Спорт сарапшысы: Полторанин кеткен шығынды қайтаруы керек — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Допинг қолданған спортшылардың миллиондаған сыйақысын қайтарып алып, өздерін қылмыстық жауапқа тарту керек! Отандық спорт сарапшылары осындай бастама көтерді. Бұған жауапты министірлік не дейді? Бірер күн бұрын Австрияда өтіп жатқан әлем чемпионатында допингпен ұсталып, уақытша қамауға алынған, Алексей Полторанин қандай жазаға тартылады? 

Алексей Полторанин

Допинг дауы енді ғана басылғандай еді. Бір-ақ күнде қайта ушықты. Бұл өткен аптада Австрияда еліміздің шаңғы спортындағы басты үміті Алексей Полторанинмен бірге ұсталған Макс Хауке. Спортшы қонақүйдегі бөлмесінде қан допингін емін-еркін қолданып отырғанда қолға түскен. Бірақ халықаралық спорт сарапшылары оны қанға допинг араластырып салуда деп түсінбеу керек, дейді, деп хабарлайды «Еуразия бірінші арнасы«.

«Қан адам ағзасына оттегі тасымалдайды, ал қаны оттегіге бай атлет шыдамды келеді. Біреудің қанын құймайды, мысалы Полтораниннен алынған қанды сақтап, кейін өзіне құйып береді, сонда қанның оттегі тасымалдау қасиеті артады», — дейді халықаралық спорт сарапшысы Григорий Кротов.

Айта кетсек, әлем чемпионатында ел намысын қорғауы тиіс отандасымыз Алексей Полторанинді 27-ші ақпан күні, жарысқа 1 жарым сағат қалғанда полицейлер ұстап кеткен еді. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы спортшы тергеу абақтысына тоғытылды ма, әлде жоқ па деген сұраққа мардымды жауап қатпады.

«Бәріміз «алтын» күткен едік. Ол да өзіне сенімді болатын. Өкінішке қарай, бұл алғаш болып тұрған жағдай емес. Жарыс басталған кезде қандай да бір айып таға бастайды. Қазақстан әрдайым допинг сынақтан «таза» шығады. Бірақ, спорт әлемі осындай, бәсекелестік күшті», — дейді мәдениет және спорт министірі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Министр Полтораниннің жарыс алдында допинг тестен өткенін айтқанмен, кейін спортшының өзі допинг қолданғанын мойындады. Бірақ, түсініктеме алынған соң оны бостандыққа жіберген. Сыртқы істер министірлігінің мәліметінше, ол консулдықтың көмегінен бас тарқан. 

«Әзірге, Полторанин байланысқа шығудан бас тартуда. Біздегі ақпаратқа сүйенсек, ол консулмен кездеспеген. Әрі біздің көмектен бас тартып отыр», — дейді сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев.

Айта кетсек, бұл жайсыз хабар барша қазақстандық жанкүйерлер үшін ауыр соққы болды. Қанша дегенмен, Полторанин қатардағы көптің бірі емес. Ол әлем чемпионатында екі мәрте жүлде алып, басқа да халықаралық додаларда жеңіс тұғырына сан мәрте көтерілген сақа спортшы. Осы саланы білетін спорт сарапшысы Руслан Меделбектің сөзінше, оған мемлекет миллиондап қаржы бөлген. Тіпті ұлттық құрамадан жеке дайындап, Эстонияда өмір сүріпті. Сондықтан ол ысырап болған ақшаны қайтарып беруі тиіс деп санайды. 

«Полторанин менің ойымша, кеткен шығынын қайтару керек. Және мен оның спорттағы болашағы қалай болатынын, болжап айтуға болады. Өзі мойындаған, қанша жыл допинг қолданғанын мойындаған спортшы спорттан өмір бақи аластатылуы мүмкін. Ол демек спорттық жарыстарға да қатыса алмайды және бапкерлікпен де айналысуға құқығы болмайды», — дейді спорт сарапшысы Руслан Меделбек.

Допинг қолданғаны үшін талай үкілеген спортшымыз абыройдан жұрдай болғаны өздеріңізге мәлім. Әсіресе, ауыр атлеттердің жағдайы барлығына сабақ болуға тиіс еді. Бірақ бізде допингпен ұсталған спортшылардың миллиондаған сыйақысы мен қымбат пәтерлері өздерінде қалады. Үлкен даудан сабақ алған Спорт министрлігі өткен жылы рұқсат етілмеген дәріні пайдаланғандарды қылмыстық жауапқа тарту мәселесін қарастырған еді. Бірақ ол заңды күшіне әлі енген жоқ.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz