Оқу процесінде бағалау жүйесін қолдану маңызы
Студенттердің оқу процесіндегі бақылау-бағалау іс-әрекеті
Мазмұны
Кіріспе
7
1 Студенттердің оқу процесіндегі бақылау-бағалау іс-әрекетінің теориялық негіздері
10
1.1 Психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі бақылау-бағалау ұғымы
10
1.2 Оқу процесіндегі бақылау іс-әрекетінің мәні
21
1.3 Оқу процесінде бағалау жүйесін қолдану маңызы
34
2 Ақпараттық технология бағыты бойынша студенттерді даярлауда
бақылау-бағалау іс-әрекетін ұйымдастыру әдістемесі
39
2.1 Компьютерлік геометрия және графика пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар
39
2.2 Компьютерлік графикаға кіріспе. Компьютерлік графика түрлері тақырыбының дайындамасы
41
2.3 Векторлық графика. Графикалық редакторCorelDraw тақырыбының дайындамасы
47
2.4 AutoCADграфикалық редакторы тақырыбының дайындамасы
53
3 Электронды журнал — студенттердің оқу процесінде бақылау-бағалау құралы
58
3.1 Электронды журналдың оқу процесіндегі пайдалану тиімділігі
58
3.2 Электронды журналға қойылатын талаптар
60
3.3 Электронды журналдың мазмұны
63
4 Еңбек қорғау
66
4.1 Қауіпті және зиянды заттарды саралау
66
4.2 Жарықтандыру және оны жақсарту
71
4.3 Жарықтандыруды есептеу
72
4.4 Өрт қауіпсіздігі
74
Қорытынды
77
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
79
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, рухани өміріндегі өзгерістер қазіргі білім беру жүйесінде ізгілікті жеке тұлғаны қалыптастыру бағытын көздеп отыр. Еліміздің білім беру жүйесін дамытудағы жаңа бағыттары Қазақстан — 2030 стратегиялық бағдарламасында, ҚР Білім Заңы, ҚР білім беруді дамытудың 2005 — 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Елбасы жолдаулары мен 12 жылдық білім беру тұжырымдамасы т.б. ресми құжаттарда қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру жағдайында ұлттық ерекшеліктерді айқындайтын, білімдік және біліктілік, рухани деңгейлерімізді айқындайтын жеке тұлғалық сапаларды дамыту мәселесі өзекті етіп көрсетіліп отыр [1,2,3,4].
Көрсетілген міндеттерді шешуде жалпы орта білім беру жүйесінің бастауыш сатысында оқушылардың танымдық қажеттіліктері мен белсенділіктерін, қызығушылықтары мен өмірлік ұстанымдарының қалыптасуында маңызды роль атқаратын және оларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін маңызды мәселе — оқушының өзін-өзі бағалай білуі және соған сәйкес, танымдық іс-әрекетін оңтайлы ұйымдастыруға тікелей байланысты.
Сондықтан оқушылардың өзін-өзі бағалауы арқылы жеке тұлғасы қалыптасып қана қоймай, білім алу мен оны шығармашылық тұрғыда өзгермелі өмір жағдайына дұрыс пайдалана білу, сондай-ақ болашақтағы бағдарын анықтауда өзін-өзі жетілдіруге көзқарасының қалыптасуына негіз болады. Демек, өзін-өзі бағалау — жеке тұлғаның келешектегі даму бағдары мен өмірлік мақсат-мұраттары, перспективалық ұстанымдарының қалыптасуына әсері мол.
Оқу-тәрбие үрдісінде бақылау-бағалау іс-әрекетін қалыптастыру олардың жеке тұлғалық сапалары мен даралық ерекшеліктерін, танымдық қызығушылықтары мен дүниетанымын дамытуға бағытталуы бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің шешіміне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Тәжірибедеоқушылардың танымдық әлеміндегі дүниенің біртұтас ғылыми бейнесін қалыптастыру, ондағы өз орнын, рөлін сезінуге, өзінің іс-әрекеттері мен психологиялық табиғатын сараптай білу деген қызығушылығын, талпынысын дамыту талапқа сай келе бермейді. Сондықтан студенттердің бақылау-бағалау іс-әрекетін жеке тұлғалық құндылық сапа ретінде қалыптастыру маңызды деп есептейміз. Бұл міндетті шешудің алғышарттары Қазақстандық ғалымдардың дайындаған ғылыми еңбектерінде көрініс тапқан. Ол зерттеулердің мынадай бағыттары бар:
Жеке тұлға қасиеттерін, психологиялық табиғаты мен дара мүмкіндіктері туралы ғұламалар мен қоғам қайраткерлері, ағартушы-педагогтар ой-пікірлері, көзқарастары (әл-Фараби[5], Қожа Ахмет Ясауи[6], А. Құнанбаев[7], Ы. Алтынсарин[8], Ш. Құдайбергенов[9], Б. Байтұрсынов[10], М. Жұмабаев[11], Ж. Аймауытов[12] т.б.);
— Өзін-өзі тәрбиелеу және тәрбие үрдісінде баланың жеке ерекшеліктерін
дамыту мәселесінің өзекті бағыттары (Л.К. Керимов [13], Б.А. Тойлыбаев [14],
Л. Байсерке [15], Р.К. Төлеубекова [16], Ә. Мұханбетжанова [17], т.б.);
— Жеке тұлға дамуында маңызды әлеуметтік-философиялық, тарихи тұрғыдағы талдаулар (Е. Омар [18], Т.М. Әлсатов [19], Қ.Б. Сейталиев [20] т.б.);
— Құндылықтарды бағдарлау негіздері мен оқушылардың танымдық әлемін, ішкі рухани мүмкіндіктерін дамыту (С. Смаилов [21], А.Е. Әбілқасымова [22], Р.С. Омарова [23], И. Сманов [24], Қ. Ералин [25], А.Г. Қазмағамбетов т.б.);
— Оқушыларды оқу-тәрбие үрдісінде жеке тұлғалық сапаларын дамытуда болашақ мұғалімдерді даярлау (М.Ә. Құдайқұлов [26], А.А. Жолдасбеков [27], Ж.К. Оңалбек [28], Ж. Асан [29]., К.М. Беркімбаев [30] т.б.).
Жеке тұлғаны дамытуда өзін-өзі бағалау мәселесінде маңызды. Ресей, ТМД мемлекеттері ғалымдарының Н.А. Резниченко, А.Б. Федорошин, З.В. Кузьмина, С.М. Юлдашева, М. Полонский, А.В. Захарова, А.А. Кирюшкина, Ц.Г. Беберишвили, Е.А. Серебрякова, т.б. еңбектері бар.
