Астанада мектепке бомба қойған оқушы ұсталды
Бүгін Астана қаласында №22 мектептің директоры 102 каналына хабарласып, ғимарат ішіне бомба қойылған болуы мүмкін екенін айтты.
«15 жастағы оқушы бұзақылық ниетімен мектепке жарылғыш зат қойылғанын хабарлағанын түсіндірді. Терроризм туралы жалған хабарлама актімен (ҚР ҚК 372 бабы) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Осындай қылмыстарды ашуға арналған жаңа техникалық құрылғылар көмегімен жалған ақпарат берген адамды анықтап, табу қиындық тудырмайды», – деп хабарлады полиция департаменті.
Санаулы минуттарда оқиға орнына полицейлер жетіп, мектеп айналасын қоршауға алды. Тәртіп сақшылары бірден оқушылар, ұстаздар мен мектеп қызметкерлерін эвакуациялады. Қауіпсіз жерге көшірілгендердің жалпы саны 1800 адамды құрады.
Жедел іздестіру жұмыстары аясында 15 жастағы жасөспірім ұсталған. Ол мектеп директорына қоңырау шалғанын мойындады. «ҚР ҚК 373 бабы «Терроризм актісі туралы қасақана жалған хабарлама тарату» бойынша алты жылға бас бостандығынан айыру қарастырылған.