Тас материалдарды сұрыптау машиналары | Скачать Материал
1-дәріс
Кіріспе
Құрылыста машиналарды дұрыс пайдалану және негізгі құрылыс жұмыстарын
механикаландырудың оңтайлы нұсқаларын ғылыми негізде таңдау үшін
машиналардың негізгі түрлерінің құрылымдарын білу керек, өйткені олар
құрылыс-монтаж жұмыстарын ұйымдастыру мен ырғағын және экономикалық
тиімділігін анықтайды.
Күрделі құрылыс көлемінің өсуі құрылыс индустриясының тез дамып
техникалық жетілдірілуін, өндіріс көлемінің өсуін, құрылыс материалдарының
арзандауын, сапасының көтерілуін, құрылыс жүргізу мезгілін тездетуді,
құрылыс-монтаж жұмыстарының құнын төмендетуді талап етеді. Осы жұмыстардың
негізгі элементі болып құрылыс-монтаж жұмыстарын кешенді механикаландыру
болып есептелді.
Механикаландыру еңбеккөлемді құрылыс және монтаж жұмыстарын жүргізуді
жетілдірудің негізгі әдісіне айналды.
Құрылыс машиналары мен жабдықтары құрылыста қол жұмыстарымен
салыстырғанда еңбек өнімділігін ондаған, жүздеген, тіпті мыңдаған есе
көтеруге мүмкіндік береді, құрылыс жүргізу мерзімін қысқартып оның құнын
бірнеше есе төмендетеді.
Механикаландырылған құрылыс жұмыстарының негізгі көрсеткіші болып еңбек
өнімділігі (ауысымда бір адамға шаққанда), өнім бірлігінің құны және барлық
жұмыс көлеміне және жұмыскерлер санына шаққандағы қолмен атқарылатын
жұмыстар үлесі. Бұлардан басқа жанама көрсеткіштер ретінде жұмыскердің
механизмдермен жарақталуы және 100 жұмыскерге келетін машина саны,
машиналарды пайдалану дәрежесі, құрылыс жұмыстарының жылдық бағдарламасының
бірлігіне тиесілі машиналар мен жабдықтардың массасы мен қуаты, энергия
шығыны болып саналады.
Құрылыстағы ауыр және еңбеккөлемді жұмыстардың механикаландыру дәрежесін
көтеру және жаппай машиналар пайдалану еңбек өнімділігін көтеріп, құрылыс
мерзімін қысқартып қана қоймай еңбек үрдісінің мазмұнын және жұмыс күшінің
кәсіби құрамын түбегейлі өзгертеді.
Осы көтерілген мәселелерді түбегейлі шешу үшін құрылысты механикаландыру
мен машинажасаудың негізгі бағыттарын , машина детальдары мен олардың
құрылымын, құрылыста машиналар мен жабдықтарды тиімді пайдалану жолдарын
жете білу керек.
Құрылыс машиналары туралы жалпы мәліметтер.
Құрылысты механикаландыру және автоматтандырудағы құрылыс машиналары мен
жабдықтарының рөлі және олардың дамуы.
Құрылыс өндірісінің тиімділігін арттырудың негізгі бағыттары қолмен
атқаратын жұмыс үрдістерін қысқарту, пайдаланудағы мехаикаландыру
құралдарының өнімділігін арттыру және жаңа машиналарға байланысты оларды
тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін деңгейде жұмысты ұйымдастырып,
тезнологиялық үрдістерді жетілдіру.
Құрылыстағы негізгі жұмыстар қолмен, механикаландырылған және кешенді
механикаландырылған әдіспен, сондай-ақ механикаландырылған үрдісті жартылай
автоматты түрде басқару жолымен атқарылады.
Құрылысты механикаландыру дегеніміз еңбек операцияларын қолмен атқару
әдісін машиналық әдіспен ауыстыру мақсатында өндірістік үрдіске техникалық,
технологиялық және ұйымдастырушылық әсер ету.
Құрылысты кешенді механикаландыру дегеніміз барлық негізгі және қосалқы,
ауыр және еңбеккөлемді операциялар мен үрдістер тезниканың алдыңғы қатарлы
дамыған деңгейінде, өнімділіктері өзара үйлескен, барлық үрдістің берілген
ырғағын (мерзімін)қамтамасыз ететін және берілген жағдайда мүмкін болатын
ең жоғары техникалық-экономикалық көрсеткіштерді, яғни жұмыстың ең төмен
құнымен еңбектің ең жоғары өнімділігін қамтамасыз ететін механизмдер,
машиналар және жабдықтар негізінде механикаландырылған үрдіс.
Кешенді механикаландырылған жағдайда қол жұмыстары еңбеккөлемділігі төмен
жерде ғана, олар үрдістің жалпы ырғағын төмендетпейтін және еңбекті
жеңілдету мен экономикалық тұрғыдан қажеті жоқ жерде іске асырылуы мүмкін.
Автоматтандыру кешенді механикаландырылған жерде ғана қолдану керек.
Жартылай механикаландырылған жерде автоматтандырудың тиімділігі төмен болып
қана қоймай тіпті үрдісті әрі қарай жетілдіруге зиянын тигізуі де мүмкін.
Сонымен, кешенді автоматтандыру дегеніміз барлық негізгі және қосалқы
басқару үрдістері, берілген өнімділік пен өнім сапасы, адамның
араласуынсыз, автоматты түрде қамтамасыз етілетін жағдай. Бұл жерде адамның
жұмысы арнайы құрылғылардың жұмысын бақылаумен ғана шектеледі.
Құрылысты механикаландыру мен автоматтандырудың негізгі мақсаты – еңбек
өнімділігін көтеру және адамды ауыр, еңбеккөлемді, шаршатып-жалықтыратын
жұмыстардын босату. Механикаландыру мен автоматтандыру ресурстарды тиімді
пайдалануды, өнім мен жұмыстың сапасын көтеруді және құнын төмендетуді
қамтамасыз етеді. Осыған байланысты жұмыс жағдайы өзгереді, өндірістің
мамандық және ұйымдастырушылық деңгейі өседі, қол жұмысы мен ой жұмысының
айырмашылығы азаяды, өндірістік үрдіс қызғылықты және қауіпсіз болады.
Жалпы алғанда құрылысты механикаландыру және автоматтандыру қоғамдық
өндірістің тиімділігін көтерудің материалдық негізі және өндірістік
күштердің даму аймағындағы техникалық прогрестің басты бағытының бірі болып
есептеледі.
2-дәріс.
Құрылыс машиналары мен жабдықтарын жіктеп-сұрыптау
Құрылыс өндірісіне тән технологиялық үрдістердің әр түрлілігі өзінің
жұмыстарға арналуы, құрылымы, қуаты мен размерлері әр түрлі құрылыс
машиналарын пайдалануды қажет етеді.
Әр түрлі жұмыстарды орындауға арналуы бойынша барлық құрылыс машиналары
келесі топтарға бөлінеді:
1. Жер қазу жұмыстарына арналған машиналар;
2. Көтергіш-тасымалдау машиналары;
3. Бұрғылау машиналары;
4. Бетон және темірбетон жұмыстарына арналған машиналар;
5. Қада қағу машиналары;
6. Әрлеу жұмыстарына арналған машиналар;
7. Жол машиналары;
8. Қол машиналары (механикаландырылған құралдыр).
Әрі қарай бұл машиналар құрылымы, жұмыс жабдығы түрі, жылжу мүмкіндігі,
жетек түрі, бұрылу дәрежесі, тірелу әдісі бойынша жіктеледі.
Бұдан басқа барлық құрылыс машиналары қоршаған орта температурасына
байланысты екі топқа бөлінеді:
— Жалпы жағдайға арналған машиналар, ±400С температура жағдайында жұмыс
істеуге арналған.