Дейтұрғанмен, студенттердің білімін бақылау-бағалау бүгінгі өмір талабына сай ұйымдастыру қажеттілігі мен оның әдістемелік жағынан жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілмегендігі арасында; қалыптасуындағы әлеуеттік мүмкіндіктері мен оның оқу-тәрбие үрдісінде жүзеге асырылмауы арасындағы қайшылықтар біздің зерттеуіміздің өзектілігін анықтап, тақырыпты Студенттердің оқу процесіндегі бақылау-бағалау іс-әрекеті деп таңдауға негіз болды.
Зерттеу нысанасы: колледждің оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні: студенттердің оқу процесіндегі бақылау-бағалау іс-әрекетінің мазмұны.
Зерттеу мақсаты: студенттердің оқу процесіндегі бақылау-бағалау іс-әрекетін теориялық негізін анықтап, әдістемесін жасау.
Зерттеу міндеттері:
1. Студенттердің оқу процесіндегі бақылау-бағалау іс-әрекетінің теориялық негіздерін айқындау.
2. Студенттердің оқу процесіндегі бақылау-бағалау іс-әрекет әдістемесін жасау.
3. Студенттердің оқу процесіндегі іс-әрекетін бақылау-бағалау арналған электронды журнал жасау.
4. Еңбекті қорғау бойынша іс-шаралар жүйесін әзірлеу.
Зерттеу әдістері. Философиялық, педагогикалық, психологиялық, ғылыми-әдістемелік т.б. әдебиеттерге талдау жасау, ресми құжаттарды зерделеу, зерттеу мәселесі бойынша отандық және шет ел ғалымдарының озат іс-тәжірибелерін жалпылау, сауалнама алу, тестілеу.
Зерттеудің теориялық негіздері: философиялық танымдық ілім, жеке тұлғаның даму теориясы, біртұтас педагогикалық үрдіс құрылымы теориясы, жеке тұлға когнитивтілігі мен дамыта оқыту теориялары, жеке тұлға сапалары туралы психологиялық теориялар, бағдарлы оқыту теориясы, адамның ішкі ресурстары, интеллектуалдық мүмкіндіктері туралы психологиялық қағидалар мен тұжырымдар.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
— студенттердің оқу процесіндегі бақылау-бағалау іс-әрекет әдістемесі жасалды;
— студенттердің оқу процесіндегі іс-әрекетін бақылау-бағалау арналған электронды журнал жасалды;
— зерттеу нәтижелерін мектептерде, колледждер мен мұғалімдердің біліктілігін арттыру институттары қызметінде пайдалану тиімді.
Диплом жұмысы құрылымы: кіріспеден, төрт бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты мен мәні, міндеттері, зерттеудің теориялық мәні мен практикалық маңызы баяндалады.
Студенттердің оқу процесіндегі бақылау-бағалау іс-әрекетінің теориялық негіздері атты бірінші бөлімде бақылау-бағалау іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық, психологиялық әдебиеттердегі талдануы баяндалады. Оқу процесіндегі бақылау іс-әрекетінің мәні қарастырылады. Оқу процесінде бағалау жүйесін қолдану маңызы талданған.
Ақпараттық технология бағыты бойынша студенттерді даярлауда бақылау-бағалау іс-әрекетін ұйымдастыру әдістемесі атты екінші бөлімде
Электронды журнал — студенттердің оқу процесінде бақылау-бағалау құралы атты үшінші бөлімінде студенттердің іс-әрекетін бақылау-бағалау арналған электронды журнал әзірлеу талабы, мазмұны талданып жазылған.
Еңбек қорғау атты төртінші бөлімінде қауіпті және зиянды өндіріс факторларының талдауы, қауіпті және зиянды өндіріс факторларын жоюға бағытталған іс-шаралар, жұмыс орнындағы қажетті шамдар санын қоса алғандағы жарық ағымын қолдану коэффициенті әдісімен нормаға сай жасанды жарықтандыруды қамтамасыз ету үшін жарықтандыру есебі келтірілген.
Қорытындыда зерттеу мақсаты мен міндеттерді дәлелдейтін негізгі нәтижелер мен тұжырымдар мазмұндалады, ұсыныстар беріледі және қарастырылып отырған мәселенің келешекте зерделенетін бағыттары айқындалады.
1 Студенттердің оқу процесіндегі бақылау-бағалау іс-әрекетінің теориялық негіздері
1.1 Психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі бақылау-бағалау ұғымы
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өз Жолдауында айтқандай: Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін — білім. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін басты орынға қойылып отыр. Жаһандану үрдісінде, шығармашылық ізденістегі, әр баланың ақыл-ой еңбегінің дамуына ықпал жасайтыннегізгі тұлғаның бірі — оқушының ұстазы.
Қазіргі кезеңде Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде ұлттық сипат қалыптасуда. Жоғары білім беру жүйесінде жүргізіліп отырған реформа жоғары білім беруді үздіксіз білім берудің негізгі құрам бөлігі ретінде жоғары деңгейге көтеруге негізделген. Білім берудің мазмұндық және процесуальдық аспектілерінің саралануы, оқу процесінің технологиялануы өтуде. Жоғары білім берудің жаңа сапасы оқу нәтижесіне көп көңіл аударылатын тың әдістемелік тәсілдің негізінде іске асуы мүмкін. Өркениетті елдер қатарына еніп келе жатқан, егеменді Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының әрекетін жетілдіру міндеті оқу процесін құрудың дәстүрлі әдістерін қайта қарауды қажет етеді. Еліміздің Білім беру және Ғылым Министрлігі соңғы кезде жаңа оқыту технологиясын енгізу мен білімді бақылау мәселесіне көп көңіл аударуда. Қоғам мен жеке тұлғалардың талабына сай дәстүрлі жоғары оқу орындарымен бірге жаңа нұсқалы оқу орындары пайда болуда. Мемлекеттік және мемлекеттік емес оқу орындары кәсіби маман әзірлеуде мемлекеттік деңгейде бекітілген типтік және нормативтік құжаттарға сүйенеді. Оның қойып отырған талаптарын іске асыруда жоғарғы оқу орындары студенттерінің білімін тексеріп, бақылау ғылыми негізделген, әрі іс жүзінде мақсатқа сай оқыту процесінің бір құрам бөлігі болып отыр. Әрбір жоғары оқу орны өз ішінде оқылатын курстар мен бағдарламаларды және өзінің бақылау жүйесін таңдауға құқылы. Сондықтан да мамандардың дайындық деңгейін көтеру үшін білімді бақылаудың жаңа әдістемелері мен тәсілдерін іздестіру үзбей жүргізілуде. Ол жүйелі бақылауды ұйымдастырып, студенттер мен оқытушылардың іс — әрекеттерінің тиімділігі мен сенімділігін, үйлесімділігін тексеруге мүмкіндік береді.
