Араб мемлекеттерінің діни экстремизм мен халықаралық терроризмге қарсы күресі

0


ЖОСПАР
Кіріспе 1
1 Таяу Шығыстағы радикалды эсктремизм халықаралық терроризмнің факторы ретінде 6
1.1 Араб мемлекеттерінде исламдық фундаментализм идеологиясының қалыптасуы және дамуы, терроризм түсінігі 6
1.2 ХХ ғасыр аяғы мен ХХІ ғасыр басындағы исламистердің халықаралық террористік әрекеттері 20
2 ТАЯУ ШЫҒЫСҚА ҚАТЫСТЫ ӘЛЕМНІҢ ІРІ ДЕРЖАВАЛАРЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАСЫ 30
2.1 Қазіргі кездегі Таяу Шығысқа қатысты АҚШ және ЕО мемлекеттерінің саясаты 30
2.2 АҚШ әкімшілігінің Таяу Шығыс мәселесіне араласуы 33
3 ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ӘРЕКЕТ ЕТУДЕ ШЕТ ЕЛДЕРМЕН АРАҚАТЫНАС 50
3.1 Араб мемлекеттерінің діни экстремизм мен халықаралық терроризмге қарсы күресі 50
3.2 Шет елдердің арнайы қызметтері мен құқық қорғау органдардың терроризмге қарсы күрестегі бірге әрекет етуі 57
Пайдаланылған әдебиет тізімі: 69

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі.Соңғы уақыттарда әлемнің түрлі елдерінде болып жатқан жан түршігерлік сан-қилы оқиғалар көп мемлекеттер үшін терроризмнің аса күрделі проблемаға айналып отырғандығын көрсетсе керек. Замана дерті саналатын осынау қоғамдық қауіпті көріністің кең етек алып, өрттей қаулап бара жатқаны мемлекетаралық және ішкі саяси, әлеуметтік — экономикалық, тарихи, ұлттық, діни, тағы басқа факторлардың үлкен қайшылықтарға ұрынуымен түсіндірілмек.
Осынау жағдайды ескере отырып, соңғы кездері әлемдік қауымдастықтар терроризмге қарсы күрес шараларын белсенді түрде ұйымдастырып жүзеге асыруда.
Қазіргі әлем өзінің дамуының ерекше қиын және қауіпті кезеңіне түсті. Ол кез әр түрлі әлеуметтік астан-кестен өзгерістерге — экономикалық қауіп-қатерлерге, соғыстарға, бүліктерге, мемлекеттердің құлауына толы болды. Ол кездің ең басты белгілері қандай болды? Біріншіден, глобализация, ол үлкен деңгейде қоғам өмірінің барлық салаларын өзіне бағындырады. Екіншіден, бірполярлы әлемнің құлауы, онда АҚШ бір ғана астам держава рөлін ойнады.
Аталған жұмыс Терроризмге қарсы күрестегі Таяу Шығыс мемлекеттерінің АҚШ пен ЕО-пен арақатынасы тақырыбына арналған. Бұл зерттеудің өзектілігі қазіргі кезде маңызды сипатқа ие. Оны көтерілген сұрақтарды жиі зерттеу дәлелдейді.
Бұл зерттеудегі сұрақтарға көптеген жұмыстар арналған. Негізінде оқу әдебиеттерінде берілген материал, жалпы сипатта жазылған, ал бұл тақырып бойынша жазылған көптеген монографияларда зерттелген проблема туралы біржақты сұрақтар қарастырылған.
Мәселенің үлкен маңызы және жеткіліксіз тәжірибелік өңделгендігі аталған дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығын айқындайды.
Бұл жұмыстың өзектілігі, бір жақтан, қазіргі кездегі ғылымда Терроризмге қарсы күрестегі Таяу Шығыс мемлекеттерінің АҚШ пен ЕО-пен арақатынасы тақырыбына үлкен қызығушылықпен, екінші жағынан оның жеткіліксіз өңделгенімен шартталған.
Аталған дипломдық жұмыстың объектісі Терроризмге қарсы күрестегі Таяу Шығыс мемлекеттерінің АҚШ пен ЕО-пен арақатынасы аясында болған оқиғаларды анализдеу болып табылады. Сонымен бірге дипломдық жұмыстың пәні аталған жұмыстың міндеттері ретінде келтірілген, жеке сұрақтарды қарастыру болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: терроризмнің түсінігін ашып көрсетіп, бұл құбылыстың шығу себебін талдау. Осының нәтижесінде терроризммен күресудің әдістері мен жолдарын сараптап, онымен күресудің механизмі мен стратегиясын ашып көрсету.
Аталған мақсатқа жету үшін автормен келесідей міндеттер қойылды:
— Таяу Шығыстағы радикалды эсктремизм халықаралық терроризмнің факторы ретінде қарастыру;
— Таяу Шығысқа қатысты әлемнің ірі державаларының сыртқы саясасындағы стратегиялық бағыттарды айқындау;
— Терроризмге қарсы әрекет етуде Таяу Шығыс елдерінің шет елдермен арақатынасын талқылау.
Дипломдық жұмыстың зерттелу деңгейі: діни экстремизм мен терроризм мәселелерінің дәрежесін зерттей келе, әдістемелік тәсілдер арқылы амбивалентті табиғатын анықтап, сараптайтын ғылыми жұмыстар ауадай қажет екендігі белгілі. Сонымен бірге аталмыш дипломдық жұмыстың авторына тақырып таңдауда таңдау мен оны шешудегі түйткіл болған ең үлкен мәселе осы.
Қазіргі таңда мәселенің онтологиялық маңыздылығы мен тәжірибелік мәніне қарамастан діни экстремизм мен терроризм тақырыбындағы іргелі зерттеулер саласында біршама гуманитарлық вакуум бар. Оның үстіне елімізде діни эксремизммен күрес мәселелері бойынша арнайы диссертациялық зерттеулер жүргізілмеген. Сонымен бірге діни экстремизм мен терроризм мәселесімен күрес және оның адын алу жүйесін жасау бойынша кешенді зерттеулер осы кезге дейін өз орнын таппады десек те болады.
Мәдениеттанулық және саяси зерттеулер аясындағы діни экстремизм мен терроризм мәселелерін шетелдік ғалымдар Зб. Бжезинский, Ш. Акинер, Б. Лоуренс, Р. Макдермоттың, сондай-ақ К. Мартин, А. Рашид, П. Марсден, У. Штайнбахтың еңбектерін ерекше атап көрсетуге болады. Аталған ғалымдардың еңбектерінде діни экстремизм мен терроризмнің табиғаты, шығу тарихы мен себеп-салдарлары зерттелінеді.