— Арнайы, арнайы орындалған машиналар, -600С (хл) дейін және +600С (т)
дейінгі жағдайда жұмыс істеуге арналған.
ТМД елдерінде (негізінен Ресейде) шығарылған машиналар шартты әріп-
сандармен белгіленген, машина моделімен оның басты параметрін айғақтайтын
индекспен белгіленеді. Бірақ көпнәрсе әр сала өзінде қабылданған ережелер
бойынша машиналарды маркалай береді.
Басқа мемлекеттерде шығарылған машиналар сол елдің ережелері бойынша
маркаланады.
Сонымен ТМД-да шығарылған машиналар келесідей әріптермен маркаланады:
ЭО-жалғызшөмішті эксковаторлар;
ЭТМ – көпшөмішті шынжырлы траншея қазғыш экскаваторлар;
ЭТУ – әмбебап траншея қазғыш экскаваторлар;
ЭТР – көпшөмішті роторлы траншея қазғыш экскаваторлар;
ЭМ – көпшөмішті көлденең қазғыш экскаваторлар;
ДЗ – жер қазып, топырақ тасымалдауға арналған машиналар (бульдозер,
скрепер, автогрейдер, грейдер-элваторлар).
ДП – тамыр жұлғыштар, бұта қырққыштар, қопсытқыштар, тоқ оятын тіркемелі
және аспалы машиналар;
ДУ – топырақты тығыздауға арналған машиналар;
СП – қада қағу жұмыстарына арналған машиналар;
БМ – бұрғылау және бұрғылау-кран машиналар;
КС – оқтаулы крандар;
КБ – бұнаралы крандар;
СБ – бетон жұмыстарына арналған жабдықтар;
СО – әрлеу, еден және төбе жұмыстарына арналған машиналар мен жабдықтар;
ТО – жалғызшөмішті тиеуіштер;
ТМ – көпшөмішті тиеуіштер;
ТА- цемент түсіргіш маиналар;
ТК – конвейерлер мен қоректенгіштер;
ТР – кен емес (тас) материалдарды түсіргіш;
ТЦ – автоцементтасығыш;
ТЛ – машиналар лебедкалар;
ТП – мачталы құрылыс көтергіштері;
ПГП – жүк және адамдарды көтергіштер;
ПГ – жүк лифтлері;
ТА – автоцементтасығыштар;
ИГ – гидро және пневмогидравликалық аспап;
ИЭ – электр қол құралдары;
ИМ – іштен жанатын қозғалтқышты аспап;
ИП – пневаматикалық қол құралдары;
ИР – қол аспаптары;
ИВ – дірілдегіштер (вибратор).
Осы әріптерден кейін цифрлар (сандар) келтіріледі. Жалғызшөмішті
экскаваторлар, оқтаулы және мұнаралы крандар үшін төрт цифр-белгі қойылады.
Бұл цифрлар келесі көрсеткіштерді сипаттайды:
1-цифр – размерлік топ;
2-цифр – жүру құрылғысының түрі;
3-цифр – жұмыс жабдығының орындалуы;
4-цифр – модельдің реттік номері.
Осы цифрлардан кейін тағыда әріптер болуы мүмкін. Олар: А, Б, В, Г…
кезекті жетілдіру (модернизация); климатқа бейімделуі (хл-суық, т-
тропикалық, тв-тропикалық ыстық климатқа).
Құрылыс министрліктері мен ведомстволары крандарға өзінің индексін беруі
мүмкін. Мысалы: СКГ-401 – арнайы жыланбауыр кран, 40т жүк көтереді, 1-і
модель; МКГ-25БР – монтаждаушы жыланбауыр кран, 25т жүк көтереді, мұнаралы
жабдықты, арба арасы жылжымалы; ДЭК-252 – дизель-электрлі кран, 25т жүк
көтереді, 2-і модель; МСК-10-20 – монтаждаушы арнайы мұнаралы кран, 10т жүк
көтереді, жүк беру қашықтығы 20м; МПК-25 – монтажды пневмодөңгелекті кран,
25т жүк көтереді; МКТТ-100 – тартқыш негізіндегі телескопты оқтаулы
монтаждауыш кран, 100т жүк көтереді; МКАТ-40 – монтаждауыш автомобиль кран,
оқтауы телескопты, 40т жүк көтереді; СМК-12 – арнайы монтаждауыш кран, 12т
жүк көтереді; АБКС-6 – ауылшаруашылық құрылысқа арналған автомобильді
мұнаралы кран, 6,3т жүк көтереді.
П2С-800 – 800кг көтеретін көтергіш; МГПС-1000 – 1000кг көтеретін
жылжымалы жүк-адам тасымалдауға арналған көтергіш.
АГП-28 – автомобильді гидравликалық көтергіш, көтеру биіктігі 28м; ВС-18
– құрылыс мұнарасы, көтеру биіктігі 18м.
Басқа машиналардың индексіндегі әріптерден кейін тұрған цифрлар тіркеу
реестріндегі кезекті номерін ғана көрсетеді. Мысалы: ДЗ-124ХЛ – бульдозер,
тіркеу номері 124, суық климатқа арналған; ДЗ-13 – скрепер, 13-і номермен
тіркелген.
Құрылыс машиналарының жалпы құрылымы
Әр машина детальдардан (элементтерден) және жұмыс істеген кезде белгілі
бір функция атқаратын жинақтаушы бірліктерден (түйіндерден) тұрады.
Функционалды белгілері бойынша әр машинада келесі элементтер тобы болады:
— Күш қондырғылары (қозғалтқыштар) – энергия көзі және оны механикалық
жұмысқа айналдырушы;
— Жұмыс жабдығы – технологиялық операцияны тікелей іске асырушы және
өңделетін материалға тікелей әсер етуші;
— Жүру жабдығы – машинаның жылжуына арналған және машина мен жұмыс
жүктемелерінің салмағын қабылдайды;
— Беріліс механизмдері – күш жабдығымен жұмыс жабдығы арасындағы, сондай-
ақ жүру жабдығымен әр түрлі жылдамдықтар, моменттер және күштер
жағдайында байланыс орнатады;
— Басқару жүйесі – күш жабдығын іске қосып және тоқтату үшін, сондай-ақ
күш жабдығымен жұмыс (жүру) жабдығы арасындағы байланысты қосып,
ажырату үшін, сондай-ақ керекті жағдайда қозғалысты тез тоқтатып,
тежеу үшін;
— Салмақ қабылдаушы құрылғы (рама) – машинаның барлық элементтерін
орналастырып, бекітуге және олардың өзара ара қатынасын сақтауға
арналған.
Құрылыс машинасының құрылымы әр түрлі жұмыс жағдайында қажетті
өнімділікті қамтамасыз етуі керек және бұл жағдай әр түрлі атмосфералық
жағдайда, жылдың және тәуліктің кез келген уақытында, жол жолсыз жерде,
сондай-ақ құрылыс алаңының кез келген тар, ыңғайсыз жерлерінде қамтамасыз
етілуі керек. Сондықтан машиналарға пайдалану, жағдайына қарай біраз
талаптар қойылады.
Әрбір құрылыс машинасы пайдаланған кезде сенімді және ұзақ уақыт жұмыс
қабілетті болуы керек; жұмыс жағдайының өзгеруіне бейімді болуы керек;
күтіп-баптауы, жөндеу мен құрастыруы, бөлшектеп-тасымалдауы қарапайым,
пайдалануы үнемді, яғни өндірілген өнімнің бірлік құнына шаққанда электр
энергиясы немесе жағар, жанар май шығыны неғұрлым төмен болуы керек.