Жоғары білім беру стандарты студенттердің барлығы қол жеткізетін және білім туралы құжатты алуға жеткілікті болатын міндетті минимумды қамтиды. Осыған орай, дайындық сапасына қойылатын бақылау жүйесі міндетті дайындық деңгейіне қол жеткізуді арнайы тексеруді қамтуға тиісті.
Білім адамның таным әрекетінің нәтижесі ретінде, қарастырылып отырған нысанның мәнділігінің, заңдылықтары мен қасиеттерінің мәліметтер жиынын қарастырады. Білім білімсіздіктен адам бойындағы сапалы жаңа функциональды сипаттарымен ерекшеленеді. Білімнің қарапайым деңгейіне жету ақпараттың ең төменгі, аз мөлшерін қабылдау арқылы іске асады. Ақпаратты қабылдап, сақтап өңдеудің өзіне тән процестері адам білімінің әртүрлі деңгейін қалыптастырады. Ақпараттың қалыптасып, толығуы әртүрлі тәсілмен жүзеге асады. Бұл процесс сапалық өзгерістермен қатар өтетіндіктен, оны қандай да бір үздіксіз шкаламен өлшеу мүмкін емес. Білімді бақылап, бағалау үшін оның деңгейлерінің нақты өрбуін білу керек.
Соңғы кезге дейін Қазақстанның оқу орындарында қолданылған, білім сапасын бағалайтын жүйе — бес балдық баға шкаласы болды. Мектептерде осы шкала әлі сақталған. Мұндай баға шкаласы тек сессия уақытында ғана емес, ағымдағы білім деңгейін бақылауда да қолданылды.
Шет елдерде білімді бағалаудың әртүрлі жүйесі қолданылады: бес балдық (Чехияда, Венгрияда, Польша мен Германияда), он балдық (Голландияда), он бір балдық (Италияда). Бірдей балдар әр елде әртүрлі мәнді көрсетеді. Мысалы Германияда 1 мен 2- ең жақсы бағалар, ал бізде олар ең нашар баға деп есептеледі. Көпшілік шет елдерде қолданылатын көп балды жүйе күрделі есептеумен байланысты болғанымен, шартты сипатты болып келеді. Дегенмен тапсырманың уақытында орындалуы, адалдылық, орындалу сапасы сияқты көрсеткіштерді ескеруге мүмкіндік береді.
Педагогикалық өлшемдерде мүмкін болатын қателіктерді болдырмау үшін біздің елдің кейбір жоғары оқу орындарында студент білімін бағалау мен бақылаудың әртүрлі жүйелері жасалып оқу процесіне енгізілді. В.П. Беспалько білімді бағалауда жоғары деңгейге жетуге байланысты 12 балдық шкаланы қолдануды ұсынады. Гореславский 8-10 балдық бағалау жүйесін енгізу керектігін көрсетеді. Онда әрбір бағалау деңгейіне сай нақты бағалау өлшемі құрылуы тиіс. Сонымен бірге жаңа жүйемен жұмыс істеу әдістемесі берілген. Оның пікірінше осындай иілмелі, сезімтал жүйе сандық және сапалық айырмашылықты дәл анықтап, оқушы жетістігі динамикасы мен қабілеті жайлы дұрыс ақпарат беруі керек. Дәстүрлі бес балдық жүйеде негізгі рөл семестр соңында өтетін қорытынды аттестация емтиханға берілген [31].
Аталған білімді бақылау жүйесіне тән кемшіліктер: салыстыру эталоны болмағандықтан бағалау өлшемінің көмескілігі, қойылған бағаның субъектілігі, емтихан билетеріндегі сұрақтардың мазмұнына байланысты бағаның кездейсоқтығы. Емтихан билеттеріндегі әртүрлі сұрақтар студенттің де әртүрлі ойлау деңгейін талап етеді: бір сұрақтар білімді қажет етсе, енді біреулері оқу курсының барлық таруларынан білімнің толық болуын қажет етеді, ал келесілері тек негізгі түсініктердің мәнін ашуды ғана керек қылады және т. б. Бағаның шынайылылығына және нәтижесіне студент пен оқытушының қарым — қатынасы, студенттің мінез- құлқы, оқытушы мен студенттің көңіл-күйі және тағы да басқа жайлар әсер етеді. Мысалы студенттің орташа жауабы алдындағы өте жақсы жауаппен салыстырғанда нашар көрінуі немесе алдындағы жауап қанағаттанарлықсыз болса, керісінше көрінуі ғажап емес. Бағаның объективті болуына студенттің психологиялық ерекшелігі де әсер етеді: кейбір студенттерге жауап беру үшін белгілі бір уақыт қажет, ал оны емтихан алушы үнемі бере бермеуі мүмкін. Білімді бақылау студенттердің қай курста, қандай мектепті бітіріп келгеніне, студенттердің психологиялық даму ерекшеліктеріне, пәндердің өзіндік ерекшелігіне, мамандық әзірлеу ерекшелігіне және т.б. көптеген факторларға байланысты болады. Соның ішінде мамандыққа ұлттық тілде дайындалатын топтардағы бірінші курс студенттерінің өзіндік ерекшеліктерін атап айтуымызға болады:
— біріншіден қазақ топтарында оқитын студенттер — көбінесе ауыл мектептерінің түлектері. Мектепте олардың білім алуы жан — жақты қадағалау үстінде болған. Бір жағынан оқушының ата-анасы қадағаласа, екінші жағынан мектеп мұғалімдері оқушыларды үнемі сабақты уақытында әзірлеуге жетелеп отырған. Ал студенттік өмірде оларды бұрынғыдай жетектеушілер жоқ, студент өз бетімен білім алуға ұмтылуы керек;
— екіншіден ата — аналары алыста болғандықтан олар жатаханада немесе пәтер жалдап тұруға мәжбүр болады. Бірінші курсқа келіп түскен студент енді өзіне — өзі әрі би, әрі қожа болады деген сөз;
— үшіншіден қазіргі заман дамуына байланысты, студенттердің жеке басының дамуында акселерация құбылысы кеңінінен көрініс тапқан. Яғни қазіргі жастардың ақыл ойының дамуы ағза дамуына қарағанда кешеуілдеген. Сондықтан ата — ана назарынан алыстаған біріші курс студенті уақытын үнемді қолданып, бар ынтасын білім алғанға бағыттағаннан гөрі, қала қызығын, жастық өмір қызығын тамашалауға көбірек ауып кетеді [32].
Ендеше студенттің саналы түрде білім алуын қамтамасыз ететін және білім деңгейін дәл анықтап бақылайтын жүйе қажет.
Осы айтылғанның бәрі білімді бағалаудың дәстүрлі формасының заман талабына сай емес, ескіргенін көрсетеді. Оның ең басты кемшілігі студенттің белсенді, шабытты жұмыс істеуіне мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар емтихан алдында үш — төрт күннің ішінде меңгеруді қажет ететін теориялар мен заңдардың, формулалардың, реакция теңдеулерінің ағыны студентті басып қалады деуге болады. Ал емтихан студент үшін үлкен қорқыныш туғызады. Осы айтылған кемшіліктер мен қателерді жойып, студент білімін нақты, дәл бағалау үшін педагогикалық өлшемдердің жаңа мүмкіндіктерін іздестіруіміз керек. Өлшем жүйесі қарапайым, тиімді, әрі бір мәнді болуы қажет.
Педагогикалық әдебиетерде көптеген маңызды педагогикалық категориялар (оқыту тиімділігі, оқыту деңгейі т.б.) студенттердің білім деңгейімен байланыстырылады. Білім деңгейі тек зерттеу нысаны ғана емес жоспарлау және меңгеру нысандары да болып отыр.
Білімнің негізгі сипаттамаларына тоқталайық:
1 Білімнің көлемі. Студенттің алған білімінің сандық сипаты, яғни қанша түсінік, факты, ереже, формула т.б. қабылдағаны ескеріледі. Мысалы, оқулықта берілген ақпараттың тең жартысын меңгерсе, онда оқу материалының меңгерілуі 50% пайыз. Бұл жерде сөз салыстырмалы фактілер мен түсініктер туралы екені белгілі. Студент есінде сақталып меңгерілген білімнің іс жүзінде берілген білімге қатынасын тексерудің маңызы үлкен.
2 Білімнің жүйелілігі. Студенттің меңгерген білімінің жүйелілігі деп, оқыған пәннің ішкі логикасын дұрыс түсініп, оқыған материалды белгілі ретпен орналастырып, фактілер мен түсініктерді, ережелерді бір-бірімен байланысты дұрыс қолдана білуін айтамыз.
3 Білімнің мағыналылығы. Білімнің мағыналылығына студенттің оқу материалын дұрыс аңғарып, дұрыс тұжырымдап, теориялық білімді практикада жаңа сұрақтарды түсіндіруде қолданып, түрі өзгерген сұрақтарға жауап бере білуін жатқызуға болады.
4 Білімнің беріктігі. Студент есінде оқу материалының тиянақты тұрақтанып, қабылдаған білім негізінің сенімді түрде іс жүзіндеқолданылуы.
5 Білімнің әсерлігі. Студенттердің білімді әртүрлі танымдық, практикалық әрекет негізінде қолданып, ғылымды өмірмен, теорияны практикамен ұштастыруын білімнің әсерлігі дейміз [33].
Білімді бақылаудың негізгі мақсаты — оқу бағдарламасы бекіткен оқу материалын студенттің қандай сапамен меңгергенін анықтау. Бақылау міндетіне студенттің ілім нәтижесі алдындағы жауапкершілік өлшемін анықтау, білімді өздігінен меңгеру деңгейі, алған білімін қолдану, түсіндіру, дәлелдеу, пікір-таласу, жоққа шығара білу, белгілі уақыт ішінде берілген оқу тапсырмасын орындау енеді. Студенттің білімді толық меңгеру деңгейі — күрделі әрі жан-жақты түсінік. Толық білім туралы қазіргі көзқарас бойынша ол өзінің белгіленген орнына сай сапалар жиынын көрсетеді.
Қазіргі кезеңдегі білім беру саясатындабілім сапасынегізгі түсінік болып есептеледі. Біздің көзқарасымыз бойынша ол төмендегідей түсіндіріледі.
Біріншіден, сапа тек саяси — әлеуметтікемес мәдени — дара аспектілерді де өз бойында жинақтайды. Екінші сөзбен айтқанда білім сапасы ұлттық игілік болып табылады.
Екіншіден, білім кеңістігінің жалпы европалық және дүниежүзілік деңгейге кеңеюі, студенттер мен оқытушылардың халықаралық жұмылуы, еңбек нарығының интернациолануы жоғары білімнің нақты сапасына деген өзара сенімділікке әкеледі [34].
Білім үнемі орнығу үстінде болғандықтан, бұл жерде білімнің біртіндеп қабылдайтын сапалары туралы сөз болып отыр. Тұтасымен алғанда, студент білімінің сапасы жайлы әртүрлі факторлар сипаттамасы:
толықтылық, бағдарлама бойынша материалды толық білуімен сипатталады;
тереңділік, оқыған материалмен соған қатысты құбылыстар арасындағы байланыстарды аңғару жиынтығымен сипатталады;
жүйелілік, кейбір білім жиынтығының бірізділігі мен иерархиясын аңғаруды көрсетеді;
шапшаңдылық, студент өз білімін қолдана алатынбелгілі бір жағдайларды тез болжауы;
икемділілік, алға қойған міндеттерді студенттің өз бетімен шешуі;
жалпылау, студенттің нақты білімді жалпылай алу қабілеті;
нақтылау, студенттің нақтыны жалпының салдары ретінде көре білуі;
орамдылық, студенттің білімді қысқаша тұжырымдау қабілеті;
саналылық, білімді байланысты түрде қабылдау, білімді алужәне қолдану жолдарын білу;
беріктік, білімнің есте ұзақ сақталуымен сипатталады;
өнімділік, студенттің уақытты дұрыс қолданып, тапсырманы тез және мұқият орындай білу қабілетінен көрінеді [35].
Студент білімінің сапасын тек бір көрсеткіште қолданып анықтауға немесе кешенді жолмен (қасиеттер жиынтығын сипаттау арқылы) анықтауға болады. Студент білімінің сапасыөнімнің сапасысияқты:
— негізгі, яғнистудентті толық сипаттайтындай;
— белгілі бір стандартқа сай келетіндігінің көрсеткіші түрінде болуы мүмкін.
Білім сапасы, Білім сапалары, Білім сапасын бағалау деген ұғымдарды бір-бірімен шатастыруға болмайды. Білім сапасы бұл қандай да бір қасиет, білім абыройы немесе ерекше белгінің, қасиеттің, ерекшеліктің болуы. Ол толық білімді басқадан айырып көрсетеді де, тұтас алғанда білімге жалпы сипат береді. Білім сапасы деген терминнің орнына Білім деңгейі деген терминді қолдануға болады. (мысалы, жоғары білім сапасы — жоғары білім деңгейі, төмен білім сапасы — төмен білім деңгейі). Білім сапасын бағалау бұл сапаны немесе нышан сапасы тобын сан арқылы елестету. Білім сапаларын бағалау және Білім сапасын бағалау түсініктері теңдес [36].
Білім сапасын бағалау параметріне енетіндер:
уақыт шығыны;
шешілетін мәселелер күрделілігі;
мәселені шешуге студенттің тез шешім қабылдауы;
студенттің дербестілік дәрежесі.
Сонымен Білім сапасын бағалау — студенттің оқу материалын қалай меңгергенін ойлауы мен дербестілігінің даму деңгейін анықтайтын көрсеткіштердің бірі. Білімді тексеруде студенттердің қалдық білімін тексеру және оның дәрежесін анықтау үлкен маңызды роль атқарады. Қалдық білім дегеніміз — оқылған материалдың есте ұзақ сақталатын бөлігі. Студенттердің қалдық білімінің жоғары деңгейде болуы — оқу процесінің басты мақсаттарының бірі. Бұл процесс — оқытушы мен студенттің бірлескен әрекетінінің соңғы нәтижесінің, белгілі білім сапасының көрсеткіші. Қалдық білімнің компоненттері: оқу материалын есте сақтау, түсіну, іс жүзінде қолдана білу. Қалдық білім компоненттеріне тағы бір маңызды аспектісі — ол оқу уақытының шығыны. Міне, осы сәттерінің бәрін студенттердің бейорганикалық химияның білімін тексеріп бағалауда ескеру керек. Егер студенттің қалдық білімінің деңгейі жоғары болса, оның білім сапасы да жоғары деп қорытуға болады. Білім сапасы түсінігімен студенттің жаттыққандығы мен үйретуге жарамдылығын байланыстыруға болады. Жаттыққандықты И.П. Подласый алға қойған мақсатты іске асыру деңгейін диагностикалау кезеңінде қол жететін ретінде, ал үйретуге жарамдылықты студенттің ақылдылық қабілетін сипаттайтын оқуға қабілеттілік ретінде қарастырады. Оқуға қабілеттілік өлшемі болып меңгеру жылдамдығы, ойлау процесінің оңтайлылығы және ойлаудың нақты және алаңдаушылық компоненттерінің байланысы есептеледі. Жаттыққандақ дегеніміз — студенттің оқу бағдарламасы бойынша білім жүйесін, білімнің, іскерлікті оқытудың белгілі бір кезеңінде меңгеруі. Ол алдыңғы оқыту нәтижесі де соңғының нәтижелі болуының шарты. Үйретуге жарамдылық — оқу әрекетінің өнімділігін көрсететін адамның зияттылық қасиеттерінің жиынтығы. Үйретуге жарамдылық түсінігі жалпы ақылдылық қабілет түсінігіне жақын. Студенттердің оқу әрекетін іске асыруға қажет қабілеттіліктер кешенін жалпы ақылдылық қабілеті деуге болады. Оған материалды еске сақтау, логикалық операцияларды жүргізу қабілеті және шығармашылық ойлау қабілеті жатады. Студенттердің үйретуге жарамдылығы деңгейін анықтау үшін әрбір пән бойынша оқу бағдарламасына орай білім көлемін анықтайды. Ол білім көлемі базалық білім көлемін құруы керек. Базалық білім көлемін Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі бекіткен білім беру стандарты анықтайды.
Есте сақталу дәрежесіне сай білімнің бес түрін бөліп көрсетуге болады:
1 Білімнің белсенді қоры. Ол кейіннен кәсіби әрекет барысында қолданылған. Ол ұзақ уақыт игеріліп, есте сақталады.
2 Енжарлы білім қорлары. Ол тез ұмытылып, қажет уақытында қайта жаңғыртылып отырады да, естің резервінде тұрады.
3 Көмекші білім қорлары. Білімнің бұл түрі тез, қысқа уақытқа есте сақталып, пәннің басқа материалдарын меңгеруде қолданылады.
4 Басқа пәндерді игеруде қолданылатын көмекші білім қорлары.
5 Есте сақталмайтын білімдер.
Енді осы кез — келген білімді бақылап, оның деңгейінің тереңдігін анықтау үшін әртүрлі бақылау әдістері қолданылады. Олар ауызша, жазбаша, бақылау, тестілеу және сарамандық жұмыстар кезіндегі білімді бақылау болып бөлінеді. Осының бәрі жиылып келіп білімді бақылау жүйесін құрайды. Бақылау әдісі арқылы студенттердің оқу-танымдық әрекетінің және оқытушының педагогтық жұмысының нәтижесі анықталады.
Негізгі бақылау әдістерінің бірі — оқытушының сабақ үстінде және сабақтан тыс кезде студентті жоспарлы, жүйелі байқауы. Мұндай байқау мәліметтері студенттің өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауы, оның күшті және әлсіз жақтарын, біліміндегі олқылықтарды анықтауға, студент пен дербес тіл таба білуге мүмкіндік береді. Студент білімі бұрын алынған қалдық білім мен өзіндік жұмыстар барысындағы білімді тірек етеді [37].
Оқу процесінде білім мен дағды, іскерлік пен икемділікті бақылаудың әртүрлі аспектілерін зерттеуге Ю.К. Бабанский, М.А. Данилова, В.П. Есипова, Р.Г. Ламберг, М.Н. Скаткин(бақылау әдістері), В.П. Беспалько, Т.А. Ильина, Н.Ф. Талызина, Е.И. Перовский (бақылау кезінде меңгеру), Н.А. Менчинская, (білімді меңгеру мәселесі) арналған. Аталған еңбектерде оқытушының оқушы білімін бағалауы оқу және тәрбиелік сипатта делінген.
Шетелдік әдебиеттердегі талдау (А. Анастази, Н. Кронлунд, және басқалар) көптеген елдерде білімді бақылаудың тест әдісі басым екенін көрсетеді.
Енді осы кез — келген білімді бақылап, оның деңгейінің тереңдігін анықтау үшін әртүрлі келесідей бақылау әдістері қолданылады. Бақылау әдісі арқылы студенттердің оқу-танымдық әрекетінің және оқытушының педагогтық жұмысының нәтижесі анықталады. Негізгі бақылау әдістерінің бірі — оқытушының сабақ үстінде және сабақтан тыс кезде студентті жоспарлы, жүйелі байқауы. Мұндай байқау мәліметтері студенттің өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауы, оның күшті және әлсіз жақтарын, біліміндегі олқылықтарды анықтауға, студент пен дербес тіл таба білуге мүмкіндік береді.
Студентті байқау қорытындыларын үнемі есте ұстау қиын болғандықтан, оқытушылар арнайы журнал немесе күнделік жүргізеді. Ол студенттердің даму динамикасын, дайындық деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Оқытушылар байқаумен қатар ауызша, жазбаша, сарамандық бақылау түрлерін, тест, емтихан, сынақты кеңінен қолданады.