Ресейлік авторлардың арасынан жалпы діни экстремизм мен терроризм құбылысын зерттегендер қатарына келесілерді жатқызуымызға болады: М.А. Краснев, Л.Д. Башкатова, А.Л. Дворкин, Ю.А. Авдеев, И.И. Добаев, Е.А. Димитрова, Ф.В. Кондатрьев, Ю.И. Полищук, А.П. Забияко, А.Н. Хвыли-Олинтер, А. Журавский, Г.Л. Касторский, А. Игнатенко, Т.Н. Кузнецова, С.А. Лукьянов, О.В. Старков, Н. Мезинцев, Э.С. Абдулаев, А.Б. Агапов, Ю.А. Бабинов, Ю.А. Дмитриев, Ю.Н. Демидов, В.В. Клочков, А.С. Ловинюков, Д. Нечитайло, С.П. Познышев, А.В. Портнов А.А. Могилевский және т.б.
Экстермизмнің діни, саяси, әлеуметтік, геосаяси, аспектілері бойынша Т.Б. Бузова, В.И. Арестов, Л.М. ДРобижева, А. Нуруллаев, В.И. Худавердян, С.Г. Москаленко, Д.В. Новиков, И.В. Вехов, В.Б. Коробков, А.А. Ярлыкапов, О.А. Русанова, П.А. Романов, В.Б. Козлов, Л.Н. Митрохин, Т.А. Скворцова, М.Я. Яхьев, Т.Н. Кильмашкин, С.Н. Бокаревтің зерттеу еңбектері бар.
Экстремизм құбылысын зерттеудегі жалпы әдістемелік базасы О.Г. Бахтияров, Ю.М. Антонян, М.Д. Давитадзе, В.В. Смирнов, Д. Ольшанский, М.П. Киреев сияқты ресейлік ғалымдардың ұжымдық және жеке ізденістерімен жасалған.
Қазақстандық ғылымда діни экстремизм мен терроризмнің болмысын, тарихи формалары мен пайда болуының мүмкін сценарийлерін зерттеген отандық ғалымдар: Н. А. Абуева, А.П. Абуов, Р.Б. Әбсаттаров, Е.К. Әлияров, Т.Қ. Әуелғазина, М.С. Әшімбаев, Е.У. Байдаров, Л.Ә Байдельдинов, Н.Ж. Байтенова, Ә.С Балапанова, Б.К. Бейсенов, Л.К. Бокаев, С.М. Борбасов, Қ.М. Борбасова, Е.Е. Бурова, К.Н. Бурханов, А.Д. Дарменов, Ә.М. Джунусов, Ю. Жулин, Б.С. Жусупов, Б. Құдайбергенов, С.З. Нарматов, Т.С. Сарсенбаев, Б.М. Сатершинов, Д.А.Сатпаев Т.С. Садыков, Е.В. Токумов, Ғ.Н. Шойкин және т.б.
Аталған зерттеулер діни экстремизм және терроризммен қарсы күрес механизмдерін жасап шығару үшін теориялық және әдіснамалық база болыа табылады. Дегенмен қарастырылып жатұан мәселе бойынша жинақталған ғылыми-зерттеулер материалдарына қарамастан, діни экстремизм мен терроризм ғылыми категория ретінде әлі күнге дейін өзінің нақты ғылыми және концептуалды анықтамасына ие болған жоқ.
Дипломдық жұмыстың нәтижесі: кіріспеде тақырып көкейкестілігі негізделіп зерттеудің мақсаты мен міндеттері анықталып, оның теориялық және тәжірибелік маңызы көрсетілген.
Бірінші бөлім жалпы сұрақтарды ашады, араб мемлекеттерінде исламдық фундаментализм идеологиясының қалыптасуы және дамуының,ХХ ғасыр аяғы мен ХХІ ғасыр басындағы исламисттердің халықаралық террористік әрекеттерінің тарихи аспектілері ашылады. Негізгі анықтамалар айқындалады, бізді қызықтырған сұрақтардың өзектілігі шартталады.
Екінші бөлімде АҚШ әкімшілігінің Таяу Шығыс мәселесіне араласуы, Қазіргі кездегі Таяу Шығысқа қатысты АҚШ және ЕО мемлекеттерінің саясаты қарастырылған.
Үшінші бөлімде араб мемлекеттерінің діни экстремизм мен халықаралық терроризмге қарсы күресі, шет елдердің арнайы қызметтері мен құқық қорғау органдардың терроризмге қарсы күрестегі бірге әрекет етуі сияқты мәлелелер қарастырылады.
Дипломдық жұмыстың қорытындылары бойынша, аталған тақырыпқа байланысты проблемалар қатары ашылды, мәселенің әрі қарай зерттелуі бойынша тұжырымдар жасалынады. Осымен, аталған тақырыптың өзектілігі жұмыстың тақырыбының таңдалуын, сұрақтар шеңберін және оның құрылысының логикалық схемасын анықтады. Сонымен қатар пайдаланған әдебиеттер тізімінде диплом жұмысында қолданылған әдебиеттер мен басылымдар жүйелі түрде көрсетілген.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдіснамалік негізі: базалық оқу әдебиеті, аталған облыстағы ірі ойшылдардың фундаменталды теориялық еңбектері, көрнекті отандық және шет елдік авторлардың тәжірибелік зерттеулерінің қорытындылары, арнайы және мерзімді басылымдарды жазылған мақылалар мен шолулар, мерзумду басылымдардың кітаптары мен материалдары, анықтамалық әдебиет, және басқа да дипломдық жұмыстың тақырыбы бойынша өзекті ақпараттың деректері.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тарау, алты бөлім, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Таяу Шығыстағы радикалды эсктремизм халықаралық терроризмнің факторы ретінде

1.1 Араб мемлекеттерінде исламдық фундаментализм идеологиясының қалыптасуы және дамуы, терроризм түсінігі

Лаңкестік өз көрінісінің қандай да болсын түрінде масштабтары, болжауға келмейтіндігі және салдары жағынан адамзат ХХІ ғасырға бірге аттанған қауіпті қоғамдық-саяси және өнегелік проблемаларды біріне айналды.
Бұрындары лаңкестік ұйымдар белгілі бір мемлекеттермен (мемлекет ішінде партиялармен) қаржыландырылып, олардың мүдделерін қорғайтын болса, қазіргі заманда ол лаңкестік ұйымдар мемлекеттердің ішкі және сыртқы саясаттағы беделіне күмән келтіріп, өздері әрекет жасайды. Ол көптеген жағдайларға байланысты болды, олардың ішінде негізгі үш себеп: қандай да болсын лаңкестік әрекет туралы қоғамға жариялайтын бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы; өзінің ұйымдастырушылық құрылымы жағынан лаңкестік ұйымдармен ұқсас халықаралық қылмыстың күшеюі; қарудың жаңа түрлерін шығаруға мүмкіндік берген ғылым мен техниканың дамуы.