Машина еңбек қауіпсіздігін, жұмыс ыңғайлылығын және жалықпай, шаршамай
жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек.
Барлық құрылыс машиналарының салмағы неғұрлым төмен, бөлшектеп-жинақтауға
және тасымалдауға ыңғайлы болуы керек.
Машиналар маневрлі-тар жерде жерде бұрылып, жүріп тұруға ыңғайлы, өткіш-
жолсыз, қиын жерлермен жүре алатын, тұрақты-аунап, құлап кетпейтін болуы
керек.
3-дәріс
Көтергіш-тасымалдау және тиеп-түсіргіш машиналар
Құрылыс жүктерін тасуға арналған машиналар (көліктер)
Көлік құралдары дегеніміз құрылыста әр түрлі ұсақ, сусымалы, кесекті және
сұйық материалдарды тасымалдауға арналған машиналар мен жабдықтар.
Құрылыста көлік құралы ретінде теміржол және су көлігі, автомобильдер,
автомобиль тартқыштары мен әр түрлі поездар, трактор мен тартқыштар, арнайы
көлік машиналары, тіркемелер, жартылай тіркемелер және ұзарғыш тіркемелер.
Автомобильдер келесі топтарға бөлінеді:
— Жалпы мақсаттағы бортты автомобильдер – ашық қорабы бар, қатты және
жетілдірілген жолдармен әртүрлі жүктерді тасуға арналған.
— Автомобиль-өзі түсіргіштер, түсірген кезде бүлінбейтін құрылыс
материалдарын (тас, қиыршық тас, құм, топырақ, бетон, т.б.)
тасымалдауға арналған. Бұл автомобильдер аударылатын, пішіні әртүрлі
қораптармен жабдықталады.
— Арнайы автомобильдер – сұйық ыстық және суық материалдарды (бетон,
лай,известь, жанармай, битум, эмульсиялар), құрғақ ұнтақ материалдарды
(цемент, алебастр, гипс), кесекті және құмдақ сусымалы құрылыс
материалдарын (топырақ, қиыршық тас, керамзит), әр түрлі құрылымдарды
(панель, блок, ферма) тасымалдап, керекті жағдайда оларды араластырып,
түсіріп, жайып және біршама жерге жеткізіп беру жұмысын қоса атқарады.
Бұлардың қатарына автобетонтасығыштар, автобетонараластырғыштар,
автолайтасығыштар, автоизвестьтасығыштар, автоцементтасығыштар жатады.
Тракторлар жыланбауыр және пневмодөңгелекті болып екі топқа бөлінеді. Бұл
машиналар тіркемелер арқылы әр түрлі жүктерді тасымалдауға арналған.
Пневмодөңгелекті тартқыштар бірості немесе екіосьті болып бөлінеді.
Арнайы көлік құралдары белгілі бір құрылыс жүктерін (электр желілері
тіреулерін, панельдер, қабырғалар, блоктар, санкабиналар, фермалар,
бөренелер, құбырлар, технологиялық жабдықтар) тарасыз немесе тарамен жеңіл
немесе ұсақ заттарды контейнерде (үлкен размерлі ыдыстарды, темірбетон
сақиналар мен құбырларды, минералды мақталарды, керамзит, кірпіштерді)
тасуға арналған базалық машиналар ретінде ершікті автомобиль тартқыштар,
сирек, тракторлар қолданылады.
Арнайы көлік құралдары қатарына жартылай тіркеме-тіреутасығаштар,
панельтасығыштар, қабырға тасығыштар, тара және контейнертасығыштар,
блоктасығыштар, санкабинатасығыштар, ферматасығыштар, керамзит- және
кірпіштасығыштар, т.б. осыларға ұқсаған көптеген заттарды тасымалдауға
арналған құралдар жатады.
Тіркемелер және жартылай тіркеме құралдары автомобиль, трактор және әр
түрлі тартқыштар көмегімен жұмыс істеуге арналған және бір-, екі-, үшості
түрінде базалық машиналардың өнімділігін едәуір көтеріп, олардың пайдалану
ауқымын кеңейтеді. Бұл құралдар тарамен немесе тарасыз сусымалы, кесекті
және жеке заттарды тасымалдауға арналған. Жалпы көліктік тіркемелерге бір-,
екі- және үшості тіркеме-шасси, тіркеме-ұзарғыш, екіості тіркеме, өзі
аударғыш тіркеме, тіркеме-цистерналар және ауыр жүк таситын тіркемелер
(трайлерлер) жатады.
Жалпы көліктік жартылайтіркемелерге қорабты платформалы, өзітүсіргіш,
цистерна, платформа (трайлер) және ұзарғыш жартылай тіркемелер жатады.
Автомобильдердің жүк көтеру мүмкіндігі 1,5т-дан 12т-ға дейін, жүру
жылдамдығы 45-90кмсағатқа дейін. Жыланбауыр тракторлардың тарту күші 3
тоннадан 35 тоннаға дейін, жүру жылдамдығы 0-2 кмсағаттан 9-17 кмсағ
дейін. Пневмодөңгелекті тракторлардың тарту күші 0,9-5т, жүру жылдамдығы 0-
1,3 кмсағаттан 25-40 кмсағатқа дейін. Тіркемелер мен жартылай
тіркемелердің жүк көтеру мүмкіндігі 1 тоннадан 120 тоннаға (трайлер) дейін
болады.
Автотрактор көліктерінің негізгі есептелетін параметрі дөңгелектегі
шеңбер бойындағы күш Рg және тіркеу ілгегіндегі тарту күші Fіл.
Бұл жерде – дөңгелектің айналуына қарсы күш. – автомобиль
салмағы,
– дөңгелек коэффициенті (0,015-0,18);
– өрге қарсы жүргендегі қарсы күш.
, — көлбеу бұрышы,
– ауаның қарсы күші, с – пропорционал коэффициенті, – ауа
тығыздығы,
–автомобиль маңдай алды ауданы, – жылжу жылдамдығы;
–үдеу қарсылығы, – автомобиль үдеуі, –еркін құлау
үдеуі, – айналып тұрған бөлшектер массасын ескеретін коэффициент
бұл жерде – жүк салмағы, – тіркеме салмағы, – трактор
салмағы, – тіркеме саны, – өр (+), құлдырау (-) коэффициенті
Тасымалдау машиналары
Материалдарды біркелкі қажетті уақыт бойы үзіліссіз тасымалдайтын
машиналарды үзіліссіз тасымалдау машиналары дейді.
Бұндай машиналарды құрылыста және құрылыс индустриясында сусымалы
материалдарды (құм, цемент, известь), ұсақ (қиыршық тас), жекелеген
(кірпіш) материалдар мен топырақты тасымалдауға пайдаланылады.
Жұмыс істеу қағидасы бойынша үзіліссіз тасымалдау машиналары екі топқа
бөлінеді, материалға жұмыс органы механикалық әсер етумен немесе машиналық
жұмыс органында материал жылжитын конвейерлер; құбырларда ауа ағынымен
материалдарды жылжытатын пневмо тасымалдау құрылғылары.
Контейнерлер кұрылымы және жұмыс органының жұмыс істеу кағидасы бойынша
таспалы, шынжырлы(қалақшалы және қырғышты), бұрандалы(шнекті), вибрациялық
және шөлешті(элеваторлар) болып бөлінеді.
Таспалы конвейер екі барабан арасында тартыоған үзілісіз таспадан
тұрады.Бұл конвейерлер құрылыс жұмыстары мен құрылыс индустриясы
кәсіпорындарыда сусымалы, ұсақ және жекеленген заттары(цемент, известь,
құм, қиаршық тас, кірпіш) тасымалдауға пайдаланылады.
