Зейінді дамыту мен тәрбиелеудегі мұғалімнің рөлі

0






Жұмыс түрі: 
Материал

Көлемі: 6 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 400 теңге

Таңдаулыға:   




Зейінді дамыту мен тәрбиелеудегі мұғалімнің рөлі
Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңының 8-бабында Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі — оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жолдауында айтқандай: Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін — білім . Ендеше өсіп келе жатқан өскелең ұрпағымыздың жан-жақты, терең білімді болып шығуы үшін әр мұғалімге артылар жүк аз еместігі айқын байқалынады. Білімді болудың басты шарты — ол әр оқушының оқу іс-әрекетінде аса зейінді болуы десек болады.
Зейін сөзінің этимологиясына үңілетін болсақ, әдебиеттерді саралау, талдау барысында былайша түсініктемелерге қол жеткізе алдық. Мысалы: латынша — ұмтылыс, жету, немісше ( aytmerksamkeit ) — байқағыштық, поляктарша ( umago ) — ерекше қатынас, сыйластық, өзбекше — беделге бағыну, қытайша — ойдың бағыттылығы, ойды жинақтау, еврейліктерше — жүрек қалауы, орысша ( внятие, внимать, внимание ) — тыңдау, есту, естігенді зердеге тоқу, ерік-жігермен ойымызға бағыттау, жұмысқа пайдалану, қазақша ( зейіл, зерде, зейін ) — назар аудару.
Зейін мәселесімен шетел және бұрынғы одақтас ғалым-зерттеушілер өте көп зерттеу жұмыстарын жүргізіп, өз қортынды ойлары мен тұжырымдарын кейінгі ұрпақтарға қажетті мол мағлұмат ретінде қалдырғандарын да айтуымызға болады. Бұл мәселе өзіміздің қазақстандық ғалымдарымызды да бей-жай қалдырмай келе жатқандығына куә бола аламыз. Профессор Ж.Ы.Намазбаеваның жетекшілігімен зейін психологиясын зерттеумен айналысып жатқан ғалымдар: С.В.Тихомирова, И.В.Андреев, О.С.Саңғылбаев, Г.К.Жұмажанова т.б. Бұл ғалымдар еңбектерінен адам өмірінде зейіннің алатын орнының, олардың әрбір жасаған іс-әрекетінің жемісті де, мағыналы, нәтижелі болып шығу жолында ерекше қасиет екендігін ұғына алдық.
Адам баласының өмірдегі іс-әрекеті, бір-бірімен жасайтын қарым-қатынасы, талабы, ынта-ықыласы, мақсат-мүддесі зейіні мен зердесіне байланысты екені даусыз. Біздің данагөй ата-бабаларымыз мұны бұрыннан біліп, ұл-қызын зейінді де зерделі етіп тәрбиелеуге айрықша көңіл бөлген, зейін мен зердені шыңдауға, адамның есте сақтау қабілетін арттыруға тамаша тәсілдер де ойлап тапқан. Әйгілі педагог К.Д.Ушинский адамның психикалық іс-әрекетінде зейіннің алатын орнын ерекше атап көрсетіп, зейін адам санасы арқылы қортылатын және одан өтетін барлық ойды аңғартатын адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады — деген болатын. Оның бұл пікірі оқу-тәрбие ісінде күні бүгінге дейін өзінің өміршеңдігін дәлелдеп келеді.
Оқушының сабақты түсіне алмауы, есінде дұрыс сақтамауы, қате жіберуі, адамның үйренген бір кәсібін меңгере алмай орашолақтық жасауы тәрізді іс-қылық, оған жөнді зейін қоймауынан. Осыған орай оқу іс-әрекетінде баланың белсенділігіне қарай зейін — ырықты, ырықсыз, үйреншікті деп аталатын үш түрге бөлінеді.
Ырықты зейін ерікті немесе белсенді зейін деп те аталады. Сананың әрекеттің белгілі шарттарымен байланысты болып, бір объектіге бағытталуын ырықты зейін дейміз. Ырықты зейіннің психологиялық мазмұны адамның іс-әрекетіндегі алға қойған мақсатымен, ерік күшімен байланысты. Ал ырықсыз зейін нәрсеге бағытталған сананы шоғырландыру үшін ерік күшінің қажет еместігін білдіреді. Оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда бұлардың әрқайсысының өзіндік орны, мәні, мағынасы бар. Үйреншікті зейін — зейіннің ерекше түрі. Бұл зейіннің түрі ырықты зейіннен кейін жасалады және ол қызығу негізінде қалыптасады. Әрекет кезінде үйреншікті зейіннің пайда болуы — әркімнің өзіндік ерекшеліктері мен еңбектену әрекеттерінің жемісі. Кейбір адамдар ауыр деген жұмыстың өзін қиналмай-ақ, ойнап-күліп жүріп тындыра береді. Зейіннің осы аталған үш түрі бір-бірімен тығыз байланыста. Оқу жұмысында үйреншікті зейіннің маңызы зор. Ол құбылыстар мен заттардың, мазмұндық материалдардың санада тез бейнеленуін, сөйтіп, қабылдау үрдісінің тез, оңай болуын қамтамасыз етеді.
Үйреншікті зейін көпшілік жағдайда оқушының өз зейінін өзі басқаруынан көрінеді. Бұл көбінесе жоғарғы сынып оқушыларына және ересек адамдарға тән. Ұстаздар оқу-тәрбие істерінде оқушы зейінін сабаққа бағдарлаумен ғана шектеліп қана қоймай, олардың өз зейінін басқара алатындай ерік сапаларын қалыптастыруға аса көңіл бөлуі қажет.
Оқу үрдісінде мұғалім оқушыны таңдандыратын қызықты, әдемі, көрнекі заттарды пайдалана отырып, оның ырықсыз зейініне сүйене отырып, сол зейінді тұрақтандыруға, біртіндеп ырықты зейіннің қалыптасуына күш салуы керек. Бұл ретте оқу материалының нақтылығы, мазмұндылығы, тартымдылығы, эмоциялық сезімге қанықтылығы болуы қажет., сол берілетін материалды бала санасына неғұрлым қонымды боларлықтай сіңіруге тырысқанда өз нәтижесін берері анық. Дегенмен, мектепте оқу іс-әрекеті әрдайым қызықты бола бермейді. Бала үшін қызық емес, тіпті оларды жалықтыратын, бірақ білуге тиіс қажет материалдар да болады.
Сондықтан да оқу іс-әрекеті барысында оқушының ырықты зейінін де қалыптасытырып, дамыту қажет. Бұл үшін сыныпта оқушының даму аясына сай мақсатты, тартымды оқу іс-әрекеті ұйымдастырылуы керек. Оқу іс-әрекеті түрлендіріліп, бір түрден екінші түрге ауысып отырады. Іс-әрекеттің жаңа түрі оқушының ырықты зейінін оятып, тұрақтандырады. Алғашқы оқу жұмысына үйретуде белгілі бір оқып-үйреніп отырған пәнге баланың зейінін ерекше шоғырландыру, ол үшін баладан сабаққа дайындалуды талап ету, бала зейінін ұзақ уақыт сақтай білуге, тұрақтандыруға үйрету оңай еместігі айқын.
Зейін көпшілік психикалық процестер сияқты өзіндік даму кезеңдерінен тұрады. Баланың өмірінің алғашқы айларында зейіннің ырықсыз түрі байқалады. Бала тек сыртқы тітіркендірулерге ғана қарайды. Әсіресе жағдайлардың жылдам ауысуында байқалады, мысалы; қараңғы бөлмеден жарыққа, күтпеген жағдайдағы қатты дауыс, температураның ауысуында ғана болады.
Баланың үш айлығынан бастап сыртқы обьекттерге қызығушылығы арта бастайды. Баланың 5-7 айлығында қандайда бір обьекті ұзақ бақылай алуға, оны ұстап, аузына апаруға қабілетті. Әсіресе ашық түсті және жылтыр заттарға деген қызығушылығы ерекше. Осыған қарап отырып біз баланың ырықсыз зейіні даму үстінде екенін айта аламыз.
Ырықты зейіннің алғашқы нышандары әдетте 1 жастың аяқ жағында немесе екінші жастың бас жағында байқала бастайды. Осы арқылы баланың ырықты зейіннің қалыптасуы немесе пайда болуы қабылдау процесімен байланысты екендігін айтуға болады. Баланы қоршаған адамдар оған тек өзіне ұнағанды ғана емес сонымен қатар не істеу қажет екендігін үйрете бастайды. Н.Ф. Добрыниның ойынша балаларды тәрбиелеуде оған талап етілетін әрекетердің мазмұнына көңіл бөлген жөн.
Ырықты зейіннің дамуы … жалғасы