Қазіргі лаңкестік көрінісінің масштабы мен қатыгездігі, құқықтық әдістемелер арқылы онымен үздіксіз күресу қажеттілігі таңдалған тақырыптың көкейкестілігін дәлелдейді.Лаңкестік қазіргі заманғы ең қауіпті де қиын болжалды құбылыстар қатарына жатады. Ол түрлі формалар мен қауіпті масштабтарға дейін өсіп келе жатыр. Лаңкестік әрекеттер көптеген адамдардың қазасына, қалпына келтіре алмайтын материалды және рухани құндылықтардың қиратылуына әкеліп, мемлекеттер арасына от салып, әлеуметтік және ұлттық топтар арасында соғысты, сенбеушілік пен жек көрушілікті өршітеді.Лаңкестік ұлттық шеңберден шығып халықаралық сипатқа ие болып отыр. Ол бір-бірінен өмірді түсіну және сезінумен, өзіндік адамгершілік нормаларымен, өзіндік мәдениетімен ерекшеленетін түрлі әлемдердің мәңгілік және келіссіз дауының тиімді қорқыту және қырып-жою қаруына айналды[1].
Лаңкестік — зорлаушылық қылмыстың бір бұтағы. Оның деңгейі мен көрінісінің нақты формалары, бір жағынан қоғамдық құлықтылық көрінісі болса, екінші жағынан — аса өткір мәселелерді шешудегі қоғам мен мемлекеттің күш салу тиімділігінің көрсеткіші болып көрінеді. Бұл қылмыс кедей болсын, бай болсын, лаңкестікті тудырған жанжалға қатыссыз әр адам құрбан бола алатын қылмыстық зорлаудың түріне жатады.
Жыл сайын лаңкестік әрекеттер жақсы ұйымдастырылған және өте қатыгез болып келеді. Лаңкестер ең соңғы техника мен қару, байланыс құралдарын қолданады. Өз мақсаттарына жету үшін террор әдісін қолданған саяси және ұлтшыл радикалдар әлемнің түрлі аймақтарында қару-жарақ және жарылғыш заттар қоймаларын, қамсыздандыру құрылымдарын, қаржы мекемелерін ұйымдастырды. Лаңкестік ұйымдардың тасасы ретінде фирмалар, компаниялар, банктер және қорлардың жүйесі жұмыс істеп жатыр. Сондықтан да, бұл өте қауіпті құбылыспен күресу үшін бүкіл мемлекеттердің күшін жоғары деңгейде топтастырып, халықаралық ұйымдардың жүйесін құру қажет. Лаңкестікпен күрестегі тиімді іс-әрекеттер жүзеге асуы үшін оның бірыңғай халықаралық-құқықтық түсінігін және осы қылмыс түрінің нақты құқықтық сипаттамасын қабылдау қажет.
Лаңкестікке қарсы тұру бүкіл өркениетті елдермен негізгі жалпы мемлекеттік міндеттердің бірі ретінде қарастырылуы тиіс. Бұл бағыттағы маңызды іс-әрекеттер: құқықтық базаның жетілдірілуі, арнайы қызмет органдары арасындағы өзара әрекеттестікті күшейту, лаңкестікті қолдайтын елдерге максималды қысым жасау, лаңкестік мәселесімен айналысатын арнайы қызмет органдары қызметкерлерінің санын арттыру және оларды техникамен қамтамасыз ету[2].
Әлем діндерінің бірі бола отырып, ислам әлемде исламдық фундаментализм идеяларын қазігі кездегі таралуын проблемасын сөзсіз түрлендіреді. Сонымен бірге исламның қайта жаңғыруының жақтастарының жетістіктері мемлекет өміріндегі нақты өмір сүру жағдайларымен анықталады. Дамудың исламдық жолын таңдаған мемлекеттер бар, кейбір мемлекеттер исламды тазарту ұрандарына тартылып, сыртттан келген исламды соның ішінде фундаменталдық исламды белсенді түрде игеріп жатыр.
Мысал ретінде қазіргі кездегі ең танымал суниттық фундаменталды ағым Мұсылман бауырлар ағымының Египетте идеологиясының пайда болуының әлеуметтік-экономикалық және саяси алғышарттарына сүйенсек болады. Ағымның негізін салушы Хасан аль-Банна 30-шы жылдардың өзінде-ақ Мұсылман бауырлар әрекеттерін, дәстүрге шақыру, сунна жолымен жүру және бір уақытта өзінің идеялық болмысы бойыншасуфийлік ақықат деп анықтады. Ал белгілері бойынша саяси ағым, спорттық ұйым, мәдени-ағартушылық бірлестік, экономикалық компания және әлеуметтік идея ретінде болды [1, 84-85 б.]. Араб әлеміндегі осы бірінші фундаменталистік ағымның пайда болуы египеттік қоғамның капиталистік дамудың батыстық үлгілерінің әкелу, және олардың жергілікті экономиканың тәртіптерімен соқтығысу себептерімен шартталды.
Сыртқы саясат саласында бірінші Мұсылман бауырлар панисламизм және кейде панарабизм идеяларын алға тартты. Бірақ біріккен араб мемлекетің құру жөніндегі араб елдерінің жоспары іске аспағаннан кейін, Мұсылман бауырлар ортақ діннің шеңберінде барлық ислам мемлекеттерінің ортақ мемлекетін құру идеясын ұстана бастады. Бұл үлгіні жүзеге асыру үшін олар сайланатын мемлекет билігі, ислам нормалараны сүйеніп, басты беделгі органмен реттелетін — халифатты ұсынды. Осындай орган ретінде Мұсылман бауырлар өздерінің ұйымын қарастырды [3, 49 б.].
Египеттік Мұсылман бауырлардың 50-60-шы жылдары басты идеологі Сейид Кутб болды. Оның идеялары көптеген исламдық фундаменталисттердің көзқарастарына барлық дерлік мұсылман мемлекеттерінде айтарлықтай әсер берді. Оның жазған кітаптары қазіргі күнге дейін әр түрлі мемлекеттердің, соның ішінде Европа мен Америка мұсылмандарының арасында өте көп таралған.
60-70-ші жылдары исламдық фундаментализм идеялары Таяу Шығыста ізденіп алуы сонша, оның негізінде саяси ислам (исламизм) қалыптаса бастады. Саяси өмірдің авансахнасына исламдық фундаменталисттердің шығуы, олардың жергілікті қоғамға үстемдік идеологиялық әсерді орнатуы, басқа мемлекеттердегі үкіметтерге мықты оппозицияны құруы, бірінші кезекте әлеуметтік-экономикалық себептермен шартталды. Шиеленіскен экономикалық жағдай радикалды экстеримистік топтарға халықтың кедей таптарының арасында беделге ие болуға көмектесті.