Таспалы конвейерлар жоғары өнімді машиналар болып есептеледі. Олардың
өнімділігі таспа ені мен оның жылжу жылдамдығына байланысты және мына
формуламен анықталады, тсағат
Бұл жерде -таспа жылжу жылдамдығы,мс;-таспаға материалдық
көлденең қиындысы ауданы, м2; – материалдың көлемдік массасы.
Құрылыста жиі қолданылатын конвейерлардың таспасының ені 400-2000 мм,
жылжу жылдамдығы 0,8-5 мс, орташа өнімділігі 25-200 м3сағат.
Шынжырлы конвейерлердің жұмыс органы қалақшалар немесе өырғыштар
бекітілген үзіліссіз шынжыр болады, сондықтан олар қалақшалы және қырғышты
болып екі топқа бөлінеді.
Қалақшалы конвейерлері негізгі тасымалдаушы құрал немесе таспалы
конвейерге материал беріп тұрушы құрал ретінде ауыр ірі кесекті және
жекелеген ұсақ заттарды тасымалдауға арналған. Тасымалдайтын материалдар
көлемін көбейту үшін қалақшалардың жанына немесе конвейер рамасына бүйір-
ернеу орнатады. Бұндай конвейерлер өрге қарай 300 көлбеумен материалды бере
алады.
Қырғышты конвейерлер кесекті және сусымалы материалдар қысқа қашықтыққа
үлкен көлбеу бұрышпен бере алады. Конвейер жылжымайтын астау ішінде
шынжырға бекітілген сырғып тұрған қырғыштардан тұрады.
Бұрандалы конвейерлер немесе шнектер құбырдың немесе астаудың ішінде
орналасқан жалы биік үлкен диаметрлі винт тәрізді жұмыс органы бар машина.
Винт айналғанда оның арасындағы материал астау бойымен жылжиды.
Бұрандалы конвейерлер материалды қысқа қашықтыққа горизонтальды, көлбеу,
кейде тіпті вертикалды жазықтықта тасымалдауға арналған шнектардың бір
жақсы жері олармен ұнтақ, тозаңды материалдарды шаңдатпай жабық құбырларда
тасымалдап, керек болған жағдайда керек болған жағдайда оларды араластыруға
да мүмкіндік береді. Шнектармен қою және қоймалжың материалдарды (лай,
цемент, известь ерітіндісі, бетон қоспасы т.с.с.) тасымалдауға болады.
Бұрандалы конвейердің өнімділігі келесі формуламен анықталады:
П=60(ɳD2)4000 Sn
Бұл жерде – винт диаметрі (150,200,250,300,400,500 және 600мм), м;
– бұранда адымы, м; – бұранда айналу жиілігі, мин-1; –
материалдың көлемдік массасы; – астаудың толықтық коэффициенті
(0,125; 0,25; 0,4).
Вибрациялы конвейерлер қысқа қашықтыққа түйіршікті және ұнтақ
материалдарды тасымалдауға арналған. Конвейер былқылдақ ілме үстіне
орнатылған астаудан және вибратордан тұрады.
Шөмішті элеваторлар материалдарды вертикалды немесе оған жақын бағытта
беруге арналған. Элеваторлар материалдарды (құм, қыйыршық тас, цемент)
жоғарыда орналасқан бункерлерге немесе қоймаларға жіберуге арналған.
Шөмішті элеватор қаптама ішінде орналасқан, екі барабан арасында
тартылған, шөміштер бекітілген тұйық таспадан тұрады, төменгі жағында
тиейтін есігі, жоғары жағында түсіретін есігі бар.
Элеватордың өнімділігі келесі формуламен анықталады:
∏=3.6
Бұл жерде – жұмыс органының жылжу жылдамдығы; – шөміштің
сыйымдылығы; – шөміштің толу коэффициенті; – материалдың
көлемдік массасы; – шөміштер адымы.
Пневматикалық тасымалдауышта материалдар (цемент, құрғақ құм, неше түрлі
ұнтақтар) құбыр бойымен ауа ағымы күшімен тасымалданады. Негізгі жабдықтар:
құбыр, вакуум-сорап, тұндырғыш және сүзгі . бұл тасымалдауыш материалдарды
кез келген бағытта бір мезгілде бірнеше жерге жеткізуге мүмкіндік береді.
Саңылаусыз құбыр жолда материалдарды шашпай, жоғары өнімділікпен әжептәуір
қашықтыққа жеткізуге мүмкіндік береді.
4-дәріс
Жүк көтергіш машиналар
Құрылыс өндірісінде жүк көтергіш машиналар кеңінен қолданылады. Әртүрлі
үймереттер мен ғимараттарды тұрғызған кезде олардың көмегімен құрылыс
материалдар мен жекелеген бөлшектерді, қабырғалық қоршаулар мен төбе
жабындарын беріп, іріблокты және іріпанельді тұрғын үйлерді, өндірістік
ғимараттарды темірбетон және металл құрылымдарын құрастырады, өндірістік
кәсіпорындардың жабдықтарын тасымалдап құрастырады, материалдар мен
құрылымдар қоймасында тиеп-түсіру жұмыстарын атқарады, құрылыс индустриясы
кәсіпорындарының алаңдарында өндірістік үрдісті қамтамасыз етеді және
т.с.с.
Атқаратын жұмысы, құрылымы және міндеті мен мақсатына қарай жүк көтергіш
машиналар үш негізгі топтарға бөлінеді:
— Бірінші топ – қарапайым машиналар: домкраттар, тальдар мен лебедкалар,
бұл жабдықтар негізінен жинақтау жұмыстарында қосалқы көмекші
жабдықтар ретінде қолданылады;
— Екінші топ – көтергіштер, бұлардың көмегімен вертикальды бағытта
тасымалдау ғана жүзеге асады;
— Үшінші топ – крандар, өздерінің параметрлеріне сәйкес кез келген
бағытта жүкті вертикалды және горизонтальды жазықтықта тасымалдай
береді.
Домкраттар, тальдар, лебедкалар
Домкраттар жүкті астынан үстіне қарай аз биіктікке (әдетте 1 метрге
дейін) көтеруге арналған. Домкраттар 1 тоннадан 750 тоннаға дейін жүк
көтере алады. Домкраттардың үш түрі болады: рейкалы, бұрандалы және
гидравликалық.
Рейкалы домкратта көтеретін жүк салмағы Q мен домкратты бұрап көтеретін
қол тұтқасындағы күш Р арасындағы байланыс келесі формулалармен анықталады:
Бұл жерде – тісті жұптың беріліс саны; – жетекші тісті
дөңгелектің бөлгіш шеңберінің радиусы; – тұтқаның иіні; –
механизмнің ПӘК-і.
Бұрандалы домкрат үшін:
Бұл жерде – винтті бұранданың орташа радиусы; – винтті
сызықтың көтерме бұрышы; – домкраттың көтеретін жүкке тірелетін
басының орташа радиусы; – винт пен гайка арасындағы үйкелу бұрышы;
– домкрат басы бөлшектерінің үйкелу коэффициенті.
Бұрандалы домкраттар 20 тоннаға дейін жүкті 0,5 метрге дейін көтереді.
Гидравликалық домкраттар сұйық майды қол сорабымен айдау арқылы жұмыс
істейді.
Таль ілмелі жүккөтергіш құрылғы. Таль жетегі қол, электр немесе
гидравликалық болып үш топқа бөлінеді.
Қол күшімен істейтін таль (шынжырлы) әр түрлі, аз көлемді жүктерді
көтеруге пайдаланылады. Электр тальдар (тельферлер) өндірістің
технологиялық ағынында жүктерді жаппай көтеріп, тасымалдауға пайдаланылады.