1 Ауызша бақылау әдісі (әңгіме, баяндау, түсіндіру, картамен сызуды, техникалық, технологиялық құжаттарды оқу). Ауызша бақылау әдісін студенттің монологтық баяндауы немесе сұрақ жауап түріндегі әңгімесі (мысалы, сынақ, емтихан) құрайды. Білімді бақылаудың мұндай әдісі өтілген материалды студенттің қалай меңгергені жайлы біраз ақпарат алуға мүмкіндік беріп, қажетті педагогикалық әсерді іске асыруға жағдай туғызады. Студенттер өтілген материалды тереңірек талдауға, сөз қорын дамытуға мүмкіндік алады. Ауызша жауап алу кезінде оқытушы тек бір студент білімін тыңғылықты тексерумен болып, басқа студенттер назардан тыс қалады. Ауызша бақылау белгілі тақырыпты сабақ үстінде оқытушының студенттермен тікелей жүздесуі арқылы, талдауы кезінде іске асады. Сондықтан ауызша бақылау әдісінің объективті сипаты болмайды.
2 Жазбаша бақылау (бақылау жұмысы, реферат, курстық жұмыс) уақытты үнемдеуде оңтайлы және орындалуы жекеше сипатта болып келеді. Ол студент білімін жан-жақты терең тексеруде мүмкіндік беріп, студенттердің білімі мен икемділігінің жоғары болуын талап етеді. Білімді жазбаша бақылау әдісі оқыту процесін белсендіріп, пәнді меңгерудегі студенттің әлсіз жерін айқындауда оқытушыға көмекке келеді. Жазбаша бақылау әдісі кезінде студенттер толық қамтылады және жазбаша бақылау кезінде студент теориялық білім мен іскерлігін алдына қойылған нақты міндетті шешуде дұрыс қолданып, жазбаша сөйлеуді меңгеру деңгейін көрсетуі керек. Бұл әдісті ұйымдастыру оқытушыға біраз қиындықтар туғызады. Бақылау объективті болуы үшін бақылау жұмысы әртүрлі нұсқалы болуы міндетті және орындалған жұмысты тексеруге едәуір уақыт жұмсалады. Сонымен қатар реферат, үйге берілген есеп, жаттығу жұмыстарын студент өз бетімен қандай деңгейде орындағанын анықтау қиындық туғызады.
3 Сарамандық жұмыс әдісі (зертханалық жұмыс, өздік жұмыс, модель құру, рольдік ойындар, эксперимент т.б.) бұл әдіс студенттердің алған білімін қолдана білу деңгейін, икемділігі мен дағдыларан тексеруге арналады. Сарамандық жұмыстарды ұйымдастырып, жүргізу үшін студенттердің жұмысты орындауға арналған нұсқау ұсынылады [38].
4 Тест. Ағылшын тілінен аударғанда тест байқау, сынау, зерттеу деген мағынаны білдіреді. Ең алғаш рет білімді бақылау әдісі ретінде тест 1862 жылы Гринвичте (Англия) қолданылған. Оның негізін салған Джордж Фишер. Тест терминінің әртүрлі анықтамасы бар. Соның бірі Тест дегеніміз — ерекше формалы тапсырмалар жүйесі, білім, икемділік, дағды деңгейін сапалы бағалап, біртіндеп күрделенген мазмұнды анықтауға мүмкіндік береді.
Педагогикалық тестілеу аймағында беделді орында тұрған Э. Торндайк (1874-1949) Америка мектебіне тестілеудің енуін үш кезеңге бөледі:
1 Іздену кезеңі (1900-1915жж.). Бұл кезеңде ес, зейін, қабылдау және т. б. тесттерін алғаш рет енгізу іске асырылды. Оның негізін салған француз психологы А. Бинэ болатын. Зияттылықты анықтауға ақыл-ой дамуының коэффициентін анықтайтын тесттер құруға қадам жасалды.
2Соңғы он бес жылда тестілеу әдісі кең дамыды десе де болады. Көптеген тесттер құрылып, іс- тәжрибеге енгізілді. Соның арқасында тестілеудің орны мен мәні айқындалып, оның қолдану мүмкіндіктері мен шегі анықталды.
31931 жылдан бастап тестілеудің қазіргі заманғы кезеңі басталады. Мамандардың ізденісі тесттердің объективтілігін анықтауға бағытталып, тестілеу диагностикасының үздіксіз жүйесі құрылады. Бұл талаптар жалпы принциптер мен ортақ идеяға бағынып, тестерді өңдеудің неғұрлым жаңа құралдары құрылды. Осының бәрі тестілеуді тиімді диагностикалық құрал ретінде қолдануға мүмкіндік берді. Өткен ғасырдың басында Ресейде тестілеуді бірауыздан білімді бақылау құралы ретінде қабылдағаны белгілі. Бірақ 1936 жылғы ВКП орталық комитетінің Наркомпросс жүйесіндегі педагогиялық бұрмалаулар жайлы қаулысынан кейін барлық тест түрлерін қолдануға тыйым салынды.
Қазақстан Республикасы оқу орындарында өткен ғасырдың 90- шы жылдарынан бастап тестілеу студенттердің білімін бақылау формасы ретінде қайтадан ендірілді. 1993 жылғы Қазақстан Республикасы білім Министрлігінің Оқу орындарын аттестациялау құралын құру туралы № 371 бұйрығы күшіне енді. Аталған бұйрық барлық жоғарғы оқу орындарының алдына тестерді құру және оны оқу процесіне болашақ мамандардың дайындық деңгейін көтеру мақсатында енгізу жайлы міндет қойды.
Білім, іскерлік, дағдының қалыптасуын бақылаудың барлық кезеңдерінде тестілеу қазіргі уақытта тиімді қолдау тауып отыр. Тесттердің көмегімен кіру, күнделікті, межелік және қорытынды бақылаулар, үлгірімді тексеру, студенттің біліміндегі жетістіктерді анықтау іске асырылуда. Білімді осындай жолмен бақылаудың бір артықшылығы, кесімді уақыт ішінде студенттердің белгілі тобы қамтылып,олардың жаттыққандық деңгейін тез анықтауға болады. Студенттер сабаққа күнделікті әзірленуге мәжбүр болып, жүйелі жұмыс істеуге дағдыланады. Нәтижесінде студенттердің білім деңгей көтеріліп, беріктігі артады. Білімді бақылаудың объективтілігі артып, бағаның сенімділігі жоғарлайды. Оқытушылар мен студенттердің бос уақыты молайып, ғылыми шығармашылық жұмыспен айналысуына мүмкіндік туады. Сонымен бірге тестілеуді қолдану оқытушының өз еңбегінің нәтижесіне деген жекелей жауапкершілігі де күшейеді [39].