ХХ ғасырдағы терроризм адамзат тарихында алғаш рет геосаяси, ішкісаяси, ұлттық және идеологиялық мүдделерді қорғау мен оны ілгері бастыруда күшті қарулардың біріне айналып отыр.
Терроризм — қазіргі заманда әр түрлі нысанда кеңінен таралған,алдын ала болжануы қиын аса қауіпті құбылыс. Сондықтан терроризмді құбылыс ретінде зерттеу өте қиын.Ең алдымен, бұл терроризм ұғымының жан-жақты қабылданған ортақ түсінігі болмағандығымен тікелей байланысты. Терроризмде сірә, барлығына келеңсіздік туғызатын жалғыз аспект бар, ол — күш көрсету. Тіпті террордың идеологтары мен орындаушыларының өздері террордың күш көрсету екендігімен келіседі.Бүкіл әлемдік адамзат тарихында адамдар күш көрсетуді жиі пайдаланды және қазір де одан бас тартып отырған жоқ.Сонымен «күш көрсету» дегеніміз қоғамдық қатынастардың жаңа формасы да, өзіндік ерекшелігі бар «жаңа әлемдік тәртіптің» де, қазіргі заманғы мәселелерді шешудің де ерекше түрі емес. Күш көрсетуге сүйенетін террор негізінде ешқандай жаңалық әкелмейді. Оның террор ішіндегі басқа элементтерден өзгешелігі, террордың күш көрсетуді мақсатқа жетудің жалғыз жолы ретінде таңдап алуы болып табылады.
Терроризмнің ең қысқа және айқын анықтамасының бірі: «терроризм дегеніміз саяси мақсаттағы дәлелді күш көрсету» -дей отырып, күш көрсету терроризмдегі басты орындардың біріне қойылады. ХІХ ғ өзінде — ақ террор идеологтары (Бланки, Мост, Гейнцен, Бакунин) күш көрсетуді адамзаттың неғұрлым әділетті әлеуметтік құрылымға «жылжуының» қажетті нысаны — деп саналады. Сонымен, жер бетінде неліктен әділеттілік орнату ісінде күш көрсетудің айтарлықтай маңызы бар деген пікір орын алып келеді. Дегенмен бұл идеяның түп тамыры тереңде жатқан болуы керек. Сондықтан бар мәселе заңды қоғамның да, терроризмнің де әділеттілікті қалай түсінуінде жатқан сияқты. Егер жалғыз адам немесе адамдар тобы қоғамды өзгертуге бағытталған белсенді әрекеттерін әділетті деуге құқықты болса, онда олардың пікірі бойынша жүзеге асырылатын террор өзін-өзі ақтайды. Бұл терроризмнің аса маңызды шегі болып табылады.
Соғыс саясаттың жалғасы болып табылса, сондай-ақ террор да қоғамды экстремалды, бірақ заңды құралдар арқылы, қайта құрудың формасы болып табылады
Қазіргі кездегі терроризмнің негізгі қозғаушы күші осы заманның әралуан шешілмеген мәселелері болып табылады. Әр түрлі елдердің дамуы арасындағы айырмашылық, дамушы елдердің дамыған елдерге қарағанда тұрмыс жағдайларының нашарлығы, кедейлік, жұмыссыздық, сыбайлас жемқорлық, сауатсыздық,дамушы елдердің жоғарғы билік өкілдерінің кез-келген жолмен билікті сақтап қалуға ұмтылуы — осының барлығы ақырында терроризмнің туындауы үшін қолайлы жағдай жасайды. Бұл туралы «Орталық Еуразия» жобасының директоры Э.Рихтер «терроризм теңсіздік, әділетсіздік пен қуғындау орын алған жабық қоғамдарда өркендейді»2 деп көрсетеді. Алайда, терроризмді әлеуметтік-экономикалық факторлармен ақтауға болмайды.
«Көбінесе террористер экономикалық сәтсіздіктерге, саяси қуғын мен әлеуметтік теңсіздікке өздерінің қанды акцияларын ақтайтын жағдай ретінде оларға сілтеме жасайды. Әрине бұл жағдайлар барлығына белгілі. Алайда олар бейбіт адамдарға қатысты жасалатын тікелей және психологиялық күш көрсету актілерін ақтай алмайды».
Әлемнің түрлі елдеріндегі террористік әрекеттерге жасалған талдау оның көп түрлі және көп қырлы құбылыс екендігін дәлелдейді.Халықаралық құқықта да, терроризм ұғымының нақты және ортақ анықтамасының болмауы да осыған байланысты. Сондықтан терроризмнің мәнін түсіну үшін оған түсініктемелік жұмыс жүргізейік. Терроризм ұғымы «террор», «террористік акт» түсініктерімен тығыз байланысты.»Террор»- (terror)- латын тілінен аударғанда, «қорқыныш, үрей» деген мағынаны білдіреді. Құқықтық ортада «терроризм» ұғымының кеңінен таралған немесе дәлме — дәл анықтамасы жоқ. Сондықтан бұл ұғымды түсіну үшін анықтамалық әдебиетке жүгінейік. Мысалы, С.И.Ожеговтың орыс тілі сөздігінде: «террор-саяси қарсыластарды күш жұмсау арқылы жою, тіпті өлімге бұйыруға дейін бару » деп көрсете отырып, «террорлауды — террормен, күш көрсетумен қорқыту», «террорист» — жеке террорлық актіге қатысушы немесе қолдаушы «4 деп анықтайды [4].
Бұл жерде терроризм жеке түрде көрсетіліп отыр, бірақ террор бұқаралық сипатта да болады. Сондықтан бұл анықтама терроризмге тұтастай түсінік бере алмайды. Бұл жағдайда біз тағы бір — шетел сөздерінің сөздігін алып қарастырамыз. Онда: «террор-күш көрсету шаралары арқылы саяси қарсыластарды басу, қорқыту саясаты» — делінген. Бұл жердегі «қарсыластарды» деген сөз террордың бұқаралық сипат алғанын көрсетеді.
Ал, террор туралы анықтаманы «әскери энциклопедиялық сөздікте» өте қатаң түрде келтіреді. Онда былай делінген: «террор-саяси немесе таптық қарсыластарды күш көрсетудің барлық құралдарымен қорқыту тіпті адамдарды жоюға дейінгі әрекетке бару». Бірақ мұның барлығы локальды түрде көрінеді, себебі саяси қарсыластар барлық уақытта белгілі бір шеңберде өмір сүреді. Мысалы, мемлекеттік, биліктік парламенттік, ресми құрылымдар мен институттік шеңберлерде. Сондықтан ХХ ғ. соңы мен ХХІ ғ басындағы бұқаралық сипат алып отырған террорға бұл анықтама әлі де болса сәйкес келмейді.
Сонымен, өмірде кездесетін террор мен терроризмнің әртүрлі анықтамаларын салыстыру арқылы талдау жасаған кезде, біздің түсінетініміз, жоғарыда көрсетілген түсініктердің бір-бірінен алшақтығы мен айырмашылығы және олардың қазіргі уақытқа сай келмейтінінбайқауға болады. Сонымен қатар » террор» мен » террористік акт», » террор» мен » терроризм» және тағы басқа түсініктердің ара қатынастылығының жоқтығы да көзге көрінеді.Осыдан келіп бұл сөздердің мағналық шатасуы келіп шығады, себебі «террор» деген түсінікке әртүрлі мазмұн араласып кетіп отыр. Мысалы, террор әдіс ретінде ерекше, біртұтас құбылыс — терроризммен шатастырылып отыр. Сондай-ақ, террорды күшейту әдістерімен орындалатын саясатпен де шатастырады.
Сонымен, терроризм түсінігін сараптай келе, нақты анықтама Қазақстан Респуликасының «Терроризммен күресу туралы» Заңында көрсетіліп отыр деген тұжырымға келуге болады.
Сонымен, терроризм түсінігін сараптай келе, нақты анықтама Қазақстан Респуликасының «Терроризммен күресу туралы» заңында көрсетіліп отыр деген тұжырымға келуге болады.
Бұл жерде: Терроризм-мемлекеттің қауіпсіздігін бұзу, мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалатын қылмыстық іс-әрекет. Мұндай іс-әрекеттерге-стратегиялық және өмірлік маңызы бар обьектілерді, мемлекеттің коммуникациясын, халықты қамтамасыз ету жүйесін, мүлікті және басқа да материалдық обьектілерді жою немесе жоямын деп қорқыту, мемлекеттік немесе қоғамдық қайраткердіә өміріне қастандық жасау, шетел мемлекетінің өкіліне немесе халықаралық ұйымның қызметкеріне шабуыл жасау, жеке тұлғаларға қатысты күш көрсету немесе күш көрсетемін деп қорқыту, тұлғаларға қатысты күш көрсету немесе күш көрсетемін деп қорқыту, тұлғаларды кепілге немесе басып алу жатқызылады [3, 3-4 б.].
Терроризмнің мәнін түсіну үшін, бірінші, оның элементтеріне тоқталайық;
-Террористік акт
— Террористік акция.
-Террористік қызмет.
-Террорист.
-Террористік әдіс және құрал.
— Террористік ұйым.
Террористік акт терроризмнің басты және негізгі элементі болып табылады. Террористік актісіз терроризм де болмайды.
Террористік акт — терроризм мақсатына жету үшін әдейі жасалынатын іс әрекет. Мұндай әрекеттерге жарылыс және ұшақтарды айдап әкету, өндіріс орындарында диверсия ұйымдастыру, жасау, кепілге алу, тағы басқа әрекеттер жатады. Террористік актілердің өзі шын мәнінде ресми мәлімдеген мақсаттарына жете алмайды. Көп жағдайда бұл тек террористердің өздерінің талаптары мен мүмкіндіктерін көрсету үшін жасау болып табылады. Террористік актілерден кейін көп жағдайда оның ұйымдастырушылары мен орындаушылары көпшілік алдында оны орындағаны үшін жауапкершілікті мойнына алады. Сондықтан басты мақсаттарына жетпесе де, олар аралық мақсатқа жетеді.
Террористік акция — ол терроризмнің мақсатына жетуге және террористік сипаттағы қылмыстарды жасауға бағытталған іс-әрекеттер жиынтығы.
Терроризмнің орталық элементі — ол террористік қызмет. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Терроризммен күресу туралы Заңында нақты анықтама берілген: Террористік қызмет — террористік сипаттағы қылмыс жасауға бағытталған әрекет.
Ол төмендегі әрекеттерді қамтиды: терроризм идеологиясын тарату, террористік акцияларды ұйымдастыру, жоспарлау, дайындау және жасау, террористік акцияларды өткізуге арандату, террористік мақсатта күш көрсетуге шақыру, террористік акцияларды жасау мақсатында қылмыстық ұйымдар немесе заңсыз әскериленген құрылымдарды ұйымдастыру, террористер мен террористік ұйымдарды қаржыландыру, террористер құрамына тарту.
Террорист — бұл террористік қызметті және терактіні жүзеге асыратын тұлға. Террористер бастамашылар (инициатор), ұйымдастырушылар және орындаушылар болып бөлінеді.
Террористік әдіс — бұл террористік актіні жүзеге асыратын әдістер. Мұндай әдістер әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, кейбір террористік ұйымдар саяси тұлғалардың өміріне қастандық жасаса (Испаниялық ЭТА), ал кейбіреулері жарылыс жасауы мүмкін.
Террористік ұйым — ол террористік акцияларды жасау үшін екі немесе одан да көп тұлғалардың тұрақты түрге бірігуі. Мысалы, терроризмнің субъектісі жеке тұлға (фанатик-экстремист), ал арнаулы террористік ұйымдар (Аль-Каида, Хамас, Исламдық Джихад) және тіпті көптеген мемлекеттер (кейбір Ислам елдері, тәлиптер режиміндегі Ауғаныстан) болуы мүмкін.
Жоғарыда көрсетілген терроризм элементері бір — бірімен тығыз байланысты. Мына жағдай соны дәлелдейді: егер террорист болмаса, онда террористік акті де болмайды, ал террористік акті болмаса, онда терроризм де болмайды [5].
Террористік актілердің өзі шын мәнінде ресми мәлімдеген мақсаттарына жете алмайды. Көп жағдайда бұл тек террористер өздерінің талаптары мен мүмкіндіктерін көрсету үшін жасау болып табылады. Террористік актілерден кейін көп жағдайда оның ұйымдастырушылары мен орындаушылары көпшілік алдында оны орындағаны үшін жауапкершілікті мойнына алады және сол терактіні не үшін орындағанын, сонымен қатар кей жағдайда ол актілерді тоқтату шарттарын жариялайды. Сондықтан басты мақсаттарына жетпесе де, олар аралық мақсатқа жетеді: әлгі ұйым белгілі және беделді болып есептеледі, ол туралы айтылып, онымен есептесетін болады. Дәл осындай «жарнамалық» логикамен қазіргі террористер өздеріне, тіпті ол әрекетті жасамаса да, тез жауапкершілікті алуға асығады. Мысалы, шешен террористі С.Радуев және жапондық «(Қызыл армия)» террористік ұйым 2001 жылдың 11 қыркүйекте АҚШ-та болған оқиғадан кейін осы жарнаманы қолданды.
