Өзбекстан президенті «милиционерлерден арықтауды талап етті»
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Наманган облысының билік өкілдерімен, жастарымен кездесу кезінде елдің «ішкі істер министрлігінің қызметкерлері арықтаулары тиіс» деді.
«Бізге артық салмағы бар офицер, ішкі істер органдарының қызметкерлері қажет емес. Мұндай күйімен қылмыскерлерді қалай ұстамақ? Спортпен айналыссын. Бұл маған емес, өздеріне керек. Үш не алты ай уақыт береміз, осы уақыт ішінде өздерін қалыпқа келтіріп, артық салмақтан арылсын» деді президент.
Мирзиёев бұған дейін де өзбекстандықтардың артық салмағы туралы айтқан.
Азаттықтың өзбек қызметі «президенттің әлгі сөзінен кейін кейбір мемлекеттік органдар қызметкерлерінен шұғыл арықтауды талап етсе, басқалары салмақты қалай ретке келтіруге болатыны туралы нұсқаулық таратқан» деп жазды.
Йен университеті ғалымдарының 2019 жылы жариялаған есебіне сай, Өзбекстан — дұрыс тамақтанбаудан пайда болатын аурулардан өлім-жітім көп елдердің бірі.
Оқи отырыңыз: Орталық Азия президенттерінің дастархан туралы кеңесі
Зерттеу бойынша, Өзбекстанда 100 мың адамның 394-і дұрыс тамақтанбаудан қайтыс болады. Жыл сайын елде 65 мың адам негізгі себебі дұрыс ас ішпеу саналатын жүрек-қан тамыр ауруларынан көз жұмады.