Дипломатиялық өкілдіктің мәртебесінің қазіргі мәселесі

0


Дипломатиялық өкілдіктің мәртебесінің қазіргі мәселесі

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … … ..
1 ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ӨКІЛДІК
ТҮСІНІГІ … … … … … … … … … … … … … …
1. Дипломатиялық өкілдіктің негiзгi мiндеттерi, функциялары және
құқықтары … … … … … … … … … … … … … … … .
… … … … … … … … … … … … … … …
2. Дипломатиялық өкілдіктердің артықшылықтары мен
иммунитеттері … … … … … … … … … … … … … … … …
… … … … … … … … … … .
3. Дипломатиялық өкілдіктер мен оның қызметкерлерінің құқықтық
мәртебесі … … … … … … … … … … … … … … … .
… … … … … … … … … … … … … … … ..
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ
ЖҮЙЕСІ … … … … … … … … … … … … … … … … … .
… … … … …
2.1 Қазақстан Республикасының  дипломатиялық өкілдігінің құқықтық
статусы … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … … … …
2.2 Қазақстан Республикасының  дипломатиялық өкілдіктерінің құқықтық
ережелері … … … … … … … … … … … … … … … … …
… … … … … … … … … … … … … …
3 ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ӨКІЛДІК
МӘРТЕБЕСІ … … … … … … … … … … … … ..
3.1 Дипломатиялық өкілдік мәртебесінің қазіргі
мәселесі … … … … … … … … .
3.2 Дипломатиялық өкілдік мәртебесінің шет елдермен салыстырмалы
талдауы … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … … … …
ҚОРЫТЫНДЫ … … … … … … … … … … … … … … … …
… … … … … … … … … … ..
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ … … … … … … … … … … … … … …
ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Біз ұлы бабаларымыздың дипломатиялық қатынаста
бола отырып жеткен табыстарын лайықты түрде мақтан тұтамыз. Олар күрделі де
қиын тарихи кезеңдерде ел мүдделерін шебер қорғаған. Алайда, Қазақстанның
жаңа тарихында тәуелсіздікке ие болумен бірге, еліміздің сыртқы саясаты
тіпті күрделі жағдайларда қайта құрылған болатын. Біздің қазіргі заманғы
сыртқы саяси қызметіміздің тәжірибесі және шетелдердегі дипломатиялық
өкілдіктеріміз болған жоқ, сонымен қатар білікті кадрлардың үлкен
жетімсіздігі байқалды. Қазір дипломатиялық қызметтің майталмандарының,
елдің тәжірибелі саясаткерлерінің, КСРО жүйесінде жұмыс істеген біздің
кадрлық дипломаттардың белсенді түрде қатысуымен жаңа егеменді мемлекеттің
сыртқы саясатының құрылуының күрделі мәселелерін жедел жағдайда шешуге
мәжбүр болдық.
Сонау 1992 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан
Назарбаев саяси және экономикалық реформалар негізіндегі елдің тұрақты
дамуы үшін жағымды сыртқы ортаны құрудан тұратын сыртқы саясаттың негізгі
мақсатын айқындады. Кейін әлемдік қоғамдастықтың кең тануына және қолдауына
ие болған белгілі халықаралық бастамаларды қоса алғанда, дәл Елбасы
Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясатының авторы болып табылады. Қол
жеткізілген елеулі табыстар Қазақстан Президенті іске асырып жатқан сыртқы
саяси бағыттың қисындылығы мен даналығының айқын дәлеліне айналды.
Шетелдерде ұлттық мүдделерді қорғау, бітімгерлік бастамаларды
ілгерілету, өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету,
азаматтарымыздың құқықтары мен мүдделерін қорғау, тікелей шетелдік
инвестицияларды тарту, халықаралық және екіжақты ынтымақтастықты нығайту,
шетелдік әріптестерге Қазақстан жөніндегі объективті ақпаратты жеткізу
Қазақстанның басты сыртқы саяси басымдықтары болады.
Тарихи өлшем бойынша өте қысқа мерзімде Қазақстан халықаралық
қатынастардың жауапты субъектісі ретіндегі беделін бекітті. Мемлекетіміз
өзекті әлемдік мәселелерді шешу және жаңа әлемдік тәртіпті құру ісіне
белсенді қатысуда. Бүгін Қазақстан халықаралық аренада тұрақтылықтың,
мемлекет дамуының қарқынды және өркендеген моделінің генераторы ретінде
лайықты бағасын алып отыр.
Жалпы, Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-
теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге
талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді.
Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және
экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын
халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың
аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді.
Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-
қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан
шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы
тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен
дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық
Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие.
Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық
корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл
түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi
мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің
мемлекет аймактағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму
мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық
сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия
аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-
қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш
мемлекеттермен және аймақтармен ей жакты байланыс едәір алға басты. Ел
мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет
басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссел, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран,
Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми
сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша
мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi
арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басымдық берілетін
бағыттары бірінші кезекте біздің еліміздің географиялық орналасуы және оның
ұлттық мүдделері сияқты мерзімді сипаты бар фактролардыңықпалымен
қалыптасты жаңа технологиялардың және ғаламдану процесінің дамуына,
планеталық сипаттағы қауіп-қатердің пайда болуына, жаңа экономикалық
құрылымның қалыптасуына, аймақтық деңгейдегі халықаралық ынтымақтастықтың
тереңдеуі мен сан алуандығына байланысты әлемде болып жатқан өзгерістер –
мұның бәрі мемлекетіміздің сыртқы саясатының бағытына түзетулер енгізуге
мәжбүр етеді, көкейкесті халықаралық проблемаларды шешуге жедел әрі икемді
үн қатуға, осы мәселелерде жаңа көзқарастарды әзірлеуді және іске асыруды
талап етеді.
Азия мен Еуропаның қиылысындағы геосаяси орналдасуы, экономикалық және
әскери-саяси мүдделері, сондай-ақ қазіргі бар экономикалық әлеуеті
Қазақстанды ірі аймақтық мемлекет ретінде қалыптастырудың алғышарттары
болды, Қазақстан өзара қауіпсіздік, егемендікті құрмет тұту, аумақтық
тұтастық принциптерімен өзінің төңірегінде тұрақтылық пен ізгі көршілік
аймағын қалыптастыруға мүдделі.
Қазақстан ішкі саяси тұрақтылығы барлық негізгі бағыттардағы сыртқы
саясаттың ұғынықтылығына, ашықтығына және болжап білуге болатындығына
байланысты, мұндай сыртқы саясат мемлекет ретінде оның әлемдік
қоғамдастығындағы позициясын нығайтады. Әлемдік қоғамдастықта айырықша
мәртебе алу үшін ядролық кеудемсоқтықтан, осы өлім себетін қаруды
иемденуден бас тарту сыртқы саясаттағы басымдық берілетін бағыт екенін
бүкіл әлемге таныту маңызды қадам болды.
Қазақстан Республикасы тәуелсiздiк алған алғашқы жылдары-ақ өзiнiң
сыртқы саясатын тездетiп қалыптастыруы қажет болды, әйтпесе, бiздiң
мүдделерiмiзге орасан зор нұқсан келуi мүмкiн едi.
Қазақстанның сыртқы саясатының тұжырымдамасын Президент Н.Назарбаев
өзiнiң 1992 жылғы мамыр айында шыққан “Қазақстанның егемендi мемлекет
ретiнде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы” атты еңбегiнде атап көрсеттi.
Елiмiз өзiнiң геосаяси жағдайын, этнодемографиялық және басқа факторларды
ескере отырып, көп бағытты дипломатияны жүзеге асыруға кiрiстi. Мұның мәнi
— әлемдiк деңгейдегi iстерде елеулi орын алатын және елiмiздiң нақты
мүдделерi тоқайласатын мемлекеттердiң бәрiмен достық және өзара сенiмдiлiк
сипатындағы қарым-қатынастарды дамыту деген сөз.
Сыртқы саясатымыздың қалыптасу кезеңi мынадай өрелi мiндеттердi жүзеге
асырудан басталды:
– мемлекетiмiздiң тың сипатын танытуымыз;
– Қазақстанды халықаралық дәрежеде мойындатып, оның қауiпсiздiгi мен
аумақтық тұтастығын қамтамасыз етуiмiз;
– әлемдiк шаруашылық жүргiзу мен экономикалық байланыстарға белсене
араласуымыз.
Тәуелсiздiк алғаннан кейiнгi екi айдың iшiнде әлемнiң 92 мемлекетi
елiмiздi таныды. Қазақстанның сыртқы дүниемен өзара қарым-қатынасының
шарттық-құқықтық базасы жасалды және дамыды, ядролық державалар – АҚШ,
Ресей, Ұлыбритания, Қытай, Франция тарапынан қауiпсiздiк кепiлдiгi
қамтамасыз етiлдi.
Қазақстан өзiнiң сыртқы саясат тұжырымдамасында көршi мемлекеттермен
аралағы өзара қарым-қатынасқа айқын басымдылық бердi.
1991 жылы тәуелсiз елiмiздiң сыртқы саясаты анық белгiленiп, Қазақстан
мемлекеттiлiгiнiң маңызды бөлiгiне айналды. Өзiнiң геосаяси жағдайы мен
экономикалық әлеуетiне орай Қазақстанның тар ауқымдағы аймақтық
проблемаларға тұйықталып қалуға құқығы жоқ. Осы мақсатта ел шекарасының
бүкiл бойында сенiмдi қауiпсiздiк белдеуi жасалды.
Ал қазіргі таңда дипломатия өзінің классикалық қызмет түрлерінен
айнымай атқарып келеді. Дипломатияның басты міндеттерінің бірі ұлттық
мүдделерді қамтамасыз ету, сыртқы саяси бағытты жүзеге асыру. Бұл міндет
ұлттық мемлекеттер туындағалы бері дипломатияның мойнына жүктелген. Сол
сияқты, осынау маңызды қызмет Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын
жүргізу барысынды да алдыңғы қатарда тұр. Осыған орай біз дипломатиялық
өкілдіктің мәселелерін бүгінде өзекті деп танып, сонымен қатар жоғарыдағы
мәселелер зерттелуі қажет тақырыпты нақтылап, айқындауға және дипломдық
жұмыстың тақырыбын Дипломатиялық өкілдіктің мәртебесінің қазіргі мәселесі
атты дипломдық жұмыс тақырыбын таңдауға негіз болды.
Бұл дипломдық жұмысым заң, халықаралық құқық ғылымына қатысты елеулі
еңбектерін жазған ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып жазылды. Олар:
Н.Н.Рыбушкин, Н.И.Матозов, А.В.Малько, М.И.Байтин, В.М.Баранов,
В.К.Бабаева, А.С. Пиголкин, А.Керимов, С.Ф.Кечекъян, Н.М.Коркунов,
М.Н.Марченко, Г.Ф. Шершеневич, М.Т.Баймаханов, С.Н.Сәбікенов, С.Зиманов,
А.С.Ибраева, Г.Сапаргалиев, М.Т.Баймаханов, Д.А.Булгакова, У.Шапақ,
Сарсенбаев М.А., Кулжабаева Ж.О. т.с.с.
Зерттеу жұмысының мақсаты: дипломатиялық өкілдіктің мәртебесінің
қазіргі мәселелерін анықтау.
Бұл мақсатқа жету барысында төмендегідей нақты міндеттер жүзеге
асырылады.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1) Дипломатиялық өкілдік ұғымын ашу;
2) Дипломатиялық өкілдіктің негiзгi мiндеттерi, функциялары және
құқықтарын анықтау;
3) Дипломатиялық өкілдіктердің артықшылықтары мен иммунитеттерін
талдау;
4) Дипломатиялық өкілдіктер мен оның қызметкерлерінің құқықтық
мәртебесін қарастыру;
5) Дипломатиялық өкілдіктерінің құқықтық статусы мен ережелерін
айқындау.
6) Дипломатиялық өкілдік мәртебесінің қазіргі мәселелеріне шолу
жасап, қазіргі жағдайы мен болашағын қарастыра отырып, нәтижелерін
шығару.
Зерттеу жұмысының нысаны: жоғары оқу орындарындағы оқу процесі.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негізі: объективтік,
тарихилық, жүйелік, салыстырмалық және талдау мен жинақтау, даму сияқты
ғылыми таным принциптеріне сүйеніп құрылған. Дипломатиялық өкілдіктің
мәртебесінің қазіргі мәселесін жан-жақты ашу үшін соңғы кезеңде
демократиялық құқық саласындағы қалыптасқан ғылыми әдіс-тәсілдер,
қағидалар, ой-тұжырымдары назарға алынды.
Зерттеу жұмысының құрылымы: жұмыс 60 баспа бетінен, 1 кестеден, 3
сызбадан, 40 пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Дипломатиялық өкілдік түсінігі