2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі АҚШ-қа террористік шабуыл терроризм туралы кәдімгі көзқарасты мүлде өзгертті. Осы жағдай ХХІ ғасырдың басында нағыз бұқаралық сипат алып, осының нәтижесінде адамзат бірте — бірте локальді терроризмге көндіге бастады. Тіпті Ирландиядағы, Испаниядағы, Израильдегі және Палестинадағы ондаған жылдарға созылған терроризм осы елдер мен аймақтардың локальді мәселелері ретінде қаралады. Қазіргі әлем үшін басты фактісі болып, жоғарыда айтылған локальді жөргектен өсіп шыққан терроризмнің халықаралық сипаты мойындалды. Басты қажеттілік осы феноменді тез арада түсіну болса, басты проблема күнделікті өмірден терроризмді шеттету мүмкіндігі болып табылады. Сонымен қатар террористік актінің келесі белгілері болады.
1) Зорлық — зомбылықтың ең дөрекі нысандарын қолдану немесе қолдану қаупімен қорқыту;
2) Террористік актінің мақсаты оның нәтижесінде туындайтын құрбандықтар мен қиратулар шегіне асып түседі.
3) Террористік актінің мақсатына оның тікелей құрбандары болып табылмайтын тұлғаларға психологиялық жолмен әсер ету арқылы қол жеткізіледі.
4) Терроризм құрбандары олардың нақты маңызына қарай емес, символикалық мәніне қарай таңдалады.
Террористік актіні мынадай жағдайларда халықаралық сипаттағы қылмыс деп дәрежелеуге болады, егер:
1) Террорист және террористік акті нәтижесінде зардап шегетін тұлға бір немесе әр түрлі мемлекеттердің азаматтары болса, алайда қылмыс аталған мемлекеттің аумағынан тыс жерде жасалса;
2) Террористік акт халықаралық қорғау аясындағы тұлғаларға қарсы бағытталған болса;
3)Террористік акт бір мемлекеттің аумағында дайындалып, басқа мемлекеттің аумағында жүзеге асырылса;
4) Бір мемлекеттің аумағында террористік актіні жүзеге асырған террорист басқа мемлекеттің аумағында жасырынса және оны ұстап беру туралы мәселе қойылса [4, 73 б.].
Қазіргі біздің заманымызда терроризмнің сипаттамасы үзбей күрделеніп, олардың әдістері тез арада жетілуде. Террористік актілерден антигуманистік принциптері тез күшейіп, бұл бір жағынан бұқаралық сипатта болса, екінші жағынан осының нәтижесінде қатыгездікке ие болып отыр. Исламдық фанат — шахидтердің АҚШ-қа қарсы 2001 жылдың 11-ші қыркүйегіндегі террористік актілері мынаны көрсетті: терроризм әлемдік масштабтағы ұйымдасқан күшке айналып, өзінің құрбандарының масштабы бойынша ол тұрақты соғыс әрекетінің деңгейіне жетіп отыр. Сонымен, терроризм түсінігін Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың мына сөздерімен қорытындылауға болады: «Терроризм белгілі бір мақсат пен міндетті жүзеге асыру үшін күш көрсету идеологиясын тұғыр етеді. Терроризм көзқарастар мен идеялардың емес, әрекеттердің жүйесі, өйткені ол қара басының қамын күйттемейді. Ол өзінен-өзі әлеуметтік құндылық бола алмайды, алайда, қызмет көрсетудің бір түрі ретінде айтарлықтай әрекетшілдік пен сұранысқа ие».
Терроризмнің қайнар көзі мен себептерін білу террористік бағыттағы қылмыстарды тергеуге және оның алдын-алуға немесе жоюға көмектеседі.Қ.Р-ның «Терроризммен күресу туралы» Заңында террористік қызметтің себебі мен жағдайын анықтау және жою, терроризммен күресудің негізгі мақсаты деп көрсетілуі кездейсоқ емес.
Әлемдік ғылымда терроризмнің пайда болуы табиғатына әсер ететін екі жол бар:
1. Биологиялық жол — адамдардың күш көрсетушілік мәні, яғни адамдардың басқа адамның мүдделеріне қауіп төндіруі;
2. Әлеуметтік жол — әлеуметтік қарама-қайшылықтың шығуы. Бірақ бұл жерде бұған қарсы мынадай мысалды келтіруге болады: терроризм тұрақты қоғамдарда автономды түрде әрекет етеді.
Мысалы, Испаниядағы сепаратистік ұйым Эта, Жапониядағы Ревалюциялық Қызыл Армия. Терроризмнің маңына қалың бұқараны біріктіретін масштабты идеяның бар болуы, оларға қажетті заңдылықты әкелетін сияқты. Заңдылықты жұртқа көз — қылып, олар өзінің халқын азат етумен бақытты етеміз деп, шетелдерде өздерін жақсы жағынан көрсеткісі келеді.
О.М.Хлобустов және З.Г.Федоровтың ойы бойынша терроризмнің пайда болуына жалпы қылмыстың өсуі әсер етеді дейді.
М.В.Назаркин терроризмнің базалық себептеріне әлеуметтік шиеленістерді жатқызады [5, 77-79 б.].
В. Л. Васильев терроризмнің шығуының феномені мен дамуын былай қарастырып: көптеген тарихи, этнопсихологиялық, саяси және басқа факторлардың өзара әрекет етуінің нәтижесі [6, 172 б.].
Халықаралық терроризмнің түбірлі себептерін 1979 жылғы халықаралық терроризм туралы арнайы комитет былай деп көрсетті. «Неоколониализм, расизм, агрессия саясаты, шетелдік оккупация және оның салдарлары: әділетсіздік, теңсіздік, құлдық қанау, қысым».
Жоғарыда көрсетілген барлық зерттеушілердің айтуы бойынша әлеуметтік қарама-қайшылықтардың комплексі шын мәнінде барлық әлеуметтік шиеленістердің негізі мен алғашқы себебі болып келеді. Бірақ бұл терроризмнің ерекшелігін ескере бермейді.
Қалыптасқан жағдайда жасалған талдау қазіргі заманғы терроризмнің саяси-діни бағытта екенін көрсетеді. Олардың пайда болу негізіне бірқатар мемлекетаралық және мемлекеттік ішкі саяси, әлеуметтік, экономикалық, тарихи-аумақтық, ұлттық, діни және басқа да сипаттағы шиеленіс тудырушы факторлар жатады. Бұл тұрғыда неғұрлым үлкен қауіпті террорды өздерінің мақсаттарына жетудің әдісі ретінде пайдаланатын ислам фундаменталистерінің экстремистік акциялары мен ұмтылыстары төндіреді.
Сөйтіп, терроризмнің пайда болуына келесі факторлар әсер етеді:
— мемлекетте экономикалық дағдарыстың болуы;
— саяси жағдайдың тұрақсыздығы;
— билік органдары, құқық органдары және сот органдарының әлсіздігі;
— мемлекетте ұлтшылдық, шовинистік, экстремистік, сепаратистік көзқарастардың өсуі;
— коррупцияның кең таралуы;
— арнайы қызметтің кәсіби деңгейінің төмендігі;
— этникалық жағдайдың нашарлығы;
— қару-жарақ, жарылыс заттарының алу жеңілдігі;
— миграциялық бақылаудың төмендігі;
— елде саяси партиялардың және ұйымдардың билікке таласуы;
— геосаяси факторлар және т.б.