Шынжырлы тальдар 10 тоннаға дейін, электр тальдар 1-5 тоннаға дейін жүк
көтере алады.
Лебедкалар барабанға оралатын болат арқан арқылы жүкті тартып, көтеретін
жүккөтергіш машина.
Лебедкалар жеке жүкті көтеріп-түсіру үшін, сондай-ақ жүккөтергіш, жер
қазғыш және т.б. құрылыс машиналарының жұмыс механизмдерінің құрамдас
бөлігі ретінде қолданылады.
Лебедкалар жетегі қол және машина болуы мүмкін. Әр лебедка тарту күшімен,
арқансыйымдылығымен және арқанның барабанға оралу жылдамдығымен
сипатталады.
Машинажетекті лебедкалар бір- және көпбарабанды болады; оларда тартқыш
арқанның бір немесе бірнеше жылдамдығы болуы мүмкін. Барабан мен қозғалтқыш
арасындағы байланыс түрі бойынша олар реверсивті (редукторлы) және тісті-
фрикционды болып бөлінеді.
Қол жетекті лебедкалар жүкті сирек жылжыту үшін қолданылады. Олар 0,5-10т
жүк көтере алады, арқансыйымдылығы 100-300м. Арқандағы тарту күші:
Бұл жерде – жетек тұтқасындағы күш; – тұтқа иіні; –
барабан диаметрі; – арқан диаметрі; – арқанның оралу қабаты.
Электржетекті лебедкалар электрқозғалтқыш арқылы жұмыс істейді.
Қозғалтқышты басқару-жүргізу, тоқтату, айналу бағытын өзгерту (реверс) –
жүргізіп реттейтін электр аппаратурасы арқылы жүзеге асырылады (контроллер,
кедергілер, магнитті қосқыштар).
Құрылыс көтергіштері
Құрылыс көтергіштеріне шөмішке салынған немесе жүк платформасына
(кабиналарға) орналастырылған жүктерді негізінен вертикалды бағытта
тасымалдауға арналған жүккөтергіш машиналар жатады.
Құрылыс өндірісінде көтергіштер әр түрлі жекелеген (біртіндеген)
материалдарды, негізінен мұнаралы және басқа крандарды әкеткен соң, салынып
жатқан ғимараттардың қабаттарына, сондай-ақ жұмыскерлерді вертикалды
бағытта тасымалдауға пайдаланылады.
Мақсатына қарай көтергіштер жүк және жолаушы жүк, ал көтергіш және
оқшаулағыш құрылымының орындалуы бойынша – мачталы (діңгекті), шахталы,
скипті (шөмішті), көтергіш мұнара және алаң деп бөлінеді.
Мачталы көтергіштер діңгек-мачта бойымен лебедка көмегімен жылжитын
жүккөтергіш платформадан тұрады. Мачта, қажетіне қарай жалғана беретін,
жекелеген секциялардан тұрады. Жүкті тиеп-түсіру оңай болу үшін кейбір
платформалар вертикальды осі бойынша 900-қа бұрыла алады. Мачталы
жүккөтергіштер 0,5-0,8т жүкті 0,4-0,6мсекунд жылдамдықпен 60 м биіктікке
дейін көтере алады.
Шахталы жүк көтергіштің мачталыдан айырмашылығы, оларда қоршау құрылғысы
бар. Соның ішінде жүк көтеретін платформа не кабина жылжып жүреді.
Скипті (шөмішті) көтергіштер өндірістік үймереттер немесе монолитті
темірбетон ғимараттарын тұрғызғанда бетон қоспасын беруге; тауарлы бетон-
лай жасайтын қондырғыларға инертті материалдар беруге қолданылады.
Скипті көтергіштер рама бойында жүк арқаны және лебедка көмегімен
жылжитын шөміштерден тұрады. Шөмінің көлемі 0,75-1 м3 және одан да көп
болуы мүмкін.
Жолаушы жүк көтергіштер көпқабатты құрылыстарда адамдар мен материалдарды
тасымалдауға қолданылады.
Жетектің жүктасымалдауыш құрылғысына әсер етуі бойынша жолаушы жүк
көтергіштер арқанда және арқансыз (тісті-рейкалы) болып екіге бөлінеді.
Арқанда көтергіш мачтадан, көтеретін кабинадан, лебедкадан, қабат бойынша
қоршалған алаңдардан және басқару жүйесінен тұрады.
Арқансыз көтергіш мачтаның ұзына бойында орналасқан рейка бойымен
дөңгелейтін тісті дөңгелек (шестерня) көмегімен жылжитын кабинадан тұрады.
Көтергіш мачтасы қажетіне қарай жеке стандартты секциялар жалғау арқылы
ұзартылып отырылады.
Жолаушы жүк көтергіштер 0,8-1 т жүк немесе 8-10 адам көтере алады.
Арқанды жүккөтергіш 60-80 м, ал арқансызы мачта биіктігіне және салынып
жатқан нысанның биіктігіне дейін көтере алады.
Көтергіш алаңдар (платформалар) әр түрлі биіктікте сыртқы және ішкі
құрастыру және әрлеу жұмыстарын орындауға қолданылады.
Тірек базасына байланысты алаңдар (платформалар) жерүсті және ілмелі
(люлька) болады.
Көтергіш алаң (платформа) арбашаның үстіне орнатылған мачта бойында тісті-
рейкалы механизм арқылы жылжып тұратын платформадан тұрады. Кейбір
платформалар арқанды механизм арқылы көтеріледі. Люлькалар 205 кг жүкті 80
м биіктікке дейін көтере алады.
Өзі жүргіш көтергіштер автомобиль немесе трактор негізінде орындалады.
Телескопты, мачталы немесе топсалы-жалғанған оқтаулы болады.
Телескопты мачталы көтергіш автомобильде орнатылған алты звенодан тұратын
мачтадан, жұмыс алаңынан және автомобильден істейтін лебедкадан тұрады. Бұл
көтергіш 350 кг жүкті 21 метрге, ал жыланбауыр тракторға орнатылған
көтергіш 500 кг жүкті 26 м биіктікке дейін көтере алады.
Топсал- жалғанған көтергіш телескопты көтергішке қарағандағы артықшылығы
оның жұмыс алаңы жұмыскерлермен қоса биіктік бойында ғана емес, кеңістікте
де жылжи алады (айналады).
Тракторға орнатылған көтергіштің алаңы 24 м, ал автомобильдегі көтергіш –
12,18 және 24 м дейін көтеріледі. Бұл көтергіштер 150 ден 400 кг дейін жүк
көтере алады. Тұрған деңгейінен 8 м төменге түсіріп, 22 м горизонталь
қашықтақты қамтиды. Платформасы 3600 айнала алады.
Крандар.
Тасымалды (жылжымалы) крандар шағын жүктерді әрлеу, жөндеу, санитарлық-
техникалық, төбе жұмыстарын жүргізген кезде тасымалдап, көтеріп-түсіруге
арналған. Бұл крандардың жылжу механизмі болмайды.
Кранның негізі және лебедка мен октау, қарсы салмақ орналасқан рама-
платформасы болады. Платформасы қолмен айналдырылады.
Кранды басқа жерге ауыстырып қоюды жеңілдету үшін айналма-платформа
негізден бөлініп алынады. Керек болса оқтау мен қарсы салмақ-та бөлініп
алынады.
Кранның ауысымдық өнімділігі (тауысым) мына формуламен анықталады:
П=()
Бұл жерде – жүк салмағы, т; – ауысымдағы цикл саны; –
жүк көтеру мүмкіндігін пайдалану коэффициенті; – уақытты пайдалану
коэффициенті; – ауысым ұзақтығы, сағат.