1.1 Дипломатиялық өкілдіктің негiзгi мiндеттерi, функциялары және
құқықтары

Дипломатия — (лат. Duplicata — билеуші шығарған үкімнің түпнұсқасы
мұрағатта сақталған көшірмесі немесе дубликаты) — үкімет органдары, оның
шетелдердегі өкілдері мен сенімді тұлғалары жүзеге асыратын мемлекеттің
сыртқы саяси міндеттерін іске асыру әрекеттері. Дипломатияны, көбіне, ресми
қарым-қатынас жасау арқылы мемлекеттің сыртқы саяси мақсаттары мен
мүдделерін іске асыратын мемлекеттік іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде
қарастырады. Дипломатия — сыртқы саясатты жүргізуге арналған аса маңызды
құрал, үйлесімді құрамдас бөлік. Нақты айтқанда, дипломатия мемлекеттің
сыртқы саяси және халықаралық қатынастарды жүзеге асырушы тәжірибелік
тәсілдер, құралдар мен әдістерінің жиынтығы болып табылады. Бейбіт жағдайда
бұл құрал аса жоғары мәнге ие болады және басқа да сыртқы саяси құралдардың
көпшілігі оған бағынышты. Көптеген елдерде дипломатия мемлекеттердің бейбіт
жағдайда бірлесіп, тыныш өмір сүруінің ғылымы немесе әдістемесі жайлы
теориясы деп, мемлекеттер арасындағы достықты нығайтуға, әріптестікті
орнатуға, олардың арасындағы қандай да бір қайшылықтарды бейбіт реттеудің
саяси амалдары мен әдістері жөніндегі ғылым ретінде қарастырылады.
Дипломатия тарихы, дипломатиялық құқық, дипломатиялық қызмет, дипломатиялық
хаттама осы ғылымның салалары болып табылады. Кей жағдайларда дипломатияны
келіссөздермен байланыстырады, яғни, дипломатия — халықаралық қатынастарды
келіссөздер көмегі арқылы жүргізу; ол халықаралық қатынастарды елшілер мен
өкілдер арқылы жүргізіп, реттеу әдісі немесе әртүрлі қайшылықты мүдделерді
ыңғайлау тәсілі. Бұл тұрғыда дипломатия келісімнің көмегімен әрекет етеді.
Жалпы қалыптасқан жағдай бойынша «дипломатия» ұғымын үш мағынада қолдану
орын алған:
1. Өз мемлекетінің атынан саясат және келіссөздер жүргізу ғылымы әрі
өнері;
2. Қандай да бір мемлекеттің өкілдігін, соның ішінде сыртқы істер
мекемесін, әлде барлық сыртқы саяси агенттерін қамтитын күрделі ұғым;
3. «Құпия дипломатия» «қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қанға»
айналған дүниежүзілік соғыс дипломатының қызметі немесе кәсібі [6].

