Курстық жұмыс: Мемлекеттік қызмет | Мемлекеттік құпияны жария ету құрамы
Мазмұны
Кіріспе………………………………………………………………………………………..3-5
1. Мемлекеттік құпияны жария ету құрамы туралы жалпы ілім……………………………………………………………5-21
2. Мемлекеттік құпияны жария ету құрамының объективтік белгілері………………………………………………………………………………..22-28
2.1. Мемлекеттік құпияны жария ету құрамының объектісі………………………………………………………………………………..22-28
2.2. Мемлекеттік құпияны жария ету құрамының объективтік жағының белгілері…………………………………………………………………29-36
3. Мемлекеттік құпияны жария ету құрамының субъективтік белгілері………………………………………………………………………………..37-43
3.1. Мемлекеттік құпияны жария ету құрамының субъективтік жағының белгілері…………………………………………………………………37-43
3.2. Мемлекеттік құпияны жария ету құрамының субъектісі………………………………………………………………………………44-48
Қорытынды…………………………………………………………………………………49-50
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………………………….51-52
Кіріспе
Мемлекеттік құпияны жария ету құрамы қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздікті қылмыс қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін мемлекеттік құпияны жария етудің обьективтік жақтары мен субьективтік жақтарының жиынтығы болып табылады. Барлық құрамы түгел қылмыс тек қана заңын ерекше бөлімінде емес, сонымен қатар қылмыстық құқықтың жалпы бөлімінде де қаралады.
Қылмыстық құқықта мемлекеттік құпияны жария ету құрамын төрт топқа бөлу немесе қылмыстың төрт жағы деп атау дәстүрге айналған. Осыған байланысты мемлекеттік құпияны жария етудің объектісін, мемлекеттік құпияны жария етудің объективтік жағын, мемлекеттік құпияны жария етудің субъектісін және субъективтік жағын бір-бірінен ажырата білу қажет. Мемлекеттік құпияны жария ету құрамына кіретін төрт белгіні таппайынша оны мемлекеттік құпияны жария ету құрамы деуге болмайды.
Қылмыстың объектісіне жататын белгілер қылмыстық заңның диспозициясында үнемі көрсетіле бермейді. Қылмыстың субъектісіне жататын белгілер де диспозицияда аз кездеседі. Жалпы қылмыс үшін 16 жасқа, ал кейбір қылмыстар үшін 14 жасқа толған ақыл-есі дұрыс азаматтар жауапты болып табылады. Осы жасқа толған, ақыл-есі дұрыс адам жасауға болмайтын қылмысты жасағанымен, заң шығарушы оларды жауапкершіліктен босатқысы келген жағдайда, заңның диспозициясында субъектінің жасын немесе басқа сапасын керек ететіндігін көрсетеді.
Қылмыс құрамының объективтік жағы мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді заңсыз алу, жария ету бойынша сипатталады, яғни сипатталатын белгілер диспозицияда көбінесе әрекет немесе әрекетсіздік деп атап көрсетіледі. Себебі нәтижені әрекет немесе әрекетсіздік тудырады. Сондықтан құрамға екі арадағы себепті байланыс та енгізіледі. Кейбір құрамдарда заң объектіні нақтылы-нәтижелі зияннан емес, тек оған қауіп төндірушіліктен де қорғайды. Кейбір объективтік жақтарға қылмыс орны, уақыты, әдісі және жасалу жағдайлары да жатады.
