Ойнайық та, ойлайық балабақша ойындары
Ойнайық та, ойлайық
Тақырыбы: Ойнайық та, ойлайық!
Мақсаты: 1. Алған білімдерін қолдана білуге үйрету.
2. Логикалық ойлау қабілетін, тіл байлығын, ойын арқылы дамыту.
3. Достыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: суреттер, шар, сандар, құрамақтар
Оқу іс- әрекетінің барысы
Тәрбиеші:Балалар сендер екі топқа бөлініп отырсыңдар.Екі топ өз топтарыңның атын қоясыңдар.1-ші топқа «Балапан», 2-ші топқа «Көгершін» деген топтарының аты қойылды.Балалар сендердің ұпайларыңды әділ қазылар анықтап отырады.
Сабақ алты кезеңнен тұрады. Олар:
1. Жыл мезгіліне (әңгіме құрау)
2. Жұмбақ айтысы (есеп шығарады)
3. Құрамақ
4. Сурет салу
5. Кім жылдам
6. Тілашар (жұмбақ жасыру)
Тәрбиеші: Балалар сендерге жыл мезгілдерінің суретін берем, суретке қарап әңгіме құрастыру
1-ші кезең Жыл мезгіліне әңгіме құрау
1-ші топ «Балапан» тобы көктем, жаз мезгіліне әңгіме құрады
2-ші топ «Көгершін» тобы күз, қыс мезгіліне әңгіме құрады
2-кезең Жұмбақ айтысы
2. Көлден ұшып алты қаз,
Қайтып келді екі қаз,
Шешуін кім табады тез.
3. Оң қолымда бес өрік,
Сол қолымда бес өрік,
Саған берем бес өрік
Алатының неше өрік
4. Алдында үш балапан
Артында үш балапан,
Ақ тауықты қосқанда.
Саны қанша балақан!
3- кезең Құрамақ
Бұл кезеңде балаларға үй берем, сол үйді құрап, жабыстырып 6,7,8,9, санның құрамын табу.
4- кезең Сурет салу
Суретті аяқтап салу, бояу
5-кезең Кім жылдам? Ойыны
Тақтаның алдын да жатқан сандарды, екі топта рет- реті мен қойып шығу.(1-ден-10 -ға дейін) сандарды ілу.
6- кезең Жұмбақ жасыру
Жауабын білген бала қолын көтеріп жауабын қазақша, орыс тілінде айту керек
1. Қыс бойына жатады
Тәтті ұйқыға батады (аю-медведь)
2. Өзі айлакер, өзі бір қу
Жүрген жері айқайда шу (түлкі- лиса)
3. Ұйқысынан тұрғанда
Айақтарын соғады
Тықыр шықса тышқаннан
Делебесі қозады( мысық- кошка)
4. Сылдырдан қорқады
Шошынып жортады (қоян- заяц)
5. Адамға серік
Күзетке берік (ит-сабака)
6. Белестен шыққан бесті ат
Бүкір келген желекті ат,
бейғам елді іздейді,
Малдан күдер үзбейді.(қасқыр- волк)
7. Бетін адам ашады
Білім нұрын шашады (кітап-книга)
8. Иір-иір денесі
Сахараның денесі
Ащы шөптер тамағы
Шөлге шыдап жатады (түйе-верблюда)
Ұпайлары анықталып,жеңімпаз топ марапатталады
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!