Мұнаралы крандар азаматтық, өндіріс, энергетикалық және гидротехникалық
құрылыста жинақтау жұмыстарында, сондай-ақ жүктерді вертикальды және
горизонтальды бағытта тасымалдауда кеңінен қолданылады. Басқа крандардан
айырмашылығы оқтауының биік орналасуы.
Құрылыс алаңында орнатылу әдісіне қарай мұнаралы крандар негізгі үш топқа
бөлінеді: рельспен жүретін өзіжүргіш; тұрғызылып жатқан ғимаратқа
бекітілетін (тіреп қойылатын); ғимарат қаңқасына сүйеніп тұратын өзі
көтерілгіш крандар.
Құрылымы бойынша крандар екі топқа бөлінеді: айналатын мұнаралы және
айналмайтын мұнаралы.
Ілгектің ұшқырлығын (шығарығын) өзгерту әдісі бойынша: оқтауы
басқарылатын (көтеріліп-түсірілетін) және оқтау бойында жүретін жүк
арбашасы бар болып екі топқа бөлінеді. Крандардың негізгі элементтерінің
металл құрылымдары құбырлы немесе торкөзді болады.
Құрылыста пайдаланылатын мұнаралы крандар елеулі сипаттамасы ретінде
ілгегінің максималды ұшқырлығына сәйкес жүк көтергіштігі алынады.
Азаматтық және тұрғын үй құрылысында пайдаланылатын мұнаралы крандар 10
тоннаға дейін жүк көтере алады. Бұл крандардың ілгегінің ұшқырлығы 20-30 м.
Жекелеген крандардың ілгегі 35-45 м, тіпті 63 метрге дейін жетеді.
Өзіжүргіш крандардың ілгегі 60 м, ал сүйемелі крандардың ілгегі 150
метрге дейін көтеріледі.
Жүк көтеру жылдамдығы 0,5-1 мс; жылжу жылдамдығы 0,33-0,5 мс; айналу
жылдамдығы 0,7 мин-1 шамасында болады.
Өндірістік құрылыста пайдаланылатын крандар 20 дан 75 тоннаға дейін жүкті
50-80 м биіктікке және 25-45 м қашықтыққа дейін көтереді.
Мұнаралы крандар атқаратын жұмыс түріне қарай үш топқа бөлінеді:
гидротехникалық құрылыс жүргізуге арналған (КБГ); ғимараттар жөндеуге
арналған (КБР); модульді крандар (КБМ).
Мұнаралы крандардың размерлі тобы (бірінші цифр) тм-мен номиналды жүк
моментін көрсетеді 1-і – 25; 2-і – 60; 3-і – 100; 4-і – 160; 5-і – 250; 6-ы
– 400; 7-і – 630; 8-і – 1000; 9-ы – 1000 тм-дан жоғары.
Модельдің реттік номері (төртінші цифр) 01÷69 – айналмалы мұнаралы; 71÷99
– айналмайтын мұнаралы крандар белгілейді.
Мұнаралы крандарды ереже бойынша орнықтылыққа тексеру керек.
Орнықтылықтың екі түрі болады: жүк және меншікті орнықтылық.
Жүк орнықтылығы жүк көтеріп тұрған кранның жүк жаққа құлап кетпеуіне
қарсы тұру мүмкіндігін сипаттайды.
Меншікті орнықтылық жүк көтермей тұрған кранның қарсы салмақ жағына құлап
кетпеуіне қарсы тұру мүмкіндігін сипаттайды.
Кранның орнықтылығы орнықтылық коэффициентімен анықталады:
К=(МП-Мтр-Мв)Мr
Бұл жерде – кранның тұрақтылығын қамтамасыз ететін моменті; –
жүк әсерінен кранның құлауына себеп болатын момент (К≥1,15÷1,4).
Крандардың пайдалану өнімділігі (тсағат):
П=()
Бұл жерде – кранның номиналды жүк көтеру мүмкіндігі, т; – бір
сағат ішіндегі цикл саны (, бұл жерді – цикл ұзақтығы, с);
– кранның жүк көтеру мүмкіндігін пайдалану коэффициенті (0,5÷0,9); –
кранды уақыт бойынша пайдалану коэффициенті (0,7÷0,85).
Оқтаулы өзіжүргіш крандар арнайы жол құрылғысынсыз, оңтайлы жүргіштігі
арқасында құрылыс өндірісінде кеңінен қолданылады. Бұл машиналар негізінен
құрастыру және тиеп-түсіру жұмыстарында пайдаланылады.
Оқтаулы крандар келесі жинақ бірліктерінен құралады: қозғалу құрылғысы
бар шасси, айналмайтын рама, айналмалы платформа, жетек қондырғысы,
орындаушы механизм мен жұмыс жабдығы.
Өзіжүргіш кранның негізгі механизмдері: жүк көтеретін, ілгектің
ұшқырлығын (құлашын) өзгертетін, платформаны айналдыратын және кранды
жүргізетін механизм.
Крандардың жүргізуші отыратын кабинасы және бақылау-қорғау аппараттары
жиынтығы болады.
Оқтаулы өзіжүргіш крандардың жұмыс жабдығы келесі түрлерде орындалуы
мүмкін: тік арқанды-ілмелі оқтаулы, арқанды-ілмелі шұбырмалы (жалғанған)
оқтаулы, арқанды-ілмелі телескопты, қатаң ілмелі телескопты, қатаң ілмелі
телескопты және мұнаралы-оқтаулы жабдықтар.
Жүру құрылымының түрі бойынша крандар келесі топтарға бөлінеді:
автомобильді, кәдімгі автомобиль шассиіне орнатылған; тракторлы, кәдімгі
тракторға орнатылған; пневмодөңгелекті; жыланбауыр; теміржолды.
Осы топтардың әрқайсысында крандар жүк көтеру мүмкіндігі, күш жабдығы
түрі (дизель немесе карбюратор), күш қондырғысынан орындау механизмі
арасындағы байланыс түрі (механикалық, электрлі, гидравликалы), жұмыс
жабдығы түрі, оқтау түрі бойынша жүйеленеді.
1,2 – тарауда айтылғандай оқтаулы крандар КС әріптерімен және цифрлармен
белгіленеді. Бұл индекстегі бірінші цифр – размерлік топ келесі жүк көтеру
мүмкіндігін көрсетеді: 1-топ – 4т; 2-топ – 6,3т; 3-топ – 10т; 4-топ – 16т;
5-топ – 25т; 6-топ – 40т; 7-топ – 63т; 8-топ – 100т; 9-топ – 100тоннадан
жоғары.
Екінші цифр: 1 – жыланбауыр; 2 – жалпақ жыланбауыр; 3 – пневмодөңгелекті;
4 – автомобильтекті шасси; 5 – автомобильді; 6 – тракторлы; 7 – тіркемелі
жүру құрылғысының түрін көрсетеді.
Үшінші цифр оқтаулы жабдықтың түрін көрсетеді: 6 – арқанды-ілмелі; 7 –
қатаң-ілмелі; 8 – телескопты.
Мысалы: КС-5463БС маркалы кран: 25т жүк көтереді; автомобильтекті
шассиде; арқанды-ілмелі оқтаулы; үшінші модель; екінші рет жетілдірілген;
солтүстік аймақтарға арналған.
Оқтаулы өзіжүргіш крандар орнықтылығы мен өнімділігі мұнаралы крандар
сияқты анықталады.
Келесі суреттерде крандардың сұлбалары көрсетілген.
Мосылы көпірлі крандар дегеніміз ғимараттардың бағаналарындағы консольға
орнатылған рельстер мен жүретін жылжымалы құрылым – арқалық мосы-көпір
негізіндегі машина. Жүккөтеретін механизм мосы-көпір бойында жүретін
арбашаға орналастырылған.
Құрылыста мосылы-көпірлі крандар негізінен цехтарда және құрылыс
индустриясы кәсіпорындарының ашық қоймаларында пайдаланылады.
Құрылымы бойынша бұл крандар бір немесе екі арқалықты болып келеді.
500тоннаға дейін жүк көтереді, арқалығының ұзындығы 40-50 мин, жүк көтеру
жылдамдығы 60 ммин, арбашасы 10-50 ммин, кран 40-150 ммин жылдамдықпен
жүреді.
Төрттағанды кран мосылы (көпірлі) крандарға ұқсас, айырмашылығы, бұл
крандардың ұзын төрт аяғы (тағаны) бар. Аяқтарының ұшындағы дөңгелектері
арқылы жердегі рельс бойымен ерсілі-қарсылы жүріп жүк тасиды.
Құрылыста төрттағанды крандар құрылыс индустриясында қоймаларда жүк тиеп-
түсіру үшін, темірбетон құрылымдары полигондарында, ашық металқұрылымдары
цехтарында технологиялық көлік ретінде қолданылады.
Құрылымы бойынша бұл крандар консольсіз, бір консольді және екі консольді
болып келеді.
Төрттағанды крандар 5 тоннадан 500 тоннаға дейін жүк көтере алады,
көбінесе 50 тонналық крандар пайдаланылады. Арқалықтарының ұзындығы 10-50
метр аралығында.
Кабельді крандар екі мұнара-мачта арасында тартылған арқан бойымен
жүретін жүк арбашасы және атқару механизмдерінен тұрады. Бұл крандардың ара
қашықтығы 800-1100 метрге дейін жетеді.
Кабельді крандар көпірлер, шлюздар, бөгеттер және басқа да ғимараттар
тұрғызған кезде пайдаланылады. Жүк көтергіш ілгектен басқа грейфермен де
жұмыс істей алады.
Кабельді крандар 3-25 т, кейде 100 т жүк көтере алады. Мұнара мен
мачтасының биіктігі 70 м, кейде одан да жоғары болады.
Жүкті тиеп-түсіру машиналары.
Құрылыс өндірісінде тиегіштер сусымалы және ұсақ материалды көсуге,
көлікке топырақ тиеуге, жақын жерге тасымалдап көлікке, өңдейтін
машиналарға, қоймаларға орналастыруға пайдаланылады.
Тиегіштер циклды және үзіліссіз қимылды болып екі топқа бөлінеді.
Циклдыға жалғыз шөмішті және айырлы тиегіштер, үзіліссіз қимылдыға
көпшөмішті және қырғышты тиегіштер жатады.
Теміржол вагондарынан сусымалы және ұсақ материалдары түсіру үшін арнайы
түсіргіш машиналары қолданылады.
Құм, қиыршықтастарды түсіру үшін итергіш және көпшөмішті органды
машиналар, ал ұнтақ материалдарды түсіру үшін пневматикалық вакуумды
түсіргіштер қолданылады.
Жалғызшөмішті тиегіштер пневмодөңгелекті және жыланбауыр болып бөлінеді.
Пневмодөңгелекті тиегішке маңдайалды (фронтальды), жүкті алдыңғы жағынан
алып, түсіретін машиналар; жүкті алдыңғы жағынан алып жанына түсіретін
машиналар; жартылай айналатын, жүкті кез келген жағына 1800 шегінде
түсіретін машиналар; жүкті алдынан алып түсіретін машиналар жатады.
Жыланбауыр тиегіштер кәдімгі шөмішті және жақ тәріздес шөмішті болып
екіге бөлінеді.
Жалғызшөмішті тиегіштер 5 тоннаға дейін, кейбіреуі 10 тоннаға дейін жүк
көтере алады, шөміш көлемі 3 м3 дейін.
Жалғызшөмішті тиегіштердің өнімділігі сусымалы және ұсақкесекті
материалдарды тиегенде (м3сағат):
Жекелеген жүктерді тиегенде (тсағат):
Бұл жерде — шөміш көлемі, м3; -цикл ұзақтығы, с; —
шөміштің толықтық коэффициенті (0,5÷1,25); -уақытты пайдалану
коэффициенті; — көтеретін жүк салмағы, кг; — жүк көтеру
мүмкіндігін пайдалану коэффициенті (0,6÷0,8).
Көпшөмішті және қырғыш тиегіштер үзіліссіз қимылды машиналарға жатады
және біртекті ұсақкесекті және сусымалы материалдарды көлікке тиеуге
арналған. Өнімділігі (м3сағат):
Бұл жерде — шөміш шынжырының жылдамдығы, мс; – шөміштер
қадамы, м;.
Жүктүсіргіштердің жұмыс органы итеріп түсіретін және көпшөмішті болады.
Итеріп түсіретін түсіргіш теміржол бойында тұрақты орнатылады. Машина жұмыс
істеп тұрғанда вагондар 200 мсағат жылдамдықтан аспай баяу жылжып отырады.
Итеріп түсірілген материал жер астындағы бункерге түсіп одан әрі қарай
таспалы конвейермен қоймаға жеткізіледі. Түсіргіш сағатына 100-150 м3
материал түсіреді.
Жүк ағыны шамалы болса қырғышты түсіргіш пайдаланылады. Түсіру кезінде
түсіргіш баяу үзіліссіз немесе кезеңмен вагон бойымен жылжып отырып
материалды қырғышымен таспалы конвейерге түсіреді, әрі қарай материал
қоймаға осы конвейермен жеткізіледі. Түсіргіш сағатына 100 м3 материал
түсіреді.
Пневматикалық вакуумды түсіргіш негізінен жабық вагондардан цемент
түсіруге арналған. Цементті түсірген кезде цемент сорғыш құбыр вагонның
ішіне кіргізіліп ұшындағы көсегіш арқылы цементті алып вакуум арқылы
тұндырғыш камераға жеткізеді. Бұл камерада ауа жылдамдығы күрт төмендеуіне
байланысты цемент камера түбіне отырып ауа сүзгі арқылы далаға шығарылады.
Камерадағы цемент бұрандалы конвейермен қоймаға жеткізіледі. Түсіргіш
сағатына 15-60 т цемент түсіре алады.
5-дәріс
Жер қазу және қада қағу жұмыстарына арналған машиналар мен жабдықтар.
Топырақ және жер қазу жұмыстары туралы жалпы мәлімет.
Жер қазу жұмыстарына қатты және тастақ топырақты қопсыту; катловандар,
траншеялар және каналдар қазу; жердің бетін аршу; топырақты тасымалдау;
үйінділер жасап оларды тығыздау; топырақтан жасалған ғимараттардың түбі мен
қабырғаларын қырнап, іргетастар мен құбырларды орналастырғаннан кейін
катловандар мен траншеяларды қайтадан жабу; топырақты тығыздау; жер бетін
тегістеу жатады.
Топырақта келесі негізгі әдістермен өңдейді:
— Механикалық, яғни топырақ пен тау жыныстарын негізгі сілемнен пышақты
немесе шөмішті жұмыс органымен бөліп алу;
— Гидравликалық, яғни су ағынымен топырақ табанын шайып оның опырылып
құлауын туғызу, әрі қарай лай суды топырақ сорғыш снарядпен
тасымалдау;
— Қопарылыс, яғни тау жыныстарымен әр түрлі топырақты жарылғыш заттар
атылған кезде пайда болған газдар қысымымен күйрету.
Бұдан басқа әр түрлі құрама әдістер қолданылуы мүмкін, мысалы механикалық
әдіспен қопсытып, гидравликалық әдіспен жинақтап-тасымалдау.