Қылмыс құрамының субъективтік жақтары заңда тікелей немесе жанама қасақаналықпен істеледі. Егер бұл әрекетті істеген адам мемлекетке опасыздық істеу ниетін басшылыққа алса, онда бұл адамның әрекетінде қылмыстық кодекстің 165-бабында көрсетілген қылмыс құрамы орын алады. Құрамдардың біреуі кем болып, қалғандары түгел жағдайда болса, мұндай құрамды мемлекетттік құпияны жария ету құрамы деп атауға болмайды. Біртекті қылмыстардың өзара қоғамға қауіптілік дәрежесі түрліше болатын жағдайлар да кездеседі. Мұндай жағдайларда олар бірнеше құрамдарға бөлінеді. Мұндай құрамдардың үш түрі болуы мүмкін. Бірінші – бұл қылмыстың негізгі түрі туралы құрам. Бұл сияқты мемлекеттік құпияны жария ету құрамында қылмыстарды ауырлататын немесе жеңілдететін жағдайлар көрсетілмеуі тиіс. Онда құжаттарды ұрлаудың жеңіл де, ауыр да түрлеріне жатпайтын белгілер ғана көрсетіледі. Екіншісі – мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді жария ету, яғни бұл қылмысты ауырлататын құрам. Үшінші түріне қызметтік құпияны құрайтын мәліметтерді жария ету, яғни біртекті қылмыстардың ішіндегі олардың жеңіл түрлерін көрсететін белгілерді қарайтын құрам. Мысалы, ҚР ҚК – нің 172-бабында көрсетілген мемлекеттік құпияны жария ету туралы құрам қаралады. Бұлар әртүрлі қылмыс болғанымен негіздері бір текке жататын қылмыстар. Бірақ олардың түрліше өзгешеліктерін ажырата білу керек. Осы өзгешеліктерге байланысты оларға деген санкцияда әртүрлі құрам және әртүрлі жаза қаралады. Бұл қылмыстардың өзгешеліктерін ажыратпай тұрып заң қолдануға болмайды.
Мемлекеттік құпияны жария ету құрамы – бұл қол сұғушылықтың заңды маңызды белгілерінің жиынтығы, сондай-ақ заңшығарушы заңды маңызды деп мәліметтерді жария етудің жалпы және маңызды белгілерін атайды. Кез келген қылмыс құрамының негізгі белгілері – бұл 1) қылмыс объектісін сипаттайтын белгілер, яғни мәліметтерді заңсыз алу немесе жария ету жүзеге асырылатын қоғамдық қатынастар; 2) қылмыстың объективтік жағын сипаттайтын белгілер, яғни зиян тигізетін немесе объектіге зиян тигізетін, қауіп тудыратын қоғамға қауіпті; 3) қылмыс субъектісін сипаттайтын белгілер, яғни қылмыстық жауаптылық жасы; 4) қылмыстың субъективтік жағын сипаттайтын белгілер, яғни кінә (қасақаналық немесе абайсыздық). Сондықтан да мемлекеттік құпияны жария ету құрамын және оның қылмыстық құқық ғылымында алатын орнын зерттеу бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтердің жария болмауын, оның заңда белгіленген тәртіппен сақталуын талап етеді. Мемлекеттік құпияны заңсыз алу, жария ету Қазақстан Республикасының қорғаныс және басқа да мүдделеріне ерекше қауіп туғызады.
Қылмыстық құқық ғылымы саласында мемлекеттік құпияны жария ету құрамын жан-жақты және терең зерттеген бірқатар монографиялық еңбектер жарыққа шықты. Мысалы, Қазақстандық зерттеуші Р. Орымбаевтың «Специальный субъект преступления» деген еңбегін ерекше атап өту керек. Сонымен қатар А.Н. Трайниннің «Учение о составе престулений» және «Состав преступления по советскому уголовному праву», А.А. Пионтовскийдің «Уголовное право», А.Б. Сахаровтың «Уголовное право. Общая часть», Л.И. Блинованың «Основные вопросы общей части советского уголовного права», Я.М. Брайниннің «Уголовная ответственность и ее основание в советском уголовном праве», М.П. Карпушиннің «Уголовная ответственность и состав преступления», В.И. Курляндскийдің «Уголовная ответственность и меры общественного воздействия», Б.С. Маньяковскийдің «Проблема ответственности в уголвном праве», А.Н. Ағыбаевтың «Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім», В.А. Владимировтың «Субъект преступления по советскому уголовному праву», В.С. Орловтың «Субъект преступления по советскому уголовному праву», В.В. Устименконың «Специальный субъект преступления», Т.Г. Шавгулидзенің «Аффект и уголовная ответственность», К.Ф. Тихоновтың «Субъективная сторона преступления. Проблема социального содержания вины в советском уголовном праве», А.Н. Ағыбаевтың «Қылмыстық құқық.Ерекше бөлім», Н.И. Коржанскиййдің «Объект посягательства и квалификация преступления», Б.С. Никифоровтың «Объект преступления по советскому уголовному праву», В.Я. Тацийдің «Объект и предмет преступления в советскому уголовному праву», Г.В. Тимейконың «Общее учение об объективной стороне преступления», В.Н. Кудрявцевтың «Объективная сторона преступления», С.Я. Булатовтың «Понятие и система особенной части уголовного права СССР и Казахской ССР» атты зерттеулері бар. Сонымен қатар, соңғы бірнеше жалдықта жарыққа шыққан «Уголовное право Республики Казахстан. Особенная часть», сондай-ақ А.В. Наумовтың «Российское уголовное право. Общая часть» сияқты еңбектерді атап өтуге болады. Сонымен қатар, «Личность преступника», «Субъективная сторона преступления и ее установление», «Уголовное право Казахской ССР. Общая часть», «Уголовный кодекс Республики Казахстан» сияқты ұжымдық еңбектерді де пайдаландық.
Бітіру жұмысын жазудағы негізгі мақсатымыз – мемлекеттік құпияны жария ету құрамы тақырыбын жан-жақты және терең зерттеу болып табылады, осы мақсаттан мынадай міндет туындайды, яғни мемлекеттік құпияны жария ету құрамын соңғы кездері жарық көрген зерттеулерді пайдалана отырып, тақырыпты жаңаша көзқараспен оқырман қауымға жеткізу.
1.Мемлекеттік құпияны жария ету құрамы туралы жалпы ілім
Мемлекеттік құпияны жария ету құрамы дегеніміз қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздікті қылмыс қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарынан құралатын белгілерінің жиынтығы болып табылады. Мемлекеттік құпия туралы жалпы ұғымды дұрыс ұқпайынша, әрбір қылмыстың жеке құрамын және оның белгілерін дұрыс ұғу дұрыс емес. Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінде әрбір қылмыс үшін оны сипаттайтын құрамға кіретін белгілер қөрсетіледі. Ол құрамға кіретін белгілерді заңда заңшығарушы беталды көрсете бермейді. Оларды заңда қөрсету үшін ғылыми жолмен табылған жалпы құрамдағы белгілерге сүйене қажет болады. Сондықтан жалпы құрамды ұқпайынша, әрбір мемлекеттік құпия туралы құрамдарды ұғу және оларды дұрыс қолдану мүмкін емес.№1
Мемлекеттік құпияны жария ету құрамындағы белгілері бар әрбір әрекет немесе әрекетсіздік қоғамға қауіпті қылмыс және жазаланатын істің қатарына жатады. Мемлекеттік құпияны жария ету құрамы және оған кіретін барлық белгілер заңның диспозициясында тікелей көрсетіледі, көрсетілмеген жағдайда сол диспозициядағы құрамда қандай белгілердің барлығы өздігінен көрініп, белгілі болып тұрады. Заңшығарушы құрамға қоғам үшін қауіпті әрбір қылмыстың өзіне ғана тән өзгешелік белгілер кіргізеді. Кейде бірнеше қылмыстарға бірдей ортақ болатын белгілерде құрам жинағына кіргізіле береді. Мысалы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабында (ұрлық, яғни бөтен мүлікті жасырып ұрлау), — делінген. Бұл құрамдағы сол қылмысқа айырықша тән белгі – (азаматтардың меншігіндегі мүлкін жасырып ұрлау). Бұл қылмыста басқа да белгілер болуы мүмкін, яғни мүліктің түрі, ұрлау мерзімі және ұрлық жасау жағдайы т.б. Бірақ бұлардың ешқайсысы да құрамға кірмей отыр. Бұл белгілердің әрқайсысы сол әрекет немесе әрекетсіздік қоғамға қауіпті болғанда немесе оның дәрежесін заңда сипаттау керек болғанда ғана еңгізіледі. Мысалы, сол баптың 2-бөліміндегі құрамдарда: (бірнеше рет жасалған ұрлық, немесе бір топ адамдардың алдын-ала сөз байласуы бойынша жасалған ұрлығы немесе жәбірленушіге едәуір зиян келтірілген ұрлық), — делінеді. Осы айтылған белгілер осы бөлімде көрсетілген қылмыстардың өздеріне ғана тән белгілері болғандықтан, олар бірінші құрамға кірмей, екінші бөлімдегі құрамдардың белгілеріне жатып отыр. Осы белгілер арқылы ғана оларды бірінші бөлімде көрсетілген құрамдғы қылмыстан ажыратуға болады. Құрам бірдей белгілерден ғана тұрмайды, ал бірнеше белгілер жиынтығынан құралады, өйтпейінше оны құрам деуге болмайды. Құрам деу үшін құрама, жиынды, қосалқы бірнеше белгілерден құралуы қажет. Құрамның барлық белгілерін түгел қылмыстық заңның Ерекше бөліміндегі нормалардан (диспозициядан) ғана іздеуге болмайды. Құрамның көптеген белгілері қылмыстық құқықтың жалпы бөлімінде де қаралады. Ерекше бөлімде көрсетілмеген белгі Жалпы бөлімде сөзсіз табылады. Мемлекеттік құпия ұғымына тек қана аяқталып біткен қылмыс ғана емес, бітпеген қылмыс та, қылмысты жасауға дайындалу немесе оқталу кезеңдері де жатады. Мемлекеттік құпияны жария ету құрамына тек қана орындаушының әрекеті кіріп қана қоймайды, сонымен қатар көмектесушілердің әрекекті немесе әрекетсіздігі жатқызылады. Ал ерекше бөлімде тек істеліп біткен қылмыстың ғана құрамы көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялары болып табылатын мәліметтерді және олардың көздерін құпияландыру заңдылық, негізділік және уақтылығы принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады:
Заңдылық — құпияландырудың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкестігін білдіреді;
Негізділік – яғни, қоғамның, азаматтар мен мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделерінің тепе-теңдігін негізге ала отырып, нақты мәліметтерді құпияландырудың орындылығын, сондай-ақ сол актінің болуы ықтимал экономикалық және өзге де салдарларын сараптамалық бағалау арқылы анықтау болып табылады;
Уақтылығы — осы мәліметтер алынған (әзірленген) кезден бастап немесе алдын ала олардың таратылуына шек қоюды көздейді.
«Мемлекеттік құпияны жария ету ұғымы – жалпы ұғым. Осы мемлекеттік құпия туралы ұғым қай қылмыстың құрамы болмасын, соның бәрінде де болуы қажет. Әрбір құрам қылмыс туралы ұғымды өзіне сіңіре отырып, әр қылмыстың өзіне тән өзгешелік белгілерін атап көрсетуі керек». Сонымен мемлекеттік құпияны жария ету құрамы дегеніміз, осы айтылып отырған мәселеге байланысты, жалпы құпияны жария ету туралы ұғымынан әрбір қылмысқа бейімделген, оның өзгешелігін көрсететін белгілерін жиынтығы болады.
Қылмыстық құқық ғылымында мемлекеттік құпияны жария ету құрамының белгілерін төртке бөлу немесе қылмыстың төрт жағы деп атау дәстүрге айналған. Ол шынында да дұрыс шешім. Осыған байланысты мына төмендегі белгілерді бір-бірінен ажырату қажет:
1. мемлекеттік құпияны жария ету құрамының объектісі;
2. мемлекеттік құпияны жария ету құрамының объективтік жағы;
3. мемлекеттік құпияны жария ету құрамының субъектісі;
4. мемлекеттік құпияны жария ету құрамының субъективтік жағы;
Мемлекеттік құпияны жария ету құрамы заңда көрсетілгеніне немесе көрсетілмегенніне қарамастан өздігінен көрінетін белгілерден тұрады. Ол белгілердің жиынтығы қоғамға қауіпті әрекетті немесе әрекетсіздікті қылмыс қатарына жатқызуға толық мүмкіндік береді.№2
Мемлекеттік құпияны жария ету құрамына жататын төрт жақты таппайынша, мемлекеттік құпияны жария ету құрамы туралы сөз қозғауға болмайды. Өйтпейінше қоғамға қауіпті істі қылмыс қатарына жатқызу немесе оны қылмыс сипаттайтауға мүмкіндік тумайды. Сондықтан, әрбір қоғамда ол құрам болу үшін төрт белгі болуға тиіс.
Қылмыстың объектісі дегеніміз бұл – мемлекеттік құпияларды сақтаудың заңда белгіленген тәртібіне қол сұғу болып табылады.
Осы қылмыстың затына мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер жатады……..