Тест нәтижесі бірыңғай анықталатындықтан және емтихан алушы оған өзінің ырықсыз түзетулерін енгізбейтіндіктен оқытушының студентке субъективті қатынасының ешқандай маңызы болмайды. Бақылау нәтижесін Ка коэффициенті (1.1) көмегімен анықтауға болады:
Кa = ap (1.1)
мұндағы а-дұрыс орындалған тапсырма саны, ал р-барлық тапсырма саны. Ка 0,7 болған жағдайда оқыту процесі аяқталған деп есептеуге болады. Ал, К 0,7 болса студенттер бұдан былайғы әрекеттері барысында қате жіберуі мүмкін. Ка коэффициентінің көрсеткіші жоғары болса өткен тарауды студенттер жақсы қабылдады деп есептеп, сол тарау бойынша оқу процесін тоқтатуға болады [40].
Басқа бақылау әдістерімен салыстырғанда тестілеу әдісі бойынша әлдеқайда шынайы нәтижелер алуға болады. Себебі тестілеу нәтижесі сандық бағдарланып бекітілген тұрақтылармен салыстырылады. Бұл әдіс бақылау нәтижелерін объективті түрде әрі сенімді әрі сәйкестендірілген күйде өлшеп, анықтауға мүмкіндік береді. Тест тапсырмаларының білімді бағалау жүйесі ретінде өзіндік артықшылық жақтары бар. Тестілеу арқылы студенттің теориялық және сарамандық материалды қалай бекіткенін қысқа уақыт ішінде шынайы анықтап, оқу уақытын үнемдеуге болады. Тестілеу арқылы алынған баға көбірек сараланған, қажет болған жағдайда көп градацияланған шкала бойынша баға алуға болады. Тестілеудің келесі бір артықшылығы білімді бақылау кезінде үлкен, көлемді материалды қамтуға болады. Кездейсоқтық элементі азайып, үлкен аудиторияны қамтуға мүмкіндік береді.
Тест тапсырмаларының құрамына кірген, дұрыс таңдалып эксперименттік жолмен тексерілген тапсырмалар аз уақыт аралығында студенттің оқу пәнін қалай меңгергенін анықтауы оның ең басты артықшылығын көрсетеді. Ғылыми негізде дұрыс құрастырылған тест тапсырмалары студент бойындағы қабылданған білім мен іскерлік динамикасын дұрыс межелеп, оның сандық деңгейін анықтауға мүмкіндік береді [41].
Тест тапсырмаларын қолданудың артықшылығы:
1 Ең басты артықшылық болып дәстүрлі тексеру әдісіне қарағанда тест тапсырмаларының жоғары объективтілігі есептеледі. Көбінесе оқушы бағасына оның оқудағы жетістіктері деңгейімен қатар көптеген басқа факторлар да әсер етеді, олар: оқытушы мен оқушының дара тұлғасы,, қарым-қатынасы, оқытушы қаталдығы, немесе жұмсақтығы және т.б. Білімді дәстүрлі әдістермен бақылау кезінде қойылған бағалардың субъективті сипаты бар екеніне тоқталғанымыз жөн. Оны мынадай қарапайым фактімен түсіндіруге болады. Бір жауапққа әртүрлі оқытушы әртүрлі баға қоюы мүмкін. Ал тестілеу кезінде осындай субъективті факторлар әсері ескерілмейді. Егер тест тапсырмалары сапалы құрылса баға объективті деп есептеуімізге болады.
2 Тест көмегімен алынған баға көбірек сараланған болады. Бұл тест тапсырмаларын қолданудың екінші артықшылығын көрсетеді. Дәстүрлі білімді бақылау әдістерінде төрт ұпайлық шкала қолданылатынын білеміз (өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз). Тест тапсырмаларын ерекше ұйымдастыруға байланысты тест нәтижелері қажеттілігіне орай, баға градациясы мол, көбірек сараланған шкала түрінде берілуі мүмкін.Аталған жағдайда оқу нәтижелерінің анықтаудың жоғары мүмкіндігі іске асырылады.
3 Тестілеудің дәстүрлі бақылау әдістеріне қарағанда тиімділігі жоғары. Сабақ сұрау кезінде оқу материалының мол көлемін қамтуға жағдай туғызып, бақылау тапсырмаларын таңдауда кездейсоқтық элементін азайтады. Тестілеу бір мезгілде көп оқушы санымен бақылауды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Ақтық бағаны алу үшін жүргізілген нәтижелерді өңдеу бақылау жұмысын тексергенге қарағанда тез әрі оңайырақ болады. Әсіресе емтихан тест түрінде өткізілсе, уақыт үнемделуі айтарлықтай екеніне көз жеткіземіз.
Арнайы ілім тестология тест тапсырмаларын зерттеумен оны құру әдістемесімен айналысады. Сондықтан тест тапсырмаларын құру мен оны қолдануға ғылыми түрде келу керек.
Тестология іс-тәжірибесінде, ғылыми негізделген әдістеме ретінде эксперименттік мақұлдауды өткен, стандартталған тесттер есептелетіні белгілі.
Стандартталған дидактикалық тесттерді құру және мақұлдау теориялық-эмпирикалық зерттеуді қажет етеді. Тест диагностикалық бақылау жүйесінде белгілі орын алып, оқу орнында қолданылып отырған оқыту іс — тәжірибесіне еніп, диагностикалық қызмет атқаруы тиіс және оның дамуын оперативті кері байланыс арқылы іске асыруы қажет [42].
Сондықтан оқу орындары үшін тек жеке пәндік тесттер ғана құрып қоймай, әртүрлі диагностикалық міндеттер үшін диагностикалық кешендер құру қажет.
Тест тапсырмалары білім тексеру кезінде, білімдерін бекіту әрі дамыту кездерінде қолданылуы мүмкін. Тест оқушылар мен студенттердің пәндерден алған білімдерін тексеруге ғана қолданбай олардың өз беттерімен білім қорларын тереңдетуге, пәнге деген қызығушылығын арттыруға және алған білімдерін күнделікті іс-тәжрибеде қолдануына мүмкіндік береді.
Тест дегеніміз — ғылыми өлшемдер негізінде сыналған әртүрлі мақсатта педагогикалық өлшеулер жүргізуге қолданылатын, қысқаша стандартталған, сынау уақыты шектелген тапсырмалар жиыны. Ондай стандартталған тапсырмалар сынақтан өтіп отырған адамның білімін, білім — білік дағдылары туралы белгілі бір деңгейде тексеруге мүмкіндік береді.
