Курстық жұмыс: Экономика | Иннновациялық қызметтің нарық экономикасындағы орны

0

Мазмұны

Кіріспе
1 тарау. Иннновациялық қызметтің нарық экономикасындағы орны.
1.1. Кәсіпорындағы инновациялық қызмет, оның мәні, маңызы және жіктелуі.
2.2. Ғылыми – техникалық прогрестің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі.
2 тарау. «Уркер косметикс» ПКФ-ның инновациялық қызметін талдау.
2.1. «Үркер косметикс» ПКФ-ның жалпы сипаттамасы
2.2. Кәсіпорынның инновациялық қызметі.
3 Тарау. Кәсіпорында инновациялық қызметті дамыту жолдары.
3.1. Кәсіпорынның инновациялық қызметін дамытудағы шетелдік озық тәжірибелерді қолдану.
3.2. Кәсіпорынның инновациялық қызметін дамытудағы нақты ұсыныстар.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

1 тарау. Иннновациялық қызметтің нарық экономикасындағы орны.
1.1. Кәсіпорындағы инновациялық қызмет, оның мәні, маңызы және жіктелуі.

Кәсіпорынның инновациялық қызметі — бұл жаңа немесе өнімнің жақсартуы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы ғылыми – техникалық және зияткерлік әлеуметтік шаралар жүйесі. Бұл жеке сұранысты, сонымен бірге жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның мұқтажын қанағаттандыруы үшін пайдаланылады.
Инновацияның екі тұрпаты ажыратылады:
• өнімділік;
• үдерістік;
Жаңа өнімді өндіріске енгізу инновацияның түбегейлі өнімділігі ретінде анықталады. Мұндай жаңалықтар негізінде жаңа технологияға негізделінеді, не тіршілікте қолданылып жүрген технологияның жаңа түрінде пайдалануын ұштастырады.
Процестік инновация — бұл жаңалықты енгізу немесе өндіріс тәсілін және технологияны едәуір жетілдіру, жабдықтарды және өндірісті ұйымдастыруды өзгерту.
Жаңалық дәрежедегі инновация негізінде жаңа, яғни өткен, отандық және шетелдік практикада ұқсастығы жоқ және жаңа нәрсенің салыстырмалы жаңалығы болып ұсақталынады. Негізінде өнімнің жаңа түрлері, технологиясы және қызмет көрсетуі басымдық, абсолюттік жаңалықтарға ие болады және үлгінің түп нұсқасы болып табылады.
Инновацияның өмірілік кезеңі өзара байланысты процестердің және жаңалықтарды енгізу сатысының жиынтығын көрсетеді. Инновацияның өмірілік кезеңі уақыт аралығы ретінде идеяның дүниеге келуінен өндірістік өткізуден алып тастағанға дейінгі инновациялық өнімнің негізінде анықталады.
Кәсіпорынның инновациялық қызметін әзірлеуде, енгізуде, жаңалықтарды пайдалануда қосылатындары:
• жаңалық идеяны әзірлеу, зертханалық ғылыми жұмыстар, өнімнің жаңа зертханалық үлгілерін, техниканың жаңа түрлерін, жаңа конструкцияны және бұйымдарды дайындауда ғылыми – зерттеу және конструкциялық жұмыстарды жүргізу;
• өнімнің жаңа түрлерін дайындау үшін шикізаттар мен материалдың қажетті түрлерін таңдап алу;
• жаңа өнімді дайындауда технологиялық процесті әзірлеу;
• қажетті өнімдерді дайындау үшін жобалау, жасау, сынақтан өткізу және жаңа техникалық үлгілерін енгізу;
• жаңалықтарды іс жүзіне асыруға бағытталған ұйымдастырушылық — басқарушылық шешімдерді әзірлеу және енгізу;
• қажетті ақпараттық ресустарды және инновацияны ақпаратпен қамтамасыз етуді зерттеу және әзірлеу;
• қажетті ғылыми – зерттеу және конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін дайындау, оқыту, жаңа мамандық беру және қызметкерлерді арнайы әдіспен іріктеу;
• инновацияны жетілдіруді ұйымдастыру және маркетингтік зерттеулерді жүргізу.
Жаңалықтардың енуін, талдануын, құрылуын қамтамасыз ететін басқарушылық, технологиялық және экономикалық әдістердің бірігуі кәсіпорынның инновациялық қызметін құрайды. Оның мақсаты – басқа фирмалармен бәсекелестігін жоғарылату және өндіру мен сату рентабельділігін жоғарлату.
Кәсіпорын инновациялық қызметте үлкен нәтижелілікке жету үшін белгілі бір объектіге негізделінуі керек және де ішкі және сыртқы орта факторларын ескеруі қажет. Ол үшін инновациялардың толық классификациясын, олардың қасиеттерін және де қаражаттану көздерін білу керек. Кәсіпорын қызметінің объекті ретіндегі инновациялардың классификациясы 1- кестеде толығымен көрсетілген. Жаңалықтардың мінездемесінің бірден – бір көрсеткіштері болып олардың абсолютті және қатысты жаңалығы, басымдылығы мен прогрессивтілігі, унификация мен стандартизация деңгейі, бәсекелестігі, шаруашылықтың жаңа талаптарына сай болуы, модернизацияға бейімділігі, экономикалық эффективтілігінің көрсеткіштері, экологиялық қауіпсіздік және бағы басқа сайып келгенде, бұл көрсеткіштердің барлығын жаңалықтардың технико – ұйымдастырушылық деңгейінің және бәсекелестігінің көрсеткіштері деп атауға болады. Олардың маңыздылығы осы факторлардың кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижелеріне әсер ету дәрижесіне байланысты болып келеді.
Инновациялық қызметтің мотивтері болып сыртқы және ішкі факторлар саналады. Сыртқы мотивтері:
• шаруашылықтың жаңа талаптарына кәсіпорынның бейімделуі;
• салық, несие – ақша және қаржы саясатындағы өзгерістер;
• сату нарығын жетілдіру мен динамикалау;
• бәсекелестерді активизациялау;
• конъюнктуралық тербелістер;
• құрылымдық салалық өзгерістер;
• жаңа арзан ресустарлдың пайда болуы, өндіріс факторлар нарығының кеңеюі демек, сұраныстың қысымы, және тағы басқа.
Инновациялық қызметтің ішкі мотивтеріне келесілер жатады:
• сатудың көлемін ұлғайтуға ұмтылу;
• нарық бөлігінің кеңеюі, жаңа нарықтарға көшу;
• фирма бәсекелестігін жақсарту;
• кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігі және қаржылық тұрақтылығы;
• ұзақ уақыт кезеңінде пайданы өсіру.