Экономикалық дипломатия. 1950-1960-шы жылдар аясында Жапонияда елдің
экономикалық әлеуетін пайдалана отырып, халықаралық дәрежеде рөлін көтеру
мақсатында «Экономикалық дипломатия» пайда болды. С. Хантингтонның
пікірінше, экономикалық дипломатия арандату мен қысым көрсету тетіктері
ретінде сауда және ғылыми-техникалық байланыстарды пайдалануды білдіреді,
оның ойынша американдық сыртқы саясаттың аса тиімді құралы болып табылады.
Шын мәнінде экономикалық дипломатия — ол мемлекеттің екіжақты және көпжақты
негізде ұлттық экономиканы қолдауға және дамытуға, сонымен қатар,
халықаралық істерде мемлекеттің жалпы сыртқы саяси курсы шеңберінде
мақсатқа жетуін, сыртқы экономикалық мүдделерді қамтамасыз ететін
дипломатиялық тәсілдер мен әдістерді және экономикалық шаралар мен
құралдарды (сауда саясаты, жәрдемдесу, көмек алу) қолдануы. Экономикалық
дипломатияға өз елінің сауда және қаржы секторын қолдау мақсатында
дипломатиялық тапсырма орындайтын сауда дипломатиясы жақын. Бұл жұмыстың
аса маңызды аспектілері — экспорт және инвестиция жайлы ақпарат, әлемдік
нарықта ұлттық өнімдерді сату мен өткізуге қолайлы жағдай туғызу.

Жариялық немесе халықтық дипломатия. Жариялық немесе халықтық
дипломатия — осы көпқырлы құбылыстың тағы бір түрі. Кейбір авторлар ол XX
ғасыр басында мемлекеттің сыртқы саясатын толық жариялық жағдайында жүзеге
асыруы барысында пайда болды дейді. Осы орайда бұл ұғым демократиялық
немесе ашық дипломатия ұғымдарымен сәйкес келеді. Халық дипломатиясының
дамуына және қалыптасуына эсер еткен басты факторлардың бірі халықаралық
қатынастардың жаңа акторларының — үкіметтік емес ұйымдар, халықаралық
ұйымдар, трансүлттық корпорациялар, бұқаралық ақпарат құралдары және жеке
тұлғалардың пайда болуы. Басқа көзқарасқа сәйкес халықтық дипломатия — АҚШ-
тың мәдени алмасу, сыртқы саяси мақсаттағы үкіметтік тапсырмаларды
орындауға қоғам мүшелерін (журналистерді, ғалымдарды, дәрігерлерді,
қылқалам шеберлерін, жазушыларды және басқа да өкілдерін) кеңінен тартуға
бағытталған сыртқы саяси доктринасының бір бөлігі болып табылады. Бұл түрі
«мәдени дипломатия» деп те аталады. Мәдени дипломатия шетелдерде өз елінің
мәдени, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық жетістіктерін жүзеге
асыруға бағытталады. Кей жағдайларда мәдени дипломатияны іске асыруды
ерекше ұйымдар өз қолына алады (Британ Кеңесі, Әлем корпусы).

Ал дипломатиялық құқық деп отырғанымыз – бұл дипломатиялық қызметті
жүзеге асыру үшін мемлекеттер арасындағы, мемлекеттер мен халықаралық
құқықтың басқа да субъектілері арасындағы қатынастарды реттейтін
халықаралық құқықтың саласы.
Қайнар көздері:
1. 1961ж. дипломатиялық қатынастар туралы Вена Конвенциясы (ҚР 1993ж.
қосылуы);
2. 1963ж. консулдық қатынастар туралы Вена Конвенциясы;
3. 1975ж. универсалды сипаттағы халықаралық ұйымдармен қатынастарда
мемлекеттердің өкілдіктері туралы Вена Конвенциясы
4. 1973ж. халықаралық қорғауды пайдаланатын тұлғаларға, соның ішінде
дипломатиялық агенттерге қарсы қылмыстарды жою және жазалау туралы
Конвенция.
Мемлекеттердің дипломатиялық қызметі сыртқы қатынастар органдары арқылы
жүзеге асырылады:
1. Ішкі мемлекеттік сыртқы қатынас органдары:
– мемлекет басшылары;
– Парламент;
– Үкімет;
– Сыртқы Істер Министрлігі;
– Сыртқы экономикалық байланыс ведомстволары;
– жекелеген сұрақтар бойынша сыртқы қатынастарды жүзеге асыру
қызметтеріне кіретін өзге де қызметтіктер;
2. Шетелдік сыртқы қатынас органдары: тұрақты және уақытша, мысалы,
дипломатиялық өкілдіктер және елшіліктер, сауда өкілдіктері,
халықаралық ұйымдардағы мемлекет өкілдері, халықаралық
конференциялардағы делегациялар, арнайы миссиялар.
Дипломатиялық корпус – қабылдаушы мемлекеттің үкіметі таныған шетелдік
диломатиялық өкілдіктердің барлық дипломатиялық қызметкерлері мен олардың
отбасы мүшелерінің ортақ атауы. Дипломатиялық корпус қандай да бір
халықаралық құқық нормаларына негізделген институт немее заңды тұлға құқығы
бар ұйым емес.
Ал қазақстандық дипломатия қалай пайда болды? Оны шартты түрде мына
кезендерге бөлуге болады: олар — қазақ хандығы кезіндегі; отарлық
басыбайлылық кезеңіндегі; Алаш Орда кезіндегі; кеңестік кезендегі,
тәуелсіздік төріндегі дипломатиялар. Осынау кезеңге бөлулерден XV ғасырдың
орта шеніне дейін қазақ хандығы дәуірлеп тұрған аумақта мемлекеттік
бірлестіктермен сыртқы байланыс пен дипломатиялық түйісулер болды деп нақты
айта қою қиындық келтіреді. Қазақстанның XV ғасырдан хронологиялық түрде
басталған сыртқы саясаты тарихын жан-жақты және арнайы зерттеу тарихи
деректерсіз мүмкін емес. Орта ғасырдан КСРО ыдырағанға дейінгі құжаттар мен
қолжазбалар Қазақстаннан тыс жерлерде — шетелдердің ғылыми кітапханалары
мен мұрағаттарында сақталуда. Мәселен, Ресей империясының Сыртқы саясат
мұрағатындағы (1720-1917 ж.ж.) жалпы ұзындығы 12 шақырымдық сөреде 550
мыңнан астам іс қағаздары бар көрінеді, ал Ресей Федерациясының Сыртқы
саясат мұрағатында (1917 жылдан қазіргі уақытқа дейін) тиісінше 26
шақырымдық сөреге 1,3 миллион жинақталған. Осы екі мұрағатта Ресей
Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Тарихи-құжатнама департаменті
құрамына енеді. Қазақстан тарихы туралы республикадан тыс жерлерде
сақталған құжаттарды табу жөнінде нақты жұмыстар жүргізіліп келе жатқанын
атап өткен жөн. Кездескен деректерді зерттеушілер өз монографияларына,
мақалаларына, диссертацияларына енгізіп, құжаттар мен материалдар
енгізілген тақырыптық жинақтарға толып, жұртшылыққа таныстыруда. Осы
кітапты жазу устінде автордың Қазақстан мұрағаттарындағы жарық көре
қоймаған материалдары пайдаланғанын айтуға тиіспіз. Ішінара бұл құжаттарды
алуға Қазакстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатындағы,
Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатындағы, Қазақстан Республикасының
орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазулар мұрағатындағы,
Алматы облыстық мемлекеттік мұрағатындағы және Қазақстан Республикасының
СІМ мұрағатындағы әріптестер шын пейілдерімен көмектесті [21].
Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосының тұңғыш бастығы Төлеген
Тәжібаев 1944 жылы Қазақстан дипломатиясы тарихының очерктері деген кітап
жазу міндетін алға қойған көрінеді, алайда белгілі себептермен кітап
жазылмаған. Дей тұрғанмен Қазақстанның өз дипломатиясы болды, ал оның
дипломатиясының өз тарихы бар деп сенімді түрде айта аламыз. Олай болса,
ендігі әңгіме Қазақстан дипломатиясы тарихы жайында. Адамдар ежелден өз
көршілерімен қарым-қатынас орнатуға ұмтылыс жасағаны белгілі. Рудың,
тайпаның және жоғары мемлекеттік құрылымдардың береке-бірлігі өзара
түсіністік пен сенім дәрежесіне байланысты болған. Қазақ хандығы
құрылғанға дейін қазіргі республика жерінде халықтар мен рулар арасында
алуан түрлі ауыс-түйістер, алмасулар болып жататын. Кең байтак, жерімізге,
асқар тауларымыз бен күміс көлдерімізге сырттан көз тігушілік те аз
болмады. Көрші елдердің бір назар аударғаны: осы шетсіз де шексіз дала
арқылы Византия мен Қытайды жалғастырған Ұлы Жібек жолы өтетіні
еді. Қазақстан тұрғындарының этногенетикалық әр түрлілІгі жазбаларда
көрініс тауып, сақ, массагет, сармат, алан, үйсін, сұнақ, түркі
тайпаларының аттары аталғаны тарихтан аян. Ғылыми әдебиеттерде атап
көрсетілгендей, бұлар туралы деректер ежелгі Согда мен Қытайдың
дипломатиялық хат алысуларында сақталған.
Жалпы, саяси ғылымда дипломатияны зерттеудің қалыптасқан өзіндік
дәстүрі мен қомақты ғылыми негізі бар. Осы мақала ауқымында кеңестік
кезеңдегі зерттеулерді, сонымен қатар, қазіргі заманғы жұмыстарды
қарастырумен шектелеміз.Біздің ойымызша, ежелгі заманнан бастап ХХ ғасырдың
70-ші жылдарына дейінгі аралықтағы дипломатиялық қатынастар жүйесінің
қалыптасуы жайлы А.А. Громыконың редакциясымен жазылған бес томдық
Дипломатия тарихы басылымының ғылыми маңызы зор. Алайда, сол кезеңнің
көптеген оқымыстылары дипломатия мен дипломатиялық қызмет мәселесін
халықаралық қатынастармен бірдей қарастырды, мұндай ой қисынына әсер еткен
сол кездегі үстем болған тарихи-хронологиялық тәсіл еді. Белгілі ғалымдар
С.Б. Крылов пен В.Н. Дурденевский алғашқылардың бірі болып дипломатияда
болып жатқан процестерге ғылыми ізденіс жасаудың құқықтық негізін салды.
Атап айтсақ, олар дипломатиялық корпус, дипломатиялық өкілдік,
дипломатиялық иммунитет пен артықшылықтардың таралатын салалары,
дипломатиялық корпус дуаейні институты және т.б. зерттеді.
В. Дальдің түсіндірме сөздігі бойынша дипломатия — ежелгі грамоталарды,
құжаттарды талқылау ғылымы; тақсырлардың немесе жалпы мемлекеттердің өзара
қарым-қатынас жасау ғылымы. Дипломатия кітабының авторы Г. Никольсон оны
келіссөздер арқылы халықаралық қарым-қатынастар жүргізу деп сипаттайды.
Ғылым-дипломат Э. Сатоу Дипломатия дегеніміз тәуелсіз мемлкеттер
үкіметтері арасында ресми қарым-қатынастар жүргізу үшін ақыл мен
өнегелілікті қолдана білу… деп анықтама береді. АҚШ-тың саясаттану
әдебиетінде бұл қызмет азаматтарды, ел ауумағын және американдық өмір салты
қорғау үшін мемлекеттің сайланған немесе тағайындалған ресми адамдарының
жұмысы деп түсіндіреді. Өткен ғасырдың соңғы отыз жылында бұрын қолданылып
келген ұғымға сауда дипломатиясы, құпия дипломатия, электрондық
дипломатия ж.б. қосылады, ал АҚШ басшылығының Саддам Хусейнге талап қоюына
орай 1998 жылы бейнедипломатия термині тілімізге енді [5].
Ал бүгінде дипломатиямен қатар түрлі ұғымдар халықаралық құқық
негізінде қолданыста. Солардың бірі дипломатиялық өкілдіктер.
Дипломатиялық өкілдіктер дегеніміз – бұл мемлекеттердің шетелдік сыртқы
қатынас органдары ішіндегі орталық орган болып табылады. Дипломатиялық
өкілдік мекендік мемлекеттің астанасында орналасады. Оның белгілі бір
қыззметті бөлімдері бар, атап айтсақ саяси, экономикалық, консулдық, мәдени
байланыс, баспа, әкімшілік-шаруашылық бөлім, кеңес және т.б. Оның тұрақты
дипломатиялық өкілдіктерге: елшіліктер, миссиялар, сауда және мәдениет
өкілдіктері мен миссиялар, халықаралық ұйымдардағы және мекемелердегі
тұрақты өкілдікте, екі жақты және көпжақты халықаралық конференцияларда,
конгрестерге қатысу үшін жіберілетін делегациялар, уақытша өкілдіктер
жатады [7].
Бүгінде елімізде дипломатиялық өкілдіктің 2 түрі қызмет атқарады: ол
елшілік және миссия. Әр өкілдікті басқаратын өзінің жауапты өкілдері бар:
елшілікті – төтенше және өкілетті елші, ал миссияны – төтенше және өкілетті
елші-өкіл немесе сенім білдірілген өкіл басқарады.
Жалпы, дипломатиялық қатынастар сәйкесінше мемлекеттер арасындағы
белгілі бір келісім негізінде белгіленеді. Жоғарыда айтылғандай әрбір
дипломатиялық өкілдіктің өзіндік басшысы болады, сонымен қатар олар белгілі
бір басшы тарапынан аккредиттеледі (сызба 1).

Сызба 1. Дипломатиялық өкілдіктердің басшылары (класс бойынша)

Нақты мемлекеттегі өкілдік басшыларының кластары дипломатиялық
қатынастарды белгілеу туралы мемлекеттер арасындағы келісіммен анықталады.
Аталмыш кластар бойынша дипломатиялық өкілдіктер төменде көрсетілген
міндеттерді атқарады:
– Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын iске асыру,
сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыруға жәрдемдесу;
– орналасқан мемлекетiмен не халықаралық ұйыммен өзара қарым-
қатынаста Қазақстан Республикасының егемендiгiн, қауiпсiздiгiн,
аумақтық тұтастығын және шекарасының мызғымастығын қорғауды, оның
саяси, сауда-экономикалық және өзге де мүдделерiн дипломатиялық
жолдармен және әдiстермен қамтамасыз ету;
– орналасқан мемлекетiнде Қазақстан Республикасының, оның
азаматтарының және заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерiн
қорғау;
– Қазақстан Республикасының халықаралық саяси стратегиясын iске
асыруға жәрдемдесу;
– орналасқан мемлекетiнде не халықаралық ұйымда Қазақстан
Республикасының бiрыңғай саяси бағытын жүргiзудi қамтамасыз ету;
– орналасқан мемлекетiмен не халықаралық ұйыммен Қазақстан
Республикасының қарым-қатынастары мәселелерi бойынша Министрлiкке
белгілі бір ұсыныстарды табыс ету;
– орналасқан мемлекетiнiң мемлекеттiк органдарымен не халықаралық
ұйымымен, сонымен қатар оның шеңберiнде келiссөздер жүргiзу және
ресми байланыстарды қолдауға жәрдемдесу;
– орналасқан мемлекетiмен не халықаралық ұйыммен Қазақстан
Республикасының ынтымақтастығы шеңберiндегi мақсаттары мен
қағидаларын жүзеге асыруға, сондай-ақ шешiмдердi iске асыруға
жәрдемдесу;
– Қазақстан Республикасының орналасқан мемлекетiмен не халықаралық
ұйыммен келiссөздер жүргiзуiн және халықаралық шарттарға қол
қоюды ұйымдастыру;
– орналасқан мемлекетiне не халықаралық ұйымға iс-сапарға
жiберiлген Қазақстан Республикасының ресми делегацияларына және
өкiлдерiне оларға жүктелген мiндеттердi орындауда жәрдем көрсету;

– Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының
Парламентi палаталарының төрағалары, Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi және Қазақстан Республикасының басқа да ресми
тұлғалары қатысатын iс-шараларды хаттамалық-ұйымдық тұрғыдан
қамтамасыз етудi жүзеге асыру;
– орналасқан мемлекетi туралы ақпарат жинауды, орналасқан
мемлекетiмен Қазақстан Республикасының қарым-қатынасына, оның
сыртқы және iшкi саясатына, халықаралық қатынастар жүйесiндегi
орнына талдау жасауды, сондай-ақ басқа да мемлекеттер мен
халықаралық ұйымдардың қызметiн зерттеудi жүзеге асыру;
– Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын сыртқы және
iшкi саясатты жүзеге асыруы үшiн қажеттi ақпаратпен, сондай-ақ
белгiленген тәртiппен қамтамасыз ету;
– Қазақстан Республикасы мен орналасқан мемлекетiнiң не
халықаралық ұйымның арасындағы экономика, мәдениет, ғылым
саласындағы және басқа да салалардағы достық және өзара тиiмдi
қатынастарды дамытуға жәрдемдесу;
– Қазақстан Республикасының заңнамасымен және халықаралық құқықтың
нормаларымен регламенттелген консулдық функцияларды жүзеге асыру;
– Қазақстан Республикасының сыртқы және iшкi саясаты, мемлекеттiң
әлеуметтiк-экономикалық, мәдени және рухани өмiрi туралы
ақпаратты орналасқан мемлекетiнде не халықаралық ұйымда тарату;
– Қазақстан Республикасы және орналасқан мемлекетi не халықаралық
ұйым қатысушы болып табылатын халықаралық шарттардың орындалуына
жалпы қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру;
– орналасқан мемлекетiнде тұрып жатқан отандастарымызбен
байланыстарды және қарым-қатынасты дамытуға жәрдемдесу;
– орналасқан мемлекетiнде, сондай-ақ көршi мемлекеттерде төтенше
немесе әскери жағдай орын алған немесе олардың туындау қатерi
төнген жағдайда оларды қауiпсiз жерлерге шұғыл көшiруге дейiн,
Қазақстан Республикасы азаматтарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
және Қазақстан Республикасының меншiгiн сақтау жөнiндегi қызметтi
үйлестiрудi жүзеге асыру;
– Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де
функцияларды жүзеге асыру [1].
 Өкiлдiк осы аталған негiзгi мiндеттердi iске асыру және өзiне
жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгiленген тәртiппен қазақстандық мемлекеттiк ұйымдардың
өкiлдiктерi мен орналасқан мемлекетiндегi қызметiн үйлестiруге, орналасқан
мемлекетiндегi мемлекеттiк ұйымдардан толық ақпарат берудi және Қазақстан
Республикасының ұлттық мүдделерiн қозғайтын қызметтi келiсудi талап етуге,
сондай-ақ  Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де
құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Дипломатиялық өкілдіктердің басшысын тағайындауға келетін болсақ,
өкілдіктің басшысын тағайындалар алдында аккредиттелген мемлекет нақты
мемлекеттегі өкілдіктің басшысы етіп нақты тұлғаны тағайындауға баратын
шетелдің құзырлы билік органынан келісім сұрайды. Келісімнен бас тарту
немесе сұрауға жауап қайтармау тұлғаны өкілдіктің басшысы етіп тағайындауға
кедергі келтіреді. Келісімнен бас тартуын мемлекет дәлелдеуге міндетті
емес. Келісімді алғаннан кейін тұлға өкілдіктің басшысы болып тағайындалады
және оған сенім қағазы беріледі.
Сенім қағазы деп отырғанымыз – бұл осы мемлекеттің атынан баяндалатын
осы тұлғаға сенуді сұрайтын, баратын елдің билігіне жіберілген құжат.
Тағайындалған елге келгеннен кейін өкілдік басшысы өзінің сенім қағазын
мемлекет басшысына немесе СІМ тапсырады.
ҚР шет елге жіберілген елшілігі (дипломатиялық өкілдігі) ҚР
Парламентінің қаулысымен құрылады. Елшілікті (дипломатиялық өкілдікті)
Төтенше және Өкілетті елші басқарады. Парламенттің келісімі бойынша және ҚР
шетел министрінің ұсынысы бойынша ҚР Президентінің Жарлығымен
тағайындалады.

1.2 Дипломатиялық өкілдіктердің артықшылықтары мен иммунитеттері

Бүгінгі өркениетті замандағы мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарында,
әсіресе олардың екі жақты саяси байланыстарында дипломатиялық өкілдіктердің
қызметінің маңызы зор екендігі белгілі. Дипломатиялық өкілдіктердің
шетелдік мемлекеттер аумағында еркін әрі қауіпсіз қызмет етуінің басты
кепілі оларға халықаралық құқық тарапынан тиісті дипломатиялық
имунитеттермен артықшылықтар берілуінде.
Тарихи тұрғыдан алып қарастырсақ, имунитеттермен артықшылықтар
халықаралық қатынастардың дамуымен бірге қатар қалыптасып,жетіліп
келеді.Олар рулық қоғам заманынан бастау алып, әуел баста әдет-ғұрып
нормаларына негізделген болатын. Оның қарапайым көріністерін ру аралық
қатынастардан көруге болады. Рулар арасындағы соғыс, бітімгершілік
,жер,т.с.с. мәселелер бойынша келіссөздер жүргізу үшін жіберілетін
адамдардың жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз етуші міндет қабылдаушы
тараптың мойнына жүктелгенді. Бұл тәртіп қатаң ереже ретінде әдет-ғұрып
нормаларына берік енгенімен, олардың үнемі сақтала бермегендігі рас. Ерте
заманнан-ақ түрлі ру тайпалар арасында бір-біріне жіберілетін адамдарды
өлтірмеу оларға белгілі-бір топтың  өкілі ретінде қарау ,соның негізінде
жеке басына қол сұғылмауын қамтамасыз ету қажеттілігі туындаған. Мұндай
қажеттіліксіз келіссөздер жүргізудің де мүмкіндігі жоққа шығатын. Осылайша
адамдардың сана-сезіміне ресми түрде келіссөз жүргізуге келген өкілдерге
құрмет көрсету, олардың жеке басына қол сұқпау дәстүрі қалыптасады. Бұл
дәстүр қазіргі тілмен айтсақ , шетелдік өкілдіктерге имунитеттермен
артықшылықтар беру деп аталады [8].
Имунитет пен артықшылық ұғымдары мемлекеттер пайда болғаннан кейін әр
тарихи формациялық кезеңде мазмұны жағынан толыға отырып, халықаралық
қатынастардың күрделенуімен етене байланысып дамыды. Ерте замандағы
халықаралық қатынастар, ең алдымен географиялық жағынан жақын
орналасқан,ортақ экономикалық,мәдени,рухани құндылықтар мен діни наным-
сенімдері бар мемлекеттер арасында қалыптасты. Мысалы, Ежелгі
Грецияда,сондай-ақ Парсы патшалығы,Рим мен Карфаген сияқты мемлекеттер
арасындағы қарым-қатынастар дипломатияның дамуына да зор әсер етті. Бұл
мемлекеттердің елшілері әскери жәнесаяси одақтар құру, бірлесе қорғану және
шабуыл жасау шарттарын бекіту сияқты мәселелермен айналысты. Бастапқы
кезеңде бұл мемлекеттерде елші функцияларын қасиетті жаушылар жүзеге
асырған. Олар негізінен діни тұлғалар болғандықтан, олардың жеке басына қол
сұқпау, діни сенімге, құдайдың құдіретіне негізделеді. Оларды өлтіру немесе
жарақаттау құдайды қорлау деп есептеледі. Былайша айтқанда олар діннің
қорғауында болады. Бірте-бірте елші функцияларын зайырлы сипаттағы елшілер
жүзеге асыратын болды.Грецияда оларды саясаткерлер, әскери қолбасшылар,
ораторлар арасынан халықаралық жиналысында сайлайтын болған және пресбейс
деп атаған. Ал Римде елшілерді сенат өз мүшелері арасынан сайлап,оларды
легаттар немесе нунушілер деп атайтын болған. Тағы бір айта кететін жайт,
Рим империясы тұсында елшілерге қол сұқпау жөніндегі ережелерді қамтыған
халықтар құқығы пайда болды. Бұл халықтар құқығы институты бойынша
елшілерді қорламау қасиетті парыз деп саналынады. Осындай жолдармен ежелгі
халықтарда кеңінен таралған түрлі қоғамдық нанымдардың , мемлекеттік заңдар
мен әдет-ғұрып нормаларының және діни сенімдердің негізінде елшілердің
қасиеттілігі мен оларға қол сұғылмайтындығы жайлы ортақ көзқарас пен пікір
қалыптасты.
Орта ғасырлардағы (5-7 ғ.ғ.) халықаралық қатынастардың негізгі
орталықтарын Византия, Каролинг монархиясы, араб халифаты, Киев русьі,
Батыс және Шығыс Еуропаның басқа да ірілі-ұсақты феодалды мемлекеттері
құрады. Бұл мемлекеттердің қарым-қатынастарында елшілік миссиялар жіберу
дәстүрі берік қалыптасады. Әсіресе елшілерді құрметпен қарсы алу, оларға
ерекше ықылас бөлу, сый-сыяпат көрсету және оларды ерекше қорғауға алу
әдет, рәсім ретінде кеңінен танылады.Орта ғасырлық мемлекеттердің
дипломатиялық тәжірибесінде елшілерге тек жеке басына қол сұқпау имунитетін
ғана емес,сонымен қатар оларды жол бойында тегін баспанамен,тамақпен
қамтамасыз ету дәстүрі пайда болды. Кейбір патшалар бұған қатысты арнайы
заңдар да шығарып отырған. Патша сарайына бара жатқан немесе патша
сарайынан шығып өз мемлекетіне қайтып бара жатқан елшілерді жол бойындағы
елдімекендер тиісті құрметпен қарсы алмайтын болса, оларға арнайы жазалар
да қолданылатын болған. Орта ғасырлық мемлекеттердің жиі түрде қалыптасқан
дипломатиялық қатынасының желісі ретінде “елшінің өкілдік сипаты” идеясы
өмірге келді. Бұл идеяның бастапқы мазмұны: “әрбір елшінің жағдайы өз
әміршісінің билігі мен құдіреттілігінің айнасы” деп сипатталады. Жалпы орта
ғасырлардағы дипломатиялық қатынастар негізінен эпизодтық сипатта дамып
келді. Басқа сөзбен айтар болсақ, шетелдік мемлекеттерге тек ad hoc
миссиялары жіберіліп тұрды. Осыған сәйкес дипломатиялық имунитеттің де
мазмұны шектеулі болды.  Оның мазмұны тек елшінің жеке басына қол сұқпау,
яғни оның қауіпсіздігін жол бойында және уақытша тұрағында қамтамасыз ету,
қабылдаушы мемлекет есебінен қажетті шығындарын өтеу мен құрметке бөлену
сияқты бірқатар рәсімді артықшылықтардан құрылды. Ал елшілердің сотталмауы,
оларды жергілікті биліктің мәжбүрлеу шараларынан босату сияқты имунитеттер
ортағасырлық халықаралық құқықтың әдет-ғұрыптық сипаты бар нормаларынан
нақты көрініс таппады. Оның себебі, бұл имунитеттердің өмірлік қажеттілігі
әлі де сол кезеңдегі болса тәжірибеде немесе нақты өмірде талап
етілмегенінде деп айтуға болады. Елшілік миссиялар неғұрлым жиі әрі
ұзақсипатқа ие бола бастаған сайын, соғұрлым елшілердің құқықтық жағдайы
туралы жаңа,тың мәселелер туындай бастайды. Әсіресе, XY-ғасырдың екінші
жартысынан бастап Италия мемлекеттері арасында (Венеция, Флоренция, Милан
т.б.) тұрақтыелшіліктер ашу үрдісі бастау алғаннан кейін олардың
халықаралық-құқықтық мәртебесін анықтайтын тиісті нормалар қажет екендігі
айқын сезіле береді [9].
Италия мемлекетінде бастау алған тұрақты елшіліктер ашу дәстүрі XYI-
XYII ғасырларда Батыс Еуропаның басқа да мемлекеттерінде кең қанат жайды.
Осыған байланысты дипломатиялық тәжірибеде  қабылдаушы мемлекет тарапынан
өздеріне қарсы қылмыс жасаған елшілерді жауапқа тарту мәселесі пайда болды.
Оның себебі, Батыс Еуропаның абсолютті монархиялы мемлекеттері өз елшілерін
