Қазақстанның бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды
Қысқа сілтеме алу
«Қазгидромет» РМК бірнеше өңірде дабылды ескерту жариялады
АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері бірқатар өңірде бұрқасындатып, қатты жел соғады, көктайғақ болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Қазгидрометтің» ақпаратынша, Астанада 5-7 наурыз күндері оқта-текте бұрқасындатып, көктайғақ болады, оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.
5 наурызда Ақмола облысында кей жерлерде – бұрқасын, тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 23 м/с дейін барады.
6-7 наурызда Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, ал 7 наурызда Павлодар облыстарында оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, кей уақытта 30 м/с дейін жетеді. Сонымен қатар, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасындатады.
Тағы оқыңыз: «Күн суытады» Наурыз айындағы ауа райына болжам
sputniknews.kz