Мазмұны бойынша
• Тауарлар
• Қызметтер
• Техникалық
• Ұйымдастырушылық
• Экономикалық
• Экологиялық
• Ақпараттық Өңдеу мен тарату деңгейі бойынша
• Мемлекеттік
• Республикалық
• Регионалды
• Салалық
• Корпоративтік
• Фирмалық
Жаңалық дәрежесі бойынша
• Абсолютті
• Салыстырмалы
• Шартты
• Жеке Өңдеу мен тарату сфераларына байланысты
• Өндірістік
• Қаржылық
• Қызмет көрсету
• Сату делдалдық
• Білімдік – педогогикалық
• Құқықтық
Инновациялық потенциалы бойынша
• Радикалды
• Шоғырланған
• Модивикациялық Қаражаттандыру көздеріне байланысты
• Өз қаржылары
• Тікелей бюджеттік
• Қаржыландыру
• Тартылған қаражат
• Заемдық қаражаттар
Инновациялық потенциалы ерекшеліктеріне байланысты
• Ұйым ішіндегі
• Ұйым аралық

Инновациялық процестің этаптарының ұзақтылығына байланысты
1-кесте. Инновациялар мен инновациялық процестердің классификациялық
белгілері.

І.2. Ғылыми – техникалық прогрестің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі.