Жер қазу жұмыстарына арналған құрылыс машиналарын таңдау жер қазу
жұмыстарының түріне және қазылатын топырақтың түрі мен жағадайына
байланысты.
Топырақтар түрі бойынша – құмдақ, құмды, ұнтақ, саздақ, лайлы, сарғыш
топырақ және тастақ болады; ылғалдығы бойынша – құрғақ, қалыпты ылғалды
және сулы болады.
Топырақтардың негізгі параметрлері: гранулометриялық құрамы,
байланғыштық, қопсығыштығы, көлемдік массасы, ылғалдығы, табиғи көлбеу
бұрышы, топырақтың топырақпен және болатпен үйкелісу коэффициенті.
Топырақты өңдеудің ең көп тараған (95%) әдісі механикалық әдіс. Бұл жерде
топырақ кесу және қазу арқылы өңделеді.
Кесу кезінде топырақ машинаның жұмыс жабдығының пышағының жүзімен бөлініп
алынады.
Қазу кезінде күрделі үрдіс жүзеге асырылады, яғни топырақ кесіледі, жұмыс
органының бойымен және жер бетімен жылжиды, өзара араласады, жұмыс органы
жер бойымен жылжиды. Сондықтан қазу кезіндегі қарсылық кесу кезіндегі
қарсылықтан жоғары болады.
Топырақты қазу кезіндегі қарсы күшті келесі формуламен анықтауға болады
(кг):
Бұл жерде – жұмыс органының кесілген топырақ жаңқасының ені, см;
– топырақ жаңқасының қалыңдығы, см; – топырақтың үлестік
қарсылығы, кгсм2.
Құрылыста кездесетін топырақтар кебінесе сегіз топқа бөлінеді. Олар
үлестік (меншікті) қарсылығы бойынша келесілер:
I Өте әлсіз, кгсм2;
II Әлсіз, кгсм2;
III Қаттылығы орташа, кгсм2;
IV Қаттылығы жоғары, кгсм2;
V Қатты, кгсм2;
VI Әжептәуір қатты, кгсм2;
VII Өте қатты, кгсм2;
VIII Ең қатты, кгсм2.
Бұл жерде V-VIII – категориялар тастақ, тоң топырақтар, жер қазуға
арналған машиналармен тікелей қазу мүмкін емес. Бұл топырақтарды қазу үшін
арнайы техника немесе алдын-ала қопсыту қажет.
6-дәріс
Жер қазып, топырақ тасымалдауға арналған машиналар.
Жер қазу жұмыстарын орындау үшін әр түрлі машиналар қолданылады. Бұл
жұмыстардың тезнологиялық үрдісі шамамен біртекті және келесі негізгі
элементтерден құралады: қазу, топырақты орналастыратын немесе үйетін жерге
тасымалдау, тегістеу, пішіндеу және тығыздау.
Технологиялық үрдіс бойынша бұл машиналар келесі топтарға бөлінеді:
— Жер қазуға арналған машиналар, яғни жалғызшөмішті және көпшөмішті
экскаваторлар;
— Жер қазып-тасымалдауға арналған машиналар, яғни булдозерлер,
скреперлер, автогрейдерлер және грейдер-элеваторлар.
Жер қазу жұмыстарының алдында көбінесе дайындық жұмыстары жүргізіледі,
яғни құрылыс алаңы мен құбыр орналастыру жолын талдардан, ағаштардан,
томарлардан, тастардан тазалау, сондай-ақ қатты, тастақ, тоң топырақтарды
жер қазу машиналарымен өңдеуді жеңілдету үшін қопсыту.
Дайындық жұмыстарына арналған машиналар.
Дайындық жұмыстарын жүргізу үшін талқиғыштар, жұлғыштар, жұлып-жинағыштар
және қопсытқыштар қолданылады. Бұл машиналар көбінесе жыланбауыр немесе
дөңгелекті тракторларға ілме жабдық түрінде болады.
Тал (шілік) қиғыш жер беті деңгейінде ұсақтап, шілік, қараған, тобылғы
және ұсақ ағаштарды (диаметрі 0,25 м дейін) қиюға арналғын. Жұмыс органы
үстінен қарағанда үшбұрышты, астыңғы жағы тегіс немесе ара тәрізді пышақпен
көмкерілген күрек түрінде жасалған. Күрек тұмсығы ағаштарды жарып-сырғытып
отыратындай үшкір етіп жасалған. Жұмыс органы тракторға рама арқылы
жалғанған және жүрген кезде жер бетіне түсіріліп, сырғып отыра ағаштар мен
тал-шіліктерді кесіп өзінің ені бойында таза жол қалдырып отырады. Трактор
болат құбырлардан жасалған қоршаумен құлаған ағаштардан қорғалады.
Машина 3-4 кмсағат жылдамдықпен сағатына 11000-14000 м2 жерді тазалайды.
Тамыр жұлғыштар және жұлып-жинағыштар ірі тастарды, диаметрі 450 мм дейін
томарларды, томар жүйелерін топырақтан жұлып шығарып, кесілген ағаштар мен
талдарды қоса жинап-үйюге арналған. Бұдан басқа жұлғыштар тығыз топырақты
0,3 м тереңдікке дейін қопсыта алады.
Жұлғыш-жинағыштың жұмыс органы төмен жағында 3-тен 8-ге дейін жұлғыш
тістер орнатылған күректен тұрады. Жұлып-жинау үрдісі жұлатын заттың түбіне
тістерді кіргізіп, алға жүрген кезде көтере қопарып итеруге негізделген.
Сағатына жұлғыш-жинағыштар 40-50 томар, немесе 15-20 м3 тас, немесе
кесілген және жұлынған ағаштардан 2500-4000 м2 жерді тазартады.
Қопсытқыштар жер қазу машиналарымен катлован, траншея қазған кезде қатты,
тастақ, тоң топырақтарды алдын ала қопсыту үшін, сондай-ақ жөндеу
жұмыстарын жүргізген кезде жолдар мен көшелердің беткі жабынын қопару үшін
қолданылады. Қопсытқаштар қуатты жыланбауыр тракторларға ілінеді.
Қопсытқыштың жұмыс органы бір немесе үш тістен тұрады.
Топырақты қопсыту машина алға қарай жүре отырып тістерін топыраққа бойлай
тереңдету арқылы жүргізіледі. Тістерді топыраққа күштеп енгізу, оларды
жұмыс жағдайында бекіту, көтеру гидроцилиндр арқылы жүзеге асырылады.
Қазіргі қолданылып жүрген қопсытқыштар қуаты 80-390 кВт тракторлар
негізінде жұмыс істейді, үш тіс ілінген кездегі қопсыту ені 1480-2140 мм,
тереңдігі 0,4-1,2 м. IV-V категориялы топырақты қопсытқан кездегі
өнімділігі 60-130 м3сағат, орташа жұмыс жылжу жылдамдығы 2,5-5 кмсағат.
Дайындық жұмыстары аяқталғаннан кейін жер қазып, тасымалдау жұмыстарын
жер қазуға және қазып-тасымалдауға арналған машиналар жүзеге асырады.
Бульдозер дегеніміз алдында бұрылатын күрегімен топырақты немесе басқа да
материалдарды жүру кезінде кесіп, тасымалдып, араластыратын өзі жүргіш
жыланбауыр немесе дөңгелекті машина.
Бульдозерлер жер қазып-тасымалдаумен тегістеу машиналар тобына жатады
және топырақ пен құрылыс материалдарын қазып-тасымалдауға, котлавандар
қазуға, жол жасауға, шұңқырлар мен траншеяларды көмуге, басқа … жалғасы