Алматыда ер адам 63 жастағы ауру әйелді көшеде ортасында ұрып-соғып, есінен тандырып кетті — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Алматыда ер адам 63 жастағы ауру әйелді ұрып-соқты. Ер адам жүрегіне стенд салынған әйелді ұрып, есінен тандырған. 

Алматыда ер адам 63 жастағы ауру әйелді көшеде ортасында ұрып-соғып,  есінен тандырып кетті

Оқиға жайлы Facebook желісінде Alex Goltsev атты қолданушы жазды.

«Кеше 36 жастағы әйелді қараптан қарап өлтіріп кете жаздады. Әйел консерж жұмысын атқарған. Қазір бұл да қауіпті болды. 4 ай бұрын жүрегіне ота жасап, стендтер салып берген әйелді тапа тал түсте қылқындырып кетті. Көмекке келген дәрігерлер әйелдің ғажайыппен аман қалғанын айтты», — дейді алматылық. 

Айтуынша, әйел өз міндетін атқарған. Ол көшіп жатқан адамнан жеке куәлігін көрсетіп, үй иесінің телефон нөмірін сұраған. Үй иесіне жағдайды хабарламақ болған.

Алматыда ер адам 63 жастағы ауру әйелді көшеде ортасында ұрып-соғып,  есінен тандырып кетті

«Әйел талабын орындамаған соң ол полиция шақыртады. Мұны білген ер адам әйелге шабуылдайды. Мойнынан алып қылқындыра түседі. Әйел жақында ота жасалғанын айтқанымен сөзіне құлақ аспайды. Жүрек тұсына соққы жасағанда, әйел есінен танып қалады. Осындай жағдайда қалдырып өзі кетіп қалады», — дейді желі қолданушысы.

 

Алматыда ер адам 63 жастағы ауру әйелді көшеде ортасында ұрып-соғып,  есінен тандырып кетті

 

Оқиға орнына жедел жәрдем  қызметкерлері мен полицейлер келеді. Бұл оқиғадан сытылып кету үшін ер адам 100 доллар ұсынған. Жәбірленуші одан бас тартып, полицияға арыз жазды.

Әйелді сараптамаға жіберді. Оның нәтижесі бойынша қылмыстық істің қозғалуы-қозғалмауы белгілі болады. Қазір әкімшілік іс қаралып жатыр.

«Желіде бұл жайттың көптеп айтылғанының көмегімен бұл істі соңына дейін апарады деп ойлаймын. Кінәлі жазасын алады деп сенем», — деді Alex Goltsev.

Ер адамның әйелге шабуылдаған сәтін өзі секілді өзге әйел суретке түсірген. Оның араша түсуге шамасы жетпеген.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz