғи жағдайда олардың қауіпсіз өкірі мен мақсат-мүдделерін жүзеге асыруы мүмкін емес. Табиғат жәнс табиғи кажеттіліктің өзі адамдардың қиын жағдайдан шығу мүмкіндіктерінің жолын қарастырған. Яғни, жалпы үйлесімділікпен адамдардың қоғамға және мемлекетке бірігуіне жағдай жасалып отырады.
Спинозаның ойынша саясат туралы бұрынғы ілім авторлар қателігі адам табиғатын зерттеудегі адамдарды табиғи күйінде емес, оларды өздерінен қалай көргі келгендігінен болып табылады. Осындай қателік салдарынан олар саясат теориясын жасай алмады да, армандаған «алтын ғасыры» мен «Күн қалалары» сол заманда жүзеге аспады.
Адамзат тарихының тәжірибесіне сілтеме жасай отырып, Спиноза барлық адамдар әрдайым бір-бірімен қарым-қатынаста болып, белгілі бір азаматтық жағдайда қатар өмір сүреді деп атап көрсетті. Сондықтан да мемлекеттің, табиғи негізі мен себебін ақыл-сананың нәтижесінен емес, жалпы табиғаттан немесе адамдар қатарынан іздеу керектігін айтады [7].
Азаматтық қоғамның айрықша белгісі — жоғары биліктің, яғни мемлекеттің бар болуы. Бұл жерде жоғары билік ретінде мемлекеттің егемендігі туралы айтылып отыр. Спинозаның мемлекеттік шарт теориясының, басты ерекшелігі, «әркімнің азаматтық қоғамдар табиги құқығы тоқтатылмайды», өйткені, адамдар табиғи немесе азаматтық қоғамда болсын табиғат заңдары бойынша әрекет етеді, өздерінің мүддесін ойлайды, сондай-ақ оларды қорқыныш пен үміт сезімі билейді. Азаматтық қоғамда мемлекет бекіткен табиғи құқықтар әрекет етеді, яғни барлық адам үшін жалпы зандар мен тұрмыс зандары, жалпы кепілдік пен қауіпсіздік кепілдігі пайда болады, барлығы бір ғана жоғары биліктен қорқады.
Жоғары билік барлық адам басшылыққа алатын мемлекеттің жалпы рухы боп танылады. Жоғары билік қана жеке және барлық адамдар үшін ненің қайырымды немесе қайырымсыз, не нәрсе жаман, не нәрсе жақсы, әділдік қайсы, әділетсіздік қайсы, нені істеуге болады және болмайтындығын шеше алады. Жоғары билік өкілдігі заңдар шығару, түсінік беру, заңның күшін жою, әділ сот, лауазымды адамдарды сайлау, соғыс пен бейбітшілік және т.б. мемлекеттік істерді шешу болып табылады [8]………

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!