Тест арқылы бақылаудың мақсаттары келесідей болуы мүмкін:
қорытындылаушы мақсат — оқыту сапасын көтеру;
нақты мақсаттар;
студент білімі көлемін айқын бағалау және кәсіби таңдау;
кәсіптік бағдарлау және кәсіби таңдау.
Тестер талапкерлердің мамандықты таңдау барабарлығын бағдарлайды:
— жоғары оқу орындарын аттестациялау;
— студенттер білімінің құрылымын анықтау;
— кафедра жұмысының тиімділігін, ондағы оқылатын пәндердің оқылуын бағалау.
Тестілеу бірлігі ретінде тест тапсырмалары есептеледі. Тест тапсырмалары — белгілі талаптарға сай, белгісізі бар сөйлем, бекіту түрінде құрылған бақылау материалы бірлігі. Тесттерді әртүрлі жолмен жіктеуге болады. Ескеретін жағдай жіктеуге қандай белгі алынуына байланысты тестер әр қилы жіктеледі. Тесттерді жіктеу негізі ретінде көбінесе формасы, мазмұны және мақсаты алынады.
Формасы бойынша тесттер жекеше (сараптаушы мен сынаушы бетпе — бет келсе), топтық (бір мезетте адамдардың үлкен тобы сыналса), ауызша (жеке адаммен), жазбаша (топтық); бланкілік (дәптер, кітапша түріндегі, қолдану ережесі жазылған, есептердің шығарылу жолы көрсетілген, тапсырмалар мен жауаптарға арналған графалары бар), пәндік (тест тапсырмалары арнайы нақты нәрсе түріндегі: модельдер, кристалл торлар, химиялық ыдыстар); аппаратуралық, компьютерлік (сынаушыны ЭЕМ арқылы диалог түрінде тексеру), вербальді (сынаушының негізгі жұмыс мазмұны түсініктермен, ойлау әрекетімен сөздік-логикалық формада өтуі) , вербальді емес (тестілік материал көрнекі түрде — сурет, графикалық көрініс, сызу түрінде).
Мазмұны бойынша тесттер төрт топқа немесе бағытқа бөлінеді: зияттылық тесттері, қабілеттілік тесттері, жетістіктер тесттері және дара тұлға тесттері.
Жетістіктер тесттері — сыналушының нақты білімді, іскерлікті дағдыны қалай меңгергенін анықтауда қолданылатын психологиялық диагностика әдістерінің бірі. Жетістіктер тесттері жалпы және кәсіби білім беруде қолданылады.
Мұндай тесттер қабілеттіліктің, білім, іскерлік, дағдының адам оқу оқығаннан кейінгі қаншалықты ілгері басқанын бағалауда, кәсіби және басқа дайындықтар нәтижесін, мектеп, оқу орындары жетістіктерін анықтауда кең қолданылады. Оларды көбінесе пәндік тесттер деп атаймыз.
Жетістіктер тесттерінің үш түрі белгілі:
— әрекет тесттері — механизм, материал, құралдармен әрекеттерді орындау ептілігін анықтауға арналады;
— жазбаша тесттер — арнайы бланкілерде берілген сұрақтар түрінде болады, сыналушыларға бірнеше жауаптың ішінен дұрысын таңдауы немсе берілген бейнелердің ішінен дұрыс жауап беретін суретті табуы тиіс;
— ауызша тесттер жауап беруді талап ететін алдын ала әзірленген сұрақтар жүйесінен тұрады, мұнда жауапты дұрыс құра алмаудан туатын қиыншылықтарды ескеру керек.
А.А. Кыверляг тесттердің 6 типін бөліп көрсетті: еске салу тесті, арасында үзілістері бар тесттер (қосымшалы), дұрыс-бұрыс тест, таңдамалы тест, сәйкестендіру тесті, ретімен орналастыру тесті. Мұндай тестерді құруда келесідей талаптар орындалу керек:
1Еске салу тесті: тапсырма тура сұрақ түрінде, қарапайым болып; мүмкін деген жауап бірыңғай яғни тек бір ғана жауап болу керек.
2Арасында үзілістері бар (қосымшалы) тесттерде, арасында қалтырылып кеткен бос жерге дәл келетін тек бір дұрыс сөзді тауып қою қажет.
3 Таңдамалы тест. Нұсқалар саны төрттен кем болмай, жауаптар кездейсоқ жерде орналасып, қате жауап дұрыс жауапқа теңгерілмейді.
4 Сәйкестендіру тестінде оқушы екі бағанда орналасқан мәліметтер арасындағы бір-біріне мазмұны жағынан сәйкес келетінін анықтайды. Мұндай тесттерде таңдау жағдайы тым жеңіл немесе мүмкін емес болмау керек. Тапсырма саны 5- тен 15-ке дейінгі аралықта болады.
5 Ретімен орналастыру тесттерінде қандай да бір құбылыс, өлшемдер саны немесе басқа атаулар белгілі ретпен орналастырылады. (арту, кему және т.б.) Тест тапсырмасында 7 көрсеткіштен артық қолдану мақұлданбайды.
6 Саралау тесттері оқушылардың біліміндегі саналылықты анықтауға, оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеуге зейінін тәрбиелеуге мүмкіндік береді8 Саралау тесттерінің көмегімен оқытушы оқушылардың қайсысы осы аталған сапаларды қабылдап, қайсы меңгермегенін біле алады [43].
1.2 Оқу процесіндегі бақылау іс-әрекетінің мәні
Студенттердің оқу процесін бақылау оқу — тәрбие процесінің негізгі құрам бөлігі болып есептеледі. Бақылау түрлері үнемі жетілдіріп отырады. Осындай қажеттілік, әсіресе қоғамның нарықтық сипаттағы жағдайында мамандар арасындағы бәсекелестіктің міндетті талаптарына сай аса өткір болып отыр. Білім, білік, дағдыны бақылаудың көбірек мәнді статистикалық әдістерін құру өзекті мәселеге айналды. Жоғары білімді маманды сапалы деңгейде әзірлеу рөлінің артып отырған кезінде студенттер әрекетінің бақылау жүйесіне өзгеріс енгізу өзектілігі артып отыр. Білім беру жүйесінің үздіксіз дамуы жағдайында, жоғары оқу орындарында көп деңгейлі білім беру процесінің қалыптасуы кезеңінде білім беру мазмұны үнемі жетілдіріліп отырады. Оқытудың жаңа технологиялары ендіріліп, студенттер білімін кешенді бақылауды талап ететін интегративті сипатты оқыту түрі кең дамуда. Сонымен қатар оқу орындарында әлі де болса дәстүрлі білімді бағалау формалары мен әдістері, аз дифференцияланған бес ұпайлық жүйені қолдану … жалғасы