«Қайраттың» көшбасшы ойыншылары жарақатының салдарынан Суперкубок матчына қатыспады

0

2019 жылғы футбол маусымының шымылдығын ашқан «Қайрат» пен «Астана» арасындағы Суперкубок үшін болған ойында алматылық команданың көшбасшылары жарақатының себебінен алаңға шықпаған, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Алматының орталық стадионында өткен матчта «Қайрат» ел чемпиондары«Астанадан» 2:0 есебімен жеңіліп қалды. Алаң қожайындарының сапынан алаңға бірден 5 жаңа ойыншы мен жас футболшылар шыққан болатын.

Команда капитаны Бауыржан Исламхан, көшбасшы ойыншылар Сергей Политевич, Ғафуржан Сүйімбаев, тіпті, тізімге ілінбеді. Бұның себебін «Қайраттың» бас бапкері Алексей Шпилевский түсіндірді. Оның айтуынша, тізімге ілінбеген ойыншылардың бәрінің жарақаты бар.



Дереккөз: prosports.kz/kz