Нарықтық экономика жағдайында инновациялық қызметтің тиімділігін талдау қиындайды және көп сатылылығын білдіреді. Талдаудың бірнші кезегінде – жаңа техниканы және технологияны қолдану қажеттілігін дәстүрлі қорытындылайтын техникалық деңгейдегі жеке көрсеткіштер және жаңа техника мен технологияның тиімділігі.
Техникалық ұйымдастырушылық деңгейінің экономикалық тиімділігін арттыру көрсеткіштері және өз деңгейінің көрсеткіштері, яғни техниканың, технологияның, ұйымдастырудың, басшылықтың ғылыми — зерттеу және конструкторлық жұмыстар жөніндегі көрсеткіштерді әдіснамалық тұлға айыру қажет. Ең ақырында өндірістің техникалық – ұйымдасыру деңгейі өндірістік процестің негізгі элементтерін пайдалану деңгейіде байқалады: еңбек, еңбек құралдары, еңбек заттары. Міне, сондықтан да, мұндай экономикалық көрсеткіштер, еңбек өнімділгі, қор қайтарымы, материалды қажетсіну, айналым қаражатының айналымдылығы ретінде өндірістің қарқынды ресустарын пайдалануды қамтитын жаңа техника мен технологияның экономикалық деңгейін арттыру көрсеткіші болып табылады. Жоғарыда аталған көрсеткіштер (еңбек өнімділігі, қор қайтарымы, материалды қажетсіну және айналым қаражатының айналымдылығы) қарқындатудың жеке көрсеткіштері деп аталады. Бұларды талдау техникалық ұйымдастырушылық деңгейінің нысаны бойынша жүргізу қажет. Жеке көрсеткіштер мен қатар қорытындылайтын көрсеткіштер де пайдалынылады.
Өндірістің технологиялық деңгейінің ең үлкен дәрежесі технологиялық әдістік заттарға технологиялық қарқыдылық және технологиялық басқарылатын процестерге, оның бейімделу – ұйымдық деңгейіне әсер етуіне байланысты болады. Жобалауда, әзірлеуде және жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізуде бұл шаралардың экономикалық тиімділігін анықтау төрт кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең – бұл инновациялық шараларды іске асыру үшін қажетті шығындарды анықтау;
Екінші кезең – бұл қаржыландыру мүмкіншілік көздерін анықтау;
Үшінші кезең – Бұл жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізудегі экономикалық тиімділікті бағалау;
Төртінші кезең – бұл экономикалық көрсеткіштерді салыстыру арқылы салыстырмалы жаңалықтардың тиімділігін бағалау.
Жалпы түрінде ғылыми – техникалық прогресті жеделдету тиімділіктің бірнеше түрін жасайды: экономикалық, ресурстық, техникалық және әлеуметтік.
Экономикалық нәтижелілік – бұл еңбек өнімділігінің артуы, еңбек және материалдық сыйымдылықтарды төмендету, өнімнің өзіндік құнын кеміту, пайданы өсіру және пайдалылықты одан әрі арттыру.
Ресурстық нәтижелілік – бұл кәсіпорында ресурстарды босатып алу: материалдық, еңбек және қаржы.
Техникалық нәтижелілік – бұл жаңа техника мен технологияны ашу, өнертабыс және оңтайландыру ұсынысы, ноу-хау және басқа да жаңа енгізілімнің пайда болуы.
Әлеуметтік нәтижелілік – бұл халықты материалдық және мәдени – тұрмыстық деңгейінің артуы, олардың тауарлар және қызмет көрсетуде мұқтаждарын қанғаттандыру, жағдай және техниканың еңбек қауіпсіздігін жақсарту, ауыр қол еңбегінің үлесін төмендету және тағы басқа.
Бұл нәтижелерге қол жеткізуге болады, егер де үкімет тарапынан ғылыми – техникалық прогресті жеделдетуге толық жағдай жасалса.
Қандай да кәсіпорын болмасын жаңа техника мен технология енгізгенде белгілі бір шығындарға ұшырайды. Жаңа техниканы енгізуге кеткен шығындар дегенімізде капиталдық енгізілімдердің, айнымалы қорлардың және адам еңбегінің қосындысын айтамыз. Экономикалық эффект келесі формула арқылы табылады:

Э =Р — З

Мұндағы, Э — айырысу кезеңіде жаңа техниканы енгізуден болған экономикалық эффект тг;
Р — айырысу кезеңіндегі жаңалықтардың құндық бағасының нәтижесі тг;
З — айырысу кезеңінде жаңа техника мен технологияны енгізуге және тағы басқа сол сияқты жұмыстарға кеткен шығындарға құндық баға беру тг.
Жаңалықтарды енгізудегі бүкіл кезеңі бойынша әр уақытағы шығындарды келесідей формула арқылы есептейміз:
Р = Р a
Мұндағы, Р — t жылуындағы құндық баға; a – шығындар көрсетілімінің коэффициенті.
Келесі жылдардың шығындары мен капиталдық енгізілімдердің вариант бойынша уақыт факторын ескере отырып есептеу керек. Ол шығындар көрсетілімінің коэффициенті:
a =(1+Е)
Мұндағы, t – шығындар көрсетілімдердің коэффициенті; Е — әр көлемдегі шығындардың қабылданған нормативі; Т – шығындар жылы мен нәтижелі жылын бір- бірінен айырылатын уақыт аралығы.
Сонымен, қорыта келе инновация :
1. Техникалар мен технологиялардың ауысымын қамтамасыз етуге байланысты экономикаға қаржы жұмсау;
2. Ғылыми – техникалық прогрестің жетістігі нәтижесіндегі жаңа техника және технология екенін білдік. Инновацияны анықтайтын фактор – ол өнертапқыштық, оңтайландыру, ірі жаңалықтарды жарыққа шығару болып табылады.
Инновациялар ғылымды қажет ететін технология негізінде инвестиция арқылы жаңа құрылыстар салуды және жұмыс істеп тұрған өндірісті қайта құруды қамтамасыз етеді.
Инновацияның қаржылық базасы кәсіпкердің жеке меншігіндегі қаржысынан және қарыз қаражатынан құралады. Инновациялық менеджмент банк несиесі, бағалы қағаздар, ақша нарығына сүйеніп іс жасайды, инвестицияны қатыстыра отырып, өндірістік жаңа енгізілімін жүзеге асырады.
Инновацияға қатысушылардың арасындағы қатыныстардың тиімділігін белгілеу: өндірістік субъектісімен, инвесторлармен (тапсырыс беруші), жұмыс атқарушылармен, жеткізушілермен, олардың жобалу жөніндегі қызметін үйлестіру, инновациялық жобалауды басқаруда назар аударатын мәселе – оның нәтижелілігін бағалау.
Инновациялардың өмірлік циклі дегеніміз жаңалықтарды құрудың стадиялары мен процестері. Инновациялардың өмірлік циклі дегенді ойдың туумен сол негізінде пайда болған инновациялық өнім уақыт ……

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!