қабылдаушы мемлекетте саяси,әскери  төңкерістер жасау үшін тыңшылықпен
айналысу, құпия түрде келіссөздер жүргізу, қабылдаушы монархтың жеке басына
қарсы әрекеттер ұйымдастыру сияқты заңсыз әрекеттерге пайдаланатын
болған.Тіпті соның салдарынан кейбір монархтар басқа мемлекеттердің тұрақты
елшілерін қабылдаудан бас тартуға дейін баруға мәжбүр болған,яғни қылмыс
жасаған шетелдік елшіні қабылдаушы мемлекет тарапынан жуапқа тарту
жөніндегі мәселе аяқ астынан пайда болмаған. Осыған байланысты XYI-XYII
ғасырларда халықаралық тәжірибеде елшіні қамауға алу немесе түрмеге жабу
әрекеттері жиі қолданылады,алайда көп ұзамай мұндай әрекеттер мемлекеттер
арасында тиімді қарым-қатынастар орнатуға негіз болмақ түгілі, қауіпті
кесірін тигізетінін түсінген халықаралық қауымдастық осы мәселеге қатысты
халықаралық құқықтық әдет нормаларын қалыптастыруға және оларды іс жүзінде
пайдалануға кіріседі. Бастапқы кезде қылмыс жасаған елшілерді қамауға алып,
сотқа беру және олардың кінәсі дәлелденгеннің өзінде тікелей жазаламай,
мемлекет аумағынан шығарып жіберу сияқты нормаларға сүйенген шаралар
қолданылады. Бірте-бірте қылмыс жасады деп айыпталған елшілерді “persona
non grata” (латын тілінен –жағымсыз тұлға дегенді білдіреді) деп жариялау
дәстүрі пайда болды. Дипломатиялық тәжірибеде тұрақты елшіліктердің
ашылуына байланысты олардың басшыларының имунитеті,дәлірек айтсақ, елші
резиденциясының немесе елші тұрағының имунитеті жөніндегі мәселе көтеріліп,
ол елшінің жеке басына қол сұқпау имунитетіне қажетті қосымша күшейту
элементі ретінде халықаралық әдет нормаларына енеді.Осылайша халықаралық
тәжірибеде елшінің жеке басына қол сұқпау имунитетін бірге оны қылмыстық
жауапкершіліктен босату және резиденция қауіпсіздігін қамтамасыз ету талабы
кеңінен танылып,XYII-ғасырдан бастап, бұл имунитеттердің барлығы дерлік
тұрақты дипломатиялық қатынастар ұстанудың қажетті алғышарттарына айналды.
Ал қазіргі таңда елімізде дипломатиялық өкілдіктің негізгі
иммунитеттері мен артықшылықтары жүйесі келесідей анықталады:
1) Ғимараттың қол сұғылмайтындығы. Дипломатиялық өкілдік ғимаратының
қол сұқпаушылығы іс жүзінде мынадай жолдармен жүзеге асырылады: өкілдік
ғимаратына оның басшысынң рұқсатынсыз кіруге тыйым салу. Тінту, қамау.
Дипломатиялық өкілдік ғимаратының қол сұқпаушылығы іс жүзінде мынадай
жолдармен жүзеге асырылады: өкілдік ғимаратына оның басшысынң рұқсатынсыз
кіруге тыйым салу. Тінту, қамауға алу, реквизиция және атқару әрекеттері
сияқты мәжбүрлеу шараларын жүзеге асыру мүмкіндігін жоққа шығару.
дипломатиялық өкілдік ғимаратын күзетуді арнайы полицейлер немесе әскери
бөлімшелер арқылы дипломатиялық мекеме орналасқан мемлекет жүзеге асырады.
2) Мұрағаттарға, құжаттарға, хат-хабарларға қол сұғылмайтындығы;
3) Тіркеуші мемлекетпен қатынасу бостандығы;
4) Салықтардан босатылуы;
5) Алдын-ала қамау тәртібіне ұстауға болмайды. Қылмыстық және 
әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды, сондай-ақ куә ретінде де жауапқа
тартылмайды;
6) Өкілдіктің мұрағаты мен құжаттары орналасуына қарамастан әрқашан қол
сұқпаушылыққа ие болып қалады;
7) Өкілдік өз үкіметінен мекендеуші мемлекетте немесе үшінші мемлекетте
орналасқан өз мемлекетінің басқа өкілдіктерімен, консулдықтарымен еркін
байланыс жасай алуы тиіс;
8) Өкілдік өзінің үй-жайларында, көлігенде өз мемлекетінің жалауын және
эмлемасын қолдануға құқылы.
9) Өкілдіктің ресми хат-хабарлары қол сұқпаушылыққа ие [11].
Негізінде өкілдік өзінің қызметіне байланысты дипломатиялық
куръерлерді, кодталған және шифрленген депешаларды, дипломатиялық
вализаларды қолдана алады. Мұндағы вализа деп отырғанымыз – чемодан деген
француз сөзінен шыққан, яғни дипломатиялық корреспонденциядан, құжаттардан
тұратын және арнайы өкілетті тұлғамен (дипкуръер) немесе шығарып салусыз
әдеттегі байланыс каналымен жеткізілетін және ашылуға, қамауға алуға
жатпайтын жабық, сүргі салынған немесе мөр басылған қапты (чемодан, сөмке,
пакет т.б.) білдіреді.
1961 ж. Вена Конвенциясы бойынша өкілдіктің мүшелері және олардың
отбасыларының мүшелері, егер олар келген мемлекеттің азаматтары болмаса,
артықшылықтар мен қорғаншылықтарды пайдаланады, ал кедендік артықшылықтар
толық емес көлемде беріледі, азаматтық және әкімшілік юрисдикциядан
қорғаншылықты өз қызметтік міндетін орындағанда пайдаланады.
Өкілдіктің қызмет көрсетуші персоналына өз міндетін орындағанда
қорғаншылық беріледі, лар салықтан, жинаудан және еңбек ақыға салынатын
салықтан босатылады.
Халықаралық ұйымдардың дипломатиялық құқықтары. Халықаралық ұйымдардағы
тұрақты өкілдіктерді тек нақты халықаралық ұйымдардың мүшелері ғана құрады.
Мүше емес мемлекеттер, егер де бұл осы ұйымның ережесі бойынша рұқсат
етілген болса, тұрақты байқаушылар миссияларын құрулары мүмкін.
БҰҰ мүше-мемлекеттердің осы ұйымдардағы өкілдіктері қызмет етеді.
Мемлекеттер халықаралық ұйыммен байланыс жасау үшін, осы ұйымдардың істері
туралы хабардар болып отыру үшін, оның көмегімен өзінің мүдделерін қорғау
үшін құрады.
Тұрақты өкілдіктер мен миссиялардың, олардың қызметкерлері нақты
артықшылықтар мен қорғаншылықтарды пайдаланады және олардың дипломатиялық
артықшылықтар мен қорғаншылықтардан еш айырмашылығы жоқ.
1946ж. 13 ақпандағы БҰҰ артықшылықтары мен қорғаншылықтары туралы
Конвенция өкілдіктердің, олардың орынбасарларының, кеңесшілерінің,
сарапшыларының, хатшыларының қорғаншылықтарын қарастырады, бірақ БҰҰ –дағы
мемлекеттердің өкілдіктерінің артықшылықтары мен қорғаншылықтары туралы
айтылмаған.
Халықаралық ұйымдардың артықшылықтары. 1975ж. 14 наурыздағы универсалды
сипаттағы халықаралық ұйымдармен қатынас жасайтын мемлекеттердің өкілдігі
туралы Вена Конвенциясы мемлекеттердің өкілдіктеріне нақты халықаралық-
құқықтық мәртебе береді және олардың қызметкерлерінің артықшылықтары мен
қорғаншылықтарының кеңейтеді.
1975ж. Конвенцияның маңызы артықшылықтар мен қорғаншылықтар
туралыережелері халықаралық ұйымдардағы мемлекеттердің тұрақты
байқаушыларына да таралады.
Арнайы миссиялар – бұл нақты сұрақтар бойынша келіссөздер жүргізу үшін
немесе арнайы міндеттерді жүзеге асыру үшін басқа мемлекетке жіберілетін,
соның келісімі бойынша, бір мемлекеттің делегациясы.
Арнайы миссиялардың құқықтық негізін әдет-ғұрыптар, 1969ж. 16.12.
арнайы миссилар туралы Конвенция құрайды, осы Конвенцияға сәйкес арнайы
миссияның мүшелері 1961ж. диломатиялық қатынастар туралы Конвенцияда
қарастырылған дипломатиялық артықшылықтар мен қорғаншылықтар беріледі.