Ұқсас жұмыстар


Пәндер

  • Іс жүргізу
  • Автоматтандыру, Техника
  • Алғашқы әскери дайындық
  • Астрономия
  • Ауыл шаруашылығы
  • Банк ісі
  • Бизнесті бағалау
  • Биология
  • Бухгалтерлік іс
  • Валеология
  • Ветеринария
  • География
  • Геология, Геофизика, Геодезия
  • Дін
  • Ет, сүт, шарап өнімдері
  • Жалпы тарих
  • Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
  • Журналистика
  • Информатика
  • Кеден ісі
  • Маркетинг
  • Математика, Геометрия
  • Медицина
  • Мемлекеттік басқару
  • Менеджмент
  • Мұнай, Газ
  • Мұрағат ісі
  • Мәдениеттану
  • ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
  • Педагогика
  • Полиграфия
  • Психология
  • Салық
  • Саясаттану
  • Сақтандыру
  • Сертификаттау, стандарттау
  • Социология, Демография
  • Спорт
  • Статистика
  • Тілтану, Филология
  • Тарихи тұлғалар
  • Тау-кен ісі
  • Транспорт
  • Туризм
  • Физика
  • Философия
  • Халықаралық қатынастар
  • Химия
  • Экология, Қоршаған ортаны қорғау
  • Экономика
  • Экономикалық география
  • Электротехника
  • Қазақстан тарихы
  • Қаржы
  • Құрылыс
  • Құқық, Криминалистика
  • Әдебиет
  • Өнер, музыка
  • Өнеркәсіп, Өндіріс

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!