— этникалық, діни идеологиялық шиеленістердің пайда болуы;
— өмір сүру деңгейінің төмендеуі, психологиялық дискомфорт жағдайы, әлеуметтік қорғалмағандық, тұрмыс тауқыметінің шиеленісуі;
— мемлекет пен оның институттарының жалпы құрылымдық дағдарысы;
— тарихи, мәдени, құлықтық, гуманистік құндылықтардың жойылуы;
— биліктің беделінің құлауы, заңның және оған сенімнің төмендеуі;
— мемлекетке шетелдік террористердің, діни, ұлтшыл-радикалдық және т.б. ұйымдардың, басқа мемлекеттің қызығушылықтарының тууы;
Дегенмен жинақтап айту қажет болса, онда ілгері заңдылықты елемей өтуге болмайды. Түпкі себеп дамудың теңсіздігінде жатыр , мұның өзі әр түрлі мәдени жүйелерде қатал үн қату қарсылығын тудырып, оны террорист терең бір агрессивті түрде арсыздықпен пайдаланып отыр. Бүгінгі таңда бұл заңдылықты бажайламау-болашақтың іргесіне баяу жарылатын мина көму деген сөз [7].
П.Уилконсонның пікірі бойынша, терроризмнің бір себебі діни және идеологиялық шиеленісте жатыр дейді. Бұған қарсы Н.Ә.Назарбаев былай дейді: «Террорризмнің түп тамыры белгілі бір дінде жатыр дейтін мәлімдеменің ешқандай сын көтермейтініне қарапайым дәлел-терроризм белгілі-бір идеологияны пайдалана алатын құрал болып табылады. Бұлай болмаған жағдайда да біз террористік бейімділігі тұрғысынан тек исламды ғана емес, католицизмді де айыптауға тиіспіз, себебі, мысалға алғанда, Солтүстік Ирландиядағы жіктелудің бір ұшығы дінмен де астасып жатыр [7, 39 б.].
Бұқаралық формада қазіргі кездегі терроризмді тікелей «ислам факторымен» байланыстырады. Адамзатты құтқарушы дін ретінде есептелетін ислам, күш көрсетуді қолданбайтын дін болып есептеледі. Сондықтан ислам терроризмнің себебі бола алмайды.
Оны менің ойымша былай түсіндіруге болады: Ислам өзінің алғашқы шыққан кезінде, оны тарату үшін әскери экспанция қажет болды. Міне, осы кезде бұл дүниежүзілік діннің бейбіт мәні бұрмаланды. Сондықтан бұл кезеңде ислам тарихында фундаментализмнің агрессивті қанаты басым болғандықтан қазіргі терроризмнің негізін исламнан іздеушілерге «жол ашық» болу себебі де осыдан. Бұл мәселені терең және обьективті түрде зерттеу қажет сияқты, оның екі ұштылығын саудаға салып, әдейі пайдалануға болмайды Сондықтан мен Елбасы айтқан пікірге қосыламын. Себебі, исламды немесе христиан дінін саяси арандатушылық мақсатында қолдануға болмайды [8].
Бұған дәлел ретінде мына мысалды келтіруге болады: 56 мүшеден тұратын мұсылман мемлекеттерінің ұйымы — Ислам Конференциясы Ұйымы-2001жылы 11 қыркүйекте болған варварлық терактіні қатаң түрде айыптап, исламның ешқандай да терроризмді қолдамағанын мәлімдеді. Ислам бір жағдайда ғана терроризмнің шығу себебі болу мүмкін, егер соның негізінде Халифатты құратын болса. Сонымен қатар терроризмнің өмір сүруіне қажетті 2 фактор бар.
Біріншіден, мемлекеттің қауіпсіздік жүйесінде бір қатар кемшіліктердің болуы. Бұл құқықтық базаның жетілмеуіне байланысты болуы мүмкін және бірыңғай контртеррорлық саясаттың жоқ болуы; қаржылық, шекаралық, миграциялық және басқа да бақылау жүйелерінің тиімсіздігі; құқық қорғау органдары мен барлау органдарының жұмыстарының нашар болуы, билік басындағылардың шиеленісті оның шығу сатысында шешуге қабілетсіздігі немесе басқа да себептерге байланысты ықылас білдірмеуі болып табылады.
Екіншіден, әскери потенциалдық біршама ашықтығы, яғни бірінші- адамдар ресурсы: жалдамалылар, кәсіби кісі өлтірушілер мен әскери мамандар; екінші — кәдімгі қару — жарақ және қарудың жаңа түрлері, жаттығу лагерьлерін құру мүмкіндіктері.
Терроризмге жауаптың варианттарын анықтағанда адамдардың терроризмге әртүрлі себептермен баратынын есте сақтауымыз керек. Сондықтан көрегендік саясат осы себептердің барлығын назарында ұстап, соған қарсы шаралар қолдануы керек. Бірақ ешқандай да себептер терроризмді ақтамайды [9].
Терроризмге қарсы күрес бүгінде әрбір елдің ішкі және сыртқы саясатының басты бағыттарының біріне айналды. Бұдан бұрынғы терроризмге арналған мақалаларымызда біз көбіне бұл құбылыстың халықаралық сипатына, сондай-ақ халықаралық деңгейде әрекет етіп жатқан торрористік ұйымдардың өткен тарихы мен бүгінгі болмысын қарастырған болатынбыз. Бүгінгі әңгімеміз терроризмнің саяси-әлеуметтік құбылыс ретіндегі табиғатына арналмақ. Табиғаты күрделі, тарихы тереңде жатқан бұл құбылыстың мән-жайын түсіну сарапшылар деңгейінен қалың оқырманға қарай жол тарта бастады. Біз де сол үдеріске қарата бет бұруды жөн санадақ.
Терроризм дегеніміз не? Оның анықтамасы қандай? Латынның terror деген сөзі үрей, қүш қолдану, қорқыту деген мағынаны білдіреді. Қазақстан заңындағы терроризмнің анықтамасы былай болып келеді: Терроризм — күш қолдану идеологиясы және халықты үрейлендіруге байланысты және жеке адамға, қоғам мен мемлекетке залал келтіруге бағытталған күш қолдану және (немесе) өзге де қылмыстық әрекеттерді жасау не жасаймын деп қорқыту жолымен мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының немесе халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына әсер ету практикасы. Қазақстан заңындағы терроризмнің анықтамасы орыс заңынан алынған. Ал Американың терроризм жайлы анықтамасы бұл құбылысқа толықтай саяси түс береді. АҚШ заңына сәйкес Терроризм — бейбіт адамдар мен түрлі нысандарға қарсы саяси мақсатты көздеген түрлі топтар мен астыртын әрекет ететін агенттердің қоғамның көңіл-күйіне ықпал ету ойымен күш қолдануы болып табылады. Осы алдына қойған саяси мақсатына байланысты терроризм төрт түрге бөлінеді.
Біріншісі, ұлтшылдық сипаттағы терроризм. Бұл террористер сепаратистік, ұлт-азаттық мақсаттар үшін күреседі. Сепаратистік мақсаттағылар ретінде Шығыс Түркістандағы ұйғырларды, Ресейдегі шешендер мен Түркиядағы күрділерді айтуға болады. Ұлт-азаттық мақсаттағылар-Африка мен Азиядағыколониялардың Еуропадағы метрополияларға қарсы күресуші ұйымдары мен жеке тұлғалары. Ұлы державалардың азат елдерге құлдық қамытын кигізуі тарих сахнасына ұлт-азаттық күресін әкелді.
Екіншісі, діни терроризм. Бұл ең бір қатыгез, қисынсыз, әсіре идеологиялық негізге құрылған терроризм. Бұл қанды текетірестер тек діндер арасында емес (мұсылмандар-яһудилер) бір дін ішіндегі ағымдар мен бағыттар (шиалар мен суннилер, котоликтер мен протестанттар) арасында да жалғасып жатыр. Үшіншісі, қоғамдық құрылысты өзгертуді мақсат ететін, идеологиялық-әлеуметтік немесе революциялық терроризм. Миллиондаған адамдарды құрбан еткен коммунистік қызыл террор — сталиндік репрессиялар (10-15 миллион адам), Қытай көсемі Маоның мәдени революциясы (15 миллион), 3 миллионға жуық адамның өмірін қиған Комбодже коммунистерінің басшысы Пол Пот Иенг Саридің әрекеті коммунизмнің нағыз террористік идеология екенін көрсетті. Бұл террор Лениннің билікте тұрған кезінде басталған болатын. Лениннің Расстрелять деген бұрыштама қойылған талай құпия декреттері мен қаулылары бүгінде әлеуметтің назарына ұсынылып жатыр.
Терроризмнің тарихы біздің эрамызға дейінгі дәуірлерден бастау алады. Қарсыластары мен мұрагерлерінің қолынан қаза тапқан патшалардың өлімін (саяси террор) есепке алатын болсақ, алғашқы террорлық актілердің бірі Александр Македонскийдің әкесі б.э.д. 340 жыл бұрын өлтірілген екен. Саяси террор орта ғасырларда үдей түсті. 1090 жылы қазіргі Иранның солтүстігіне орналасқан Хамадан аңғарындағы Аламут қамалын басып алған Хасан ибн Саббахтың ұйымы бір жарым ғасыр бойы террорлық әрекеттерді жүзеге асырып, Парсы бұғазы мен Жерорта теңізі аралығында орналасқан елдердің жүзден астам халифалары мен қазиларының, әскер басшылары мен ресми дін басшылардың жастығын қуратты. Бұл террористер сол ұлан-байтақ өңір басшыларының өмірін ізден шығарып, сол замандағы билеушілердің үрейін ұшырып келді. Тек 13-ғасырдың ортасында Шыңғысханның әскерлері бұл аймақты орта ғасырдың ең қанды қол террористерінен біржола құтқарды.
Жаңа заманның террористік әрекеттері 1880 жылдарда Ресей, Еуропа және Солтүстік Америкада үдей түсті. Владимир Лениннің ағасы Александр Ульянов Ресей императоры Александр ІІІ-ке қастандық жасағаны үшін 1887 жылы 21 жасында Сенаттың үкімімен дарға асылды. Өткен ғасырдың 70-90 жылдары террористік актілер жаңа сипатқа еніп, ұшақтарды аманатқа алу, метролар мен үлкен сауда орталықтарында жарылыстар ұйымдастыру сияқты көпшілікті қыру мен қоғамды үрейлендіруге бағытталған әрекеттерге ұласты. Коммуникация саласының дамуы террористік актілерінің салдары мен мақсаты болып табылатын үрей мен ақпараттық шабуылды жаңа, бұрын-соңды болмаған деңгейге көтерді [10].
Терроризмнің табиғаты — үлкен зерттеуді талап ететін мәселе. Әрине, терроризм — себеп-салдарсыз, басына ат теуіп алжыған адамдардың нұқсанды санасынан туындаған әрекет емес. Сарапшылардың ортақ пікіріне орай, терроризм — бірінші кезекте әлеуметтік теңсіздік пен тұрмыстық тұрақсыздықтан туындаған құбылыс. Мысалы, Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы Заңында терроризмнің бұл себебі арнайы ескеріліп, мемлекеттік жоспарлау саласындағы уәкілетті орган ұлтаралық жанжалдарды және терроризм көріністерінің әлеуметтік-экономикалық алғышарттарын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтарын қалыптастыруға бағытталған шаралар кешенін әзірлеу мен іске асыруды жүзеге асырады деп қадап айтылған. Қазақстан заңының бұл талабы көрші елдер мен халықаралық қауымдастық деңгейінде лайықты бағасын алғанын айта кету керек. Сонымен, терроризм — әлеуметтік құбылыс, оның астарында әлеуметтік тұрмыстың күйбең тірлігі мен өз жағдайы және қоғамдық мәртебесінен қанағаттанбаушылық сырқаты жатыр. Сол өз жағдайы мен мәртебесінен қанағаттанбағандар белгілі идеологиялық арбаулардан соң террористік ұйымдардың қатардағы әскерлері мен жанкештілеріне айналады. Қатардағы әскер мен жанкешті мына өмірдің азабынан құтылып, арғы дүниенің жұмағынан үмітті, ал ұйымдастырушылар мен қаржыландырушылардың террорлық әрекеттерді материалдық құндылықтар мен күдікті атаққа айналдыруды көздеген өз саудасы мен есебі бар.
Терроризмге қарсы соғыс ұранымен қуатты империялар өз дегендеріне жетіп жатыр. Атүсті қарағанда таразының бір басында әлем тыныштығын мұрат еткен АҚШ пен оның одақтастары, ал екінші басында халықаралық деген мәртебе берілген террорлық ұйымдар тұр. Бұл ұйымдарға қарсы жұмсалып жатқан қару мен қаржы көптеген дамып келе жатқан елдердің мемлекеттік бюджетінен едәуір көп. Қазір АҚШ ақпараттық құралдары Қорасан деген ұйымды тілге тиек ете бастады. Жуырда Халифатты мақсат еткен тағы бір халықаралық террористер … жалғасы

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!