1.3 Дипломатиялық өкілдіктер мен оның қызметкерлерінің құқықтық
мәртебесі

Жалпы, персоналды басқару —  бұл ұйымдық-экономикалық, әкімшілік-
басқарушылық, технологиялық, құқықтық, топтық және жеке факторлар,
кәсіпорынның табысының тиімділігін жоғарлату үшін персоналға ықпал ететін
тәсілдер мен әдістер туралы кешенді қолданбалы ғылым. Осы ғылымның
объектілері жеке тұлғалар мен ортақтықтар (ресми және бейресми топтар,
кәсіби-біліктілікті және әлеуметтік топтар, ұжымдар мен біртұтастай мекеме)
болып табылады.
Қызметтiк мiндеттерi бойынша дипломатиялық өкiлдiктiң персоналы
дипломатиялық қызметтiң қызметкерлерiне және жұмыскерлерiне бөлiнедi.
Жалпы, дипломатиялық өкілдіктің персоналы 3 топқа бөлінеді:
а) дипломатиялық персонал;
б) әкімшілік – техникалық персонал;
в) қызмет көрсетуші персонал.
Дипломатиялық қызметтің қызметкерлерiне өкiлдiкте штаттық дипломатиялық
лауазымдарды атқаратын мемлекеттiк қызметшiлер жатады.
Өкiлдiк қызметкерiнiң дипломатиялық мәртебесiн оған тиiстi
дипломатиялық аккредиттеу карточкасын беру жолымен орналасқан мемлекетi
растайды [2].
      Дипломатиялық қызметтің жұмыскерлерiне өкiлдiкте штаттық әкiмшiлiк-
техникалық лауазымдарды атқаратын мемлекеттiк қызметшiлер жатады.
Өкiлдiктің құрылымында өкiлдiк персоналының отбасы мүшелерiнiң, Қазақстан
Республикасының немесе орналасқан мемлекеттің азаматтары қатарынан жеке
еңбек шарттары негізiнде қабылданатын қызмет көрсетушi персоналдың
функциясын жүзеге асыратын адамдар болуы мүмкiн. Сондай-ақ өкiлдiктiң
персоналы және олардың отбасы мүшелерi орналасқан мемлекетінде халықаралық
құқықтың, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының, халықаралық
ұйымдар мен олар орналасқан мемлекеттерi арасында жасалған халықаралық
шарттардың нормаларында, сондай-ақ орналасқан мемлекеттiң заңнамасында
белгiленген иммунитеттер мен артықшылықтарды пайдаланады. Дипломатиялық
өкiлдiкке қызмет ететін персонал өзiнiң қызметi үшiн жауапты болады
және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жауапқа
тартылуы мүмкiн.
Шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінің әкімшілік-техникалық
персоналының мүшелері және олармен бірге тұратын отбасы мүшелері, егер олар
келген мемлекетте тұрақты тұрмаса және келген мемлекеттің азаматтары болып
табылмаса, кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып және
тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай, бастапқы жайғасуға арналған
тауарларды қоса алғанда, өздерінің жеке пайдалануға арналған тауарларды
Кеден одағының кедендік аумағына әкеле алады. Жалпы, дипломатиялық қызметтi
тоқтату үшiн:
1) дипломатиялық қызмет қызметкерiнiң немесе жұмыскерiнiң өз еркiмен
жұмыстан босату туралы өтiнiш беруi;  
2)еңбек шарты мерзiмiнiң бiтуi не Қазақстан Республикасының заңдарында
көзделген негiздер бойынша еңбек шартын бұзу;  
3) дипломатиялық қызмет қызметкерiнiң немесе жұмыскерiнiң өз табысы мен
мүлкi туралы көрiнеу жалған мәлiметтер беруi;

4) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту;  

5) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк
құқықтық актiлерiнде белгiленген мiндеттер мен шектеулердi сақтамау;  

6) аттестаттаудың терiс нәтижелерi;  

7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де себептер
негiз болып табылады.  

Дипломатиялық қызметтiң персоналын жұмыстан дипломатиялық  лауазымға
тағайындау құқығы берiлген тиiстi лауазымды адам босатады.  Сондай-ақ
дипломатиялық қызмет органдарынан өз еркiмен кеткен кезде Сыртқы iстер
министрлiгiнiң резервiне алынады.

Жалпы, елімізде дипломатиялық қызметке жоғары бiлiмi бар, өзiне
жүктелген мiндеттердi орындау үшiн тиiстi iскерлiк, моральдық, кәсiби
қасиеттерге қол жеткiзген әрi денсаулық жағдайы дұрыс Қазақстан
Республикасының кез-келген азаматы тағайындала алады. Осыған орай Қазақстан
Республикасының дипломатиялық қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2002
жылғы 7 наурыз N 299-ІІ Заңына сәйкес дипломатиялық қызметтің
жұмыскерлерінің құқықтық мәртебесі келесідей анықталған:

1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрiн Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының
Президентi лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.

2. Қазақстан Республикасының төтенше және өкiлеттi елшiлерiн Қазақстан
Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкiлдерiн Қазақстан
Республикасының Президентi тағайындайды және керi шақырып алады.

3. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң орынбасарлары,
ведомстволардың басшылары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады [2].

Басқа лауазымдарға тағайындауды және дипломатиялық қызметтен босатуды
Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi жүргiзедi.

Негізінде, дипломатиялық қызмет органдарына қызметке тұру процесі
азаматтар алдын ала мiндеттi арнайы тексеруден өткеннен кейiн жүзеге
асырылады. Шет елдегi жұмыстан кейiн Қазақстан Республикасына оралған
дипломатиялық қызметтiң қызметкерi, егер ол осы Заңның (Қазақстан
Республикасының 2002 жылғы 7 наурыз N 299-ІІ Заңы) 22-бабында көзделген
жазаларға тартылмаған болса, бұрын СІМ атқарған лауазымынан төмен емес
лауазымға тағайындалады [2]. Дипломатиялық қызмет органдарына қызметке
алғаш тұрған адамдар үшiн үш айға дейiн мiндеттi сынақ мерзiмi белгiленедi.
Сынақ мерзiмiнен өтудiң тәртiбi мен шарттарын Қазақстан Республикасының
Сыртқы iстер министрi белгiлейдi.Бұрын сотталған және ақтала алмайтын
негiздер бойынша қылмыстық жауапкершiлiктен босатылған, сондай-ақ ұнамсыз
себептермен мемлекеттiк қызметтен босатылған адамдар дипломатиялық қызмет
органдарына қызметке қабылданбайды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық миссиялардың,
консулдық мекемелердiң, халықаралық ұйымдар өкiлдiктерi мен шетелдiк
инвесторлардың басшыларын, қызметкерлерiн, әскери атташелерi мен әкiмшілік-
техникалық персоналдарын тiркеудiң ережесiн бекiту туралы Ережесі 2009
жылдан бастап күшіне енді. Қысқаша тоқталып өтсек.

Төтенше және Өкiлеттi Елшiнi тiркеу. Қазақстан Республикасында ашылған
дипломатиялық миссиялар Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң
Мемлекеттiк Протокол қызметiне әуежайда (вокзалда)* қарсы алуды ұйымдастыру
үшiн Елшiнiң келу күнi туралы хабарлай отырып, нота жiбередi. Келгеннен соң
Елшi сенiм грамотасын тапсыру рәсiмiмен таныстыру мақсатында Қазақстан
Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Мемлекеттiк Протокол қызметiне
жолығысулар жасайды. Содан соң Қазақстан Республикасы Сырты iстер
министрiнiң орынбасарымен кездесуде оған сенiм грамотасының және өзiнiң
iзашарының керi шақыру грамотасының көшiрмелерiн тапсырады.

Қазақстан Республикасының басшылығына сенiм грамотасын тапсырғаннан
кейiн Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Мемлекеттiк
Протокол қызметi жаңа Елшiнiң Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер
министрiмен кездесуiн ұйымдастырады.

Сенiм грамотасын тапсырған сәттен бастап Елшi өзiнiң мiндетiн атқаруға
кiрiскен болып саналады және осы күннен бастап оның Қазақстан
Республикасында болу мерзiмiне есептеу жүргiзiледi.

Уақытша Сенiмдi Өкiлдердi тiркеу. Тiркелушi мемлекет кездесудi
ұйымдастыру үшiн Уақытша Сенiмдi Өкiлдi жiберу туралы оның келу күнiн
көрсете отырып, Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгін алдын
ала хабардар етедi. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң
Мемлекеттiк Протокол қызметi дипломат келгеннен кейiн тiркелушi мемлекеттiң
сыртқы саясат ведомствосы басшысының Уақытша Сенiмдi Өкiлдi тағайындауы
туралы жолдауын тапсыру үшiн министрдің орынбасарымен, содан соң Қазақстан
Республикасының … жалғасы

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!