Мереке кезінде гүлді қалай сыйлау керек?
Әлемді әдемі гүлсіз елестету мүмкін емес. Осынау бір тылсым табиғатқа гүл өз сәнін беріп тұрғандай. Ата-бабаларымыз ару қыздарын гүлге теңеген және есімдерін де гүл сөзімен байланыстырып қойған.Мысалы, Гүлназ, Гүлмира т.б. Енді сол әдеміліктің нашаны болған әдемі гүлдерді қалай сыйлау керектігіне тоқталсақ.
Мейрамда гүлді қалай дұрыс сыйлау керек?
Әдемі гүл шоғы бұл — кез келген мерекеде сыйлауға болатын әмбебап сыйлық. 8 наурызға, туған күнге немесе үйлену тойына не сыйлау керектігін қанша ойлансаңызда айналып келіп гүлге тоқтайсыз. Сонымен қатар гүл қосымша сыйлық ретінде немесе негізгі сыйлық ретінде сыйлануы мүмкін. Барлық шаруа оны қалай сыйлайтыныңызда және әрбір кішігірім дүниесіне көңіл аударуыңызда.
1. Бастысы — балғындық. Гүлді мереке алдында бірнеше сағат бұрын сатып алып қойыңыз. Себебі түрін жоғалтқан гүл мен солып қалған жапырақтар адамға жағымды әсер бермейді. Гүл шоғыңыз қаншалықты керемет болса да, бастысы ол балғын болуы міндетті.
2. Гүл түсін дұрыс таңдаңыз. Сүйіктіңіздің жақсы көретін түстерін есіңізге түсіріңіз. Егер жақсы көретін түсін білмесеңіз, қандай түсті киімдерді ұнататынын немесе киіп жүретінін есіңізге түсіріңіз. Сәйкесінше гүлді де сол түстерге байланыстырып алуға болады.
3. Жыл маусымында есте ұстауыңыз керек. Негізі көктем мезгілінде көзге қатты әсер етпейтін жеңіл, балғын гүлдерді сыйлаған дұрыс. Ал қыс мезгілінде роза гүлін сыйлаған жақсы болады.
4. Адамның көзіне қатты әсер ететін гүлді алмағаныңыз жөн. Жалпы сүйіктіңізге ұнайтын 2-3 түстің қосындысынан тұратын гүл шоғын дайындағаныңыз дұрыс. Тағы бір ескеретін жайт — иіс. Тым қатты иіс адамның басын ауыртуы мүмкін немесе аллергия тудыруы мүмкін. Сондықтанда иісі өткір гүл шоқтарын алмағаныңыз жөн.
5. Ашық хат жазуды ұмытпаңыз. Әдемі сөздер әдемі гүл шоғымен үйлесім табады. Шама келсе құттықтау сөздерін өзіңіз жазғаныңыз дұрыс. Бұл сіздің сыйлықққа бей-жай қарамағаныңызды көрсетеді.
6. Сандармен ойнап көріңіз. Мысалы, гүл шоғындағы гүл сандарын белгілі бір датамен байланыстыруыңызға болады. Қазір сәнге айналған 101 раушан гүл шоғы.
7. Көлем қашанда өзіндік мағына береді. Гүл шоғы неғұрлым үлкен болса, соғұрлым сіздің көңіліңіздің де үлкен екенін көрсетеді. Алғашқы кездесуде үлкен раушан гүл шоғын болашақ жарыңызға сыйласаңыз бұл оны өте қуантатыны сөзсіз. Мерекенің көлемі мен сыйлық алуының жасы үлкен болса, сыйланатын гүл шоғы да соған сәйкес қомақты болуы керек.
8. Жеткізіп беру қызметін қолданыңыз. Сіз гүлді жеке өз қолыңызбен тапсыруыңызға болады немесе гүл шоғын жеткізіп беру қызметін қолдануыңызға болады. Егер адамға ерекше көңіл күй сыйлағыңыз келсе екінші тәсілді қолданғаныңыз жөн. Себебі сәнді киінген курьердің сыйлық алушыға гүл сыйлағаны сізге қосымша балл қосатыны белгілі. Сонымен бірге күтпеген жерден сыйлық сыйлауды ұмытпаңыз. Өйткені тосын сый қашанда жағымды әсер қалдырады!